- •Каталогтар мен файлдар жүйесі. Негізгі утилиттер. Негізгі командалар.
- •Серверлер, жұмысшы станциясы және коммуникациялық буындар түрлері
- •Файлдық сервер
- •Баспа сервері
- •Электрондық почта сервері
- •Мәліметтер қорын басқару сервері
- •Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы
- •Windows желісіндегі жүмыс станциясы
- •Netware желісіндегі жұмыс станңиясы
Серверлер, жұмысшы станциясы және коммуникациялық буындар түрлері
NetWare ОЖ-не қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалды топқа бөлуге болады:
жұмысшы станциясы
желі серверлері,
коммуникациялық буындар.
Жұмысшы станциясы (Workstation) - желіні қолданушы өз жұмысын атқаратын, желіге қосылған дербес компьютер. Әрбір жұмысшы станциясы өзінің жергілікті файлдарын өңдейді және өзіне тиісті операциялық жүйемен жұмыс істейді..Сонымен қатар қолданушыға желінің бар ресурстарна кіруге мүмкіндік бар. Жұмысшы станциясын уш түрге бөлуге болады: рабочая станция с локальным диском,
дискісіз жұмысшы станциясы,
алыстағы жұмысшы станциясы.
Дискілі жұмысшы станциясында операциялық жүйе осы жергілікті дискі көмегімен жүктеледі. Дискісіз жұмысшы станциясында қатты да, иілгіш те дискі болмайды. Мұндай жұмысшы станциялары үшін операциялық жүйе файлдық сервердің дискісі көмегімен жүктеледі. Мұндай мүмкіндік дискісіз станцияның желілік адаптеріне орналастырылатын арнайы ПЗУ микросхемасы көмегімен қамтамасыз етіледі.
Алыстағы жұмысшы станциясы деп жергілікті желіге байланыстың телекоммуникациялық арналары арқылы (мысалы, телефон желісі көмегімен) қосылатын станцияны айтады.
Желі сервері (Server) – желіні қолданушыларға қандай-да қызмет көрсететін, желіге қосылған компьютер. Ол мынадай қызметтер атқарады: жалпы қолданыстағы мәліметтерді сақтау, тапсырмаларды баспадан шығару, МББЖ түскен сұраныстарды өңдеу, тапсырмаларды алыстан орындау және т.б. Атқаратын функцияларына байланысты келесі сервер топтарын қарастырайық.
Файлдық сервер
Netware сервері — бұл бәрінен бұрын стриммерлерде, оптикалық дискілерде, қатты дискілерде сақталатын жалпы файлдарға көптеген колданушылардың мүмкіндігін қамтамасыз ететін, файлдық сервер. Бұл бір жағынан жұмыс станцияларындағы жалпы мәліметтерді қосарлауға мүмкіндік берсе, ал екінші жағынан қолданушылардың қарым-қатынасын файлдық сервер арқылы қамтамасыз етеді. Netware мәліметтердің сенімді сақталуын қамтамасыз ететін System Fault Tolerance (SFT) көпдеңгейлі қорғаныс жүйесінің бірнеше деңгейін қолдайды. SҒТ жүйесінде қорғаныстың үш деңгейі бар:
Бірінші қорғаныс деңгейі SҒТ төменгі шешімдерді қосады.
- DEТ және ҒAТ таблицаларының қосарлануы;
- диск жазбаларын келесі оқу алдында тексеру;
- блоктарды динамикалық қайта адресациялау (Ноі Ғіх).
Сенімділіктің екінші деңгейі SҒТ-ІІ келесі шешімдерді қосады:
дискілердің кескінделуі (Disk Mirroring);
дискілердің қосарлануы (Disk Duplexing);
трансакцияның ізін кесу жүйесі TTS(Transaction Tracking System)
электрмен үзіліссіз қоректендіру құрылғысын қолдану (UPS).
Дискілердің кескінделуі кезінде екі қатгы диск қолданылады. Мәліметтердіц бірдей блогы екі дискіге де жазылады. Мәліметтердің оқылуы негізгі дискіде жүзеге асырылады. Дискінің оқылуында ақаулар болған жағдайда автоматты түрде екінші дискіге ауысады.
Дискілердің қосарлануы — бұл мәлімет алмасудың әртүрлі арналарына қосылған дискілердің кескінделу процедурасы.
Трансакцияның ізін кесу жүйссі сервердің жұмысында ақау шыққан жағдайда жүйенің алдыңғы жағдайына оралуына мүмкіндік береді.
Электрмен үзіліссіз қоректендіру құрылғысы электр көзінің кенеттен үзіліс жағдайында сервердің жұмысын ешқандай мәліметгерді жоғалтпастан қалыпты аяқтауына көмектеседі. Бұл процедура UPS құрылғысына сигнал келгеннен кейін автоматты түрде іске асады.
Сенімділіктің үшінші деңгейі SҒТ-ІІІ бір-бірімен арнайы кабельдер арқылы жалғанған екі файлдық сервермен жұмыс істеуді қолдайды. Бір сервер қалыпты жағдайда жұмыс істесе, екіншісі — қосалқы жұмыс дайындығында тұрады. Қосалкы серверге негізгі серверге байланысты барлық өзгерістер беріледі. Қосалқы сервер негізгі сервердің жағдайын әрдайым қадағалап тұрады. Негізгі сервер қалыпты жұмыс атқаруынан айныған жағдайда - қосалқы сервер негізгі сервердің функциясын ол қайта қалпына келгенше орындай береді.
