- •Тақырыбы: “ Сақтардың саяси тарихы,мәдениеті. Үйсіндер,қаңлылар.Ұлы қоныс аудару.Сюнну,Хунну,ғұндар.”
- •Қарағанды 2012
- •Кесте 2. Сақтар (скиф) мен байырғы түрік әріп таңбаларының салыстырмасы.
- •Үйсіндер жайлы археологиялық деректер.
- •Қаңлылар.
- •Ғұндар - көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.
- •Батыс Ғұн Империясының территориясы Орталық Азия даласынан бастап қазіргі кездегі Германия жерлеріне дейін, және Қара теңіз бен Балтық теңізіне дейін созылған.
- •Ұлы қоныс аудару.
- •Сюнну-ғұн.
Кесте 2. Сақтар (скиф) мен байырғы түрік әріп таңбаларының салыстырмасы.
Сақ тайпалары мекендеген аумағы. 1000 ЗБ — 500 ЗБ.
Сақтар мен парсылардың соғысы.
Алтын адам табылған жер мұражайға айналды 27-Желтоқсан, 2011 | 2,082 рет қаралған.
Шұрайлы да, көрікті Жетісудың көркем де келісті бір бөлігі Есік аумағы. Әдетте, «Есік» дегенде біздің көз алдымызға төбесі көк тіреген таулар, Алатаудың көз моншағындай мөлдіреп жатқан Есік көлі мен Жасылкөл, сұлулығы көз суыратын Түрген шатқалы, жартасты жарып, таудан тулай аққан сарқырамалар келері сөзсіз. Әрине, сонымен қатар Есіктің ғана емес, байтақ Қазақ елінің атын әлемге әйгілеген, Отандық қана емес, әлемдік тарихқа жаңалық әкелген сақ ханзадасы – «Алтын адам» да бастаған туризм саласының болашақ үлкен бір бұтақтарының бірі. Бұл маң тек табиғи туризмді ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени туризмді де дамытуға аса қолайлы аймақ. Көрікті мекенде көненің көзіндей болып бізге жеткен әйгілі сақ қорғандары, тарихын тасқа қашап жазған бабаларымыздың сөзіндей болып аманат қалған тас бетіндегі суреттер, түп-тұқиянымыздың келелі кеңесі мен кемеңгер шешімдері өткен қала-жұрттары мен еңселі ордаларының орындары сынды қадіріне жете білсек қаншама ұрпаққа мақтаныш болар тарихи нысандар да көптеп саналады. ойға оралады. Жалпы, Жетісу өлкесі, соның ішінде Есік аумағы бүгінгі таңда Қазақстанда жаңа қарқын ала бастаған туризм саласының болашақ үлкен бірбұтақтарының бірі
Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі.
Массагет тайпаларының ханшайымы (б. з. б. 531–528) Томирис ержүрек, батыр болып тәрбиеленеді. Геродоттың естелігінше Парсы патшасы Кир Томириспен соғыста қаза болған. Кир патша Томирис патшайымды өзіне әйел етіп алмақшы өрініп, елшілер жіберді. Томирис Кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп, оның ұсынысын қабылдамайды. Қулығы іске аспаған Кир 530 ж. Массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Кир массагеттер жеріне жарамсыз әскерін уланған тағамдармен қалдырып кетеді. Массагеттер Кир тастап кеткен әскерге шабуыл жасап, олардан қалған тағамдарынан уланады. Соғыста Томиристің баласы Спаргапес тұтқынға түседі. Томирис баласын босатуын сұрайды. Бірақ, Спаргаписес ұяттан өзін-өзі өлтіреді. Томирис айтқанын тыңдамаған Кирге қарсы шабуылға шығады. Шайқаста массагеттер жеңіп Кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі қаза табады. Томирис торсықты қанға толтырып, оған Кирдің басын салуға бұйрық береді: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың!» дейді. Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды ққақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. Олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. Бұл аңыз жырлар Томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады.Амазонка қыз болып тарихта есімі қалды. («амазонка» — салт етқа мініп, қару-жарақ асынып жүретін әйелдер.
Зарина – сақ патшайымы.
