Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhss_umkd-2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.55 Кб
Скачать

Әдебиеттер

1.Әмір Р.С. Жай сөйлем синатаксисі. А., Мектеп, 1983.

2. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. А., 1974.

3.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. А., 2001.

4. Сайрамбаев Т. Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері. А., 1976.

5. Шаяхметова М. Қазіргі қазақ тіліндегі бірыңғай мүшелер. А., 1980

6. Төлегенов Қазақ тіліндегі модаль мәнді жай сөйлемдер. А., 1989

7. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі.А., 1997.

8. Ағманов Ә, Исаев С. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің лексикалану және делексикалану мәселелері. А., 1998

Бақылау жұмысы

1- бақылау жұмысы.

1-нұсқа.

Сұрақтарға жауап жазыңыз

1. Сөз тіркесінің анықтамасы

2. Сөз тіркесінің түрлері

3. Сөз тіркесінің өзіндік белгілері

Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.

Әуелі мотоциклдің ащы ышқынған даусы шықты, сосын жер дүңкілдеп есік сарт ашылды.

2-нұсқа.

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері

  2. Сөз тіркесінің өзіне ұқсас категориялардан ерекшелігі

  3. Есімді сөз тіркестері

Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.

Әуелі жаратқан ием дүниеге кедейді жаратыпты, уақыт оза, заман өте ақылды, еті тірісі дәулетті боп кетіпті де, жалқауы мен наданы сіңірі шыққан күйінде қалыпты.

3-нұсқа

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Сөздердің байланысу тәсілдері

  2. Сөз тіркесінің түрлері

  3. Етістікті сөз тіркестері

Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз

Бір күндері ел дүрліккен той болып, ел ішінде қым-қуыт көкпар шабылды.

4-нұсқа.

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Сөз тіркесінің құрылымы, компоненттерінің сипаты

  2. Сөздердің байланысу формалары

  3. Қиысу және оның түрлері

Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.

Күшке болмаса, ақылға ырық бермес шарт та шұрт ұстасқан білек, жер дүниені солқылдатқан дүбір, құйқаны шымырлатқан ащы айғай.

5-нұсқа.

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Қабысу мен жанасу, оларға қатысты көзқарастар

  2. Ортақ басыңқы сыңарлы сөз тіркестері

  3. Салаласа байланысқан сөздердің тіркесі мен оған қатысты көзқарастар

Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.

Жігіттер ұзақ уқалап қарысып қалған аяқты жаза алмады, уақыт өтіп жатыр.

№ 2-бақылау жұмысы. Лингвистикалық сынақхат мәтіні

№ 1 мәтін

Пікірге сөйлеушінің қатысын, көзқарасын білдіруі ... ... деп аталады. Сөйлеушінің пікірге қатынасы ... немесе ... (шүбәлану, жорамал) көріп айтудан көрінеді: келеді-келетін шығар, келетін сияқты. Сөйлеушінің пікірге осындай қатынасы сөйлемде түрлі амалдар, формалар арқылы көрінеді. Сөйлем мазмұнындағы бұл мағына ... ... деп аталады да, бұл мағынаны білдіретін амалдар, формалар ... ... деп аталады. Сөйлем коммунативтік конструкция, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын тілдік тұлға. Сондықтан сөйлеу үстінде оның құрылысы, құрамы ... ... , ... бағынышты болады. ... ситуациясы, контекст деген 2 бөлек ұғым. Сөйлеу ситуациясы дегеніміз – пікір алысудың ..., ... түрі. ... – сөйлемнің ой айту үстінде басқа сөйлемдермен қатынасты болуы. Қайда бардың? – Заводқа. Формалардың атаулары олардың пікірді болмысқа қатынастыру ерекшеліктерін танытады: айтты-айт, айтайын-айтса, айтты ашық рай, бұл форма іс-қимылдың анық болғанын, болатынын білдіреді. Айт – бұйрық рай, іске қосу, жұмсау талабын білдіреді.

