- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына үлгі тақырыптар тізбесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •V. Алғашқы тексеру мерзімі 20__ жыл
- •Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Сөж тапсырмалары
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •Дәріс кешені Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •11 Өлшеуіш - бақылау материалдары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
- •Келісім парағы
Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Мамандық
«5В020500-қазақ
филологиясы»
Пән Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
Білім деңгейі жоғары білім беру (бакалавриат)
Оқу жоспарына сәйкес
Оқу формасы жалпы орта білім негізіндегі күндізгі
Оқу жылы 2015-2016
Оқу және оқу-әдістемелік жөніндегі проректор
п.ғ.д., профессор ______ К.Ж.Туребаева
«____»______________20___ж.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті
«Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасы
СИЛЛАБУС
Пән Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі ( 2 кредит )
Мамандық «5В050200-қазақ филологиясы»
Курс _3_
Оқытушылар: Айтбенбетова А.К., Кеңесов Е.Қ.
2015 -2016 оқу жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі ( 2 кредит )
Сабақ өткізу уақыты мен орыны |
ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны
|
Оқытушының аты-жөні |
Байланыс, тел, |
Cабақ кестесіне сәйкес |
Кесте бойынша |
Иманғазина А. Кеңесов Е.Қ. |
8-7711080022 aigul_aak@mail.ru |
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: «5В020500-қазақ филологиясы» мамандығы білім бағдарламасы мазмұнының құрамдас бөлігі ретінде «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» оқу пәнінде қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері теориялық және практикалық тұрғыдан талданып игертіледі. Болашақ қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бакалаврлерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:
қазақ тіліндегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық категорияларды, сөз тіркесінің құрылымын теориялық негізде игерту, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктеріне талдаулар жасау арқылы еркін пайымдай алатындай дәрежеде дағды қалыптастыру.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
- сөз таптарының тіркесімдік қабілеттерінің негізінде сөз тіркесінің құрастырылу заңдылықтарын игерту;
- сөйлем түрлерін ажырату мен синтаксистік құрылымын талдауға дағдыландыру; сөз тіркесінің ұқсас категориялардан айырмасы мен ұқсастықтарын саралауға төселдіру;
- сөйлемге тән негізгі белгілерді меңгерту;
- сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисінің теориялық мәселелеріндегі талас пікірлерге сипаттама бере білуге, соған сай өз тұжырымдарын жасауға төселдіру
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫНА: 1. Кіріспе. Синтаксис туралы түсінік, синтаксис термині, нысаны, зерттелу барысы, синтаксистің тілдің өзге салаларымен байланысы. 2. Сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесін топтау. 3. Сөйлем және сөйлемді құрайтын элементтер, сөйлем мүшелерінің зерттелуі мен жасалуы, сөйлем мүшелері туралы көзқарастар. Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтері. 4. Жай сөйлем синтаксисі, сөйлемнің түрлері
Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:
Сөз тіркесінің түрлерін ажырата білуге, олардың қалыптасу тарихынан мәліметтер білуге;
Білуге тиіс: Сөз тіркесі мен жай сөйлемді сипаттай және соған сай тілдік элементтерге талдау жасай білуі;
Сөз тіркесінің өзге ұқсас категориялардан айырмашылықтарын айыра білуге төселдіру, дұрыс тануға дағдылануы;
Істей білу: сөз тіркесін ұқсас бірліктерден ажырата білуге, оларға толық синтаксистік талдау жасай білуі, тыныс белгілеріне сипаттама бере білуі мен тыныс белгілерін қоя білуі тиіс.