Зарина (б.з.б. 4 ғасырдың аяғы – 5 ғасырдың басы) – ежелгі сақ тайпасын билеген патшайым. [1]Ол туралы тарихи деректер ежелгі дүние тарихшылары Диодор (б.Заринаб. 90 – 21), Ктесий жазбаларында кездеседі. Зарина есімі ежелгі Ассирия, Мидия елдерінің Азиямен байланысы тұсында айтылады. [2]Мидия өзін бағындырғысы келген Парфия мемлекеті үшін сақ тайпаларымен соғысады да, Мидия ханзадасы Стриангия Заринаны жаралайды. Екі жақ та үлкен зардап шегеді. Ақыры олар келісімге келіп, дос әрі одақтас болуға уағдаласады. Осы оқиғалар тұсында сақ тайпасын басқарған патша Зарина болатын. Ол өзінің батылдығы, сұлулығы және ақылдылығымен дараланған. [3]Сақ жеріне көз тіккен көрші патшалардың талайын жеңіп, ел тұрмысын жақсартқан, көптеген қалалар салдырған. Зарина тағдырына байланысты туған “Зарина және Стриангия” атты жыр да бар. Оның мазмұны бізге толық күйінде жетпесе де, қаҺармандық эпос рухындағы туынды екені анық. Зарина өлгенде ел-жұрты оның басына үшбұрышты пирамида орнатып қастерлеген. Орыс тарихшысы В.Н. Татищев (1686 – 1750) құрастырған сөздікте Заринаның сом алтыннан жасалған ескерткіші жәйлі дерек бар. Заринаның ерлік істері көне түркі тарихы мен әдебиетіндегі “Қырық қыз”, “Баршын қыз” секілді жыр-дастандар мазмұнына келіп ұласады.
Шырақ батыр.
Персия жерінде тақ үшін күрес басталады. Кир өлер алдында түс көреді, түсінде елді жаулап алатын Дарийға жолығатыны аян болады. Ахемен әулетін жеңіп, Дарий Кирдің орнын басады. Жан-жағын жайпап, бүкіл жерді қуырып, кеткен жері қуанатын қалге келеді.Дарийдың барлық жорықтарының ішінде Кир патшаның басын кесіп, парсылардың бірі қалмай қаза табуы. Персияның сүйегіне басылған таңба, бетіне түскен шіркеу болатын. «Жеңілмейтін әскер, әлем әміршісі, мәңгілік патшалық» деген лақап тараған парсы патшалығы әлемге әйгілі болатын.Дарий Кирдің қызы Атоссқа үйленген еді. Қыз болғанымен жаны жауынгер әкесіне тартқан болатын. Сондықтан Атосс әкесінің кегін алу үшін Парсы патшайымын соғысқа аттануына жол сілтейді. Өзің әлі жассың, саған атақ та, даңқ та, ұлы жорықтар да керек деп намысын қайрап соғысқа аттандырады. Дарий скифтерге жорыққа атануды ойлайды.Тарихшылардың нақты деректерінде Дарий біздің д. д.522 жылы 10 желтоқсан күні қызыл қанға батырып, шамамен 55 000 адамды құрбандыққа шалған. Осы соғыста маргиандық сақтарға ұлы сақ ордасының жасақтары да қосылып, айқасқа қатысқан. Алайда жеңіліс тапқан. Әскердің қатары кеміп отырған. Сақтар әскер қатарын батыстағы жорықтармен толықтырып отырған. Дарий «өлмейтін он мың» деп атаған.Дарий сақ еліне жорық жасауға жоспар құрады. Кирдің бітірмей кеткен көпір-өткелді қайтадан жасап, Сырдарияның төменгі ағысына қарай барып, сақтардың ұланғайыр даласына алтын көпір салу, әскердің қысылып-қымтырылмай өтуіне жол ашу, азық-түлікпен кеме арқылы және құрлық арқылы да қамтамасыз ету. Ол Кирдің қателігін қайталамауды ескрді.518–517-жылдары ұлы сақ ордасына аттанады. Дарийдің 300 мыңға жуық нмнесе 700 мың қолы болды деген дерек бар. Дарий сақтардың басын қоспай бұтарлап талқандауды ұйғарды. Сақтар Омар (Омаргх), Тамыр (Тамир), Сакесфар үшеуі өзара кеңес құрады. Дарийге қарсы шығу жоспарын жасайды.