Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhss_umkd-2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.55 Кб
Скачать

V. Алғашқы тексеру мерзімі 20__ жыл

ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 1 жыл

VІ. ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ 20 жыл_

ЖБ-ның алдыңғы бекітілген уақыты

11. Пәнді оқытып үйретудің мақсаты мен міндеттері:

Курс мақсаты пәннің типтік бағдарламасында (Алматы, 2014, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) көрсетілгендей, пән қазақ тілінің синтаксистік деңгейіне кіретін құрылымдарды жеке-жеке қарап, нақты танытуға тиіс. Синтаксистік тұлғалардың құрылысын біліп, ол тұлғалардың бір жүйенің компоненттері ретіндегі байланысты білдіреді. Студенттер әр құрылымның функциясын да таниды.

Синтаксистік жүйенің тілдің басқа деңгейдегі амалдарымен ұштасып жатқанын біліп алады.

Курс міндеттері: Студенттер бұл пәнді оқу үстінде келешек тікелей мамандығы бойынша, жалғас кәсіп үстінде практикалық жұмыстарына негіз, сүйеніш болатын компетенцияны игеруге тиіс. Сондықтан пәннің міндеті осы компетенцияға қажет теориялық, фактологиялық мағлұматтың мол болуын қамтамасыз етеді, практикалық дағды береді.

12. Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:

Студент міндетті:

Синтаксис туралы түсінік, синтаксис термині, нысаны, зерттелу барысы, синтаксистің тілдің өзге салаларымен байланысы, сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесін топтау, сөйлем және сөйлемді құрайтын элементтер, сөйлем мүшелерінің зерттелуі мен жасалуы, сөйлем мүшелері туралы көзқарастар, сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтері, жай сөйлем синтаксисі, сөйлемнің түрлері туралы білуге.

Төмендегілерді білуі және пайдалана алуы тиіс:

  • Сөз тіркесі мен жай сөйлемді сипаттай және соған сай тілдік элементтерге талдау жасай білуі;

  • Сөз тіркесінің өзге ұқсас категориялардан айырмашылықтарын айыра білуге төселу, дұрыс тану;

Істей білу:

  • Сөз тіркесінің түрлерін ажырата білуге, олардың қалыптасу тарихынан мәліметтер білуге;

  • сөз тіркесі мен сөйлем түрлерін, олардың синтаксистік құрылымын дұрыс тани және сипаттай білуге.

Төмендегі дағдыларды меңгере білуі тиіс:

Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелеріне синтаксистік талдау жасай білуге

13. Пәннің модульдік оқыту бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспары және сағаттар торы

Тақырып атауы

Дәріс (сағат)

Практ.сабақ

(сағат)

Өзіндік

жұмыс

(сағат)

Ағымдық

бақылау

түрі

Аралық бақылау түрі

№ 1 модуль Кіріспе. Синтаксис туралы түсінік, синтаксис термині, нысаны, зерттелу барысы, синтаксистің тілдің өзге салаларымен байланысы. Сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесін топтау, сөйлем мүшелері.

1.

Синтаксис пәні, ол туралы түсінік.

Сөз тіркесінің тұлға ретіндегі белгілері. Сөз тіркесінің түрлері, олардың құрылуы.

2

1

4

Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

Бақылау жұмысы

2

Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы.

Зат есімді сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері.

2

1

4

Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

3

Сөз тіркесінің граммати-калық ұйымдасуы туралы. Сөз тіркесінің сыңарлары, байланысу формалары. Әрбір байланысу формала-рының қалыптасуы. Сөз тіркесінің сыңарлары. Зат есімді сөз тіркестері, олар-дың құрылуындағы ерек-шеліктер.

Етістікті сөз тіркестері, олардың құрылуы.

2

1

4

Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

4

Етістікті сөз тіркестерінің құрылу ерекшеліктері. Қазақ тіліне тән сөз тіркесінің қалыптасуы.

Сөйлемді сөз тіркесі, сөйлем мүшесі тұрғысынан танудың қажеті, ерекшелігі.

2

1

4

Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

5

Тұрлаулы сөйлем мүше-лері. Бастауыш пен баян-дауыштың арасындағы қа-тынас – предикативтілік туралы, олардың сөйлем құрамындағы белсенділігі.

Сөйлем мүшелерінің грамматикалық сипаты. Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Дара, күрделі сөйлем мүшелері. Үйірлі мүше туралы түсінік.

2

1

4

Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

6

Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістерінің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысы. Тұрлаусыз мүшелер.

Тұрлаусыз сөйлем мүшелері, олардың жасалуы. Дара, күрделі, үйірлі пысықтауыштар. Дара, күрделі, үйірлі толықтауыштар. Дара, күрделі, үйірлі анықтауыштар.

2

1

4

Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

7

Айқындауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түрлері. Сөйлем мүшелерінің коммуникативті мақсат-тары. Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар.

Айқындауыш, оның түрлері. Сөйлем мүшелерін ажыратудағы проблемалар. Жалпылауыш мүше. Бірыңғай мүшелерді ұйымдастырудағы көріністер.

2

1

4

Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

№ 2 модуль Сөйлем және оның түрлері

8

Жай сөйлем, жай сөйлемнің грамматикалық сипаты, анықтамасы, жай сөйлемге тән семантика. Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері.

Жай сөйлемнің грамматикалық белгілері, семантикасының құрамы. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы. Жай сөйлемге тән минимум белгілер.

2

1

4

Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

Бақылау жұмысы

9

Сөйлемнің мағыналық түрлері. Екі негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесінде олардың алатын орны, түрлері.

Жай сөйлемнің құрамы жағынан түрлері. Жай сөйлемдердің бірінші топ функционалдық түрлері. Екі негізді сөйлемдердің түрлері. Номинативті және етістікті сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер.

2

1

4

Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

10

Бір негізді сөйлемдер. Сөйлем жүйесінде олардың алатын орны, түрлері.

Жай сөйлемдердің екінші топ функционалдық түрлері. Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдердің жасалуы, жұмсалуы.

2

1

4

Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

11

Хабарлы сөйлем, есімді, етістікті түрлері. Сөйлем-дердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы сөйлем, оның грамма-тикалық сипаты. Сұраулы сөйлемдердің грамма-тикалық сипаты, сұраулы сөйлем жасаудағы интона-цияның ролі.

Хабарлы сөйлем баяндауыштарының мағыналары, тұлғалары. Сұраулы сөйлемдердің қызметіне және мағынасына қатысты топтастырылуы.