Дағдысының болуы: сөз тіркесі мен сөйлем түрлерін, олардың синтаксистік құрылымын дұрыс тани және сипаттай білуге
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан дәстүрлі не жазбаша аралас тест сипатында жүргізіледі. Сұрақтар мен тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
Дәрістер
№ р/с |
Тақырыптың атауы |
Негізгі дидактикалық бірліктер |
Ағымдық бақылау формалары |
|
№ 1 модуль Кіріспе. Синтаксис туралы түсінік, синтаксис термині, нысаны, зерттелу барысы, синтаксистің тілдің өзге салаларымен байланысы. Сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесін топтау, сөйлем мүшелері. |
||
1 |
Синтаксис пәні, ол туралы түсінік |
Синтаксис гректің Sintaxis деген сөзінің негізінде пайда болған. Бұл сөздің бастапқы мағынасы «құрау». Синтаксис термині екі мағынада жұмсалады: 1) сөйлеудің (высказывание) құрылысы жүйесі деген мағынада, 2) тіл ғылымының (грамматиканың) бір саласының атауы мағынасында. Синтаксис сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы. Синтаксис сөйлеудің қалыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді. Сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Сөйлемнің синтаксисі өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі. Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі зерттейді. Сөйлемдерді салыстыру: 1) Аман алған кітап менде. Бұл кітапты Аман алған. (үйірлі анықтауыш, сөйлемнің предикаттық орталығы ). 2) Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауды ма? Жаңбыр жауды дейсің! (сөздер бірыңғай, бірақ көмекші сөздердің қатысуы мен интонацияның өзгеруі сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына сай құбылып тұр). 3) Қалың жаңбыр. Төңірек телегей- теңіз су. Қалың жаңбыр жауды. (атаулы сөйлем, сөйлем құрамындағы сөз тіркесі). Сөйлем құрамына енетін сөздер өзара қалыптасқан ереже бойынша тіркесіп, грамматикалық байланысқа түседі. Сөздердің өзара байланысу ережесін сөз тіркесінің синтаксисі зерттейді.
|
Сұрақ-жа-уап, тест |
2 |
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы. |
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі дейміз (М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. ҚҚТ, Алматы, 1997. 32-б. ). Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі не одан да көп сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз (Р.Әмір). Салаласа байланысқан сөз тіркестері өзара тең қатынаста болады: боран мен аяз, сүйкімді, мақтаулы; ағын да, қарасын да, грамматикалық қатынастары: ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты т.с.с. байланысу тәсілдері интонация, шылау сөздер арқылы. Сабақтаса байланысқан сөз тіркестері басыңқылық-бағыныңқылық қатынаста болады: керегінің өзі, анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық, бастауыш- баяндауыштық не предикаттық қатынаста болады. Екеуінің ортақтығы синтаксистік қатынасты білдіру мақсатында құрылуы мен толық мағыналы кем дегенде екі сөзден құрастырылуы. Сөз тіркесінің синтаксистің арнайы зерттеу нысаны болуы, яғни сөз тіркесінің жеке сала сапасында пайда болуы 1950 жылдарға жатқызылады да, профессор М.Балақаев лингвистикалық түркологияда түркі тілдеріндегі сөз тіркесі теориясының негізін қалаған монографияның иесі болып саналады «Основные типы словосочетаний в казахском языке. Алматы, 1957.». Сөз тіркесі терминінің алғаш қолданылуы М.