- •1 Негізгі ұғымдар
- •1.1 Жаңашылдық - фирмалардың бәсекелестік басымшылығының негізгі факторы ретінде
- •1.1 Сурет – Жаңашылдықтың, фирманың бәсекелестік басымдығы ретінде, басымдық негіздемесінің логикалық сызбасы
- •1.2 Инновация және инновациялық үрдіс
- •1.2 Сурет – Инновация ұғымы
- •1.3 Суреті Инновациялық үрдістің кезеңі
- •1.3 Инновациялық үрдістің түрлері
- •1.4 Инновациялық қызметтің субъектілері
- •1.4 Сурет – Инновациялық қызмет субъектілері
- •1.5 Инновацияның классификациясы
- •1.5.1 Ұйым қызметінің саласы ескерумен классификациясы
- •1.5 Сурет – Инновация классификациясы
- •1.5.2 Инновацияны пайдалану сипатына қарай классификациясы
- •1.5.3 Ұйымның иерархиялық деңгейі бойынша инновациялардың классификациясы
- •1.6 Сурет – Ұйымның үш деңгейі Бақылау сұрақтары
- •2 Инновация көздері. Ұйымның инновациялық потенциалы
- •2.1 Инновациялық идеялардың көздері
- •2.1 Сурет – Инновация көздері
- •2.2 Ұйымның инновациялық потенциалын бағалау
- •2.3 Инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •2.2 Сурет – Ұйымның инновациялық потенциалы мен инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •3 Инновацияның өмірлік циклы (инновациялық үрдіс фазалары)
- •Фундаменталды ғылым – Қолданбалы ғылым – Жасалым (Жобалау) – Өндіріс – Тұтыну (Қолданысқа беру)
- •3.1Сурет – Инновациялық үрдіс диаграммасы
- •3.2 Сурет – Инновацияның өмірлік циклының қисығы
- •4 Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Сурет – Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Зияткерлік өнім нарығы (инвенциялар мен жаңалықтар)
- •4.2 Нарық инновациясы
- •4.3 Капитал нарығы (инвестициялар)
- •4.4 Инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясат
- •5 Инновациялық инфрақұрылым
- •5.1 Инкубаторлар
- •5.2 Технопарктер
- •5.3 Технополистер
- •5.4 Ақапараттық-технологиялық жүйелер
- •5.5 Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің интеграциялануы
- •6 Жекеменшік жүйесіндегі зияткерлік жекеменшік
- •6.1 Авторлық құқық
- •6.2 Сабақтас құқықтар.
- •6.3 Өнертабыс, пайдалы үлгі, өнеркәсіптік үлгі құқығы
- •6.4 Ашылмаған ақпаратты заңсыз қолданудан қорғау құқығы
- •6.5 Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарлар мен қызметтерді жекелеу құралдары
- •6.5.1 Фирмалық атау
- •6.5.2 Тауарлық белгі
- •6.5.3 Тауардың шығарылған жерінің атауы
- •7 Коммерциялық құпия
- •7.1 Коммерциялық құпия деген не және оны қорғау қандай заңнамалық актілермен реттеледі?
- •7.2 Коммерцялық құпияны қорғау нені білдіреді?
- •7.3 Коммерциялық құпияны бұзған үшін жауапкершілік
- •7.4 Кәсіпкерге коммерциялық құпияны қалай қорғауға болады?
