Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диссертация окончательный вариант (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.76 Mб
Скачать

2.3 Тұрақты ток қозғалтықштарын басқару

2.3.1 Тұрақты ток қозғалтықштарын автоматтық басқарудың типтік схемалары

2.3.2 Параллельді қоздырудың тұрақты ток қозғалтқышының уақыт функциясында іске қосудың және динамикалық тежелуінің реверсивтік емес басқару схемасы

Қарастырылатын схема релелік-контакторлық элементтерінде орындалған, автоматтық басқарудың ашық жүйесін көрсетеді (1 қосымша).

Құрамдас элементтерінің беріктігі, қарапайымдылығы мен жоғары емес құнына ие, осындай схемалар ең кеңінен таралған болып табылады. Схемалардың беріктігі релелік-контакторлық құрылғыларының жасалу сапасына және оларды дұрыс таңдауына байланысты.

Қарастырылатын схемалардағы түрлі элементтердің қосылуы мен сөндірілуіне байланысты барлық операциялары автоматтық түрде орындалады, яғни, адамның қатысуынсыз өтеді. Тек қана «Іске қосу» және «Тоқтату» командаларын оператор орындайды. Соныдқтан бұл схемалар жартылай автоматтық деп санаған дұрысырақ болады. Дегенмен, олардың әр қайсысы, автоматтық басқару жүйесіне (АБЖ) қамтылғанымен, автоматты болады, себебі, «Іске қосу» және «Тоқтату» командаларын қоса, басқару бойынша барлық командалары мұндай жүйеде басқару электр сигналдарына сәйкес автоматты түрде орындалады.

Параллельді қоздырудың тұрақты ток қозғалтқышын іске қосылуын реверсивтік емес басқарудың схемасы сөндіру кезінде динамикалық тежелуімен уақыт функциясында 3.1. суретінде көрсетілген. Схема екі электрлі қосылмаған: күш және басқарушы бөліктерінен тұрады. Схеманың бұл бөліктерінің бөлек электр қуаттануы басқарушы бөлігінде төмен кернеуді (24-48В) қолдануға мүмкндік береді, бұл схемаға қызмет көрсету қауіпсіздігін арттырады (жөнге келтіру, реттеу). Егер де схеманыі күш бөлігі 220 В артық кернеуге есептелсе, схеманың басқарушы бөлігіндегі бөлек қуаттануы міндетті түрде.

2.1 сурет. Уақыт функциясы және параллельді қоздырудың тұрақты ток қозғалтқышының динамикалық тежелуінде іске қосудың реверсивтік емес басқару схемасы.

Схеманың күш бөлігі келесіні қамтиды: қозғалтқыш (зәкір тізбегі және қздыру тізбегі), екі элементі (R1 және R2) іске қосу бар резисторы динамикалық тежеу резисторы RT және реле мен контакторлардың контактілері, олар барлық күш бөлігін қауттандыру желісіне қосылуын және оның элементтерінің қосылуын жүзеге асырады.

Схеманың басқарушы бөлігі М қозғалтқышты оның белгілі бағдарлама бойынша қосылуы мен тежелуі кезінде басқаруын жүзеге асыратын, контактілер, басқару батырмаларынан, реле мен контактілердің шарғыларынан тұрады.

М қозғалтқышының уақыт функциясында іске қосылуы KT1 және KT2 уақыт релесі көмегімен жүзеге асырылады. SB1 «Іске қосу» батырмасын қысқа мерзімді басу кезінде KM контакторының орамы қуаттануының тізбегі тұйықталады, оның іске қосылуы кезінде SB1 батырмасын шунттеуші KM1 контактілері тұйықталады, RT резисторының тізбегіндегі KM1 контактілері ажырайды, KT1 релесін қосатын, М қозғалтқышын тұрақты ток желісіне қосатын KM1 күш контактілері тұйықталады. Бұл кезде R1+R2 іске қосу (іске қосудың бірінші сатысы) резисторы элементтерінің зәкір орамы тізбегіне қосылған қозғалтқыштың іске қосылуы басталады.

KT1 уақыт релесі бәсеңдету уақытының ұстамымен іске қосылуы кезінде өз контактілерімен KM2 контакторы шарғысының тізбегін тұйықтайды, оның іске қосылуы кезінде КМ2 контактілері R1 іске қосу резисторының элементін шунттайды. Нәтижесінде қозғалтқыштың екпіні жалғасады, бірақ іске қосудың екінші сатысындағы R2 зәкір тізбегіндегі қосымша резистордың кедергісі. Бір мезгілде КТ2 уақыт релесінің шарғысын қосатын, КМ2 контактілері тұйықталады, ол іске қосылып, уақыттың белгіленген ұстамымен өз контактілерімен КМ3 контактордың шарғысын қосады.

КМ3 контакторы іске қосылып, өз контактілерімен R2 іске қосу резисторының элементін шунттайды, және қозғалтқыштың зәкір тізбегі тұрақты ток желісінің толық кернеуіне қосылған болып қалады. Мұнымен іске қосу процесі аяқталып, М қозғалтқышы жұмыс тәртібіне ауысады.

Осылайша, бірінші сатыдағы іске қосу ұзақтығы КТ1 уақыт релесінің іске қосылуы кезіндегі баяулату уақытымен анықталады, ал екінші сатыда - КТ2 уақыт релесінің іске қосылуы кезінде баяулату уақытымен анықталады.

Қозғалтқышты сөндіру үшін SB2 «Тотату» батырмасын қысқа мерзімді басу қажет. Бұл кезде КМ1 контакторы орамының қуаттану тізбегі ажырайды, ол өз контактілерімен қозғалтқыш зәкірін және реле шағырлары мен контакторлардың барлық тізбектерін желіден ажыратады. Демек, қосу резисторының элементтерін шунттайтын КМ2 И КМ3 контактілері ажырайды және қозғалтқыш келесі қосылуға дайын болады. Бір мезгілде RT резисторының тізбегіндегі КМ1 контактілер тұйықталып, қозғалтқыш динамикалық тежелу тәртібіне ауысады, ол кезде электр жетегінің массалар инерциясы бойынша айналатын кинетикалық энергиясы жылуға айналып, RT резисторы мен қозғалтқыш зәкірі тізбегіндегі орамдарында бөлінеді.

Қозғалтқыштың іске қосу сатыларының саны RT іске қосу резисторына КТ1 уақыт релесі мен КМ котакторлары санының артуымен кедергі элементтерінің қажетті санын қосу жолымен арттырылуы мүмкін.