Балақаев пен Т.Сайрамбаев оқулығында көрсетілген мәлімет бойынша, 1953 жылы жарық көрген С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев құрастырған «Орта мектептерге арналған синтаксис» оқулығында қолданылған. Онда сөз тіркесіне мынадай анықтама берілген: «кейбір сөз (сөйлем мүшесі басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, толықтап, пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі керек ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз 12-б.)» . сөз тіркесі жайында еңбек жазып пікір білдірген зерттеушілер мыналар: түркологияда: А.П.Поцелуевский (Основы синтаксиса туркменского литературного языка. Ашхабад, 1943), Н.К.Дмитриев (Грамматика башкирского языка, М-Л, 1945.), Н.А.Баскаков (Словосочетания в каракалпакском языке. Жин. исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, 3 (синтаксис), М, 1961), Е.И.Убрятова «Исследования по синтаксису якутского языка» . Қазақ тіл білімінде сөз тіркесіне қатысты еңбектер М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, С.Аманжолов, А.Аблақов т.б. ғалымдар еншісіне тиесілі. Сөз тіркесі кез келген сөздердің тіркесі емес, ол дербес мағыналы сөз таптарының өзара тіркесі. Сондықтан сөз тіркесін оған ұқсас категориялардан ажырата білу керек. 1) сөз тіркесінің түйдекті тіркестен ерекшелігі: түйдекті тіркес дегеніміз – лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес дейміз. Оған күрделі етістіктер тобы (оқып келе жатыр), есім мен көмекші етістіктер тобы (жұмыс істеу, жол жүру), қосарлы есімдер тобы (бірін-бірі, табыстан-табысқа), күрделі есімдер тобы (сен тәрізді, қала үстіне), тұрақты тіркестер тобы (үрейін ұшыру, есінен тандыру) жатады. бұлар сөз тіркесінің бір сыңарының қызметін ғана атқарады. Лексикалық түйдек (ақ қайың, боз торғай). Лексикалық және түйдекті тіркестер сөз тіркесіне жатпайды, оның бір компоненті сапасында қатысады. В.В.Виноградовтың айтуынша, сөз тіркесі номинативті, ал сөйлем предикативті болады. Желсіз түн.- әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы, негізінен, өзгертіліп отырады, сондықтан оны еркін сөз тіркесі деп те атайды. Жақсы жайлау, жақсы ырым. Мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана өзара синтаксистік байланыста болып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, үркек ат, үркек бие, үркек тайлақ деген сөз тіркесі болғанымен, үркек тауық деген тіркес қолданылмайды. Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады: 1) сөз тіркестері сатылана байланысады: үлкен ағаштың көлеңкесі 2) бір басыңқыға ортақтасып жарыса тіркеседі: кеше бардық, театрға бардық, апаммен бардық. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары қара сөзде бағыныңқыдан кейін келеді, ал поэзияда керісінше тұруы да мүмкін. Сөз тіркесі жай және күрделі болып бөлінеді. Көлге қонады, көл жағалай қонады. Есімді, етістікті, ортақ басыңқы сыңарлы (Т.Сайрамбаев, М.Балақаев маған дос болатын сияқты, білімді жігіт еді), үстеулі (К.Аханов, М. Серғалиев) (келгені кеше) болып бөлінеді.
|
Сұрақ-жауап, тест |
3 |
