- •1.1. Ақша қаражаттарын есепке алудың міндеттері
- •1.2. Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі
- •1.3. Ақшалай баламалардың есебі, банктік овердрафт, овернайд
- •2.1. Шетелдік валютамен жасалатын операциялар
- •2.2. Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі
- •3.1. Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету
- •3.2. Хеджерлеу
- •Қорытынды
2.2. Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі
Қазақстан Республикасының белгіленген заңына сәйкес ел ішіндегі әр түрлі операциялар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың бір-біріне төлейтін төлемдері тек қана ұлттық валюта түрінде жүргізілуі тиіс. Ұйымдардың резидент емес занды тұлғалармен орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін шетелдік валюта түрінде қаржы төлеуі немесе қаржы қабылдауы арнайы рұқсатты қажет етеді. Сондай-ақ шетелдік валюта бойъшша операция жасау үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар 1996 жылғы 24 желтоқсандағы нөмірі 54-1 санды «Валютаны реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңын және 1997 жылғы 23 мамырдағы Ұлттық банк басқармасы бекіткен нөмірі 206-санды «Қазақстан Республикасындағы валюта бойынша жасалатын операциялардың ережесін» басшылыққа алуы тиіс. Шетелдік валюта дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардағы тауарларды, дайын өнімдерді сату (сатып алу), қызмет керсету (пайдалану), жұумыстарды орындау барысында қолданатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан (теңгеден) басқа ақша бірліктері болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың шет елдік валюта түрінде алатын табысы сол операция жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлтгық банк мекемесі белгілеген ақша айырбастау бағамы (курсы) бойынша есептеліп, Қазақстан Ресітубликасының ұлттық валютасы түрінде (теңгемен) көрсетілуі тиіс. Бағам (курс) дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің (валюталарының) өзара қатынасы.
Кесіпорындар мен ұйымдар шетел ақша бірлігімен (валютамен) операциялар жасау үшін банк мекемесінен валюталық шот аша алады. Ал банктен валюталық шот ашу үшін банк мекемесіне осы кәсіпорынның жарғысының (уставының) көшірмесін, валюталык шот ашу туралы өтініш, тиісті адамдардың қолдары қойылып және ұйымның мөрі басылған арнайы карточка және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі керек. Қазақстан Республикасының шетел валютасын реттеу туралы заңына сәйкес кэсіпорындар мен ұйымдар өкілетгі банктер мен ақша айырбастау орындары арқылы Қазақстан Республикасы ¥лттық банк мекемесі белгілеген тәртіп бойынша шетел валютасын сатуға және сатып алуға құқысы бар. Шетел валютасын сату және сатып алу валюталық биржада қалыптасқан бағам (курс) бойынша есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды және басқа да активтерді шетел валютасына сатқанда немесе олардан сатып алғанда, банктерден, сондай-ақ банкіден тыс мекемелерден шетел валютасымен несие алғанда немесе оны қайтарғанда және тағы да басқа жағдайларда шетелдік валюталармен жүргізілетін операциялар пайда болады. Осы операциялардың орындалған уақытымен, яғни тауарды сатылған күні мен сол тауар үшін ақша қаражатының төленген мерзімі аралығындағы бағамның өзгеруі нәтижесінде бағамдық айырмашылық пайда болады. Бағамдық (курстык) айырма дегсніміз екі елдіи ақша бірлікгерінің арасындағы бағамның (курстың) өзгеруі салдарынан болатын айырма сомасы. Бұл бағамдық айырмашылық қай уақытта пайда болса кәсіпорындар мен ұйымдардың сол кезеңдегі бухгалтерлік есебінде және қаржылық есеп беруінде көрсетіледі. Сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың бағамдық айырмашылықтан алатын табыстары немесе шеккен шығындары өз алдына бөлек есептеледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бағамдық айырмашылықтан алатын табысы «Бағамдық айырмашылықтан алынатын табыс» деп аталатын шотта, ал бағамдық айырмашылықтан шеккен шығыны «Бағамдық айырмашылық бойынша шығын» деп аталатын шотта есептелінеді. Бағамдық (қурстық) айырма кәсіпорындар мен ұйымдар үшін оң (жағымды) нәтижелі болған жағдайда кәсіпорындардың бухгалтериясында:
Д-т: Валюталык шоттағы ақшалар К-т: Бағамдық айырмашылықтан алынатын табыс корреспонденциясы жазылатын болса, бағамдық (курстық) айырма кәсіпорындар үшін теріс (жағымсыз) нәтижелі болған жағдайда:
Д-т: Бағамдық айырмашылық бойынша шығын
К-т: Валюталық шоттағы ақшалар түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Меншік түріне қарамастан барлық шетел ақша бірлігімен (валютамен) операциялар жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдар тиісті органдарға (үлгілі түрі №1 - валюта) валюталық қорлардың қозғалысы жайлы (туралы) есеп беріп отыруы тиіс.
Валюталық шоттағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дт |
Кт |
1 |
Шетелдік үлес қосушылардың жарғылық қорға қосқан сомасы валюталық шотқа кіріс етілді. |
1050 |
5020 |
2 |
Сатылған өніммен көрсетілген қызмет үшін шет елдік сатып алушылардан валюталық шотқа келіп түскен сома |
1050 |
2110 |
3 |
Шетелдік ақша өз еліміздің ақшасына (теңгеге) айырбасталып, есеп айырысу шотына кіріс етілді. |
1060 |
1050 |
4 |
Шетелдік сатып алушылардан алдын ала алынған аванс сомасы |
1050 |
3510 |
5 |
Ұйымның валюталық шотынан кассасына алынған сомасы |
1020 |
1050 |
6 |
Өз еліміздегі валюталық шотқа шетелдік валюталық шоттан келіп кірістелген сома |
1050 |
|
7 |
|
1050 2810 |
4240 1050 |
8 |
Шетелдік жабдықтаушылар алдында валюта бойынша берешек қарыздың жабылуы |
4110 |
1050 |
3-тарау. Бағам айырмасының есебі