Керекті сөздер: сөйлем модальдылығы, реалды, ирреалды, модальдық мағына, модальдық формалар, сөйлеу ситуациясына, контекске, сөйлесу, диалог, монолог, контекст.

Тест тапсырмалары

1-нұсқа

1 Сөз тіркесі болу шарттарының бірі – А) екі сөздің болуы В) синтаксистік қатынаста болмауы С) тек пысықтауыштық қатынаста тұруы Д) толық мағыналы екі сөздің тіркесуі Е) қарама-қарсы мағыналы сөздердің тіркесуі

2 Сөз тіркесі бола алмайтын тіркесті белгілеңіз: А) ауыл арасы В) жақсы оқушы С) білімді жігіт Д) көргенге қуану Е) үмітпен тірлік ету

3 Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) келген адам В) көрмені аралау С) ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер Д) үкілі үміт Е) көзді ашып-жұмғанша

4 Күрделі сөз тіркесін белгілеңіз: А) көз қуанышы В) ғылыми зерттеу С) асығып-аптығып жету Д) ақыл-кеңес Е) досымен кездесу

5 «Етістік – зат есім» үлгісіндегі сөз тіркесін белгілеңіз: А) қалған көңіл В) ауыр жүк С) биік шың Д) терең құз Е) көңілсіз құлақ, ойға олақ.

6 Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) көзбен көру В) айтқаны рас С) бергені жақсы Д) дауысы қатты Е) келгені кеше

7 Есімді сөз тіркестерін белгілеңіз: А) көзді ашып-жұмғанша В) арманы асқақ С) ойша елестету Д) ішпен біл Е) жедел жеткізу

8 Жатыс септікті сөзді меңгерген етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) қорада жүр В) қапқа салды С) қаулы жазды Д) күлгенге ренжіді Е) хабарға қанықты

9 Табыс септік тұлғалы сөзді меңгерген етістікті сөз тіркестері А) не айтуды білмеді В) қолынан ұстады С) келгелі естіп жүр Д) барға қанағат Е) үлкенге ізетті

10 Матаса байланысқан сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз: А) алпыстың үшінде В) ақылдының ақылдысы С) ажарға тәуір Д) балаларға қызық Е) жүз де елу бес

11 Сөйлемді құрайтын элементтерді белгілеңіз: А) сөз, сөз тіркесі, сөйлем В) сөз тіркесі, сөйлем мүшелері С) жекелеген сөздер Д) морфемалар Е) лексика-грамматикалық топтар

12 Мақсат пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Абай үншіл домбыраны әдейі Әйгерім үшін тартатын. В) Бір кесе ыстық сүтті ішіп ап, шешінбестен диванға қисая кетті. С) Қатқыл үнмен жауап қайтарды. Д) Тоқтаусыз жүріп отырды. Е) Қанаттың жанына бір топ бала жиналды.

13 Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі – А) толықтауыш В) бастауыш С) баяндауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш

14 Сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі – А) анықтауыш В) бастауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) баяндауыш

15 Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз: А) Өлеңді айтып берді. В) Кәрі-құртаң шалдар, кемпірлер екеу-екеу көлеңкеде отыр. С) Кісілер бес-бестен бөлініп қос тікті. Д) Ертең олар Жаңасайға қоныс аудармақ. Е) барғанда хабарлай сал.

16 Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін белгілеңіз: А) бастауыш, баяндауыш В) анықтауыш, бастауыш С) анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш Д) баяндауыш, толықтауыш Е) үйірлі мүшелер мен айқындауыш.

17 «Есімдік - болмаса» құрамда жұмсалатын қыстырма сөйлемді белгілеңіз: А) Қайдам, өзің болмасаң, айта-айта шаршадым. В) Әй, атаңа нәлет байлар, салып едің ылаңды. С) Әй, өркенің өскір, айтар сөзіңді ашып айт. Д) Ау, сен неге жайластың. Е) Ит-ау, солай құшақта деппін бе.

