Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алуа 19 20 21 билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.21 Кб
Скачать

19 билет

  1. Телерадиохабарлардың бастапқы құрылымы

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты Телерадио хабарларын таратудың цифрлық инфрақұрылымын құру және дамыту, қазақстандық ақпараттық өнімді сапалық және сандық жағынан күшейту, хабар тарату нарығын қалыптастыру жолымен ақпараттық саланы нығайту болып табылады.        Жоғарыда көрсетілген мақсатты табысты іске асыру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:        спутниктік және жерүсті сегменттердегі телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын цифрлық стандартқа, оның ішінде жоғары нақтылық стандартына кезең-кезеңімен көшіруді жүзеге асыру. 2015 жылы аналогтық хабар таратуды тоқтату;        халықтың барлық санаты үшін телерадио хабарларын таратудың қолжетімділігін қамтамасыз ету;        көп бағдарламалы цифрлық теледидар және радио қызмет көрсетулерін ұсынатын операторлардың бәсекелі нарығын құру;        цифрлық телерадио хабарларын тарату саласындағы субъектілердің өзара іс-қимылын реттейтін және регламенттейтін нормативтік құқықтық және техникалық құжаттарды әзірлеу;        радиожиілік спектрін пайдалану тиімділігін арттыру;        халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін республика аумағында цифрлық қабылдау-құрылғыларын өндіруге жәрдем ету.

  1. Балалар мен жастар хабары

Қазақ телевизияның балалар хабарлары редакциясы бүлдіршіндер өмірімен, олардың тіршілігі мен тыныстайтын саналуан тақырыпты арқау еткен бейнехабарларды арқау еткен бейнехабарларды дүниеге әкелді. Өз көрермендердің ықласы аударып,көзқарастарын қалыптастрды. Оларды Жарқын мұраттарға,мерей өсірер өнегелі істерге үндеді. Шың мәнінді көгілдір экран балалардың сырлас досына айналды. Телефизиялық балалар хабарларының мұраты үлкен,мақсаты айқын. Балғындарға арналған « Әмина әжейдің әңгімесі» көпшіліктің ойынан шықты.Ертегіші апайлары Қазақстанның Халық артисі Әмина Өмірзақова көгілдір экранның кішкентай көрермендерімен дидарласып, эфирде әңгіме дүкен құрды. Кейінен бұл хабар «Кел, балалар көрелік» болып жалғасты. Содан сон «Кел,балалар оқылық», «кім болам?» , «алау», «айголек» және т.б. хабарлар көгілдір экраннан өз орындарын тапты. Балалар хабалары өз көрермендерәмен тез тіл табысып, олардың көңілдеріне ұялар, тамаша әсер қалдырды. Бұл редакция ұжымынан шығармашылық соны ізденістерге баруды талап етті. Осыған орай сценарий жазуға балалар жазушылары, ақындар, журналистер, республикадағы газетөжурнал қызметкерлері көптеп таратылды. Нәтижесінде қызықты, әсерлі хабарлар туды. Редакцияда балалар өмірлеріне арнап жазатын авторлар тобы құрылды. Соның нәтижесінде балалар әлеміне жақын небір жаңа айдарлар орнығып, экранда қалыптасты.