Сөз тіркесінің грамматикалық ұйымдасуы туралы. Сөз тіркесінің сыңарлары, байланысу формалары. Әрбір байланысу формала-рының қалыптасуы. Сөз тіркесінің сыңарлары. Зат есімді сөз тіркестері, олардың құрылуындағы ерек-шеліктер. |
Сөз тіркесі бағыныңқы және басыңқы сыңарының санына қарай дара және күрделі сөз тіркесі деп, басыңқы сыңарының қандай сөз табынан жасалғанына қарай есімді, етістікті, ортақ басыңқы сыңарлы деп жіктеледі. Олардың әрқайсысы байланысу формаларына қарай қабыса, матаса, меңгеріле, жанаса, қиыса байланысқан сөз тіркесі деп жіктеледі. Зат есімді тіркестер негізінен үш формада – қабысу, меңгеру, матасу арқылы құралады: қол сағат (қабысу), колхозға мүше (меңгеру), балтаның сабы (матасу.) |
Сұрақ-жауап, тест |
4 |
Етістікті сөз тіркестерінің құрылу ерекшеліктері. Қазақ тіліне тән сөз тіркесінің қалыптасуы. |
Етістікті сөз тіркестері дегеніміз – басыңқы сыңары етістік сөз табынан болатын сөз тіркесі. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері табыс септіктегі пысықтауыш қызметін атқарудан біртіндеп арылып, бірыңғай тура толықтауыш қызметін атқаруға көшуінен пайда болған. Ол ғылыми зерттеулерде берік және әлсіз меңгеру деп бөлінеді. Сабақты етістіктерді меңгеруі. Салт етістіктерді меңгеруі. |
Сұрақ-жауап, тест |
5 |
Тұрлаулы сөйлем мүше-лері. Бастауыш пен баян-дауыштың арасындағы қа-тынас – предикативтілік туралы, олардың сөйлем құрамындағы белсенділігі. |
Сөйлемді құрайтын сөздер сөйлем мүшелеріне жіктеледі. Бұл мүшелердің өздеріне тән атқаратын қызметтері болады. Әрбір мүше өзінің формасы болуымен бірге мағынасының болуымен де ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері өздерінің қызметтеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді: тұрлаулы, тұрлаусыз. Сөйлем мүшелері мәнмәтінде жеке келіп те, тіркес күйінде де келіп сөйлем құрай алады. Предикативтілік – барлық сөйлем формаларына тән, сөйлемді қарым-қатынас бірлігіне жатпайтын сөз, сөз тіркесінен ажырататын бірден-бір қасиет, белгі. Предикативтік туралы тұжырымның екі түрі бар: 1) мазмұнның шындық болмысқа теңестірілуі, 2) сөйлемді құраушы құрақтар (компоненттер) арасындағы қатынас. Модальдылықтың екі түрі бар: 1) субъективті модальдылық, 2) объективті модальдылық. |
Сұрақ-жауап, тест |
6 |
Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістері-нің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысы. Тұр-лаусыз мүшелер. |
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелерді жан-жақты толықтырып, анықтап, пысықтап тұрады. Анықтауыш сапалық, меншіктік деп бөлінсе, толықтауыш тура және жанама деп, пысықтауыш мезгіл, мекен, мөлшер, амал, себеп, мақсат деп бөлінеді. Сөйлемнің бастауышының есім сөз немесе етістік болуы – бұл мүшенің лексикалық көрінісін ғана көрсететін құбылыс емес. Мысалы, толықтауышқа қатысты анықтауыштың сын есім не есімше болып келуі сөйлемнің функциональдық-грамматикалық сипатын өзгертпейді. Ұзын қаламды алдым. Ұшталған қаламды алдым |
|
7 |
Айқындауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түр-лері. Сөйлем мүшелерінің коммуника-тивті мақсаттары. Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар. |