2

1

4

Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

12

Бұйрықты сөйлемдер, олардың құрылу ерекше-ліктері. Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекше-ліктері. Бұйрықты сөйлем-дерден айырмашылығы, жасалу жолдары.

Эмоционалды және экспрессивті сөйлемдер. Баяндауыштарының тұлғалары.

2

1

4

Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

13

Қазақ тілі синтаксисіндегі үндеу амалы, орны, жұм-салуы.

Жай сөйлем құрамының күрделенуі, күрделену түрлері, сипаты.Үндеу амалдары, олардың сөйлем құрамына қатысуы. Қыстырма сөз, қыстырма сөйлемдер, олардың тыныс белгілері. Демеуліктер және олардың сөйлем құрамына қатысуы.

2

1

4

Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

14

Қазақ тілі синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі грамматикалық жү-йеге қатысы.

Қайталау амалы, оның жұмсалуы. Сөйлемдер жүйесіндегі тұлғалардың өзара қатынасы. Бұл қатынастың парадигмалық сипаты. Жай сөйлем жүйесіндегі тыныс белгілері.

2

1

4

Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

15

Қазақ тілі синтаксисінің лингвомәдени аспектілері, сөйлемдердің құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным.

Сөйлемде сөздердің орын тәртібі. Түпкілікті (базистік) орын тәртібінің сипаты. Түпкілікті орын тәртібінің өзгеруі (инверсия), оған әсер ететін факторлар. Сөйлемде сөздердің актуализация мақсатына сай орын ауыстыруы. Жай сөйлемдегі актуалды және қалтарыс позиция, олардың қалыптасуы, жұмсалуы, сөйлемде сөздердің композициялық мақсатқа сай орын ауыстыруы.

Актуализация және оның қазақ тілі синтаксисінде жүзеге асыру тәсілдері.

2

1

4

Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап

Барлығы

30

15

90

14. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

Дәрістер

р/с

Тақырыптың атауы

Негізгі дидактикалық бірліктер

Ағымдық бақылау формалары

№ 1 модуль Кіріспе. Синтаксис туралы түсінік, синтаксис термині, нысаны, зерттелу барысы, синтаксистің тілдің өзге салаларымен байланысы. Сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесін топтау, сөйлем мүшелері.

1

Синтаксис пәні, ол туралы түсінік

Синтаксис гректің Sintaxis деген сөзінің негізінде пайда болған. Бұл сөздің бастапқы мағынасы «құрау». Синтаксис термині екі мағынада жұмсалады: 1) сөйлеудің (высказывание) құрылысы жүйесі деген мағынада, 2) тіл ғылымының (грамматиканың) бір саласының атауы мағынасында. Синтаксис сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы. Синтаксис сөйлеудің қалыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді. Сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Сөйлемнің синтаксисі өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі. Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі зерттейді. Сөйлемдерді салыстыру: 1) Аман алған кітап менде. Бұл кітапты Аман алған. (үйірлі анықтауыш, сөйлемнің предикаттық орталығы ). 2) Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауды ма? Жаңбыр жауды дейсің! (сөздер бірыңғай, бірақ көмекші сөздердің қатысуы мен интонацияның өзгеруі сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына сай құбылып тұр). 3) Қалың жаңбыр. Төңірек телегей- теңіз су. Қалың жаңбыр жауды. (атаулы сөйлем, сөйлем құрамындағы сөз тіркесі).

Сөйлем құрамына енетін сөздер өзара қалыптасқан ереже бойынша тіркесіп, грамматикалық байланысқа түседі. Сөздердің өзара байланысу ережесін сөз тіркесінің синтаксисі зерттейді.

Сұрақ-жа-уап, тест

2

Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы.

Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі дейміз (М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. ҚҚТ, Алматы, 1997. 32-б. ). Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі не одан да көп сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз (Р.Әмір).

Салаласа байланысқан сөз тіркестері өзара тең қатынаста болады: боран мен аяз, сүйкімді, мақтаулы; ағын да, қарасын да, грамматикалық қатынастары: ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты т.с.с. байланысу тәсілдері интонация, шылау сөздер арқылы. Сабақтаса байланысқан сөз тіркестері басыңқылық-бағыныңқылық қатынаста болады: керегінің өзі, анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық, бастауыш- баяндауыштық не предикаттық қатынаста болады. Екеуінің ортақтығы синтаксистік қатынасты білдіру мақсатында құрылуы мен толық мағыналы кем дегенде екі сөзден құрастырылуы. Сөз тіркесінің синтаксистің арнайы зерттеу нысаны болуы, яғни сөз тіркесінің жеке сала сапасында пайда болуы 1950 жылдарға жатқызылады да, профессор М.Балақаев лингвистикалық түркологияда түркі тілдеріндегі сөз тіркесі теориясының негізін қалаған монографияның иесі болып саналады «Основные типы словосочетаний в казахском языке. Алматы, 1957.». Сөз тіркесі терминінің алғаш қолданылуы М.Балақаев пен Т.Сайрамбаев оқулығында көрсетілген мәлімет бойынша, 1953 жылы жарық көрген С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев құрастырған «Орта мектептерге арналған синтаксис» оқулығында қолданылған. Онда сөз тіркесіне мынадай анықтама берілген: «кейбір сөз (сөйлем мүшесі басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, толықтап, пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі керек ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз 12-б.)» . сөз тіркесі жайында еңбек жазып пікір білдірген зерттеушілер мыналар: түркологияда: А.П.Поцелуевский (Основы синтаксиса туркменского литературного языка. Ашхабад, 1943), Н.К.Дмитриев (Грамматика башкирского языка, М-Л, 1945.), Н.А.Баскаков (Словосочетания в каракалпакском языке. Жин. исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, 3 (синтаксис), М, 1961), Е.И.Убрятова «Исследования по синтаксису якутского языка» . Қазақ тіл білімінде сөз тіркесіне қатысты еңбектер М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, С.Аманжолов, А.Аблақов т.б. ғалымдар еншісіне тиесілі.

