- •Каталогтар мен файлдар жүйесі. Негізгі утилиттер. Негізгі командалар.
- •Серверлер, жұмысшы станциясы және коммуникациялық буындар түрлері
- •Файлдық сервер
- •Баспа сервері
- •Электрондық почта сервері
- •Мәліметтер қорын басқару сервері
- •Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы
- •Windows желісіндегі жүмыс станциясы
- •Netware желісіндегі жұмыс станңиясы
Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы
Netware немесе Windows NT басқаруындағы жергілікті желіде әртүрлі жергілікті операциялық жүйелердегі жұмыс станциялары жұмыс істей алады. Ол үшін Windows 9х басқаруымен жұмыс істейтін жұмыс станцияларында
конфигурациясы желілік торап жағдайына байланысты өзгеретін желілік клиент орнатылуы керек.
Windows желісіндегі жүмыс станциясы
Windows NT желісінде жұмыс станциясының параметрлерін анықтау үшін қосылған желілердің тексерілуі жайлы қосымша ақпарат пен тіркеу іске асырылатын домен аты көрсетілетін желілік тораптың сәйкес пункті қолданылады.
Windows желісін басқару мен тіркеуде желілік администратордың арнайы утилиттері, және администратор сервері мен қолданушылар пайдаланылады. Server компьютерлермен жұмыс топтарын, домендерді басқаруга көмектеседі. User manager Windows желісінде жұмыс істеуге қажетті қолданушыларды тіркеу, құқыктары мен басқа да сипаттамаларды басқарады.
Netware желісіндегі жұмыс станңиясы
Желілік жұмыс станциясын конфигурациялау Netware желілік клиентінің көмегі аркылы іске асырылуы мүмкін. Қолданушылар жұмыс станциясындағы жергілікті желіге қосылу мүмкіндігін алу үшін тіркелуі қажет. Нәтижелі тіркеуге тұру үшін қолданушының аты, паролі және де қосымша мәліметтерді көрсету қажег. Ойдағыдай тіркелгеннен соң желілік торапта қосымша құрылғылар пайда болады. Жергілікті желінің серверлерінде орналасқан құрылғыларға жұмыс столындағы ярлыктар мен Пуск кнопкасындағы пайда болған программалар арқылы мүмкіндік алуға болады. Клиент орнатылған жағдайда оң жақ төменгі бұрышта қолданушының желіге қосылуының жай-күйін көрсетуге мүмкіндік беретін N значогі пайда болады.
Қолданушы өзінің тіркелуі жайлы сипаттамалармен танысып қана қоймай кейбір параметрлерді де өзгерте алады. Параметрлерін өзгерту мүмкіндігі желілік администратордың қолданушыға берген құқығына байланысты. Қолданушының желіге қосылу параметрлерін өзгерту қызметінің толық мүмкіншілігін Netware Administrator арнайы утилиті қамтамасыз етеді.
NetWare ОЖ-нің құндылығы
NetWare ОЖ-нің өзінің негізгі сыбайласы Windows NT Server 3.51.-ке қарағанда біршама артықшылығы бар. Бұл: сервердегі барлық протоколдардың маршрутталынуы, сервердің өзін алыстан басқаруға мүмкіндігі барлығы, DOS. Операциялық жүйесі басқаруындағы клиенттік жұмысшы станцияларын тиімді қолдауы.
Сонымен қатар, NetWare 4.1 кәсіпорын аумағында ОЖ-ге қажетті бірнеше қызметті қолдауды қамтамасыз етеді. Мысалы, NetWare (NDS)-нің анықтамалық қызметі үлкен корпоративті желілерді басқаруда өте қуатты құрал болып есептеледі. Қауіпсіздік жүйесі қызметіне сервер томындағы қолданушылардың мәліметтерінің көлемін шектеу функциясы енеді. Бұл
функция Windows NT –да жүзеге асырылмаған. NetWare-ның файлдар және желілік баспа қызметімен операцияларының жұмыс өнімділігі, сыбайластарымен салыстырғанда, өте жоғары. Басқа желілік ОЖ-мен салыстырғанда NetWare клиенттердің DOS, Windows, OS/2, Macintosh және UNIX сияқты операциялық орталарын қолдап отырады.
NetWare-нің басқа да артықшылықтары келесі кестеде келтірілген
1-кесте. NetWare-нің сипаттамалары
Сипаттама |
Мәні |
Файлдық сервердің жедел жадының ең аз көлемі |
NetWare 4.х үшін - 9 Мб (Windows NT Server 3.51 - 16 Мб, OS/2 Lan Server 4.0 Advanced - 14 Мб). |
Клиенттік платформаларды қолдау. |
DOS, Windows, WFW, UNIX, OS/2, Macintosh, Windows NT Workstation. |
Қолданушыларды тіркеу және желілік ресурстарға ену |
ВNetWare 4.х-те желіге кіргенде бір рет қана тіркеуді қолдайды. |
ОЖ жеткізуге қосылған пошталық шлюздер |
NetWare 4.1-де MHS шлюзі қосылған (в ОС Windows NT Server 3.51 и OS/2 Lan Server 4.0 Advanced шлюздері негізгі жеткізуге енбейді). |
Маршруттау құралдары |
IPX, TCP/IP, AppleTalk (в ОС Windows NT Server 3.51 және OS/2 Lan Server 4.0 Advanced – тек қана TCP/IP). |
Файл мен каталогтарға жолы бар құқық санды |
8 - (Windows NT Server 3.51 - 6, OS/2 Lan Server 4.0 Advanced - 7). |
Қатты дискіде файлдарды компрессиялауды қолдау . |
NetWare 4.х –де қолдайды (ал OS/2 Lan Server 4.0 Advanced-де мұндай құрал жоқ). |
Файлдық серверден есептеу уақыты 7 Мб (клиенттер- WFW; сервер - 486/DX2, 32 Мб, SCSI, 1 Гб; шина - витая пара на 10 Мбит/c). |
NetWare 4.1 - 0,86 мин., Windows NT Server 3.51 - 1,17 мин, OS/2 Lan Server 4.0 Advanced - 1,55 мин. |
Lotus Notes мәліметтер базасында іздеу уақыты (клиенттер - WFW; сервер - 486/DX2, 32 Мб, SCSI, 1 Гб;). |
NetWare 4.1 - 1,17 мин., Windows NT Server 3.51 - 2,67 мин., OS/2 Lan Server 4.0 Advanced - 9,83 мин. |