18 Әңгіме болып отырған оқиғаны, кісіні, затты тыңдаушының есіне түсіру мақсатында енгізілетін қыстырма сөйлемдерді белгілеңіз: А) Сонау бір адырақ көз өкіл келіп еді ғой, соның сөзі дұрыс еді (Б.М.). В) Қой, мен кетейін. С) Ал қайтармадым, не қыласың? Д) Байқайсың ба, Марфуға бастықты байқап отыр. Е) Қулық жоқ қой, білдіңіз бе, қулық болса, бітпейтін дүние жоқ.

19 Үндеу амалы ретінде сөйлем ішінде қолданылатын сөздерді белгілеңіздер: А) немене, қалай, қане, ал деген В) мен, сен, ол С) ешкім, ешқашан Д) етістіктер, есімшелер Е) адырақ көз өкіл

20 Қаратпа ретінде жиі жұмсалатын сөздерді белгілеңіз: А) жалқы есімдер В) жіктік жалғаулы сөздер С) атаулы сөйлем құрамындағы сөздер Д) негізгі мүшесі –ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен келетін сөздер Е) атау септіктегі кез келген сөз

2-нұсқа

1 Сөз тіркесі дегеніміз – А) сабақтаса байланысқан толық мағыналы кем дегенде екі сөздің синтаксистік қатынасты білдіру үшін құрылған синтаксистік тобы В) салаласа байланысқан сөздер тобы С) тұрақты сөз тіркестері Д) басыңқы сыңары етістіктен болатын сөз тіркесі Е) матаса байланысқан сөздер тобы.

2 Меңгеру амалымен құрылған сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз: А) жиырманың екісінде В) бояудың көгі С) мінезімен сүйкімді Д) балалардың төртеуі Е) арбаға оқтық.

3 «Есімдік – зат есім» типті сөз тіркестері А) қай жыл В) айтар сөз С) екінші қатар Д) сері көңіл Е) бүгін кезекші

4 «Сан есім – зат есім» типті сөз тіркестерін табыңыз: А) үш метр мата В) ол қырда С) қазір инженер Д) келетін кісілер Е) Қорқыт кеуде

5 «Есімше – зат есім» типті сөз тіркесін белгілеңіз: А) жылма-жыл бастық В) келер кісілер С) нешінші қатар Д) інімнің кітабы Е) қалың қарағай

6 Автор баяндауына басқа біреудің айтқаны ретінде енген сөз – А) бөгде сөз В) шешендік сөз С) цитата Д) автор сөзі Е) косүнді сөз

7 Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын талғаулықты жалғаулықтар: А) бірақ, сонда да В) не, немесе, болмаса, я, біресе С) мен, және, әрі, да, де Д) әрі, бірақ Е) солай болса да, дегенмен

8 Құрамында мақсат пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Алматыға оқып білім алайық деп келдік В) Столды бір-екі рет жұдырықтап жіберді С) Күн арқан бойы көтерілді Д) жолаушылар бес шақырым жүрді. Е) Қонақтар қырық-елуден жиырма-отыздан лек-лек болып келе жатыр.

9 Іс-әрекеттің не үшін қандай талапқа лайық істелетінін, болатынын (не болмайтынын) білдіретін пысықтауыш – А) менен В) мақсат С) себеп Д) мезгіл Е) амал

10 Есімшеден болған анықтауыш бар сөйлемді белгілеңіз: А) Қазақтың кең даласы құлпырады В) Қаусаған елге әл берді С) осы жай қиналтты Д) Талабы жоқ бала білімнен құр қалады Е) Жарастың бригадасы жұмысқа қызу кірісті.

