- •1 Тарау. Тұрақты ток қозғалтқышы
- •1.1 Тұрақты ток қозғалтқышының құрылысы және әрекет ету принципі.
- •1.2. Қозғалтқыштарды іске қосу
- •1.3. Қозғалтқыштардың техникалық деректері
- •1.4 Тұрақты ток қозғалтқыштарының пәк
- •1.5 Тұрақты ток қозғалтқыштарының сипаттамасы
- •1.5.1 Жұмыс сипаттамалары
- •1.5.1 Сурет. Қозғалтқыштың реттеуші сипаттамасы
- •1.5.2 Сурет. Жылдамдық сипаттамалары
- •1.5.3 Сурет. Сәттік сипаттамалар
- •1.5.4 Сурет. Қозғалтқыштың п.Ә.К. Өзгеруі
- •1.5.2 Механикалық сипаттамасы
- •1.6 Қозғалтқыштарды таңдау және электр машиналарына техникалық қызмет көрсету.
- •1.6.1 Электр жетегі үшін қозғалтқыштарды таңдау
- •1.6.2 Электр қозғалтқышын дайындау және сынамалы іске қосу.
- •2 Тарау. Электр жетегі технологиялық процестерді электрлендіру және автоматтандыру құралы ретінде.
- •2.1 Тұрақты токтың электр жетегі. Түлендіруші жүйе — қозғалтқыш
- •2.6 Сурет. Реверсивтік басқарылатын түзеткішімен электр жетегінің схемасы
- •2.2 Кернеудің тиристорлық реттегіші бар электр жетегі
- •2.11 Сурет. Үш фазалық жүктемедегі кернеудің тиристорлық реттегішін қосу схемалары: а — жалпы; б — күш бөліктері
- •2.12 Сурет. Асинхронды қозғалтқыштың u-тәрізді сипаттамалары
- •2.3 Тұрақты ток қозғалтықштарын басқару
- •2.3.1 Тұрақты ток қозғалтықштарын автоматтық басқарудың типтік схемалары
- •2.3.2 Параллельді қоздырудың тұрақты ток қозғалтқышының уақыт функциясында іске қосудың және динамикалық тежелуінің реверсивтік емес басқару схемасы
- •2.3.4. Тұрақты ток қозғалтқышының уақыт функциясында іске қосуы, реверс және эқк функциясында қарсы тежелуімен басқару схемасы
- •2.3.5 Тұрақты ток қозғалтқышын басқаруға арналған құрылғылар
- •4 Тарау. Тұрақты ток қозғалтқышын модельдеу үшін Labview бағдарламалық ортаның қолданылуы
1.6 Қозғалтқыштарды таңдау және электр машиналарына техникалық қызмет көрсету.
1.6.1 Электр жетегі үшін қозғалтқыштарды таңдау
Қозғалтқыштың электр қуаттануы үшін токтың түрі (тұрақты ток, үш - немесе бір фазалық өнеркәсіптік немесе жоғарылаған жиілігімен айнымалы ток) қозғалтқыш типінің таңдауымен анықталады: тұрақты немесе айнымалы токтың қозғалтқышы (синхронды немесе асинхронды). Таңдалған қозғалтқыш электр жетегіне қойылатын талаптарына зор дәрежесінде сәйкес болуы, және сонымен бірге барынша үнемді және берік болуы тиіс.
«Электр қондырғыларын орнату қағидалары» [14] электр жетектері үшін қозғалтқыштарды таңдаудың негізгі ережелерін реттейді.
Қозғалтқыштардың электр және механикалық параметрлері (қуаттылық, кернеу, айналым жиілігінің номиналды мәндері, қосылудың салыстырмалы ұзақтығы, асқын жүктемелік қабілеті, бастапқы іске қосу элементі, айналым жиілігін реттеу диапазоны және т.б.) іске қосылатын механизмдердің параметрлеріне сәйкес болуы тиіс.
Айналым жиілігін реттеуді талап етпейтін механизмдердің жетегі үшін, қуаттылығына тәуелсіз қысқа тұйықталған роторы бар синхронды немесе асинхронды қозғалтқыштарды қолдану керек.
