Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.87 Кб
Скачать

5-дәріс. Novell Netware желілік операциялық жүйесі. Оның қызметі мен мүмкіндіктері

Каталогтар мен файлдар жүйесі. Негізгі утилиттер. Негізгі командалар.

Өткен лекцияда желілік операциялық жүйелерге (оларды серверлік операциялық жүйелер деп те атайды) тоқталғанбыз. Серверлік ОЖ желілік серверде жүктеледі де, белгіленген серверлі желіде файл, принтер сияқты ресурстарды орталықтандырылған түрде басқарады.

Серверлік операциялық жүйе деп компьютерге маңызды мүмкіншіліктер алып беретін программалық жасақтамаларды айтады. Серверлік ОЖ орнатылған компьютерлер сервер деп аталады. Бұл компьютердің желідегі жалпы ресурстарға қызмет етуге мүмкіндігі бар.

Соңғы 15 жылдың ішінде СОЖ қатты өзгеріске ұшырады. Алғашқы жүйелер қолданушыға тек файлдық сервис пен баспа сервисін ұсынса, қазіргі жүйелер мүмкіндіктері өте көп. Олар көптеген әртүрлі сервистерді ұсынады, яғни бір ғана сервер қашықтан жұмыс істеумен қатар, Web-сервисті қамтамасыз етеді және екі ІР- адрес арасында маршрутизатор да бола алады.

Бұл лекцияда сол СОЖ ішіндегі көш бастаушылардың бірі- Novell Netware серверін қарастырамыз.

Novell компаниясы өзін компьютерлік индустрия нарығында 1979 жылы көрсетті. Алғашқы кезде ол Novell Data Systems деп аталып жүрді де, 1983 жылдан бастап Novell корпорациясы деп атала бастады. Сол жылы Netware операциялық жүйесінің бірінші версиясы шығарылды.

Бірінші версия Netware 4.0 деп аталды. 1985 жылы Novell компаниясы Netware-ның жаңа версиясын – Advanced Net Ware 1.0 версиясын қолданушыларға ұсынды. Содан кейін шыққан барлық версиялар осы алғашқы версиясының туындысы болып есептеледі.

Бұл операциялық жүйе белгіленген серверлі желілер үшін таптырмайтын ОЖ болып есептеледі. Netware серверімен информация алмасу үшін клиенттерге Netware-нің арнайы клиенттік программалық жасақтамасы көмегімен енуді орналастыруы керек.

Novell Netware қолданушыларға төмендегідей мүмкіндіктср бойынша қызмет көрсетеді:

  • файлдарды ұжымдық қолдануға көмектеседі;

  • желілік принтерлерге мүмкіндік алудьг қамтамасыз етеді;

  • электрондық почтамен жұмыс істеу ортасын ұсынады;

  • әртүрлі типтегі МҚБЖ жұмысын қолдайды;

  • әртүрлі операциялық жүйелердің басқаруымен жұмыс істейтін жұмыс станцияларының файлдық серверге мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

  • шалғайдағы желілердің сегменттерін біріктіруге мүмкіндік беретін құралдарды ұсынады;

  • жергілікті желі ресурстарына шалғайдағы жәнс жергілікгі көмескі мүмкіндікті қамтамасыз етеді;

  • мәліметтерді сенімді сақтау құралдарын ұсынады;

  • желі ресурстарын рұқсатсыз қолданушылардан сақтауды камтамасыз етеді;

  • файлдық сервердің бірнеше дискісінде динамикалык кеңейтілген көпсегментті томдарды қолдайды;

  • корпоративті желілердің ресурстарын басқару мүмкіндігін береді: NDS желілік ресурстарының жалғыз каталогы;

  • әртүрлі протоколдарды қолдану арқылы мәліметтердің өңделуі мен берілуін қамтамасыз е теді;

  • SРХ/ІРХ, ТСР/ІР, NetBIOS, Aррle Таlк;

  • суперсерверлердің симметриялық режимде жұмыс істеуін қолдайды;