Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhss_umkd-2015.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315 Кб
Скачать

Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау

Тақырып: Бастауыш пен баяндауыштың қиысу түрлері

Мақсаты: Бастауыш пен баяндауышты игерту.

Өткізілу түрі: конспектілеу, мазмұндау

Сұрақтары:

1) Баяндауыш анықтамасы, баяндауыштық формалар

2) Шақ мағыналы баяндауыштар

3) Іс-әрекеттің қарқынын білдіретін баяндауыштар

4) Іс-әрекеттің, қимылдың қалпын білдіретін, атайтын баяндауыштар

5) Іс-әрекетті, қимылды мақсат, қалау, тілек ету тұрғысынан атайтын баяндауыштар

6) Ұсыну, міндеттеу мағынасындағы баяндауыштар

7) Модальдық баяндауыштар

8) Іс-әрекетті жасанды ретінде көрсетуге арналған баяндауыштар. Іс-әрекетті болжау сипатында атайтын баяндауыштар

Өзіндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық: Р.Әмір, Ж.Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Баяндауыш және оның түрлері» тақырыбындағы мәліметтерді (116-140-бб.) оқып мазмұндаңыз. Бұл автордың баяндауышты жіктеуіндегі ерекшеліктерді Т.Сайрамбаев пен М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы жіктелістен айырмашылығына көңіл аударыңыздар.

Үлестірмелі материалдар: Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, баяндауыштарына сипаттама беріңіздер, жасалу жолын түсіндіріңіздер.

Үлгі: Шана жолмен келе жатыр.

Айтылу мақсатына қарай: хабарлы сөйлем.

Құрылысына қарай: жай сөйлем.

Модальдылық мағынасы: болымды сөйлем.

Базистік құрылымы: екі негізді

Бастауыштың қатысуына қарай: жақты сөйлем

Бастауыштың қандай сөз табынан жасалуына қарай: номинативті сөйлем

Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалуына қарай: етістікті сөйлем

Тұрлаусыз мүшелердің қатысуына қарай: жайылма сөйлем

Ойға қатысты мүшелердің түгел болуына қарай: толымды сөйлем.

Баяндауышы: (шана) не істеді? келе жатыркүрделі, етістікті, шақ мағыналы баяндауыш (күрделі нақ осы шақ, ашық рай).

Бастауышы: не? (келе жатыр) шана – дара, зат есімнен жасалған бастауыш

Баяндауышқа бағынып тұрған мүше: немен? (келе жатыр) шанамен – дара, жанама толықтауыш.

№ 1 карточка. Боран қарды жол үстінен сыпырып тастады.

№ 2 карточка. Жолаушы ауылға сәскеде жетеді.

№3 карточка. Масақтар торы аттың үстіндегі Бекеңе жетіп келді.

№ 4 карточка. Таңертеңгі самал желмен изеле түседі.

№ 5 карточка. Егін сабағы болат шыбықтай иіліп, түзеліп, сыңсыған масақтар бір-біріне созылысады.

№ 6 карточка. Құлаққа естілмес үн шығарып, сыбырласқандай болады.

№7 карточка. Алқымы сары шымшық, торғайлар тербетілген масақтардың бірінен-біріне қонып дәйек таппайды.

№ 8 карточка. Бекең ұзақ тұрып, зират болған тұсқа мөлшерлеп көз жіберді.

№ 9 карточка. Құм ішінде жолаушылар адасқақ келеді.

№ 10 карточка. Абай Құлыншақтың сабырлы сықағына қызығып күліп жіберді.

№ 11 карточка. Ноянның кейбіреулерге істегендері туралы олар бұрын да талай естіген.

№ 11 карточка. Күн суық. Далада жел соғып тұрды.

№ 12 карточка. Аспан қап-қара бұлт еді.

№ 13 карточка. Мен терезенің алдына шығып, апамның жұмыстан оралуын зарыға күтіп отырдым.

№ 14 карточка. Біз үйелмелі-сүйелмелі бес ағайында болатынбыз, апам үйге сыртымыздан бекітіп кеткен.

№ 15 карточка. Ертеңгісін қалдырған азын-аулақ нанды таласа-тармаса жеп ап, қарнымыз ашып отырғанбыз.