Айқындауыштың түрлері: 1) қосалқы айқындауыш зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіреді: Майқы би, сен бала, Асқар қорқақ т.с.с. Айқындауыш мүше басым мүшемен тығыз грамматикалық байланыста тұрады. Соның көрінісі – басым мүшеге қатысты жалғауды осы айқындауыш қабылдайды: Оспан қартты кісіллер үйден шығып қарсы алды. Сын есімдердің ішінде осы қызметк арналып жұмсалатын сөздер бар: -ғыр, -гір жұрнақты сын есімдер сол құрғыр, сен түбің түскір ...Айқындауыш ретінде ғана жұмсалатын сөздер бар: неме, түскір. Қосалқы айқындауыш мүше негізінен сөйлеу тіліне тән, эмоцияны білдіру тәсілі ретінде жұмсалады. 2) қосарлы айқындауыш деп негізгі сөзге қосарланып, онысы дефис арқылы жазылуынан көрінетін айқындауышты айтамыз. Мысалы: телефон-автомат, инженер-механизатор т.т. Қосарлы айқындауыш газет тілінде, поэзия тілінде жиі ұшырайды. Оңашаланған айқындауыш деп сөйлемдегі бір мүшені саралап, айқындап қайта атайтын сөзді, сөздер тіркесін айтамыз. Мұнда, Алматыда, барлық мәселелерді шешуге ... жәрдемін алуым керек. |
Сұрақ-жауап, тест |
|
№ 2 модуль Сөйлем және оның түрлері |
||
8 |
Жай сөйлем, жай сөйлемнің грамматикалық сипаты, анықтамасы, жай сөйлемге тән семантика. Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері. |
Сөйлем – адам ойын білдірудің негізгі құралы. Біршама тиянақты ойды білдіретін преикаттық қатынас негізінде құралған синтаксистік тлға сөйлем деп аталады. Оған тән белгілер: 1) құрылымдық белгі: сөйлем сөйлем мүшелерінен түзіледі. 2) семантикалық белгі: предикативтілік – сөйлемді сөйлем ететін ең басты синтаксистік категория. Предикативтілік-тің мағынасы мен қызметі сөйлем мазмұнын шындық болмысқа теңестіру болып табылады. Бұл предикативтіліктің ажырамас қасиеттері – модальдылық, шақтық, жақтық тәрізді синтаксистік категориялары арқылы іске асады. Предикативтіліктің үш белгісі болады: модальдылық, шақтық, жақтық. 3) сөйлем сөйлемге тән интонациямен айтылады. Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері: 1) іс иесі зат пен қимыл-әрекеттің өзара қатынасын білдіретін сөйлемдер: Әйел көрінді. 2) Зат пен оның қимыл күйін хабарлайтын сөйлем: Мойнына жіп тағылды. 3) субъект зат пен оның заттық сапасының қатынасын білдіретін сөйлемдер: Оспан – бригадир. 4) Субъект зат пен оның сындық, сандық сапасының, күйінің қатынасын білдіретін сөйлемдер: Аспан ашық. Маңайда ел жоқ. 5) қимыл іс пен логикалық субъект-заттың қатынасын білдіретін сөйлемдер: Орнынан секіріп шыққан – көкшолақ. 6) қимыл іс пен оның сынының, объектісінің қатынасын білдіретін сөйлемдер: Айтатыны Абдрахмен болған. ... айтылғаны жөн. 7) Қимыл іс пен оның себебінің қатынасын білдіретін сөйлемдер: Жүдегені – мазасыздығынан. Келмеді – кешіккендіктен. |
Сұрақ-жауап, тест |
9 |
Сөйлемнің мағыналық түрлері. Екі негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесінде олардың алатын орны, түрлері. |
Болымды, болымсыз сөйлем. Толымды, толымсыз сөйлем. Жалаң сөйлем дегеніміз – тұрлаулы мүшелер негізінде жасалған сөйлемдер. Жайылма сөйлем дегеніміз – тұрлаулы мүшелермен қоса тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған сөйлемдер. Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар және жасырын тұрса да баяндауышқа қарап қандай сөз екенін табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады. Тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелерінің қатысына қарай толымды, толымсыз сөйлемдер.
