- •Каталогтар мен файлдар жүйесі. Негізгі утилиттер. Негізгі командалар.
- •Серверлер, жұмысшы станциясы және коммуникациялық буындар түрлері
- •Файлдық сервер
- •Баспа сервері
- •Электрондық почта сервері
- •Мәліметтер қорын басқару сервері
- •Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы
- •Windows желісіндегі жүмыс станциясы
- •Netware желісіндегі жұмыс станңиясы
Баспа сервері
Netware баспа сервері баспа құрылғысын бөлінетіндей етіп жасанды, яғни желінің барлық клиентіне қолдану мүмкіндігін береді. Бұл жекелеген принтерлердің саны қолданушылардың компьютерлерінен аз болған жағдайда өте қолайлы. Қолданушылар қымбат тұратын бір ғана құрылғыға барлығы бірдей мүмкіндік алады. Желілік баспаны қолданғанда баспаға жіберілген мәліметтер тапсырма түрінде кезектесіп орналасады. Баспа сервері периодты түрде кезектегі тапсырмаларды принтерге жіберіп отырады.
Netware желісіндегі принетрлер үш тәсілмен қосылады;
файлдық сервер арқылы;
кез-келген жұмыс станциясы арқылы; Бұл жағдайда жұмыс станциясына желілік принтергс арналған программалық қамсыздандыруларды орнату қажет болады.
егер принтер арнайы желілік платамен қамтылған болса, желілік шина арқылы қосуға болады.
Принтерлерді басқаруға:
принтер іске асыратын тапсырмалар кезегін өзгерту;
принтермсн жұмыс жасағанда пайда болган келеңсіздіктерге байланысты қолданушылардың тізімін өзгерту (қазаздың салынбауы т.б.);
принтердің жағдайын басқару: принтерді тоқгату, принтерді уақытша тоқтату, принтерді қосу, тапсырманы өшіру, парактау т.б.;
баспаға берілген тапсырмаларды басқаруға:
кезектегі тапсырмаларды басқару: берілген тапсырманың тоқтап қалуы, кезектегі тапсырма ретінің өзгеруі. (яғни тапсырмалар кезегінің өзгеруі);
кезекті басқару: клиенттердің кезекке тұру мүмкіндігі, баспа серверінің кезекті қамтамасыз ету мүмкіндігі, кезекке жаңа баспа серверінің қосылу мүмкіндігі.
Операциялық жүйелердің әртүрлі платформаларын қолдау Netware DOS, OS/2, UNIX, Macintosh, Windows 9x, Windows NT және т.б. әртүрлі операциялық жүйелердің басқаруындағы жұмыс станцияларының файлдық серверге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Netware -ның басқа желілік операциялық жүйелермен қарым-қатынасы да қарастырылған. Бұл жағдайда әрбір жұмыс станциясында арнайы клиенттік қамсыздандырулар орнатылуы қажет. Netware әртүрлі файлдық жүйелерді сәйкес ҒАТ жазбаларға жіберетін, кеңістік атын қолдау жолымен іске асырады.
Электрондық почта сервері
Netware-ның басқаруымен MHS (Massage Handling Servise ) электрондық почта шлюзі жұмыс атқарады. МНS электрондық почта мен байланыс сымдарының әртүрлі шлюздері арқылы өтетін мәліметтерді маршруттау, жеткізу мен жинауды басқарады. МНS-пен әртүрлі жұмыс станцияларындағы электрондық почтаның 200-ден аса пакеті қоян-қолтық жұмыс істей алады.
Мәліметтер қорын басқару сервері
Netware сұраныстардың екі түрлі технологиясын клиент-файл мен клиент-серверді қолдайтын мәліметтер қорын басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді. Клиент-файл типіндегі МҚБЖ-де сұраныстар қолданбалық программалар арқылы мәліметтер қорына жеткізіліп, жұмыс станцияларында өңделеді, ал файлдық серверде технологиялық жәнс индекстік файлдар сондай-ақ мәліметтер қорының файлдары сақталады.
Клиент-сервер типіндсгі МҚБЖ-де сұраныс файлдық сервердегі NLM — модульдері түрінде болатын МҚБЖ серверіне беріледі. Мұнда сұраныс жеткізіліп орындалады. Жұмыс станциясына тек орындалған сұраныстың нәтижелер ғана қайта жіберіледі. Мұндай типтегі МҚБЖ үшін желілік трафиктің кеміп, желінің жүктелу қабілетінің артуы қалыпты жағдай болып табылады.