Сөз тіркесі кез келген сөздердің тіркесі емес, ол дербес мағыналы сөз таптарының өзара тіркесі. Сондықтан сөз тіркесін оған ұқсас категориялардан ажырата білу керек. 1) сөз тіркесінің түйдекті тіркестен ерекшелігі: түйдекті тіркес дегеніміз – лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес дейміз. Оған күрделі етістіктер тобы (оқып келе жатыр), есім мен көмекші етістіктер тобы (жұмыс істеу, жол жүру), қосарлы есімдер тобы (бірін-бірі, табыстан-табысқа), күрделі есімдер тобы (сен тәрізді, қала үстіне), тұрақты тіркестер тобы (үрейін ұшыру, есінен тандыру) жатады. бұлар сөз тіркесінің бір сыңарының қызметін ғана атқарады. Лексикалық түйдек (ақ қайың, боз торғай). Лексикалық және түйдекті тіркестер сөз тіркесіне жатпайды, оның бір компоненті сапасында қатысады. В.В.Виноградовтың айтуынша, сөз тіркесі номинативті, ал сөйлем предикативті болады. Желсіз түн.- әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы, негізінен, өзгертіліп отырады, сондықтан оны еркін сөз тіркесі деп те атайды. Жақсы жайлау, жақсы ырым. Мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана өзара синтаксистік байланыста болып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, үркек ат, үркек бие, үркек тайлақ деген сөз тіркесі болғанымен, үркек тауық деген тіркес қолданылмайды.

Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады: 1) сөз тіркестері сатылана байланысады: үлкен ағаштың көлеңкесі 2) бір басыңқыға ортақтасып жарыса тіркеседі: кеше бардық, театрға бардық, апаммен бардық. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары қара сөзде бағыныңқыдан кейін келеді, ал поэзияда керісінше тұруы да мүмкін. Сөз тіркесі жай және күрделі болып бөлінеді. Көлге қонады, көл жағалай қонады. Есімді, етістікті, ортақ басыңқы сыңарлы (Т.Сайрамбаев, М.Балақаев маған дос болатын сияқты, білімді жігіт еді), үстеулі (К.Аханов, М. Серғалиев) (келгені кеше) болып бөлінеді.

Сұрақ-жауап, тест

3

Сөз тіркесінің грамматикалық ұйымдасуы туралы. Сөз тіркесінің сыңарлары, байланысу формалары. Әрбір байланысу формала-рының қалыптасуы. Сөз тіркесінің сыңарлары. Зат есімді сөз тіркестері, олардың құрылуындағы ерек-шеліктер.

Сөз тіркесі бағыныңқы және басыңқы сыңарының санына қарай дара және күрделі сөз тіркесі деп, басыңқы сыңарының қандай сөз табынан жасалғанына қарай есімді, етістікті, ортақ басыңқы сыңарлы деп жіктеледі. Олардың әрқайсысы байланысу формаларына қарай қабыса, матаса, меңгеріле, жанаса, қиыса байланысқан сөз тіркесі деп жіктеледі. Зат есімді тіркестер негізінен үш формада – қабысу, меңгеру, матасу арқылы құралады: қол сағат (қабысу), колхозға мүше (меңгеру), балтаның сабы (матасу.)

Сұрақ-жауап, тест

4

Етістікті сөз тіркестерінің құрылу ерекшеліктері. Қазақ тіліне тән сөз тіркесінің қалыптасуы.

Етістікті сөз тіркестері дегеніміз – басыңқы сыңары етістік сөз табынан болатын сөз тіркесі. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері табыс септіктегі пысықтауыш қызметін атқарудан біртіндеп арылып, бірыңғай тура толықтауыш қызметін атқаруға көшуінен пайда болған. Ол ғылыми зерттеулерде берік және әлсіз меңгеру деп бөлінеді. Сабақты етістіктерді меңгеруі. Салт етістіктерді меңгеруі.

Сұрақ-жауап, тест

5

Тұрлаулы сөйлем мүше-лері. Бастауыш пен баян-дауыштың арасындағы қа-тынас – предикативтілік туралы, олардың сөйлем құрамындағы белсенділігі.

Сөйлемді құрайтын сөздер сөйлем мүшелеріне жіктеледі. Бұл мүшелердің өздеріне тән атқаратын қызметтері болады. Әрбір мүше өзінің формасы болуымен бірге мағынасының болуымен де ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері өздерінің қызметтеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді: тұрлаулы, тұрлаусыз. Сөйлем мүшелері мәнмәтінде жеке келіп те, тіркес күйінде де келіп сөйлем құрай алады.

Предикативтілік – барлық сөйлем формаларына тән, сөйлемді қарым-қатынас бірлігіне жатпайтын сөз, сөз тіркесінен ажырататын бірден-бір қасиет, белгі. Предикативтік туралы тұжырымның екі түрі бар: 1) мазмұнның шындық болмысқа теңестірілуі, 2) сөйлемді құраушы құрақтар (компоненттер) арасындағы қатынас. Модальдылықтың екі түрі бар: 1) субъективті модальдылық, 2) объективті модальдылық.

Сұрақ-жауап, тест

6

Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістері-нің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысы. Тұр-лаусыз мүшелер.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелерді жан-жақты толықтырып, анықтап, пысықтап тұрады. Анықтауыш сапалық, меншіктік деп бөлінсе, толықтауыш тура және жанама деп, пысықтауыш мезгіл, мекен, мөлшер, амал, себеп, мақсат деп бөлінеді.

Сөйлемнің бастауышының есім сөз немесе етістік болуы – бұл мүшенің лексикалық көрінісін ғана көрсететін құбылыс емес. Мысалы, толықтауышқа қатысты анықтауыштың сын есім не есімше болып келуі сөйлемнің функциональдық-грамматикалық сипатын өзгертпейді. Ұзын қаламды алдым. Ұшталған қаламды алдым

7

Айқындауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түр-лері. Сөйлем мүшелерінің коммуника-тивті мақсаттары. Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар.

Айқындауыштың түрлері: 1) қосалқы айқындауыш зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіреді: Майқы би, сен бала, Асқар қорқақ т.с.с. Айқындауыш мүше басым мүшемен тығыз грамматикалық байланыста тұрады. Соның көрінісі – басым мүшеге қатысты жалғауды осы айқындауыш қабылдайды: Оспан қартты кісіллер үйден шығып қарсы алды. Сын есімдердің ішінде осы қызметк арналып жұмсалатын сөздер бар: -ғыр, -гір жұрнақты сын есімдер сол құрғыр, сен түбің түскір ...Айқындауыш ретінде ғана жұмсалатын сөздер бар: неме, түскір. Қосалқы айқындауыш мүше негізінен сөйлеу тіліне тән, эмоцияны білдіру тәсілі ретінде жұмсалады. 2) қосарлы айқындауыш деп негізгі сөзге қосарланып, онысы дефис арқылы жазылуынан көрінетін айқындауышты айтамыз. Мысалы: телефон-автомат, инженер-механизатор т.т. Қосарлы айқындауыш газет тілінде, поэзия тілінде жиі ұшырайды. Оңашаланған айқындауыш деп сөйлемдегі бір мүшені саралап, айқындап қайта атайтын сөзді, сөздер тіркесін айтамыз. Мұнда, Алматыда, барлық мәселелерді шешуге ... жәрдемін алуым керек.