11 Бір предикативтік негізден құралып, белгілі бір модальдық-шақтық тұрпаттағы аяқталған ойды білдіретін негізгі синтаксистік тұлға – А) сөз тіркесі В) сөйлем С) сөз Д) тұрақты сөз тіркесі Е) сөйлем мүшесі

12 Анықтауыштық қатынастағы сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз: А) қайың ағаш В) төр бөлме С) көк шөп Д) жазушы Мұқанов Е) тамақ без.

13 Етістік арқылы айтылған істің, әрекеттің сынын, тәсілін білдіретін пысықтауыш – А) сын-қимыл пысықтауыш В) мақсат пысықтауыш С) мезгіл пысықтауыш Д) мекен пысықтауыш Е) себеп пысықтауыш

14 Іс-қимылға түрлі объект ретінде қатысатын затты білдіріп, сөйлемде ілік, табыс, атаудан басқа септік жалғау формасында жұмсалатын сөйлем мүшелері – А) жанама толықтауыш В) пысықтауыш С) тура толықтауыш Д) сапалы анықтауыш Е) бастауыш

15 Зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі – А) айқындауыш В) баяндауыш С) бастауыш Д) толықтауыш Е) пысықтауыш

3-нұсқа

1 Меншіктік, анықтауыштар анықтайтын сөзімен қалай байланысады? А) матаса В) қабыса С) жанаса Д) қиыса Е) меңгере

2 Сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар – А) меншіктік анықтауыш В) сапалық анықтауыш С) тәсілдік) Д) тура Е) жанама

3 Тура толықтауышты сөйлемді белгілеңіз: А) Баланы жақсы көремін В) Ырысқа қандым С) қамшымен айдама Д) балшықпен сыладым Е) бар тынысы күнде тұр.

4 Зат есімнен болған баяндауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Түнергенде – түнмін, күлгенде –күнмін В) Келгені кеше С) келген-менмін Д) қараса – кетіп қалыпты Е) Олар бақытты.

5 Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелері – А) анықтауыш В) бастауыш С) тұрлаулы мүшелер Д) тұрлаусыз мүшелер Е) үйірлі мүшелер

6 Үйірлі сөйлем мүшелерінің күрделі сөйлем мүшелерінен ерекшелігі – А) үйірлі мүшенің құрамында бастауыш-баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы болады В) үйірлі мүше құрамында түйдекті тіркес болады С) үйірлі мүше құрамында бірыңғай мүше болады Д) үйірлі мүше құрамындағы сөздер толықтауыштық қатынаста тұрады Е) үйірлі мүше құрамындағы сөздер анықтауыштық қатынаста тұрады.

7 Үйірлі бастауышты сөйлемді белгілеңіз: А) Самат екеуміз қырманға бардық В) Бұл өзеннің басы өмірі малдан арылған емес. С) Адам тілі тас жарар, тас жармаса, бас жарар Д) Жараның маған ұнады Е) Мен көрген бұл кісі емес.

8 Бастауышы заттанған есімшеден болған сөйлемді белгілеңіздер: А) Көрмес – түйені де көрмес В) БҰл Байжанның талай келген үйі С) Салиқа қырман басына келді Д) Киіз кімдікі болса, білек соныкі Е) Бір жүз қырық алты үшке тең бөлінбейді.

9 Бастауышы заттанған сын есімнен жасалған сөйлемді белгілеңіз: А) Қорқақ бұрын жұдырықтар В) Еккен орар С) Лиза Рахметке бұрылды Д) Батырлық майданда сыналады Е) Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.