№ 16 карточка. Арбалар шиқ-шиқ етіп келеді.

№ 17 карточка. Күзгі қара жол шаңы аспанға шығып бұрқ-бұрқ етіп жатыр.

№18 карточка. Күн еңкейген. Таңертеңгісіндей аспан да қыздырмайды.

№ 19 карточка. Аспан да мұнартып тұр. Төңірек бір түрлі көңілсіз, жабырқау тартып, ұйқыны келтірді.

№ 20 карточка. Оспан осыны көргеннен-ақ Смағұл қасынан кете алмады.

№ 21 карточка. Боздақ жатып кеп жалынды.

№ 22 карточка. Бір уақытта қарды борандатып ақыр заманды орнатты кеп.

№ 23 карточка. Егер тоқтамасақ, аттар шынымен арандағандай екен.

№ 24 карточка. Сәден қазір де соны істейін деп тұр.

№ 25 карточка. Жұмыскерлер жұмыстарын бітіріп қайтайын деп жатыр еді.

№ 26 карточка. Ойламаған жерден жүрегіне оқ тигендей аяғын баса алсайшы енді.

№ 27 карточка. Мен ірге тигізбей күздігүні пішенін шауып алайын деп ем! Осыны Құлыншақ маған қиса екен!

№ 28 карточка. Ол байғұс сені талай ізге салар еді-ау!

№ 29 карточка. Концерт қайткенде де жақсы болуға тиіс.

№ 30 карточка. Есімбектің жоғалған атын мен ұрлады қылып, бір бұзаулы сиырымды төлеуге әперді.

Тақырып. Баяндауыш мүшеге балама ретінде жұмсалатын предикативтік конструкциялар

Мақсаты: Баяндауышты игерту.

Өткізілу түрі: конспектілеу, мазмұндау

Сұрақтары:

      1. бар, жоқ сөздерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы.

      2. Етістік баяндауышқа параллель жұмсалатын предикативтік конструкциялар

      3. «-ған, -ген формалы есімше - бар» конструкциясы

      4. «Бастауыш –тын, -тін тұлғалы есімше – баяндауыш бар, жоқ» болып құралған тіркестердің (алатыным бар) баяндауышқа параллель болып жұмсалуы

      5. Предикативтік іс-қимылды білдіріп, етістік баяндауышқа параллель амал ретінде жұмсалатын объектілік тіркестер

Өзіндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық: Р.Әмір, Ж.Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Баяндауыш мүшеге балама ретінде жұмсалатын предикативтік конструкциялар» тақырыбындағы мәліметтерді (140-146-бб.) оқып мазмұндаңыз. Бұл автордың баяндауышты жіктеуіндегі ерекшеліктерді Т.Сайрамбаев пен М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы жіктелістен айырмашылығына көңіл аударыңыздар.

Үлестірмелі материалдар: сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, баяндауыштарына сипаттама беріңіздер, жасалу жолын түсіндіріңіздер.

№ 1. Бағана өзіңе айтып ем ғой, басқа жасырғаным жоқ. Бұған мысал – келген жоқ.

№ 2. «Атаққа шыққан жігіт қой, хат жазып көрсін, онша теріске кетпес» деп, - Зәйкүлдің айтқаны бар-ды.

№3. Мен көрген жоқпын.

№4. Менің айтқаным бар. Көңілі түскен кісісіне жалғыз атын түсіп беретіні бар.

№ 5. – Сен қой десең, қоймайтыным жоқ. Қойдым ендеше! – деді де, Тәуке жұмсап сала берді.

№ 6. Ептеп сөз салдыратыны да болады.

№ 7. Есімбектің жесірі кетсе «қыпшақпын» деп қанға тарту жоқ.

№ 8. Ол жайлауды сол жолғы сапарда бір көруім бар.

№ 9. Тек әйтеуір осы көппен бірге болғым келеді.

№ 10. Өз алаңдауына есеп те бермейді. Тез оралғысы бар.

№ 11. – Зейнешім! Өмірі осы күйіңнен өзгере көрмеші деп тілейінші! Өзімнің де өзгергім жоқ.

№ 12. Білерім сол – алдыңызда құран ұстап ант беруге бармын.