Сұрақ-жауап, тест

№ 2 модуль Сөйлем және оның түрлері

8

Жай сөйлем, жай сөйлемнің грамматикалық сипаты, анықтамасы, жай сөйлемге тән семантика. Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері.

Сөйлем – адам ойын білдірудің негізгі құралы. Біршама тиянақты ойды білдіретін преикаттық қатынас негізінде құралған синтаксистік тлға сөйлем деп аталады. Оған тән белгілер: 1) құрылымдық белгі: сөйлем сөйлем мүшелерінен түзіледі. 2) семантикалық белгі: предикативтілік – сөйлемді сөйлем ететін ең басты синтаксистік категория. Предикативтілік-тің мағынасы мен қызметі сөйлем мазмұнын шындық болмысқа теңестіру болып табылады. Бұл предикативтіліктің ажырамас қасиеттері – модальдылық, шақтық, жақтық тәрізді синтаксистік категориялары арқылы іске асады. Предикативтіліктің үш белгісі болады: модальдылық, шақтық, жақтық. 3) сөйлем сөйлемге тән интонациямен айтылады.

Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері: 1) іс иесі зат пен қимыл-әрекеттің өзара қатынасын білдіретін сөйлемдер: Әйел көрінді.

2) Зат пен оның қимыл күйін хабарлайтын сөйлем: Мойнына жіп тағылды. 3) субъект зат пен оның заттық сапасының қатынасын білдіретін сөйлемдер: Оспан – бригадир. 4) Субъект зат пен оның сындық, сандық сапасының, күйінің қатынасын білдіретін сөйлемдер: Аспан ашық. Маңайда ел жоқ. 5) қимыл іс пен логикалық субъект-заттың қатынасын білдіретін сөйлемдер: Орнынан секіріп шыққан – көкшолақ. 6) қимыл іс пен оның сынының, объектісінің қатынасын білдіретін сөйлемдер: Айтатыны Абдрахмен болған. ... айтылғаны жөн. 7) Қимыл іс пен оның себебінің қатынасын білдіретін сөйлемдер: Жүдегені – мазасыздығынан. Келмеді – кешіккендіктен.

Сұрақ-жауап, тест

9

Сөйлемнің мағыналық түрлері. Екі негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесінде олардың алатын орны, түрлері.

Болымды, болымсыз сөйлем. Толымды, толымсыз сөйлем. Жалаң сөйлем дегеніміз – тұрлаулы мүшелер негізінде жасалған сөйлемдер. Жайылма сөйлем дегеніміз – тұрлаулы мүшелермен қоса тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған сөйлемдер. Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар және жасырын тұрса да баяндауышқа қарап қандай сөз екенін табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады. Тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелерінің қатысына қарай толымды, толымсыз сөйлемдер.

Сұрақ-жауап, тест

10

Бір негізді сөйлемдер. Сөйлем жүйесінде олардың алатын орны, түрлері.

Жақсыз сөйлем дегеніміз – бастауышы болмайтын және ізделмейтін сөйлем түрі. Ол баяндауышқа сүйеніп құрылады, бір негізді сөйлемге жатады. Жасалу жолдары: 1) б. с. тұйық рай етістік + болады (болмайды): келуге болады / болмайды; Бұл алқаптың шөбін шабуға болады. 2) б. с. тұйық рай етістік +тура келеді: Маған бұл сөзді амалсыз айтуға тура келеді. 3) болымсыз шартты рай етістік + болмайды: Арнайы барып көрмесе болмайды. 4) тұйық рай етістік + керек: Оған бірнеше сүңгу керек. 5) –пақ тұлғалы есімше + керек: не болса да барып көрмек керек. 6) –ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі) + болар: Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар. 7) шартты рай етістік + болар еді: Жоңышқаны уақыт өткізбей шапса болар еді. 8) ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі) +ма (ме) + еді: Сол әсем өлкені көрер ме еді! 9) болымсыз есімше + барыс жалғау: айтпасқа. Сонымен қатар сөйлемде неге деген сұрай есімдігі қатысады: ... неге маған шалқымасқа, шаттанбасқа! 10) шартты рай етістік баяндауышы бар сөйлем: Көгеріп қалған бөктерден, көпсітіп жылқы айдаса! 11) өткен шақ көсемше + болмайды: ....бір ауылдан бір ауылды айырып болмайды. 12) ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баяндауыштар мақал-мәтел ретінде сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады: көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың. 13) 2-жақ бұйрық рай етістіктен болған баяндауыш мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады. Аға тұрып, іні сөйлегеннен без. Жақсыз сөйлемдер сөйлеудің арнаулы коммуникативтік мақсатын орындау үшін қалыптасқан. Бұл сөйлемдер мынадай қызмет атқарады: 1) тілеулі, қалаулы оқиғаны нақты субъектіге қатыссыз (жаққа қатыссыз) жалпылай айту үшін жұмсалады (неге айтпасқа, көрер ме еді) 2) болмыстағы бір жағдайды қорытынды тұжырым ретінде айту үшін жұмсалады (көтеруге болады/болмайды, сөйлеу керек).

Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшелігі. Сөз – сөйлем, жасалу жолдары

Сұрақ-жауап, тест

11

Хабарлы сөйлем, есімді, етістікті түрлері. Сөйлем-дердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы сөйлем, оның грамма-тикалық сипаты. Сұраулы сөйлемдердің грамма-тикалық сипаты, сұраулы сөйлем жасаудағы интона-цияның ролі.

Сөйлемнің айтылу мақсатына сай мынадай түрлері бар: хабарлы, сұраулы, бұйрықты және айтылу сазына қарай лепті. Хабарлы сөйлем дегеніміз – бір нәрсені, оқиғаны, хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын кострукциялар хабарлы сөйлем деп аталады. Олардың негізгі грамматикалық белгілері: 1) баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады, 2) өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемнің интонациясының физикалық көріністері экспериментальдық жолмен зерттеліп, мелодикасы график түрінде бейнеленеді. Ол интонация тіл білімінде баяндау сарынды интонация деп аталады. Хабарлы сөйлем екі негізді, бір негізді құрамда көрінеді. Сұраулы сөйлем – бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем түрлері: негізгі сұрақты білдіретін, жетек сұрақты білдіретін, анықтаушы сұрақты білдіретін, мағынасына қарай: ашық сұрақты білдіретін, альтернативті сұрақты білдіретін, риторикалық сұрақты білдіретін, түрткі сұрақты білдіретін.