- •8 «Know how» (ноу-хау) туралы негізгі ұғымдар
- •8.1 Заңсыз бәсекелестік және ноу-хау туралы келісімдер
- •9 Мемлекеттік құпиялар
- •9.1 Мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманың дамуы
- •9.2 Мемлекеттік құпиялар ұғымы
- •9.3 Мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер
- •9.4 Мәліметтерді құпиялау және құпияны ашу тәртібі
- •9.5 Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қолдану
- •9.6 Мемлекеттік құпияға рұқсат беру салдары
- •9.7 Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
- •10 Өндірістік жекеменшік нысандарына құқығын беру
- •10.1 Лицензиялық келісім. Лицензиялық келісімдердің түрлері
- •10.2 Патентті, патентсіз және кешенді лицензиялар
- •10.3 Лицензиялық келісім шарттарының мазмұны
- •10.4 Лицензялық төлемдер
- •10.5 Тауарлық белгіні беру
- •10.6 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)
- •11 Зияткерлік жекеменшікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •11.1 Париж конвенциясы
- •11.1.1 Париж конвенциясының гегізгі тұжырымдамалары
- •11.1.2 Конвенцияны қабылдаудың артықшылығы
- •11.1.3 Конвенция мен өнертабыстар
- •11.1.4 Конвенция мен тауарлық белгілер
- •11.1.5 Конвенция және әділетсіз бәсеке
- •11.2 Патенттік кооперация туралы келісім шарт
- •11.2.1 Келісім шарт пен өнертабыстар
- •11.2.1 Рст рәсімінің басымдықтары
- •11.2.2 Рст рәсімінің кемшіліктері
- •12 Зияткерлік меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (змбұ)
- •12.1 Змбұ негізгі тұжырымдамасы
- •12.2 Змбұ стандарты
- •13 Аймақтық конвенциялар мен келісімдер
- •13.1 Еуропалық патенттік конвенция
- •13.2 Зияткерлік меншіктің ұйымын құру туралы Африкалық келісімі
- •13.3 Зияткерлік өндіріс меншігін қорғау бойынша Латын Америка елдерінің келісімі
- •13.4 Өнеркәсіптік меншіктің интеллектуалды күзет сұрақтары бойынша Евразиялық келісім
- •Әдебиеттер тізімі
2.1 Сурет – Инновация көздері
Көрінбейтін проблема психологиялық тұрғыда сай келмеу – күтілетін мен нақты бар нәрсе арасындағы сәйкес келмеушілікті сезіну.
Ұйымның проблемаларын шешу мен кемшіліктерін жою негізінде жаңаны іздеу үшін, ұйымды жетілдіру мен дамыту үшін бірқатар әдістер бар. Бұл әдістердің негізінде жүйелі тәсіл жатыр. Оған негізінен жататын:
Исикава диаграммасын қолдана отырып жүйелі талдау жасау әдісі;
CASE-құралдары – арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып бизнес-үрдістерді талдау әдісі;
Функционалдық-бағалық талдау әдісі (ФБТ).
Статистика мәліметтері бойынша жоғарыда аталған инновация көздерінің ішіндегі неғұрлым маңыздылары:
Ғылым мен техниканың дамуы – жаңа ашылымдардың, жасалымдардың; «ноу-хау», жаңа еңбек құралдарының және т.б. пайда болуы;
Кәсіпорында бұйымды шығаруда өзгерістер мен проблемалар, яғни өндіріс қажеттіліктері;
Тұтынушылардың қажеттіліктерінің өзгеруі.
Болжалды инновацияның радикалдығына келсек, тәжірибе көрсетіп отырғандай, инновациялық идеяларды іздеу мен бағалаудың алғашқы кезеңінде радикалдық деңгейді анықтау өте қиын. Үлкен емес болып көрінетін инновация кейін маңызды әсер беруі мүмкін. Бұл әсіресе техникалық емес инновацияларға қатысты – сауда, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б.
2.2 Ұйымның инновациялық потенциалын бағалау
Ұйымның потенциалын бағалау – бұл қандай да бір инвенцияға ұласуы мүмкін инновацияны жүзеге асыру үшін қажетті мүмкінділіктерді бағалау.
Әрбір ұйымның қандай да бір ерекшелігі болады, олар бір инновациялық идеяны коммерциялық тұрғыдан алғанда сәтті етіп жүзеге асыруға мүмкін етіп немесе мүлдем мүмкін емес етіп жасай алады.
Ұйым потенциалын бағалау үшін ең алдымен алдын ала бақылау жүргізіледі, оның мақсаты ұйымның инновацияны жүргізу үшін қажетті қорының (еңбек, материалдық, қаржылық) саны мен сапасының сәйкестілігін анықтау.
Екіншіден, ұйымның күшті және әлсіз жақтары анықталады. Күшті және әлсіз жақтарды анықтаудың екі бағыты бар:
Ұйым қызметінің саласын талдау – өндірістік, қаржылық, маркетингтік, коммерциялық және т.б.;
Ұйымның ішкі жүйесін талдау.
Өзгеріске көбірек ұшырауы мүмкін маңызды ішкі жүйелерге адамдар, үрдістер (технологиялар), мәдениет, ұйымды басқарудың құрылымы мен жүйесі жатады.