10 Құрама баяндауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Оспан ерінбейтін жан В) Оспан ерінбеді С) Кәсібі – ағаш шабу. Д) Ол арқан іздеген жоқ. Е) Жылқыда өт жоқ

11 Бастауышы зат есімнен болған сөйлемдер – А) етістікті В) номинативті С) екі негізді Д) бұйрықты Е) жақты

12 Сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалатын сөйлем түрі –А) лепті В) бұйрықты С) түрткі сұрақты Д) сұраулы Е) хабарлы

13 Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлем – А) хабарлы В) лепті С) бұйрықты Д) жайылма Е) сұраулы

14 Хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар – А) сұраулы В) хабарлы С) лепті Д) бұйрықты Е) альтернативті

15 Предикативтік тұлғаларының санына қарай сөйлем түрлері А) жай, құрмалас В) жалаң, жайылма С) атаулы, жақсыз Д) етістікті, номинативті Е) тұрлаулы, тұрлаусыз

4-нұсқа

1 Құрамында жалғаусыз, мағыналық қиысуы бар сөйлемді белгілеңіз:

А) мен келгенде, сен үйде жоқ едің В) Өзім келдім С) мен келдім Д) Ол барды Е) Біз бардық

2 Үстелі сөз тіркестері, еліктеуішті сөз тіркестері, көсемшелі сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері, сан есімді сөз тіркестері зат есімді сөз тіркестері деген түрге бөлінетін сөз тіркесінің түрі А) қабыса байланысқан етістікті В) меңгеріле байланысқан есімді С) матаса байланысқан есімді Д) есімді тіркестер Е) меңгеріле байланысқан есімді

3 Еліктеуішті сөз тіркесін белгілеңіз:А) тырс-тырс тамды В) орынсыз сөйлеу С) ертең жүрмек Д) жаңа ғана келді Е) жоғары жылжыды

4 Көсемшелі сөз тіркесін белгілеңіз: А) ұйқысыз өткізді В) үш есе ұлғайды С) шөп сал Д) қадала қарады Е) тауға шық

5 Етістіктің шақтық мағынасына мезгілдік мағына үстеп, оның қашан, қай мезгілде болған процесс екенін білдіретін пысықтауыш – А) мезгіл В) мекен С) мақсат Д) амал Е) себеп

6 Мезгіл пысықтауыш зат есімнен жасалған сөйлемді белгілеңіз: А) Осынша соңыма түсетін, мен саған не, істедім? В) Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла С) Жоғары қарашы, көкте не көрінеді? Д) Жоғары-төмен үйрек, қаз, ұшып тұрса сымпылдап Е) Төменде көп толқындар көбік шашқан

7 Мекен пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз А) Шаң шудаланып, ілгері жылжыды. В) Қараңғыда жолды әзер тапты. С) Бұл бригада озып шықты. Д) Сол уақытта поезд да келіп еді. Е) Келгелі осы жұмыспен айналысып жатыр.

8 Етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіретін мүше – А) пысықтауыш В) оңашаланған мүше С) үйірлі мүше Д) айқындауыш Е) қосалқы айқындауыш

9 Грамматикалық қызметі жағынан, грамматикалық формасы жағынан, грамматикалық байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелер – А) бірыңғай мүше В) оңашаланған мүше С) үйірлі мүше Д) айқындауыш Е) қосалқы айқындауыш

10 Қосалқы айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз А) Оспан қартты кісілер үйден шығып қарсы алды. В) Телефон-автомат шырылдады. С) Комбайн егін оруда. Д) Комбайн-самоход іске қосылды. Е) Бұл Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті.

11 Болымсыз пікірді білдіретін сөйлем формасы – А) болымсыз сөйлем В) болымды сөйлем С) жақты сөйлем Д) жақсыз сөйлем Е) жалаң сөйлем

12 Бастауышы есімшеден болған сөйлемді белгілеңіз: А) Мұны кешегі аңызақ жел кептірді. В) Мұны кептірген – кешегі аңызақ жел. С) Аңызақ жел мұны кеше кептірген. Д) Кеше мұны аңызақ жел кептірді. Е) Кеше мұны жел кептірді.

13 Субъектіні, объектіні актуализациялайтын сөйлем типі – А) бастауышы есімшелі сөйлем В) бастауышы зат есімді сөйлем С) бастауышы сын есімді сөйлем Д) бастауышы сан есімді сөйлем Е) бастауышы үстеулі сөйлем.