Іске қосылудың немесе жұмыстың ауыр жағдайлары бар немесе айналым жиілігін өзгертуді талап ететін механизмдердің жетегі үшін осы электр қондырғысындағы мүмкін болатын, іске қосудың және айналым жиілігін өзгертудің ең қарапайым және үнемді әдістері бар қозғалтқыштарын қолдану керек.
Тұрақты ток қозғалтқыштарын айнымалы ток қозғалтқыштары механизмнің талап етілетін сипаттамаларын қамтамасыз етпесе немесе үнемсіз болған жағдайларда ғана қолдануға жол беріледі.
Ашық ауада қондырылатын қозғалтқыштар, қорғаныс дәрежесі бойынша IP44 кем емес орындалуы немесе нақты электр жетегі жұмысының жағдайларына сәйкес келетін, арнайы орындалуы болуы тиіс (мысалға, химиялық қондырғылар, қоршаған ортаның аса төмен температуралары үшін қолданыстың жарылыс-немесе өрт қауіпті орталары және т.б. үшін).
Салқындатуды бұзатын, орамдарды шаң, талшықтар немесе басқа заттардың басып қалуы мүмкін үй-жайларда қондырылатын қозғалтқыштар, қорғаныс дәрежесі бойынша IP44 кем емес немесе қозғалтқыштың ішкі қуысын ауа өткізгіштер бойынша сырттан келетін таза ауамен үрлеу жағдайында, қорғалған орындалуы болуы тиіс. Үрленіп тұратын қозғалтқыштың корпусы, ауа өткізгіштер, барлық түйіндесулер мен жіктер қозғалтқыш орнатылған бөлмеден ауаның сорылуын болдырмайтын нығыздауы болуы тиіс.
Қозғалтқыштарды қоршаған ортаның температурасы 400С артық болатын үй-жайларда орнату кезінде қозғалтқыштың жол бергісіз қызуы мүмкіндігін болдырмайтын, шаралар орындалуы тиіс. Мысалға, сыртқы ортаның температурасы 400С асатындай есептелген қозғалтқыштарды қолдану (металлургиялық сериялар қозғалтқыштары), немесе салқындатылған ауаның келтірілуімен мәжбүрлі вентиляцияны және т.б. қолдану.
Дымқыл немесе аса дымқыл жерлерде орнатылатын қозғалтқыштар, жабық орындалуы және орамдардың ылғалға төзімді оқшаулауына ие болуы тиіс.
Қозғалтқышқа вибрациялық және соққы әсері аталған қозғалтқыш үшін рұқсат етілген мәндерінен аспау тиіс.
Жарылыс қауіпті немесе өрт қауіпті аймақтарда орнатылатын қозғалтқыштар 7.4.баяндалған ұсыныстарға сәйкес таңдалуы тиіс.
Айналым жиілігінің терең реттелуімен электр жетегі үшін тұрақты ток қозғалтқышы мен жиілікті рететейтін түрлендіргішінен қуаттануы кезінде, қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқышы арасында таңдау жасауға тура келеді, яғни, жиілік реттеушісін қолданыумен. Заманауи электр жетегінде жиіліктің түрлендіргіштерін қолдану прогрессивті болса да, бірқатар жағдайда олардың жоғарылаған құнымен ұсталып тұрады. Жиіліктің түрлендіргіштерін қолдану жөніндегі мәселені шешуде электр жетегінің қолданыс шығындарын азайтатын, оның энергия үнемдеуші әсері туралы, және электр жетегінің беріктігін арттыратын, қозғалтқыштың «жеңіл» іске қосылу мүмкіндігі туралы да (.21.6) ұмытпау керек
Тұрақты ток қозғалтқышының немесе жиілік түрлендіргішімен жиынтықта асинхронды қозғалтқыштың электр жетегінде қолданылуы туралы түпкілікті шешімі тек қана күрделі шығындар емес, сонымен бірге электр жетегін пайдаланумен байланысты шығындарды ескере отырып, қарастырылатын нұсқалардың экономикалық есептеріне негізделуі тиіс.