Бірақ сақ жеріне төтесінен шабуыл жасаған Дарий әскері Скунһа патшаны қолға түсіріп, оның әскерінің киімін киіп, келесі сақ жауынгерлерінің қаннен қаперсіз отырған үстінен түсіп, бүкіл сақ жауынгерлерін қырып салады. Осындай екі жасақтың ойран болғанын сақ патшалары Тамыр мен Омар және Сакесфар үшеуі өзара ақылдасады. Осы жерде Шырақ батыр өзінің басын бәйгіге тігеді. Ол өсиет қалдырады «Еркек тоқты құрбандық, мен басымды қылыштың жүзіне төсеймін. Бір өтінішім, артыма қалған балаларымды аман-есен сақтап, астына мал салып бересің, үрім- бұтағым кемістік көрмесін патша ағзамдар. Парсыларды ел ізіне түсірмей, сілікпесін шығарып еліне қайтарам» дейді.Шырақ өмір бойы мал соңында жүргендіктен даланың ой шұңқырын жақсы білетін. Патшалар балаңның парызын орнындаймыз деп уәде беріп жолға салады.Олар үшін ең басты нәрсе-ұзатпай өкшелеп келе жатқан Дарий әскерін елін қан қақсатпай алып шығу болатын.«Мені осы арада тәнімді қылышпен тілгілеңде де, жолға тастап кетіңдер» деп ақыл беріп, сақ жауынгерлерінің жасырылуына жол береді. Сөйтіп Дарий әскері қансырап жатқан Шырақ парсылардың алдына өзі шығады. Міне мені қалай қылыштады мен қайтсемде кегімді аламын деп жар салады.. «Өлмегенге өлі балық кездеседі» дегендей. Жарасы жазылған соң Дарий әскеріне жол көрсетеді. Олардың алған бағытын өзгертеді. «Құдықтарға у салынған, шөптер ді өртеп кеткен, ол жақта ауыз су жоқ, мен төтесінен бастап апарамын» деп сендіреді. Қазақтың мидай шөл даласына бастап барады. Шырақ күн жүреді, түн жүреді, ұзақ жүреді. Даланың шеті көрінбейді, жүре-жүре сілелері қатып, шығысы, батысы- төрт құбыласы түгел жеті күндік жол болатын бетпақ далаға алып келеді. Парсылар аштан бұралып, жол-жолда қалады. Дарийдың тағаты таусылып, сенімді қолбасы Ранасбат қылышын қынабынан суырып алып, Шыраққа тұра ұмтылады. Шырақ тәкаппарлықпен Ранасбатқа қарсы қарап: «Жеңіске жетті деген осы! Ата жұртымды жаулап алмақ болып Дарий I-патша бастаған қанқұйлы жауды жалғыз өзім шөлге қамап, дымын құртып тұрмын. Төрт жақтарың бетпақ дала, бастарың ауған жаққа жүре беріңдер. Бірақ айтпады деме жеті күнге дейін шөл даладан көз ашпайсыңдар. Аштық пен шөл азабын көресіңдер. Ал менде ешбір арман жоқ. Қаным кіндігім кесілген туған жерде төгіледі, денем осында көміледі»-деген екен.Ашуға булыққан Ранасбат қылышын жарқ еткізіп, қылша мойнын Шырақтың құмға ұшырып түсіреді.Қай жақтан келіп, қай жаққа барарын білмей дағдарған қалың әскер шөл мен аштыққа ұрынып, шетінен өле бастайды. Қаншамасы шалажансар көмусіз қалады.Дарий әскері көк тәңіріне сыйынып, ауыз су сұрайды. Сөйтіп жаңбыр жауып, әскер жауынгерлері торсықтарына су толтырып аман қалады. Дарийдың тәңірге сыйынғанда айтқаны енді сақ еліне аяғымды аттап баспаймын деп, жаяулатып еліне оралады.Шырақ-ерлік пен елдіктің шырағы болады. Өзі үшін өлімнің, елі үшін өмірдің жолын жүрді.
Үйсіндердің саяси құрылымы.
Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген.