Сәтті инновациялық қызмет үшін ұйым қызметкерлерінің жаңалықты сезінушілік сияқты ұйымның күшті жағы болуы қажет. Алда болатын өзгерістерге қарсы тұратын адамдары бар ұйымдардың жетістігі аз болады.
Соңында SWOT-талдау жасалады (2.1. кесте), оның мақсаты фирманың күшті және әлсіз жақтарын бұрын анықталған инновациялық мүмкіндіктермен салыстыру. Мұндай талдау негізінде инновацияны жүзеге асыру бойынша баламалы нұсқалар қабылданады және инновациялық стратегиялар жасалынады.
2.1. кесте. Фирманың инновациялық мүмкіндіктері бойынша SWOT-талдаудың матрицасы
2.3 Инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
Инновация жүргізудің орындылығын бағалау үшін ең алдымен олардың өндірістік, коммерциялық, бәсекелестік, қаржылық тәуекел тұрғысынан алғандағы зардаптарын болжау қажет.
Инновациямен бірге жүретін радикалды өзгерістердің дәрежесін бағалау қажет. Бұл өзгерістер айтарлықтай дәрежеде өндірістің қалыптасқан үрдісін бұзып, үлкен зардап алып келуі мүмкін.
Мысалы, нарықтық қатынасқа көшкен кезде өздерінің дәстүрлі құрылымын стратегиялық бизнес-бірлік үлгісіндегі құрылымға жедел өзгерткен ресейлік кәсіпорындардың бір бөлігі басқаруда тұрақтылығын жоғалтқан, соның нәтижесінде банкротқа ұшыраған.
Инновация мақсаттары ұйымның миссиясымен, оның стратегиялық және тактикалық мақсаттарымен сәйкес келе ме соны салыстыру қажет.
Өнім инновациясын жүргізудің орындылығын бағалау үшін болжалды инновацияға деген сұранысты зерделеп, тұтынушы нарығының көлемін анықтап алу қажет. Бұл үшін нырықтың маркетингтік талдауы жүргізіледі. Сұраныстың болжалды көлемі келесі мәліметтер бойынша талдау мен бағалауға байланысты анықталады:
Жаңа тауардың сату нарқының көлемі;
Потенциалды сатып алушылар саны;
Бағалардың баламалы нұсқалары;
Сатып алушылардың тауарды алу мүмкіндігі;
Тауардың айналымда болу уақытының болжамы;
Сұранысқа әсер ететін факторлар – жаңа тауардың сәнге, мәдениетке, дәстүрге сәйкес келуі; сапа мен қауіпсіздікті растау үшін сертификаттау мүмкіндігі; тауарды ауыстырушының болуы;
Қосалқы тауарлардың болуы және т.б.
Бағалау үшін нарықтың басқа да параметрлері қолданылуы мүмкін – нарықтық кедергілердің болуы, бәсекелестік жағдайы, баға өзгергіштігі, талап етілетін инвестициялар және т.б.
Аталған параметрлердің сандық және сапалық бағасы болуы мүмкін. Бағалаудың қолайлылығы мен көрнекілігі үшін әрбір инновациялық идея үшін бағалық матрица құрастырып, ұсыныстың сапалық көрсеткішін жалпылай есептеуге болады. (2.2. кесте).
Инновациялық идеяларды алдын ала бағалаудың екінші кезеңінде олардың тиімділігіне болжалдық талдау жасау қажет. Бұл үшін қажетті сала бойынша мамандарды: заңгерлерді, патентанушыны, инженерлерді, экономистерді және т.б. тарта отырып инновацияға сараптама жасалады. Инновацияны талдауда тек экономикалық тиімділік емес, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, экологиялық және басқадай тиімділіктер бағаланады.
Сонымен қатар, инновациялық үрдістің ұзақтығын және бәсекелестерді анықтау үшін осы ұзақтылықты қысқарту бойынша кәсіпорынның мүмкіндіктерін бағалау қажет.
Бұл кезеңнің соңында ары қарай қолданылатын бірнеше идеялар қалады.
Инновацияны жүргізудің мүмкіндіктері мен орындылығын бағалаудың жалпы сызбасы 2.2. суретте көрсетілген.
2.2. кесте. Нарықтық көрсеткіштердің бағалық матрицасы