|
Сұрақ-жауап, тест |
10 |
Бір негізді сөйлемдер. Сөйлем жүйесінде олардың алатын орны, түрлері. |
Жақсыз сөйлем дегеніміз – бастауышы болмайтын және ізделмейтін сөйлем түрі. Ол баяндауышқа сүйеніп құрылады, бір негізді сөйлемге жатады. Жасалу жолдары: 1) б. с. тұйық рай етістік + болады (болмайды): келуге болады / болмайды; Бұл алқаптың шөбін шабуға болады. 2) б. с. тұйық рай етістік +тура келеді: Маған бұл сөзді амалсыз айтуға тура келеді. 3) болымсыз шартты рай етістік + болмайды: Арнайы барып көрмесе болмайды. 4) тұйық рай етістік + керек: Оған бірнеше сүңгу керек. 5) –пақ тұлғалы есімше + керек: не болса да барып көрмек керек. 6) –ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі) + болар: Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар. 7) шартты рай етістік + болар еді: Жоңышқаны уақыт өткізбей шапса болар еді. 8) ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі) +ма (ме) + еді: Сол әсем өлкені көрер ме еді! 9) болымсыз есімше + барыс жалғау: айтпасқа. Сонымен қатар сөйлемде неге деген сұрай есімдігі қатысады: ... неге маған шалқымасқа, шаттанбасқа! 10) шартты рай етістік баяндауышы бар сөйлем: Көгеріп қалған бөктерден, көпсітіп жылқы айдаса! 11) өткен шақ көсемше + болмайды: ....бір ауылдан бір ауылды айырып болмайды. 12) ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баяндауыштар мақал-мәтел ретінде сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады: көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың. 13) 2-жақ бұйрық рай етістіктен болған баяндауыш мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады. Аға тұрып, іні сөйлегеннен без. Жақсыз сөйлемдер сөйлеудің арнаулы коммуникативтік мақсатын орындау үшін қалыптасқан. Бұл сөйлемдер мынадай қызмет атқарады: 1) тілеулі, қалаулы оқиғаны нақты субъектіге қатыссыз (жаққа қатыссыз) жалпылай айту үшін жұмсалады (неге айтпасқа, көрер ме еді) 2) болмыстағы бір жағдайды қорытынды тұжырым ретінде айту үшін жұмсалады (көтеруге болады/болмайды, сөйлеу керек). Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшелігі. Сөз – сөйлем, жасалу жолдары |
Сұрақ-жауап, тест
|
11 |
Хабарлы сөйлем, есімді, етістікті түрлері. Сөйлем-дердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы сөйлем, оның грамма-тикалық сипаты. Сұраулы сөйлемдердің грамма-тикалық сипаты, сұраулы сөйлем жасаудағы интона-цияның ролі. |
Сөйлемнің айтылу мақсатына сай мынадай түрлері бар: хабарлы, сұраулы, бұйрықты және айтылу сазына қарай лепті. Хабарлы сөйлем дегеніміз – бір нәрсені, оқиғаны, хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын кострукциялар хабарлы сөйлем деп аталады. Олардың негізгі грамматикалық белгілері: 1) баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады, 2) өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемнің интонациясының физикалық көріністері экспериментальдық жолмен зерттеліп, мелодикасы график түрінде бейнеленеді. Ол интонация тіл білімінде баяндау сарынды интонация деп аталады. Хабарлы сөйлем екі негізді, бір негізді құрамда көрінеді. Сұраулы сөйлем – бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем түрлері: негізгі сұрақты білдіретін, жетек сұрақты білдіретін, анықтаушы сұрақты білдіретін, мағынасына қарай: ашық сұрақты білдіретін, альтернативті сұрақты білдіретін, риторикалық сұрақты білдіретін, түрткі сұрақты білдіретін. |
Сұрақ-жауап, тест |
12 |
Бұйрықты сөйлемдер, олардың құрылу ерекше-ліктері. Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекше-ліктері. Бұйрықты сөйлем-дерден айырмашылығы, жасалу жолдары. |
Сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалады. Жасалуы: 1) етістіктің жалаң 2-жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы: Тауығыңа ие бол. 2) 1-жаққа қатысты бұйрықты –айын, -ейін, -айық, -ейік, -алық, -елік формалы етістіктер білдіреді: Мен барайын. 3-жаққа қатысты бұйрықты –сын, -сін тұлғалы баяндауыштар білдіреді: Ол ертең келсін. Лепті сөйлем – сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлем. Олар эмоциялы баяндауыштар арқылы жасалады. |