Қазақ теледидары жастар бағдарламасының тарихы – бүгінгі балалар мен жастарға арналған бағдарламалардың алтын дәңгегі, қайнар бұлақ бастауы. Кеңестік қызыл империяның күйреуі, саяси-экономикалық сілкіністер, қоғамдық-экономикалық қатынастардың өзгеруі хабарлардың идеясын өзгертіп, мазмұнын жаңартса да, түрі, мақсаты өзгермек емес, ол – жастардың тіршілігі, ойы, арманы. Ол – болашақ қамы. Теледидар жастардың өміріне берік орныққандықтан, олардың өмірін көгілдір экрансыз елестете алмаймыз. Сондықтан хабарлар мәнсіз жасалмауы тиіс. Жастар бағдарламасы жоғары білімдік деңгейі мен қоғамдық-саяси белсенділігін көрсете отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуыны көмектесті, олардың табиғатына сай бағыт-бағдарынанықтады. Ертеңгі ел басқарар жас азаматтардың бүгінгі дүниетанмы, өмірдегі күрделі құбылыстарға деген көзқарасы, болашақ жас мамандардың арман-мақсаты, ой елегінен өткізер өлшемдері, көкейкесті ашық әңгімесі бүгін де жалғастығын табуы тиіс еді. Бүгінгі қоғамның бар саласын қамтып отырған реформалар жастардың тәрбиесіне, рухани сана-сезіміне көлеңкесін түсірмеуі қажет. Жастар редакциясының соқтықпалы, соқталы жүріп өткен жолында аты неше рет өзгергенімен заты жастардікі болды. Уақыт рухына сай тақырыбы мен мазмұны өзгерсе де, мақсат-мүддесі өзгерген жоқ. Оның жастарды тәрбиелеудегі жылдар бойы қалыптасқан жүйесі болды. Қазір сол жетістіктерден айырылып барамыз. Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын қалыптастырып, тәрбиелеудегі теледидардың рөлін зерттеудің әлеуметтік және саяси мәні бар, мұндай бағдарламалардың мақсаты қашан да күрделі, арқалар жүгі жүгі ауыр. Себебі жас көрермендер - оңы мен солын жаңа аңғарып, өмірдің кілтін жаңа алғандар. Олардың табиғаты еліктегіш, сенгіш. Біз неліктен жас өркендерге тәрбие берудегі теледидардың үлесін көбірек айтамыз? Мұның себебі басқа ақпарат құралдарынан гөрі теледидардың аудиторияны қамту мүмкіндігі жоғары және сөзбен де, көрініспен де қызықтырып, иландырып, әсер етер ықпалдығы басым, жедел. Телехабарлар тек мазмұнымен емес, хабарларды бере білудің пішінімен де маңызды, оынң аудиториясы қоғамның даму бағытын анықтайтын рухани және әлеуметтік потенциал. Жастар редакциясының қырық жылдық тәжірибесі теледидардың шығармашылық зор мүмкіндіктерін көрсетті, оның жүріп өткен ізі мен мол тәжірибесі бүгінгі бағдарламаларға үлкен үйрену мектебі болары даусыз. Сонымен қатар бүгінгі толыққанды ақпараттың тұғырын ұстап, білікті сөздің тізгінін ағытқан журналистердің басым бөлігі жастар бағдарламасында ысылып, тәжірибе жинақтаған. Олардың шығармашылық мол тәжірибесін саралап, журналистік шеберлік сырларына ғылыми тұрғыдан баға беру - парыз.   Қазақ теледидарының пайда болуы қалыптасу тарихына байланысты еңбектер баршылық, ал жастар бағдарламасының тарихын бүтін, жүйелі зерттеген еңбек жоқ, ол бүгінгі күнге дейін жан-жақты, терең зерттелу нысанына айналмады. Сондықтан әр кезеңдегі жастар бағдарламасын топтастырып, жинақтап, тұтастықта зерттеудің, даму сатыларын айқындап, жаңаша көзқараспен баға беріп, ой қорытудың зәрулігі арта түседі. Осы уақытқа дейін Жастар редакциясының әр түрлі қоғамдық-саяси кезеңдегі ұйымдастырушылық жұмыстарына, озық ойлы парасатты азаматтар тәрбиелеудегі қосқан үлесіне, қоғамдық ойды қалыптастырған халықтық сипатына жете назар аударылмай келгендігі ақиқат. Қазақ теледидарына жаңа пішін, түр енгізген жастар бағдарламасы хабарларының мазмұны (тақырыбы, идеясы) мен пішінін (тіл, стиль, сюжет) және жанрлық ерекшеліктерін, көркемдік деңгейін ғылыми жүйеде талдай отырып, тәжірибесін тарату, бүгінгі жастарға арналған хабарларға үлгі ретінде ұсыну зәрулігі қазіргідей қазақ тіліндегі жастарға арналған бағдарламалар деңгейінің төмендеп кеткен тұсында уақыт талабына сай туындап отыр. Олай болса, жас ұрпақты тәрбиелеуде теледидар мүмкіндігін пайдалану үшін бай тәжірибесін өнеге тұта отырып, бүгінгі хабарларды жоғары деңгейге көтеруіміз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]