Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диссертация окончательный вариант (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.76 Mб
Скачать

1.6.2 Электр қозғалтқышын дайындау және сынамалы іске қосу.

Қозғалтқыштың қолданысы үшін қондыру алдында бұл қондырғының жерін таңдауы жүзеге асады. Бұл кезде келесіні ескерген дұрыс:

А) қозғалтқышты орнату жері оның орамдарына және токалғыш құрылғыларына су, май, эмульсияның және т.с.с. түсу мүмкіндігін болдырмауы тиіс;

Іргетас пен ғимарат бөліктерінің вибрациясы таңдалып алынған қозғалтқыш үшін ұйғарынды мәндерінен аспауы тиіс;

Б) келтірілетін механизмімен бірлесіп туындайтын шу, электр жетегін пайдалану орнына арналған санитарлық нормаларымен рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс;

В) электр жетегін іргетастар немесе қозғалтқыштардың корпустары арасында қызмет көрсету үшін өтетін жолдары «Электр қондырғыларын орнату қағидаларында» көрсетілген, қалыпты қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін, ұйғарынды мәндерінен кем болмауы тиіс [14];

Г) IP44 төмен қорғаныс дәрежесі бар қозғалтқыштар мен оларды басқару аппараттары, сонымен бірге барлық орындаудағы резисторлар қорғаныс дәрежесі бойынша жанғыш материалдарынан орындалған, ғимараттың конструкцияларынан 1 м кем емес қашықтықта орнатылуы тиіс;

Д) 1 кВ жоғары қуаттану кернеу қозғалтқыштарын тікелей өндірістік үй- жайларда қондыруға рұқсат етіледі; орамның шығарғыш өткізгіштерінің қозғалтқыш статорының астында орналасуы кезінде арнайы камерасымен іргетаста керек, яғни, «Электр қондырғыларын орнату қағидаларының» 4.2 т. көрсетілген талаптарға сәйкес келетін іргетас шұңқыры [14].

Одан кейін қозғалтқышты байқау іске қосылуына дайындығы болады.

Бұл кезде жұмыстардың белгілі бір кешенін орындау қажет.

  1. Қозғалтқышты қарау. Қозғалтқыш корпусына бекітілген металл тілігіндегі жазбаның осы қозғалтқыштың техникалық паспортындағы жазбаларына сәйкестігін тексеру. Одан кейін қозғалтқышты қарауға кірісу. Бұл кезде қозғалтқыштың корпусында, мойынтірек қалқандары мен қақпақтарында, біліктің шығыс шеттерінде қандай да бір зақымдардың (жарық, жапырылудың) болмауына, жабындының жағдайына, назар аударып, сыртқы беті жағдайын тексеру қажет, ілмек- бұрандардың, жерге тұйықтаушы бұрандардың болуын, мойынтіректі қалқандар мен қақпақтардағы, желдеткіш қаптамасында, жалюзи, люктердегі барлық бекіткіш бұрандары тартылуының болуы және жеткіліктілігін; шығару қорабының қақпағын шешіп, клеммдердің (шпилькалардың) жағдайы мен орамдардың сыртқа шығарылатын өткізгіштер шеттерін шығару қорабының панеліндегі шпилькаларына бекітетін сомындардың тартылуы жеткілікті болуын тексеру.

  2. Электр машинасының шығару белгіленуін тексеру қажет. Әрекет етуші стандарттарға сәйкес, электр машиналарының сыртқа шығарылатын өткізгіштердің белгіленуі қабылданған.

Тұрақты ток қозғалтқыштарында атап өтілгендерден басқа мыналарды тексеру керек: коллектордың жағдайы (жапырылу, жырылудың болмауы, бетінің тазалығы); щеткалық траверстің бекітілуі; щетка ұстағыштар (серіппелердің дұрыстығы) және олардың коллектор ұзындығы бойынша шахматты орналасуы; щеткаларды нақыстардың және щеткалардың коллекторға сылауының болмауы. Қозғалтқыштың бекітуші бұрандары мен басқа элементтерінің тартылуын тексеру. Қарау процесінде машинаның бетін құрғақ шүберекпен сүртіп, ал ішкі қуысын тығыздалған ауамен үрлеу керек.

  1. Біліктің «қолдан» еркін айналуын тексеру. Біліктің бос шетінің айналуы кезінде қозғалтқыш роторы (зәкір) қандай да бір соқтығыссыз ( бұл туралы оған тән дыбыстар куәландырады) және сыналанусыз айналуы тиіс. Қозғалтқыш роторы бірнеше айналым жасауы тиіс. Егер аталған ақаулар орын алса, бұл қозғалтқыштың тасымалдануы кезінде алған зақымдарға көрсетеді: статор мен ротор (зәкір) арасындағы ауа саңылауының бұзылуы, мойынтіректердегі бұзылыстар. Бұл жағдайда қозғалтқышты бөлшектеп, зақымдануды тауып, жою керек.