|
13 |
Қазақ тілі синтаксисіндегі үндеу амалы, орны, жұм-салуы. |
Үндеу тілдің қосымша атқаратын қызметі. Тілдің негізгі қызметі пікірді хабарлау. Үндеу осы пікірді хабарлау, тыңдаушыға жеткізу нәтижелі болу үшін жәрдемдеседі. Үндеу қызметін атқаратын сөздер сөйлем құрамында қыстырма компонент ретінде қатыстырылады. Қыстырма коипонент ретінде қаратпа сөздер жұмсалады.үндеу үшін жұмсалатын қыстырма коипоненттер сөйлемнің эмоциялық, коммунткативтік міндетіне сай сонымен тығыз бірлікте жұмсалады. Қаратпа дегеніміз – басқа біреудің назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған сөз не сөз тіркесі. Есімше оралымды сөйлемдер дегеніміз – негізгі сөйлемдегі оқиға желісінің мазмұнын әр түрлі жақтан айқындай толықтыра жұмсалатын сөйлем. Көсемше оралымды сөйлем дегеніміз – айтылатын ойды образды түрде кеңейтіп, дәл беру үшін, қосалқы әрекеттерден негізгі процесті бөліп, айқындай түсу үшін қолданылатын құрылым. |
|
14 |
Қазақ тілі синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі грамма-тикалық жүйеге қатысы. |
Үстеме тұлғалар: тәуелдік жалғау; жақтық жалғау; септеулік шылау. Үстеме амалдар негізгі тұлғалардыңжетегінде келіп, соларға үстеліп жұмсалады. Қызметі: бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын байланыстырушы тұлға ретінде жасайды. Баяндауыш ретінде негізгі тұлға көсемше формалы етістік, шартты рай формалы етістік, есімше формалы етістік, қимыл есім формалы етістіктер қатысады, септік жалғау, жақтық жалғау т.б. соларға үстеледі. |
|
15 |
Қазақ тілі синтаксисінің лингво-мәдени аспектілері, сөйлемдердің құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным. |
Синтаксисті лингвомәдени аспектіде зерттеуде «грамматикалық категориядағы кез келген айырма семантикалық ақпаратты тасымалдайды (Якобсон)» және ол семантикалық ақпарат белгілі бір ұлттың шындықты категориялауының көрсеткіші болып саналады деп түсіндіреді. Грамматикалық формалар да, кез келген өзге тілдік формалар тәрізді ұлттың танымына сай жұмсалады. Тілдің ұлттық сипатының грамматикадағы көрі-нісі тілдің әр қызметінің тасымал-даушысы болатын грамматикалық форма-лардың қолданылу жиілігінен де байқа-лады. |
|
Практикалық сабақтары
№ р/с |
Тақырыптың атауы |
Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер |
Ағымдық бақылау түрі |
|
І модуль Синтаксис туралы түсінік, синтаксис термині, нысаны, зерттелу барысы, синтаксистің тілдің өзге салаларымен байланысы. Сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесін топтау. |
||
1 |
Сөз тіркесінің тұлға ретінде белгілері. Сөз тіркесінің түрлері, олардың құрылуы.
|
|
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
2 |
Зат есімді сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері.
|
2. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, түрлері 3 Матасу, қабысу, жанасу. |
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
3 |
Етістікті сөз тіркестері, олардың құрылуы.
|
Сөздердің тіркесу қабілеті |
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
4 |
Сөйлемді сөз тіркесі, сөйлем мүшесі тұрғысынан танудың қажеті, ерекшелігі.
|
1 Сөйлемді құрайтын элементтер. 2 Сөйлем мүшелерінің зерттелуі. 3 Сөйлем мүшелерінің жасалуы. |
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
|
ІІ модуль Сөйлем және сөйлемді құрайтын элементтер, сөйлем мүшелерінің зерттелуі мен жасалуы, сөйлем мүшелері туралы көзқарастар. Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтері. |
||
5 |
Сөйлем мүшелерінің грамматикалық сипаты. Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Дара, күрделі сөйлем мүшелері.