Сұрақ-жауап, тест

12

Бұйрықты сөйлемдер, олардың құрылу ерекше-ліктері. Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекше-ліктері. Бұйрықты сөйлем-дерден айырмашылығы, жасалу жолдары.

Сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалады. Жасалуы: 1) етістіктің жалаң 2-жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы: Тауығыңа ие бол. 2) 1-жаққа қатысты бұйрықты –айын, -ейін, -айық, -ейік, -алық, -елік формалы етістіктер білдіреді: Мен барайын. 3-жаққа қатысты бұйрықты –сын, -сін тұлғалы баяндауыштар білдіреді: Ол ертең келсін.

Лепті сөйлем – сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлем. Олар эмоциялы баяндауыштар арқылы жасалады.

13

Қазақ тілі синтаксисіндегі үндеу амалы, орны, жұм-салуы.

Үндеу тілдің қосымша атқаратын қызметі. Тілдің негізгі қызметі пікірді хабарлау. Үндеу осы пікірді хабарлау, тыңдаушыға жеткізу нәтижелі болу үшін жәрдемдеседі. Үндеу қызметін атқаратын сөздер сөйлем құрамында қыстырма компонент ретінде қатыстырылады. Қыстырма коипонент ретінде қаратпа сөздер жұмсалады.үндеу үшін жұмсалатын қыстырма коипоненттер сөйлемнің эмоциялық, коммунткативтік міндетіне сай сонымен тығыз бірлікте жұмсалады. Қаратпа дегеніміз – басқа біреудің назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған сөз не сөз тіркесі. Есімше оралымды сөйлемдер дегеніміз – негізгі сөйлемдегі оқиға желісінің мазмұнын әр түрлі жақтан айқындай толықтыра жұмсалатын сөйлем. Көсемше оралымды сөйлем дегеніміз – айтылатын ойды образды түрде кеңейтіп, дәл беру үшін, қосалқы әрекеттерден негізгі процесті бөліп, айқындай түсу үшін қолданылатын құрылым.

14

Қазақ тілі синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі грамма-тикалық жүйеге қатысы.

Үстеме тұлғалар: тәуелдік жалғау; жақтық жалғау; септеулік шылау. Үстеме амалдар негізгі тұлғалардыңжетегінде келіп, соларға үстеліп жұмсалады. Қызметі: бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын байланыстырушы тұлға ретінде жасайды. Баяндауыш ретінде негізгі тұлға көсемше формалы етістік, шартты рай формалы етістік, есімше формалы етістік, қимыл есім формалы етістіктер қатысады, септік жалғау, жақтық жалғау т.б. соларға үстеледі.

15

Қазақ тілі синтаксисінің лингво-мәдени аспектілері, сөйлемдердің құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным.

Синтаксисті лингвомәдени аспектіде зерттеуде «грамматикалық категориядағы кез келген айырма семантикалық ақпаратты тасымалдайды (Якобсон)» және ол семантикалық ақпарат белгілі бір ұлттың шындықты категориялауының көрсеткіші болып саналады деп түсіндіреді. Грамматикалық формалар да, кез келген өзге тілдік формалар тәрізді ұлттың танымына сай жұмсалады. Тілдің ұлттық сипатының грамматикадағы көрі-нісі тілдің әр қызметінің тасымал-даушысы болатын грамматикалық форма-лардың қолданылу жиілігінен де байқа-лады.

Практикалық сабақтары

р/с

Тақырыптың атауы

Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер

Ағымдық бақылау түрі

І модуль Синтаксис туралы түсінік, синтаксис термині, нысаны, зерттелу барысы, синтаксистің тілдің өзге салаларымен байланысы. Сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесін топтау.

1

Сөз тіркесінің тұлға ретінде белгілері. Сөз тіркесінің түрлері, олардың құрылуы.

  1. Сөз тіркесінің байланысу формаларының түркологияда және қазақ тіл білімінде зерттелу дәрежесі.

  2. Әрбір байланысу формаларының қалыптасуы.

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

2

Зат есімді сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері.

  1. Есімді сөз тіркесі..

2. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, түрлері

3 Матасу, қабысу, жанасу.

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

3

Етістікті сөз тіркестері, олардың құрылуы.

  1. Сөз тіркесін топтау.

  2. Сөз тіркесінің құрылысы туралы.

Сөздердің тіркесу қабілеті

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

4

Сөйлемді сөз тіркесі, сөйлем мүшесі тұрғысынан танудың қажеті, ерекшелігі.

1 Сөйлемді құрайтын элементтер.

2 Сөйлем мүшелерінің зерттелуі.

3 Сөйлем мүшелерінің жасалуы.

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

ІІ модуль Сөйлем және сөйлемді құрайтын элементтер, сөйлем мүшелерінің зерттелуі мен жасалуы, сөйлем мүшелері туралы көзқарастар. Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтері.

5

Сөйлем мүшелерінің грамматикалық сипаты. Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Дара, күрделі сөйлем мүшелері.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, ол туралы көзқарастар.

Толықтауыш, олар туралы көзқарастар.

Анықтауыш, түрлері, жасалуы, зерттелуі.

Пысықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі, жасалу жолдары

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

6

Тұрлаусыз сөйлем мүшелері, олардың жасалуы. Дара, күрделі, үйірлі анықтауыштар. Дара, күрделі, үйірлі толықтауыштар. Дара, күрделі, үйірлі пысықтауыштар.

Сөйлем, оның негізгі белгілері.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

7

Айқындауыш, оның түрлері. Сөйлем мүшелерін ажыратудағы проблемалар. Жалпылауыш мүше. Бірыңғай мүшелерді ұйымдастырудағы көріністер.

Етістікті сөйлемдер, оның гегемониялық ролі.

Есімді сөйлемдер, олардың қалыптасуы.

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

8

Жай сөйлемнің грамматикалық белгілері, семантикасының құрамы. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы. Жай сөйлемге тән минимум белгілер.

Сөйлемнің болымды, болымсыз түрлері

Толымды, толымсыз сөйлемдер

Жақты, жақсыз, белгілі жақты, жалпылама жақты т.б. сөйлемдер.

Жалаң, жайылма сөйлемдер

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

9

Жай сөйлемнің құрамы жағынан түрлері. Жай сөйлемнің бірінші топ функционалдық түрлері. Екі негізді сөйлемдердің түрлері. Номинативті және етістікті сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер.

Бастауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары

Баяндауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары..

