Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сақтардың саяси тарихы,мәдениеті..docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.18 Mб
Скачать

Сюнну-ғұн.

Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген: «Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда ең атақты тармақтар да нақ осы үш әулет»11. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Хуянь руы ең атақтысы болган, ал Лань және оған еншілес Сюйбу он қанат болга. Бір қызығы, шаньюйлік Люаньти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань шаньюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда құдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп атала бастады, баска ақсүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань аталған. «Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте шаньюймен құдандалы туыс еді». Онда бұдан әрі былай делінген: «Хуянь руы сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс және кіші) канат болды». Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дугэ (Туглаг) руы болып шыгады, ол «ең батыр және ұлығы болды, сондықтан шаньюйлер солардан шықты. Олардың атақты төрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы, Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірақ ең атақтысы — Хуянь руы, одан канцлерлер, сол және оң қанаттағы жичжулер шықкан». Уақыт өте келе шаньюй руының белгісіз рудан «ең ержүрек» болуы негізінде «ең ұлық» руга айналған эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезенде сол кезде-ақ болған ер адам жағынан мұрага қалатын принципті көрсеткен еркек (патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым қалыптасқан болса керек.

Қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды .

Ғұн билеушілері:

1.Тұман(шамамен 270-260 жылдарда туып,209- жылы қайтыс болған.)

2.Мөде(шамамен б.д.б. 230- жылы туып, 174- жылы қайтыс болған.)

3.Лаушаң-қызай (Б.д.д 174-161 жылдары ғұн елінің тәңірқұты болған.

4.Елжау би (шамамен б.д.б 177- жылы туып, 104- жылы қайтыс болған)

5.Қоянды (туған жылы белгісіз, б.д.б 68- жылы қайтыс болған)

6.Оңқай би ( Б.д.б 93-60 жылдардың арасындағы үйсін күнбиі)

7.Баутиан (Б.д.б 36- жылы қытай әскерімен шайқасқан )

8.Шөже (шамамен б.д.б 85-77 жылдардың арасында туып, 36- жылы қайтыс болған)

Қорытынды: Қазақ хандығының құрылуына дейінгі ұзақ тарихи кезеңде ұлан-байтақ Орталық Азия өңірін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалардың ортақ аумақта өмір сүріп, бірте-бірте бірігуі мен дамуы арқылы өз алдына қазақ халқы болып қалыптасу процесінің алғышарттары қалыптасты. Ежелгі заманның тарихи деректері бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ, үйсін, ғұн және қаңлы тайпалары екенін көрсетеді. Жүргізілген ғылыми зерттеулер Қазақстандағы номадизм тарихы біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ ғасырдан бастау алатынын дәлелдейді, осы кезеңде алғашқы этномәдени қауымдастықтар қалыптасып, олардың күн көрісі шаруашылық жүргізудің жаңа тәсілі – көшпелі мал шаруашылығымен байланысты Өткен тарихты таразыласақ, қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру жолындағы саяси күресі сан ғасырға созылатын күрделі саяси процесс. Бұл мәселе қазақ халқын құрайтын ежелгі ру-тайпалар кезеңінен бастау алып, Қазақ хандығының құрылуы, оның дамуы, саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани байланыстары, иерархиялық қатынастары, өзінің саяси құндылықтар жүйесінің түзілуі, халықтың саяси мінез-құлқының, ұлттық психологиясының қалыптасу ерекшеліктері уақыттың қатаң сынақтарынан өтті. Бұл орта ғасырларда да солай болған, қазіргі кезеңде де тәуелсіз Қазақстан Республикасы сан алуан қиындықтарды жеңе отырып, тұрақты даму үстінде. болды

Пайдаланылған әдебиет:

  • ↑ «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.

  • ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002

  • ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том

  • ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

  • ↑ Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

  • ↑ Чека Улпиано (1860-1916), "Ғұндар Еуропада "

  • ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.

  • “ ДУЛЫҒА” Тұрсын Жұртбаев (2 том)

  • Қосымша интернеттен алынды