Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сақтардың саяси тарихы,мәдениеті..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.18 Mб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және саяси-әлуметтік пәндер кафедрасы.

СӨЖ

Тақырыбы: “ Сақтардың саяси тарихы,мәдениеті. Үйсіндер,қаңлылар.Ұлы қоныс аудару.Сюнну,Хунну,ғұндар.”

Орындаған: Шигамбекова Н.103 топ ЖМФ

Тексерген:Әбдірахманова К.Ж

Қарағанды 2012

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1.Сақтар мәдениеті және саяси тарихы

2.Үйсіндер

3.Қаңлылар

4.Ұлы қоныс аудару.Сюнну,Хунну,ғұндар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе: Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық одақтардың пайда болуы темір ғасырымен сәйкес келеді. Темір қорыту б.д.д. 8-5 ғасырлардан бастау алады. Адамдар толығымен көшіп-қонуға негізделген мал шаруашылығына көшті. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, әлеуметтік теңсіздік одан әрі дами түсті. Рулар арасында жер үшін жиі-жиі соғыстар мен талас-тартыстар рулық одақтардың (тайпалардың, тайпалық одақтардың қалыптасуын тездетті). Археологтар бүгінде ерте темір дәуіріне жататын құнды олжаларды Шілікті аңғарынан, Жетісуда-Іле өзені бойынан, Орталық Қазақстанда Тасмола т.б. қорғандарынан тапты. Алғашқы Қазақстан териториясында пайда болған рулық тайпалық одақтар (сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар және т.б.).

  1. САҚТАР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ.

Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Сақ әулетінің негізін Алып-Ер Тұнға (Афрасияб) қалаған. Діні-Тәңірінің діні. Жазуы- көне түркі тілі. Сөйлеу тілі- Алтай тіл тобына жататын түркі тілі. Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі. Сақтар тарихи жылнамалар мен көркем әдебиетте «Азиялық скифтер, Құдіретті еркектер, Жүйрік атты турлар, Скиф- сақтар, Савроматтар » деп аталады. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер антикалық авторлардың еңбектері мен парсы-иран жазбаларында кездеседі. Шығыстанушылардың пікірінше сақтар үшке бөлінген. Олар: теңіздің ар жағынан келген сақтар, хаома сусынын даярлайтын сақтар және шошақ бөрікті сақтар.Теңіздің ар жағынан келген сақтар: Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын және , Сырдариянның төменгі ағысын мекендеген Шошақ бөрікті сақтар: Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шань мен Жетісуды мекендеген. Хаома сусынын даярлайтын сақтар: Мургаб алқабы мен алтынға бай Алтайды мекендеген. Жазбаша деректер мен археологиялық деректер б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғғ. Қазақстан және Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен – Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. ҮІ ғ. ортасында

Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі.

Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайланды Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды. Сайланып қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестігің өз ханы бол­ды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды. Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған. Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк.

Мәди — сақ-скифтердің патшасы (б.з.б. 660/59 — 625).

Партатуаның ұлы. Ассирия, грек деректерінде Мадай, Матай, Мадиес деген аттармен де белгілі. Мәди Кіші Азиядағы трерлер мен кемерліктерді жеңген қолбасшы ретінде танылған. Мидия патшалығының әскерін талқандап, онда скифтердің үстемдігін орнатты. Ол Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың қолдауымен бүкіл Таяу Шығысты жаулап алды. Палестина мен Сирияға барар жолда Египет патшасы Псамметих (М.Артамонов бойынша Нехо перғауын) скифтерді мол сыйлықпен қарсы алып, олардың бұдан әрі өтпеуін өтінген. Мәди келісіп, өз әскерін кері қайтарған. Мидия патшасы Фраорттың ұлы Киаксар скифтерді қонаққа шақырып, шарапқа әбден тойғызып, масайған кезде олардың бәрінің басын алған. Сөйтіп, Мидия патшалығында Киаксардың үстемдігі орнады.