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

10

Жай сөйлемдердің екінші топ фукционалдық түрлері. Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдердің жасалуы, жұмсалуы.

Анықтауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары.

Толықтауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары.

Пысықтауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары.

Сұрақ-жауап, тест,

жаттығулар

11

Хабарлы сөйлем баяндауыштарының мағыналары, тұлғалары. Сұраулы сөйлемдердің қызметіне және мағынасына қатысты топтастырылуы.

Оқшау сөздер, түрлері

Қаратпа сөздер мен сөйлемдер.

Қыстырма сөздер мен сөйлемдер.

Сөйлем ішіндегі одағайлар.

Сұрақ-жауап, тест,

12

Эмоционалды және экспрессивті сөйлемдер. Баяндауыштарының тұлғалары.

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

жаттығулар

13

Жай сөйлем құрамының күрделенуі, күрделену түрлері, сипаты. Үндеу амалдары, олардың сөйлем құрамына қатысуы. Қыстырма сөз, қыстырма сөйлемдер, олардың тыныс белгілері. Демеуліктер және олардың сөйлем құрамына қатысуы.

Жалаң, жайылма сөйлемдер

Жақты, жақсыз сөйлемдер

Сұрақ-жауап, тест,

14

Қайталау амалы, оның жұмсалуы. Сөйлемдер жүйесіндегі тұлғалардың өзара қатынасы. Бұл қатынастың парадигмалық сипаты. Жай сөйлем жүйесіндегі тыныс белгілер.

Белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдер.

Толымды, толымсыз сөйлемдер.

Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшелігі. Сөз – сөйлем, жасалу жолдары

жаттығулар

15

Сөйлемде сөздердің орын тәртібі. Түпкілікті/базистік/орын тәртібінің сипаты. Сөйлемде сөздердің актуализация мақсатына сай орын ауыстыруы. Жай сөйлемдегі актуалды және қалтарыс позициясы, олардың қалыптасуы, жұмсалуы, сөйлемде сөздердің композициялық мақсатқа сай орын ауыстыруы.

Актуализация және оның қазақ тілі синтаксисінде жүзеге асыру тәсілдері.

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, түрлері.

Матаса байланысқан сөз тіркестері. Матаса, жанаса байланысқан сөз тіркестері.

Сұрақ-жауап, тест,

15. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992

  2. Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003

  3. Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002

  4. Бөзбаева А. Қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі, А., 2005

  5. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 2007

  6. Орфографиялық сөздік. А., 2007

  7. Жақыпова Ж. Сөйлеу тілінің сипаты. Қарағанды, 2001

  8. Әмір Р. Жалғаулықтар: құрамы, дамуы, қызметі. –Қазақ лингвистикасы мен лингво-практика мәселелері. А., 2008

Қосымша әдебиеттер

1 С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

2 Қ.Шәукенов. Қолданбалы грамматика. Атырау, 2000.

16. Емтихан бағдарламасы:

СҰРАҚТАР ТІЗБЕСІ

Сұрақ мәтіні

1

Синтаксис терминінің мәні, зерттеу нысаны, синтаксистің негізгі бағыттары.

2

Сөз тіркесі синтаксисі, зерттеу нысаны

3

Сөз тіркесінің анықтамасы, өзіндік ерекшеліктері.

4

Сөз тіркесінің түрлері мен құрамы.

5

Есімді сөз тіркестері

6

Етістікті сөз тіркестері

7

Сөздердің байланысу формалары

8

Сөздердің байланысу тәсілдері

9

Синтаксистік қатынастар, олардың түрлері

10

Сөйлем және оның түрлері

11

Сөйлемге тән белгілер

12

Сөйлем мүшелері, олардың жасалуы, түрлері

13

14

15

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, жасалуы, түрлері

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, жасалуы, түрлері.

Сөйлемнің үйірлі мүшелері

16

Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

17

Жалаң және жайылма сөйлем

18

Жақты сөйлем, оның түрлері, жасалуы

19

Жақсыз сөйлем, оның түрлері, жасалуы

20

Толымды және толымсыз сөйлем

21

Етістікті және номинативті сөйлем

22

Қаратпа сөз, сөз тіркесі, сөйлем, олардың әрқайсысының жасалу жолдары.

23

Қыстырма сөз, сөз тіркесі.

24

Оқшау сөздерге байланысты тыныс белгілері.

25

Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшеліктері.

26

Пысықтауыш, оның түрлері, жасалуы.

27

Анықтауыш, түрлері, жасалуы, тыныс белгілері, ол туралы көзқарастар.

28

Үйірлі анықтауыштар

29

Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі, жасалуы

30

Баяндауыштың жасалу жолдары, семантикасы.

31

Бар, жоқ сөздерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Модаль сөзді баяндауыштар.

32

Етістікті баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері.

33

Есімді баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері. Құрама баяндауыштар.

34

Бастауыш, оның зерттелуі. Бастауыштың сұраулары. Бастауыштың түрлері, жасалу жолдары, семантикасы.

35

Сөйлем мүшелерінің жасалуы.

36

Қабысу, оның көріністері.

37

Сөз тіркесінің байланысу формаларының біріне-бірінің ауысу процесі, түрлері.

38

Жанасу, оның құрамы.

39

Матасу, оның түрлері, жасалу көрінісі.

40

Меңгеру, оның түрлері. Етістікті, есімді, ортақ меңгеру.

41

Қиысу және оның түрлері.

42

Сөз тіркесінің өзіне ұқсас категориядан айырмашылығы.

43

Хабарлы сөйлем, оның жасалуы.

Бақылаушы-өлшемдік материалдар мәтіні

1

  1. Сөз тіркесі болу шарттарының бірі – А) екі сөздің болуы В) синтаксистік қатынаста болмауы С) тек пысықтауыштық қатынаста тұруы Д) толық мағыналы екі сөздің тіркесуі Е) қарама-қарсы мағыналы сөздердің тіркесуі

  2. Сөз тіркесі бола алмайтын тіркесті белгілеңіз: А) ауыл арасы В) жақсы оқушы С) білімді жігіт Д) көргенге қуану Е) үмітпен тірлік ету

  3. Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) келген адам В) көрмені аралау С) ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер Д) үкілі үміт Е) көзді ашып-жұмғанша

  4. Күрделі сөз тіркесін белгілеңіз: А) көз қуанышы В) ғылыми зерттеу С) асығып-аптығып жету Д) ақыл-кеңес Е) досымен кездесу

5. «Етістік – зат есім» үлгісіндегі сөз тіркесін белгілеңіз: А) қалған көңіл В) ауыр жүк С) биік шың Д) терең құз Е) көңілсіз құлақ, ойға олақ.

