- •1.1. Ақша қаражаттарын есепке алудың міндеттері
- •1.2. Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі
- •1.3. Ақшалай баламалардың есебі, банктік овердрафт, овернайд
- •2.1. Шетелдік валютамен жасалатын операциялар
- •2.2. Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі
- •3.1. Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету
- •3.2. Хеджерлеу
- •Қорытынды
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1-тарау. Ақша қаражаттарының экономикалық мәні
Ақша қаражаттарын есепке алудың міндеттері
Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі
Ақшалай баламалардың есебі, банктік овердрафт, овернайд
2-тарау. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі
Шетелдік валютамен жасалатын операциялар
Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі
3-тарау. Бағам айырмасының есебі
Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету
Хеджерлеу
Қорытынды
Кіріспе
Нарықтық қатынастарға өту, оны қалыптастыру экономиканың жаңа күйге көшуін білдіріп қана қоймайды, сонымен қатар көптеген талаптарды орындауды, мәселелерді шешуді талап етеді. Осындай қиын-қыстау кезеңде нарықтық қатынаста тәжірибенің аздығын сылтауратып өркениетті дамыған елдердің ықпалына түсіп, жетегіне еріп кете бермей, өз өрнегін сақтай отырып даму жолына түсудің маңызы зор.
Біздің елімізде халық шаруашылығы республикамыздың конституциясында көрсетілгендей мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатына сәйкес өсіп, даму жолында. Қазіргі кезде нарықтық қатынас талабына сай, шаруашылық есеп халық шаруашылығының қай саласында болмасын, үздіксіз бақылау жасап, солардың бәрін бір жүйеге келтіріп тіркеп отыру қажет. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің басты мақсаттары: түбегейлі-экономикалық қайта құрылуы барысындағы бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін құру мен ендіруді қамтамасыз ету, ұйымды керекті ақпараттармен қамтамасыз ете алатын, халықаралық қауымдастықтағы еліміздің халықаралық байланыстары мен интеграциясын дамыту, сонымен қатар осы бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы мамандардың Кәсіби біліктілігін көтеру.
Шаруашылық субъектілер жұмысында көптеген шаруашылық процестері орындалады. Сол процестердің мазмұны тек қана бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетіліп, бір жүйеге келтіріп топталады. Сондықтан бухгалтерлік есептің атқаратын міндеті өте зор. Себебі, шаруашылық процесін нарықты қатынас жолымен даму кезінде тиімді жүргізу үшін есептің нақты мәліметтері қажет. Сонымен қатар, ол мәліметтер шаруашылық процестерінің мазмұнын және санын көрсететін болғандықтан, олар одан әрі қарай сол шаруашылық процестерінің қаржылық қортындысын шығаруға, экономикалық талдау жасауға аудиторлық сараптау және келешек даму жоспарын жасауға бірден-бір негіз екені анық.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыноктарының үлкен қиыншылықтарына байланысты күннен күнге маңызды болып келе жатыр. Бәсекеге қабілеттілік шаруашылық жүргізуші субъект жаңа енгізулер мен одан әрі даму үшін қаражат барлық жағдайда болуды талап етеді.
Ақшалай қаражатты және оның баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау кормпанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол қаражат, монеталар валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар жай чектер, кассалық оредерлкр, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа есеп айрысу құралдары жатады.
«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есептер» 7 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ақшалай қаражаттың баламалары деп қысқа мерзімдік, ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салатын жоғарғы өтемді салымдарды белгілеген.
Олар инвестиция немесе басқа мақсаттар үшін емес, қысқа мерзімдік міндеттермелерді қанағаттандыруға арналған.
Инвестиция ақшалай қаражаттың баламасы деп санатталса, ол ақшалай қаражаттың белгілі сомасына тез айналуы тиіс және құн өзгеру тәуекеліне аздап ұшырайды, яғни өтеуге деген қысқа мерзімі бар.
1-тарау. Ақша қаражаттары түсінігіжәне оның экономикалық мәні
1.1. Ақша қаражаттарын есепке алудың міндеттері
Нарықтың экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
Банк жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен.
Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлға есеп айырысу шоттарын;
шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
3) бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) республикалык; бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды; 5) Ұлтгық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбек-ақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақтаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
Қолма-қол акшасыз аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетгі есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру
Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
Есеп айырысу — төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
1.2. Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі
Өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 2 маусымдағы №266 «Клиенттердің Қазақстан Республикасы банктерінде банктік шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспонденттелетін немесе жинақ шоттарын ашады.
Ағымдық және жинақ шоттары – жеке және заңды тұлғалардың заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің банктік шоттары.
Корреспонденттік шоттар – банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударылымдық операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шотар Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.
Банктік шоттар банк шоты шарты бойынша ашылады.
Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасыне аудару туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:
Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары – резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері:
қаражат бөлушілердің (басшының, бас бухгалтердің) қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды кәуландырылған, екі дана мөр бедерлемесі ;
клиенттің салықтық есепке (СТТН) қойылған фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;
мемлекеттік тіркеуден өту факиісін растайтын (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка), уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;
фирмалар мен өкілдіктер үшін – Қазақстан Республикасы заңды тұлға-резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
жарғының нотариалды кәуландырылған көшірмесі, не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат;
банк белгілеген үлгідегі өтініш.