14 Етістікті сөйлемді белгілеңіз: А) Мен кітап оқыдым В) Кітап оқыған – мен. С) Кітап оқылды Д) Кітапханашы кітап берді. Е) Кітап – білім бұлағы.

15 Бастауышы заттанған етістіктен болған сөйлем - А) етістікті В) номинативті С) екі негізді Д) бұйрықты Е) жақты

5-нұсқа

1 Зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіретін айқындауыш – А) қосалқы айқындауыш В) қосарлы айқындауыш С) оңашаланған мүше Д) үйірлі мүше Е) бірыңғай мүше

2 Үйірлі анықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз А) Біз төбесі аласа үйге кірдік. В) Бұл үйдің төбесі аласа. С) Біз биік үйде тұрамыз. Д) Бұл үй көп балалы. Е) Көп бала шуласып ойнауда.

3 Сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшелері – А) анықтауыш В) бастауыш С) толықтауыш Д) баяндауыш Е) үйірлі мүше

4 Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі – А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш

5 Іс-қимылға түрлі объект ретінде қатысатын затты білдіретін, сөйлемде ілік, табыс, атаудан басқа септік жалғау формасында жұмсалатын сөйлем мүшесі – А) тура толықтауыш В) жанама толықтауыш С) бастауыш Д) күрделі бастауыш Е) пысықтауыш.

6 Шақ мағыналы баяндауыштар ретінде жұмсалатын етістіктер – А) ашық рай етістіктер В) болымды етістіктер С) болымсыз етістіктер Д) салт етістіктер Е) сабақты етістіктер

7 Сөздің баяндауыштық қызметін анық танытатын аффикстер – А) жіктік жалғаулары В) тәуелдік жалғаулары С) көптік жалғаулары Д) септік жалғаулары Е) меншіктік мағына беретін қосымшалар

8 Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі – А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш

9 Сөйлемде айтылған ойға негіз болат ын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не, басқа сапаның иесі болатын мүше – А) бастауыш В) толықтауыш С) баяндауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш

10 Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүше,лері – А) тұрлаулы мүшелер В) тұрлаусыз мүшелер С) бастауыш Д) баяндауыш Е) толықтауыш

11 Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздер – А) сөйлем мүшелері В) сөздер С) бастауыш Д) толықтауыш Е) пысықтауыш

12 Болымды-болымсыз мәнде өзара сыңар ретінде жұмсалатын сөйлемдерді белгілеңіз: А) Айтпайтыны жоқ – Бәрін айтады. В) Жұмысы жоқ. Жұмысы бар. С) Барша жұрт келді. Баршасы келмек. Д) Ертең келеді. Ертең келмейді. Е) Жаңбыр жауады. Жаңбыр жаумайды.

13 Болымсыз сөйлемді белгілеңіз: А) Жар тік емес. В) Жар жатаған. С) Үй биік. Д) Шалқар көңіл Е) Түсі сары.

14 Затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екенін білдіретін пікір – А) болымды В) болымсыз С) әрі болымды, әрі болымсыз Д) жақты Е) жақсыз.

15 Етістіктің болымсыз формасы арқылы жасалған сөйлемді көрсетіңіз: А) Сен ақталма. В) Су кемерден аспаған С) Үй алқа-салқа. Д) Үйдің терезесі сыланған. Е) Үйдің есігі қапталған.

Тақырыптар ( мәнжазба, презентация,эссе, курстық жұмыстар,(жобалар), есептік-графикалық жұмыстар т.с.с)

Емтихан бағдарламасы:

Сұрақтар тізімі

1

Хабарлы сөйлем, оның жасалуы.

2

Сөз тіркесінің өзіне ұқсас категориядан айырмашылығы

3

Қиысу және оның түрлері.

4

Меңгеру, оның түрлері. Етістікті, есімді, ортақ меңгеру.

5

Матасу, оның түрлері, жасалу көрінісі.

6

Жанасу, оның құрамы.