2

1. Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) көзбен көру В) айтқаны рас С) бергені жақсы Д) дауысы қатты Е) келгені кеше

2. Есімді сөз тіркестерін белгілеңіз: А) көзді ашып-жұмғанша В) арманы асқақ С) ойша елестету

Д) ішпен біл Е) жедел жеткізу

3. Жатыс септікті сөзді меңгерген етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) қорада жүр В) қапқа салды С) қаулы жазды Д) күлгенге ренжіді Е) хабарға қанықты

4. Табыс септік тұлғалы сөзді меңгерген етістікті сөз тіркестері А) не айтуды білмеді В) қолынан ұстады С) келгелі естіп жүр Д) барға қанағат Е) үлкенге ізетті

5. Матаса байланысқан сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз: А) алпыстың үшінде В) ақылдының ақылдысы С) ажарға тәуір Д) балаларға қызық Е) жүз де елу бес

3

  1. Сөз тіркесі дегеніміз – А) сабақтаса байланысқан толық мағыналы кем дегенде екі сөздің синтаксистік қатынасты білдіру үшін құрылған синтаксистік тобы. В) салаласа байланысқан сөздер тобы С) тұрақты сөз тіркестері Д) басыңқы сыңары етістіктен болатын сөз тіркесі Е) матаса байланысқан сөздер тобы.

  2. Меңгеру амалымен құрылған сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз: А) жиырманың екісінде В) бояудың көгі С) мінезімен сүйкімді Д) балалардың төртеуі Е) арбаға оқтық.

  3. «Есімдік – зат есім» типті сөз тіркестері А) қай жыл В) айтар сөз С) екінші қатар Д) сері көңіл Е) бүгін кезекші

  4. «Сан есім – зат есім» типті сөз тіркестерін табыңыз: А) үш метр мата В) ол қырда С) қазір инженер Д) келетін кісілер Е) Қорқыт кеуде

  5. «Есімше – зат есім» типті сөз тіркесін белгілеңіз: А) жылма-жыл бастық В) келер кісілер С) нешінші қатар Д) інімнің кітабы Е) қалың қарағай

4

1. Қаратпа ретінде жиі жұмсалатын сөздерді белгілеңіз: А) жалқы есімдер В) жіктік жалғаулы сөздер С) атаулы сөйлем құрамындағы сөздер Д) негізгі мүшесі –ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен келетін сөздер Е) атау септіктегі кез келген сөз

2. Үндеу амалы ретінде сөйлем ішінде қолданылатын сөздерді белгілеңіздер: А) немене, қалай, қане, ал деген В) мен, сен, ол С) ешкім, ешқашан Д) етістіктер, есімшелер Е) адырақ көз өкіл

3. Әңгіме болып отырған оқиғаны, кісіні, затты тыңдаушының есіне түсіру мақсатында енгізілетін қыстырма сөйлемдерді белгілеңіз: А) Сонау бір адырақ көз өкіл келіп еді ғой, соның сөзі дұрыс еді (Б.М.). В) Қой, мен кетейін. С) Ал қайтармадым, не қыласың? Д) Байқайсың ба, Марфуға бастықты байқап отыр. Е) Қулық жоқ қой, білдіңіз бе, қулық болса, бітпейтін дүние жоқ.

4. «Есімдік - болмаса» құрамда жұмсалатын қыстырма сөйлемді белгілеңіз: А) Қайдам, өзің болмасаң, айта-айта шаршадым. В) Әй, атаңа нәлет байлар, салып едің ылаңды. С) Әй, өркенің өскір, айтар сөзіңді ашып айт. Д) Ау, сен неге жайластың? Е) Ит-ау, солай құшақта деппін бе.

5. Оспан, сен осы істі бітіріп бер, қарағым.

5

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін белгілеңіз: А) бастауыш, баяндауыш В) анықтауыш, бастауыш С) анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш Д) баяндауыш, толықтауыш Е) үйірлі мүшелер мен айқындауыш.

1. Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз: А) Өлеңді айтып берді. В) Кәрі-құртаң шалдар, кемпірлер екеу-екеу көлеңкеде отыр. С) Кісілер бес-бестен бөлініп қос тікті. Д) Ертең олар Жаңасайға қоныс аудармақ. Е) барғанда хабарлай сал.

2. Сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі – А) анықтауыш В) бастауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) баяндауыш

3. Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі – А) толықтауыш В) бастауыш С) баяндауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш

4. Мақсат пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Абай үншіл домбыраны әдейі Әйгерім үшін тартатын. В) Бір кесе ыстық сүтті ішіп ап, шешінбестен диванға қисая кетті. С) Қатқыл үнмен жауап қайтарды. Д) Тоқтаусыз жүріп отырды. Е) Қанаттың жанына бір топ бала жиналды.

5. Сөйлемді құрайтын элементтерді белгілеңіз: А) сөз, сөз тіркесі, сөйлем В) сөз тіркесі, сөйлем мүшелері С) жекелеген сөздер Д) морфемалар Е) лексика-грамматикалық топтар

6

1. Зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі – А) айқындауыш В) баяндауыш С) бастауыш Д) толықтауыш Е) пысықтауыш

2. Іс-қимылға түрлі объект ретінде қатысатын затты білдіріп, сөйлемде ілік, табыс, атаудан басқа септік жалғау формасында жұмсалатын сөйлем мүшелері – А) жанама толықтауыш В) пысықтауыш С) тура толықтауыш Д) сапалы анықтауыш Е) бастауыш

3. Етістік арқылы айтылған істің, әрекеттің сынын, тәсілін білдіретін пысықтауыш – А) сын-қимыл пысықтауыш В) мақсат пысықтауыш С) мезгіл пысықтауыш Д) мекен пысықтауыш Е) себеп пысықтауыш

4. Анықтауыштық қатынастағы сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз: А) қайың ағаш В) төр бөлме С) көк шөп Д) жазушы Мұқанов Е) тамақ без.

  1. Бір предикативтік негізден құралып, белгілі бір модальдык-шақтық тұрпаттағы аяқталған ойды білдіретін негізгі синтаксистік тұлға – А) сөз тіркесі В) сөйлем С) сөз Д) тұрақты сөз тіркесі Е) сөйлем мүшесі

  2. Предикативтік тұлғаларының санына қарай сөйлем түрлері А) жай, құрмалас В) жалаң, жайылма С) атаулы, жақсыз Д) етістікті, номинативті Е) тұрлаулы, тұрлаусыз

  3. Хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар – А) сұраулы В) хабарлы С) лепті Д) бұйрықты Е) альтернативті

  4. Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлем – А) хабарлы В) лепті С) бұйрықты Д) жайылма Е) сұраулы

  5. Сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалатын сөйлем түрі –А) лепті В) бұйрықты С) түрткі сұрақты Д) сұраулы Е) хабарлы

7.