|
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, ол туралы көзқарастар. Толықтауыш, олар туралы көзқарастар. Анықтауыш, түрлері, жасалуы, зерттелуі. Пысықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі, жасалу жолдары |
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
6 |
Тұрлаусыз сөйлем мүшелері, олардың жасалуы. Дара, күрделі, үйірлі анықтауыштар. Дара, күрделі, үйірлі толықтауыштар. Дара, күрделі, үйірлі пысықтауыштар.
|
Сөйлем, оның негізгі белгілері. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. |
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
7 |
Айқындауыш, оның түрлері. Сөйлем мүшелерін ажыратудағы проблемалар. Жалпылауыш мүше. Бірыңғай мүшелерді ұйымдастырудағы көріністер.
|
Етістікті сөйлемдер, оның гегемониялық ролі. Есімді сөйлемдер, олардың қалыптасуы.
|
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
8 |
Жай сөйлемнің грамматикалық белгілері, семантикасының құрамы. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы. Жай сөйлемге тән минимум белгілер.
|
Сөйлемнің болымды, болымсыз түрлері Толымды, толымсыз сөйлемдер Жақты, жақсыз, белгілі жақты, жалпылама жақты т.б. сөйлемдер. Жалаң, жайылма сөйлемдер |
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
9 |
Жай сөйлемнің құрамы жағынан түрлері. Жай сөйлемнің бірінші топ функционалдық түрлері. Екі негізді сөйлемдердің түрлері. Номинативті және етістікті сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер.
|
Бастауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары Баяндауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары.. |
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
10 |
Жай сөйлемдердің екінші топ фукционалдық түрлері. Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдердің жасалуы, жұмсалуы.
|
Анықтауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары. Толықтауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары. Пысықтауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары. |
Сұрақ-жауап, тест, жаттығулар |
11 |
Хабарлы сөйлем баяндауыштарының мағыналары, тұлғалары. Сұраулы сөйлемдердің қызметіне және мағынасына қатысты топтастырылуы.
|
Оқшау сөздер, түрлері Қаратпа сөздер мен сөйлемдер. Қыстырма сөздер мен сөйлемдер. Сөйлем ішіндегі одағайлар. |
Сұрақ-жауап, тест, |
12 |
Эмоционалды және экспрессивті сөйлемдер. Баяндауыштарының тұлғалары.
|
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. |
жаттығулар |
13 |
Жай сөйлем құрамының күрделенуі, күрделену түрлері, сипаты. Үндеу амалдары, олардың сөйлем құрамына қатысуы. Қыстырма сөз, қыстырма сөйлемдер, олардың тыныс белгілері. Демеуліктер және олардың сөйлем құрамына қатысуы.
|
Жалаң, жайылма сөйлемдер Жақты, жақсыз сөйлемдер |
Сұрақ-жауап, тест, |
14 |
Қайталау амалы, оның жұмсалуы. Сөйлемдер жүйесіндегі тұлғалардың өзара қатынасы. Бұл қатынастың парадигмалық сипаты. Жай сөйлем жүйесіндегі тыныс белгілер.
|
Белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер. Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшелігі. Сөз – сөйлем, жасалу жолдары |
жаттығулар |
15 |
Сөйлемде сөздердің орын тәртібі. Түпкілікті/базистік/орын тәртібінің сипаты. Сөйлемде сөздердің актуализация мақсатына сай орын ауыстыруы. Жай сөйлемдегі актуалды және қалтарыс позициясы, олардың қалыптасуы, жұмсалуы, сөйлемде сөздердің композициялық мақсатқа сай орын ауыстыруы. Актуализация және оның қазақ тілі синтаксисінде жүзеге асыру тәсілдері.
|
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, түрлері. Матаса байланысқан сөз тіркестері. Матаса, жанаса байланысқан сөз тіркестері. |
Сұрақ-жауап, тест, |
Лабораториялық сабақ жұмыс оқу жоспарында қарастырылмаған.
Апта |
Лабораториялық сабақтың тақырыптары |
сағаты |
|
Модуль 1 |
|
1 |
|
|
