- •1.1. Ақша қаражаттарын есепке алудың міндеттері
- •1.2. Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі
- •1.3. Ақшалай баламалардың есебі, банктік овердрафт, овернайд
- •2.1. Шетелдік валютамен жасалатын операциялар
- •2.2. Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі
- •3.1. Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету
- •3.2. Хеджерлеу
- •Қорытынды
Қорытынды
Нарықтық заманда ұйым тұрақты қызмет атқару үшін бәсекеге тұра алатын өнім шығару керек. Бұл өте қиынға соғады, себебі қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейі өте жоғары. Олар Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құжаттарының қабылдануы, инвестицияның келуінің жолындағы қажетсіз кедергілердің алынуы, бухгалтерлік есеп жүргізуді халықаралық стандарттарға біртіндеп көшіру, Типтік шоттар жоспарын енгізуі және т.б. айтуға болады. Осы қабылданған заңдар мен стандарттар бухгалтерлік есеп жүйесін барынша жетілдіруге және әртүрлі ұйымдардың шаруашылық қызметін арттыруға көмектеседі.
Әлемнің өркениетті елдерінің тәжірибесі нақтылы экономиканың тепе-теңдігін қамтамассыз етуде және оны ұтымды пайдалануда экономикалық әдістердің тиімді екендігін дәлелдеп берді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына өз заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға сәйкес барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықтың басқарудың тиімді мехнизімін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып отыр.
Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есеп жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады. Еліміздің егемендік алып, іргелі елдермен ұлы көшке енгеніне 17 жыл уақыт өтті. Осы уақыт ішінде ғасырға жатарлық игі өзгерістер болды.