7

Сөз тіркесінің байланысу формаларының біріне-бірінің ауысу процесі, түрлері.

8

Қабысу, оның көріністері.

9

Сөйлем мүшелерінің жасалуы.

10

Бастауыш, оның зерттелуі. Бастауыштың сұраулары. Бастауыштың түрлері, жасалу жолдары, семантикасы.

11

Есімді баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері. Құрама баяндауыштар.

12

Етістікті баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері.

13

Бар, жоқ сөздерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Модаль сөзді баяндауыштар.

14

Баяндауыштың жасалу жолдары, семантикасы.

15

Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі, жасалуы

16

Үйірлі анықтауыштар

17

Анықтауыш, түрлері, жасалуы, тыныс белгілері, ол туралы көзқарастар.

18

Пысықтауыш, оның түрлері, жасалуы.

19

Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшеліктері.

20

Оқшау сөздерге байланысты тыныс белгілері.

21

Қыстырма сөз, сөз тіркесі

22

Қаратпа сөз, сөз тіркесі, сөйлем, олардың әрқайсысының жасалу жолдары.

23

Етістікті және номинативті сөйлем

24

Толымды және толымсыз сөйлем

25

Жақсыз сөйлем, оның түрлері, жасалуы

26

Жақты сөйлем, оның түрлері, жасалуы

27

Жалаң және жайылма сөйлем

28

Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

29

Сөйлемнің үйірлі мүшелері

30

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, жасалуы, түрлері.

31

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, жасалуы, түрлері

32

Сөйлем мүшелері, олардың жасалуы, түрлері

33

Сөйлемге тән белгілер

34

Сөйлем және оның түрлері

35

Синтаксистік қатынастар, олардың түрлері

36

Сөздердің байланысу тәсілдері

37

Сөздердің байланысу формалары

38

Етістікті сөз тіркестері

39

Есімді сөз тіркестері

40

Сөз тіркесінің түрлері мен құрамы

41

Сөз тіркесінің анықтамасы, өзіндік ерекшеліктері

42

Сөз тіркесі синтаксисі, зерттеу нысаны

43

Синтаксис терминінің мәні, зерттеу нысаны, синтаксистің негізгі бағыттары.

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық), лабароториялық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

  • Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

  • Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.

Курсты бағалау критериі

Бақылау түрлері

апта

Қорытынды балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

100

1

Сабаққа қатысымы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

2

Үй тапсырмасы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

3

Лабароториялык жұмыс,сем/практ.сабактары

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

4

Дәріс сабағындағы тест сұрақтары

*

*

100

5

Бақылау жұмысы

*

*

100

Тест тапсырмалары

*

*

100

6

Жазбаша сұрақ

*

*

100

7

Аралық бақылау

*

*

100

8

Мәнжазба

*

100

9

Сөйлемге синтаксистік талдау жасау

*

*

100

10

Лингвистикалық сынақхат

*

*

100

Емтихан

*

100

Ескерту: *- тапсырма саны

БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:

Баға

Коэффициент

%

А

4,0

95-100%

А-

3,67

90-94%

В+

3,33

85-89%

В

3,0

80-84%

В-

2,67

75-79%

С+

2,33

70-74%

С

2,0

65-69%

С-

1,67

60-64%

Д+

1,33

55-59%

Д

1,0

50-54%

Ғ

0

0-49%

НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992

  2. Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003

  3. Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002

  4. Бөзбаева А. Қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі, А., 2005

  5. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 2007

  6. Орфографиялық сөздік. А., 2007

  7. Жақыпова Ж. Сөйлеу тілінің сипаты. Қарағанды, 2001

  8. Әмір Р. Жалғаулықтар: құрамы, дамуы, қызметі. –Қазақ лингвистикасы мен лингво-практика мәселелері. А., 2008

Қосымша әдебиеттер

1 С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

2 Қ.Шәукенов. Қолданбалы грамматика. Атырау, 2000.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]