  2. Жерге тұйықтаушы сымдардың (шиналардың) қосылуы. Жерге тұйықтаушы сымдар екеуден кем емес болуы тиіс (қозғалтқыштағы жерге тұйықтау бұрандалардың саны бойынша); жерге тұйықтаушы сымдардың (шиналардың) қосылу орны бояудан, тоттан немесе басқа ластанудан тазартылуы тиіс.

  3. Орамдардың электр оқшаулауының кедергісін өлшеу. Электр машинасы орамдарының электр оқшаулауы ылғал тартқыштығына ие екендігі белгілі, сондықтан машинаның қоймада немесе басқа үй жайда ұзақ мерзім болуы кезінде орамдардың оқшаулауына ылғал өтіп, және оның электр кедергісі кенет төмендейді. Осыған байланысты қозғалтқышты желіге қосудың алдында, әр орамның корпусқа (жерге) қатысты оқшаулаудың электр кедергісін және орамдар арасындағы оқшаулау кедергісін тексеру қажет.

Өлшеу өткізілуі тиіс температурасын міндетті түрде көрсетілуімен, электр машиналарының нақты типтеріне оқшаулау кедергісінің нормалары стандарттарда (МЕМСТ), немесе техникалық шарттарда (ТШ) бекітілген. Электр қондырғыларының техникалық қолданысы ережелеріне сәйкес (ЭТҚЕ) оқшаулау температурасы қоршаған ортаның температурасымен бірдей болғанда, айнымалы ток машиналарының (UНОМ<1000 B) төмен вольтты орамдар оқшаулауының кедергісі 1 Мом кем емес болуы тиіс, ал тұрақты ток машиналарының – 0,5 МОм кем емес.

Оқшаулау кедергісін өлшеуді тұрақты ток магнит электр генераторы мен омметрден тұратын, өлшеуіш құралы -мегоомметрмен орындайды. 660 В дейінгі номиналды кернеуі бар орамдар оқшаулауының кедергісін 500 В мегоомметрмен өлшеу керек, ал одан жоғары кернеуімен орамдар үшін 1000 В; орамның номиналды кернеуі кезінде 3000 В және жоғары 2500 В кернеуімен мегомметрлерді қолданады. Егер орам корпуспен конденсатор арқылы қосылған болса, онды орамды конденсатордан ажырату керек.

Өлшеуді жүргізу кезінде аспаптың көрсеткіші белгілі бір күйде сол бойда тоқтамайды. Көсеткіштің орныққан күйіне біртіндеп келуі оқшаулауда пайда болатын, поляризация процесімен түсіндіріледі, яғни, конденсатордың зарядталуы өтеді, оның диэлектригі орамның оқшаулауы болып табылады. Оқшаулауда ылғал мөлшері неғұрлым аз болса, аспап көрсеткіштерінің анықталу ұзақтығы соғұрлым аз. Бұл қасиеті абсорбция әдісімен оқшаулауының ылғалдануын бағалау негізіне жатқызылған. Бұл мақсатта кедергіні өлшеу нәтижелерін екі рет жазып алады: өлшеу басталған соң 15с кейін (кедергі RИЗ15) және 60 с кейін (кедергі RИЗ60). Егер +10 нан +300С дейін температурада абсорбция коэффициенті деп аталатын кедергілер RИЗ60/RИЗ15, қатынасы оқшаулау жеткілікті құрғақ болып саналады. Ылғалды оқшаулау кезінде көрсетілген кедергілердің айырмашылығы аз болса және бірліктен ерекшеленбейді. Егер машинаның орамына температураның датчиктері салынған болса, сонымен бірге оқшаулау өлшеуін, оқшаулаудың өлшенуін жүргізу керек. Бұл жағдайда машинаның барлық орамдарын машина корпусымен қосу қажет. Бұл өлшеуді кернеуі 250 В артық емес аспаппен өткізу керек.

Кейбір электр машиналарында мойынтіректердің бұзылуына әкелетін, мойынтіректі токтың туындауын болдырмау үшін, соңғылардың электр оқшаулауын қолданады, сол кезде бір мойынтіректі статикалық зарядтардың жерге бұрып жіберу үшін бір мойынтіректі оқшауланбаған етіп қалдырады. Мұндай машиналарда сонымен қатар мойынтіректердің оқшаулау кедергісін өлшеу керек.

Мұндай өлшеу кезінде білік пен оқшауланбаған мойынтірек ішпегінің арасына құрғақ оқшаулағыш қабатын енгізу қажет.

Қол жетегі бар мегоомметрмен өлшеуді орындау кезінде тұтқаны 120 айн/мин жиілігімен біркелкі етіп айналдыру керек. Аспаптарды әдетте айналу жиілігін ортадан тепкіш шектеуішімен қамтамасыз етеді, оларды 120 айн/мин артық айналдыру кезінде тұтқаның білігін генератор білігінен ажыратады. Мұндай айналдырудың ұзақтығы бір минуттан кем емес уақытты құрайды, ал 2500 В және одан жоғары мегоомметрды қолдану кезінде айналдыру ұзақтығы 3 мин. кем емес уақытты құрайды. Бұл жағдайда генератор электр жетегімен немесе генератордың орнына түзутуші құрылғысымен пайдаланған дұрыс.