Электр жетегі жұмысының сипатынан, талап етілетін механикалық сипаттмасынан, номиналдық айналым жиілігінен және оны реттеу диапазонынан, қозғалтқыш типін анықтайды: асинхронды, синхронды, коллекторлық немесе тұрақты токты құралы.
Қуаттылығы үлкен электр жетегінде (400 кВт артық) ең жоғары энергетикалық көрсеткіштері бар (ПӘК және қуаттылық коэффициенті) үш фазалық синхронды қозғалтқыштардың қолданылуы ақталған.
Тұрақты ток қозғалтқыштарының негізгі кемшіліктері: айнымалы токты тұрақтыға түрлендіргішіне қажеттілігі, жоғары құны, щеткалы-коллекторлық түйінді күту қажеттілігі (коллектор мен щеткалардың мерзімдік тарзартуы, щеткаларды ауыстыру, олардың коллекторға қысылуын реттеу және т.б.), жарылыс- және өрт қауіпті үй жайларда қолдануға болмайтындығы. Тұрақты ток қозғалтқыштары қыса тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқыштарынан 2-3 есе қымбат. Іске қосудың ауыр жағдайларымен, реверспен және шамадан артық жүктеумен көтергіш құрылғыларының электр жетектері үшін бірізді қоздыруымен тұрақты ток қозғалтқыштарының қолданылуы мүмкін.
Қуат беруші желінің параметрлері бұл желіде рұқсат етілген мәндерінен асатын, кернеудің түсуін туындатпайтындай, номиналдық кернеу мен шекті ток жүктемесінің таңдалуын анықтайды.
Монтаждау тәсілі мен қолданыс жағдайлары қозғалтқыштың конструктивтік орындалу формасын анықтайды: қорғаныс дәрежесін, салқындату тәсілі және монтаждау тәсілі (табандарындағы қозғалтқыш немесе фланецті бекітілген немесе қорғалған орындалуында) және оның климаттық орындалуы (қоңыржай, салқын, тропикалық климат үшін және т.б.). Мысалға, номиналдықтан «төмен» айналым жиілігін реттеудің кең диапазоны бар электр жетегінде тәуелсіз вентиляциясымен қозғалтқыштарды қолданған дұрыс, мысалы IC06, себебі айналым жиілігінің азаюымен өздігінен желдетілу тиімділігі едәуір төмендейді. Егер қозғалтқыштың қолданысы жарылыс- немесе өрт қауіпті орталарында болжамданатын болса, онда жарылыстан қорғалған орындалуымен қозғалтқыштың қолданылуы міндетті түрде.
Электр жетегінің жұмыс тәртібі қозғалтқыштың статикалық және динамикалық қасиеттеріне қойылатын талаптарды анықтайды. Статикалық қасиеттері жұмыс машинасы кедергісінің статикалық сәті шамасымен, талап етілетін айналым жиілігімен, айналым жиілігін реттеу қажеттілігімен және оның диапазонымен, қысқа мерзімді артық жүктеулер мүмкіндігімен және т.б. анықталады. Динамикалық қасиеттер ауыспалы тәртіптердің көрсеткіштерімен анықталады: іске қосу, реверс және тежеу жиілігімен. Мысалы, жиі іске қосу, тежеу немесе реверс кезінде ротор (зәкірдің) инерциясының шағын сәтімен қозғалтқыш талап етіледі.
Қозғалтқышты таңдау кезінде экономикалық талаптардың зор маңызы бар: қозғалтқыш құны, оның ПӘК және қуаттылық коэффициенті, массасы мен габариттері, қолданысы мен жөндеу бойынша шығындары. Қабылданатын нұсқаның экономикалық көрсеткіштерін бағалау кезінде тек қозғалтқыштың өзінің экономикалық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен қатар оны басқару үшін қолданылатын іске қосушы реттеуші құрылғыларын (статикалық түзеткіштерді, реттелуші түрлендіргіштерді, «жеңіл» іске қосу, қорғаныс және т.б. құрылғыларды). ескеру қажет.