Бірінші қол қою құқығы кәсіпорын басшысында, екінші бас бухгалтерде. Банктік шотқа субъектке хабарланатын нөмір беріледі және ол операцияны рәсімдейтін барлық құжаттарға қойылады.
Ағымдағы шотқа оның иесіне тиесілі төлемдерінің негізгі массасы - тауарларды, қызмет көрсетулерді, материалдық құндылықтарды өткізуден түскен түсімдер, банкте несие алу және т.б. түседі.
Ағымдағы шоттан жабдықтанушылардың алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойған шоттары төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға, жәрдемақыға және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен немесе олардың келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттапдың, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қалай төленеді.
Банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін шартпен белгіленетін мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлейді.
Клиенті банктік қызмет ету шарты бойыша көрсеткен қызметі үшін шартта қарастырылған жағдайлармен, тәртіппен төлейді. Мұндайда мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
7210 «Әкімшілік шығыстар» шот дебеті
1040 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 1998 ж. 29 маусымдағы №237-1 «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына , Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері» атты қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы территориясындағы банктік шот ашпай, қолма-қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын атқару ЕРежелерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 қарашадағы №433 «Клиенттер мен оған қызмет ететін банк арасында қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу Ережелерін бекіту туралы» атты қаулысына сәйкес жүзеге асады. Осы заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма-қол ақшасыз есеп айыырысудың мынандай негізгі формалары ұсынылады:
Төлем тапсырмасы.
Чек.
Вексаль
Төлемдік талап-тапсырма.
Аккредатив.
Инкассолық өкім, салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімі.
Ұлттық банктік құқықтық-нормативтік актілерімен белгіленген басқа да төлем құжаттары.
Төлеуші мен алушы арасындағы қаражат есептеу формалары шартпен немесе келісіммен белгіленеді.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз – ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырмалары.
Ақша жіберуші қызмет көрсететін алушы-банкке белгіленген формадағы бланкпен төлем тапсырмасын ұсынады.
Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында аьтауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмірі мен ай-күні, жылын, сондай-ақ «Төлем белгілеуінің коды» жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2000 ж. 16 мамырындағы №195 қаулысына сай – төлемнеің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті.
Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 1999 ж. 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын – төлем белгілеудегні бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алған жөн.
Төлем белгілеудегі бірыңғай жіктеуді қодтау құрылымы цифрлық және әріптік рәміздер жүйесінің көмегімен құрылған.
І – ақша жіберушінің резиденттік белгісі (резидент – Қазақстан Республикасында мекен-тұрағы бар немесе Қаақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңдық және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер; резидент емес – Қазақстан Республикасындағы немесе одан тыс жерлердегі барлық заңдық жәене жеке тұлғалар, сондай-ақ «резидент» түсінігінде көрсетілмеген филиалдар мен өкілдіктер);
ІІ – ақша жіберушінің экономика секторы (0-9);
ІІІ – бенефициардың резиденттік белгісі;
ІV – бенефициар экономикасы секторы:
V,VІ, VІІ – валюта мен бағалы металдардың коды;
V – операция түрлері;
V – төлем сипаты;
V – төлемдерді нақтылау.
ТББС қойғаны үшін жауапкершілікті төлем бастаушысы көтереді.
Төлем тапсырмасында Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сай анықталған резиденттіктің белгісі көрсетіледі және мынандай тәртіппен қойылады:
«1» - резидент
«2» - резидент емес.
Сонымен қатар субъхектінің ұйымдастыру түріне, қаржыландыру көзіне; қызметтің негізгі түріне байланысты көрсетіледі.
Валюта кодтары тек қана шетелдік валютамен ақша аудару туралы өкініште көрсетіледі және ақ шетінде халықаралық стандарттарға сәйкес «Валюта» деп қойылады.
Тапсырмалар тауарлық емес есептеулер немесе көрсетілген қызметпен жұмыстарға алдын ала төлеу бойынша операциялар жүргізе алады.
Бенефициар –резидент емес пайдасына ақша аударған кезде, банк ақша жіберуші болған жағдайларды есептемегенде, ақша жіберуші қызмет көрсететін банк-алушыға белгілеген формадағы бланкпен ақша аудару туралы өтінішті ұсынады.
Мұндай өтініш қызмет көрсететіне банк-алушыға ақша жіберушінің ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылады.
Төлем тапсырмасы ақша аудару өтінішті банк жазылған ай-күні, жылы көрсетілуімен он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды. Сонымен қатар төлем құжаттарына төлем негізділігіен растайтын құжаттар тіркеледі.
Төлемдік талаптар-тапсырмалармен есеп айырысуда бенефициар банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар бенефииапдың банкісіне төлем талап-тапсырмаларыне және төлем талап-тапсырмалары тізілімін ұсынады, ол бенефициардың барлық деректемелерін толық толтырылуын тексеріп, оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді.
