- •Лауазым бейіні (бухгалтер лауазымы)
- •1. Шарттың мәні
- •2. Шарттың қолдану мерзімі
- •3. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері
- •4. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
- •5. Жұмыс күні мен демалу уақыттарының тәртібі
- •6. Еңбекақы, еңбек мөлшері, кепілдіктер мен өтемақылар
- •7. Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу
- •8. Еңбек даулары
- •9. Тараптардың жауапкершілігі
- •10. Басқа да жағдайлар
- •Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары
- •Жарғылық капитал, жобаның құны
5. Жұмыс күні мен демалу уақыттарының тәртібі
5.1. Қызметкерге екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді:
бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы, екі демалыс күн – сенбі, жексенбі.
жұмыс күні - 8 сағат: 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс - 1 сағат:
5.2. Қызметкерді үстеме жұмысқа және мерекелер мен жексенбі күндерінде жұмысқа жұмылдыру Еңбек кодексіне сәйкес жасалады.
5.3. Қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы ұзақтығы - 30 (отыз) күнтізбелік күнмен, жұмыс істеген жылын есептей отырып беріледі. Қызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысы қалауы бойынша бөлініп те берілуі мүмкін.
5.4. Қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы еңбек демалысының кезектілігі Қызмет берушінің актілерімен немесе демалыс кестелерімен қарастырылған тәртіппен анықталады.
6. Еңбекақы, еңбек мөлшері, кепілдіктер мен өтемақылар
6.1. Қызметкерге еңбекақы айына 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.
6.2. Қызметкердің еңбек ақысы еңбекақы төлеу жүйесі бойынша төленеді.
6.3. Қызмет беруші мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытында Қызметкерді ҚР қызмет орны және лауазымы сақталатын заңына сәйкес қызметтен босатады.
6.4. Қызметкер лауазымдық міндеттеріне байланысты қызметтік тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасы шегінде іс сапарларға жіберіледі.
6.5. Қызметтік іс сапарлармен байланысты кепілдіктер және өтемақылар Қазақстан Республикасының әрекет етуші Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді және төленеді. Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген Қызметкердің іссапардағы үстеме жұмыстар шығынының өтемақысы куәландыратын құжаттар болған жағдайда, Қызмет берушінің қаражатымен жүзеге асырылады.
6.6. Қызметкер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiпке байланысты әлеуметтiк жәрдемақылардың барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
6.7. Қазақстан Республикасының Үкiметiмен реттелген жағдайда өзiне тиiстi қызметiн орындау кезiнде еңбекке қабiлетiн жоғалтқан немесе қайтыс болған адамның отбасына немесе қызметкерге ҚР заңдарында белгiленген мөлшерде жәрдемақы төлейдi.
6.8. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде Қызметкердiң денсаулығына тигiзген зиян үшiн Жұмыс берушi жауапты болады, қызметкерлердiң өмiрiн сақтандыруы керек.
6.9. Мына себептерге байланысты:
- жұмыс берушiнiң ұйымы таратылғанда;
- қызметкердi әскерге шақырғанда;
- қызметкер қайтыс болған жағдайда шартты бұзады.
Жұмыс берушi Қызметкерге немесе оның отбасына Қазақстан Республикасының Үкiметiнде белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнде жәрдемақы төлейдi.
6.10. Мына себептерге байланысты:
- штаттық кестенiң немесе қызметкердiң лауазымының қысқаруына байланысты;
- тараптардың келiсiмi бойынша;
- денсаулығына байланысты атқаратын қызметiн орындай алмаған жағдайда;
- зейнетке шығуына байланысты;
- басқа жерге көшуiне байланысты шартты бұзады.
Жұмыс берушi қызметкерге жәрдемақы төлейдi.
6.11. Жұмыс берушi қызметкердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте арнайы киiммен, құралдармен, көлiкпен және де басқа инвентарлармен, сонымен бiрге еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi.
6.12. Егер қызметкер Жұмыс берушiнiң кәсiпкерлiк қызметiн орындау мақсатында өз мүлкiн пайдаланатын болса, оған Жұмыс берушi шыққан шығынды төлеуге мiндеттi.