№ 13. Тек құрдай жорғалап кетуді біледі.

№ 14. Құсайын да үйде отыруды қойды.

№ 15. Киіз үйдің іргесі түсірулі.

Тақырып. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы

Мақсаты: қиысуды игерту.

Өткізілу түрі: конспектілеу, мазмұндау

Сұрақтары:

    1. қиысудың мәні

    2. қиысудың түрлері: жалғаулы жақтық қиысу

    3. жалғаусыз мағыналық қиысу

    4. сандық қиысу

Өзіндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық: Р.Әмір, Ж.Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы» тақырыбындағы мәліметтерді (146-152бб.) оқып мазмұндаңыз. Т.Сайрамбаев пен М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы мәліметтен (133-140-бб) айырмашылығына көңіл аударыңыздар.

Үлестірмелі материалдар: сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, бастауыш пен баяндауыштың қиылысуына сипаттама беріңіздер, жасалу жолын түсіндіріңіздер:

№ 1 мәтін. Жиренше бір күні жол жүріп бара жатса, тезек теріп жүрген бір топ қызға кездеседі. Ол – қыздарға жақындап келгенде, жаңбыр құйып кетеді. Өзге қыздар терген тезектерін төгіп тастайды да, қаптарын бастарына бүркеніп алып, үйлеріне қарай жүгіреді. Жалғыз-ақ бір қыз үстіндегі киімін шешіп алып, қаптағы тезегіне жаба салады да, өзі қаптың ығына паналап отырады.

№ 2 мәтін. Киіктер бастарын төмен тұқырып өзен жағасына жиылды. Олар қалың тарыға тірелгенде, жүргіншілер аттарынан түсе қалып, жаяу жүгірді.

№ 3 мәтін. Сен де, мен де осы жұмысқа қатысамыз. Мен де, сен де, ол да сырт қалмаймыз.

№ 4 мәтін. Мен, әпкем, інім – үшеуіміз ертең ауылға жүреміз. Күзетші мен сен – екеуің бүгін осында түнеңдер.

Тақырып. Пысықтауыш және оның түрлері.

Мақсаты: пысықтауышты игерту.

Өткізілу түрі: конспектілеу, мазмұндау

Сұрақтары:

1) Мезгіл пысықтауыштың жасалуы

2) Мекен пысықтауыштың жасалуы

3) Сын-қимыл пысықтауыштың жасалуы

4) Мақсат пысықтауыштың жасалуы

5) Себеп пысықтауыштың жасалуы

6) Пысықтауыш мүшелердің стильдік түрлері және олардың жұмсалуы.

Өзіндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық: Р.Әмір, Ж.Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Пысықтауыш» тақырыбындағы мәліметтерді (152-158-бб.) оқып мазмұндаңыз. Т.Сайрамбаев пен М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы мәліметтен (172-188-бб) айырмашылығына көңіл аударыңыздар.

Үлестірмелі материалдар: сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, пысықтауышқа сипаттама беріңіздер, жасалу жолын түсіндіріңіздер

№ 1. Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла. Жазға жақсы киінер қыз-келіншек. Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер балбырап. Жолаушылар түнімен жүрді. Көктемде құлпырады ой менен қыр.

№ 2. Бүгін кешке Қарағайда ойын болады. Тапа-тал түсте үгіт таратып басынуын көрдің бе, мұның. Таң қараңғысында еркек атаулы жұмысқа кетеді. Сол уақытта ақ отаудың алдында күнге жылынған мысықтай керіліп Шолпан отыр. Сол кезде жартыланған ай туған еді. Осы кезде жер үйдің есігінен екі жігіт кіріп келді. Бір күні мұны Құсырдың көзі шалды.

№ 3. Әуелгі күндері қыз жалғыз қалуға қорықты. Қартайған кезде өмірді жылытатын от – бала. Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Манадан бергі ащы сөздердің бәрінен де мына сөз Ұлжанға ауыр тиді. Түн бойы аяз қаһарына мінді. Олжабек көпке дейін жауап қайтара алмады. Сен де романыңды әуелі бітіріп ап, гонорарды сонан соң сұра. Зылиқа мұны ... келіншек болып түскен соң ойлана бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]