Өлшеу кезінде конденсатордың қуаттануына ұқсас тізбектердің қуаттануы өтеді. Сондықтан, өлшеуді аяқтаған соң, орамдардың сымдарын жерге тұйықталған машинаның корпусымен қосу керек. Өлшеудің бұрмалануын болдырмау үшін мегоомметрдің сыртқы беті таза және құрғақ болуы тиіс. 21.1 суретте аспаптың үш фазалық асинхронды қозғалтқыштың статор орамдарына қосылу схемалары көрсетілген. Өлшеу басында аспаптың клеммаларын Л (желі ) және З (жер) тұйықтау қажет. Егер аспап күйге келтірілуі дұрыс болса, оның көрсеткіші нөлдге көрсетіп тұруы тиіс. Бұл клеммаларды ажырату кезінде аспаптың көрсеткіші шексіздікке көрсетуі тиіс.

  1. Электр машинасын құрғату. Орамдар оқшаулауының ылғалдылығын индукциялық, ток немесе сыртқы қыздыру жолымен жояды. Индукциялық қыздыру кезінде машина корпусының айналасынан айнымалы ток көзіне қосылатын, сақиналы магниттеуші орам оратылады (21.2,а сурет). Ораммен құрылатын, айнымалы магнитті өріс машинаның индукциялық қызуын туындатады, бұл оның құрғатылуына әсер етеді. Одан сапалы құрғату үшін машинадан роторды шығарып, статор мен роторды бөлек кептірген дұрыс.

Құрғатудың токты әдісі одан қарапайым әдісі болып табылады, мұнда орамдар бойынша тұрақты немесе айнымалы токты өткізеді, бұл орамдардың қызуын және олардың ошаулауын кептіруді туындатады. Орамдардың шамадан тыс қызуын болдырмау үшін (машина қозғалыссыз және желдету жоқ) орамдардағы ток номиналды мәнінен 40-60% аспауы тиіс. Сондықтан ток қызуы кезінде орамдарға кернеуді реттегіш арқылы келтіру қажет (21.2, б сурет).

Сыртқы қызу кезінде ыстық құрғақ ауа электр машинасының корпусына бағытталады (21.2, в сурет), ол қызып, жылуды машинаның барлық орамдарына бірқалыпты береді. Олардың оқшаулауының кептіруін туындатады. Электр машинасының сыртқы қыздыруын қуатты электр лампаларының көмегімен орындауға болады.

Құрғату процесінде орамдардың қызу температурасын бақылау қажет, ол орамдар қызуының оқшаулау қызуға төзімділігі класына байланысты есептік жұмыс температурасынан аспауы тиіс. (2.12 табл.).

Орамдардың қысқа тұйықталуы және және жетекті қозғалтқыштан роторды (зәкірді) айналдыра отырып, онда жұмыстың генераторлық тәртібін құру кезінде синхронды машиналар мен тұрақты ток машиналарының қызуы мүмкін Бұл жағдайда қоздыру орамында токтың реттелуі және орамдарда ток шамаларын бақылау үшін өлшеу аспаптар кешенінің болуы қажет.

Құрғату процесінде әр 1-2 с. сайын оқшаулаудың кедергісін өлшейді. Құрғатудың алғашқы сағаттарында бұл кедергі азаюы мүмкін, бұл дымқылданған оқшаулаудың булануымен түсіндіріледі, бірақ кейін оқшаулаудың кедергісі ұлғайып, орныққан мәніне жетеді. Оқшаулаудың кедергісі және абсорбцияның коэффициенті бірнеше сағат бойы өзгеріссіз болып қалған кезде құрғатуды аяқталған деп санайды. Машиналардың 400 кВт дейін қуаттылығында абсорбцияның коэффициентін бақыламауға болады.

  1. Қозғалтқыштың сынамалық іске қосылуы. Қозғалтқыштың орамдарын талап етілетін түрде біріктіріп, қозғалтқыштың шығару қорабы клеммаларына автоматтық ажыратқыштың (автоматтың) сымдарын қосады. Қозғалтқыштың қуаттану схемасында қорғаныс құрылғыларының болуын және олардың қозғалтқыш параметрлеріне икемделуін тексереді. Егер қозғалтқыштың мойынтіректері майлауды толықтыруға арналған құрылғылары болса, онда майды құйған дұрыс. Қуат беруші желісі мен қозғалтқыштың қуаттылығына қарай іске қосудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. (4,11 және 13 тарауларын қараңыз). Айналу бағытына (қозғалтқышта көрсетілгенге сәйкес келетіндігіне), бөгде шудың болмауына, қорғаныс құрылғыларының жағдайына назар аударып, қозғалтқышты желіге қысқа мерзімге қосады (3-5 с). Егер ақаулықтың ешбір белгілері анықталмаса, бос жүріс тәртібіндегі іске қосуды одан ұзақ мерзімге қайталайды. Сонымен қатар қозғалтқыштың бос жүріс тогын өлшейді, ол қозғалтқыш құжаттамасында көрсетілгенінен 10 % аспауы тиіс.