  1. Бастауышы зат есімнен болған сөйлемдер – А) етістікті В) номинативті С) екі негізді Д) бұйрықты Е) жақты

  2. Бастауышы заттанған етістіктен болған сөйлем - А) етістікті В) номинативті С) екі негізді Д) бұйрықты Е) жақты

  3. Етістікті сөйлемді белгілеңіз: А) Мен кітап оқыдым В) Кітап оқыған – мен. С) Кітап оқылды Д) Кітапханашы кітап берді. Е) Кітап – білім бұлағы.

  4. Субъектіні, объектіні актуализациялайтын сөйлем типі – А) бастауышы есімшелі сөйлем В) бастауышы зат есімді сөйлем С) бастауышы сын есімді сөйлем Д) бастауышы сан есімді сөйлем Е) бастауышы үстеулі сөйлем.

  5. Бастауышы есімшеден болған сөйлемді белгілеңіз: А) Мұны кешегі аңызақ жел кептірді. В) Мұны кептірген – кешегі аңызақ жел. С) Аңызақ жел мұны кеше кептірген. Д) Кеше мұны аңызақ жел кептірді. Е) Кеше мұны жел кептірді.

  1. Болымсыз пікірді білдіретін сөйлем формасы – А) болымсыз сөйлем В) болымды сөйлем С) жақты сөйлем Д) жақсыз сөйлем Е) жалаң сөйлем

  2. Етістіктің болымсыз формасы арқылы жасалған сөйлемді көрсетіңіз: А) Сен ақталма. В) Су кемерден аспаған С) Үй алқа-салқа. Д) Үйдің терезесі сыланған. Е) Үйдің есігі қапталған.

  3. Затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екенін білдіретін пікір – А) болымды В) болымсыз С) әрі болымды, әрі болымсыз Д) жақты Е) жақсыз.

  4. Болымсыз сөйлемді белгілеңіз: А) Жар тік емес. В) Жар жатаған. С) Үй биік. Д) Шалқар көңіл Е) Түсі сары.

  5. Болымды-болымсыз мәнде өзара сыңар ретінде жұмсалатын сөйлемдерді белгілеңіз: А) Айтпайтыны жоқ – Бәрін айтады. В) Жұмысы жоқ. Жұмысы бар. С) Барша жұрт келді. Баршасы келмек. Д) Ертең келеді. Ертең келмейді. Е) Жаңбыр жауады. Жаңбыр жаумайды.

  1. Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздер – А) сөйлем мүшелері В) сөздер С) бастауыш Д) толықтауыш Е) пысықтауыш

  2. Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүше,лері – А) тұрлаулы мүшелер В) тұрлаусыз мүшелер С) бастауыш Д) баяндауыш Е) толықтауыш

  3. Сөйлемде айтылған ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не, басқа сапаның иесі болатын мүше – А) бастауыш В) толықтауыш С) баяндауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш

  4. Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі – А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш

  5. Сөздің баяндауыштық қызметін анық танытатын аффикстер – А) жіктік жалғаулары В) тәуелдік жалғаулары С) көптік жалғаулары Д) септік жалғаулары Е) меншіктік мағына беретін қосымшалар

  1. Шақ мағыналы баяндауыштар ретінде жұмсалатын етістіктер – А) ашық рай етістіктер В) болымды етістіктер С) болымсыз етістіктер Д) салт етістіктер Е) сабақты етістіктер

  2. Іс-қимылға түрлі объект ретінде қатысатын затты білдіретін, сөйлемде ілік, табыс, атаудан басқа септік жалғау формасында жұмсалатын сөйлем мүшесі – А) тура толықтауыш В) жанама толықтауыш С) бастауыш Д) күрделі бастауыш Е) пысықтауыш.

  3. Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі – А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш

  4. Сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшелері – А) анықтауыш В) бастауыш С) толықтауыш Д) баяндауыш Е) үйірлі мүше

  5. Үйірлі анықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз А) Біз төбесі аласа үйге кірдік. В) Бұл үйдің төбесі аласа. С) Біз биік үйде тұрамыз. Д) Бұл үй көп балалы. Е) Көп бала шуласып ойнауда.

  1. Зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіретін айқындауыш – А) қосалқы айқындауыш В) қосарлы айқындауыш С) оңашаланған мүше Д) үйірлі мүше Е) бірыңғай мүше

  2. Қосалқы айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз А) Оспан қартты кісілер үйден шығып қарсы алды. В) Телефон-автомат шырылдады. С) Комбайн егін оруда. Д) Комбайн-самоход іске қосылды. Е) Бұл Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті.

  3. Грамматикалық қызметі жағынан, грамматикалық формасы жағынан, грамматикалық байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелер – А) бірыңғай мүше В) оңашаланған мүше С) үйірлі мүше Д) айқындауыш Е) қосалқы айқындауыш

  4. Етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіретін мүше – А) пысықтауыш В) оңашаланған мүше С) үйірлі мүше Д) айқындауыш Е) қосалқы айқындауыш

Мекен пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз А) Шаң шудаланып, ілгері жылжыды. В) Қараңғыда жолды әзер тапты. С) Бұл бригада озып шықты. Д) Сол уақытта поезд да келіп еді. Е) Келгелі осы жұмыспен айналысып жатыр.

БАҒАЛАУ МЕЖЕЛЕУІШІ

%

балды баға

әріптік баға

дәстүрлі баға

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

95-100

4,0

А

өте жақсы

Оқу бағдарламасына сай материалдарды түгел игерген, тілдік концепцияға талдау жасай алатын студентке қойылады

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

жақсы

Оқу бағдарламасын 51% -ға игерген,тілдік концепцияларға талдау жасайтын студентке қойылады.

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

Оқу бағдарламасын 50% -ға игерген, тілдік концепцияларға талдау жасауда кейбір қателер жіберген студентке қойылады

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,0

Д

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

Оқу бағдарламасының 50% -ға игермеген, тілдік концепцияларға талдау жасау дағдысы жоқ студентке қойылады

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ШКАЛАСЫ

Бақылау түрлері

апта

Мах

Балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысымы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

2

Ағымдық бақылау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

3

Аралық бақылау: бақылау жұмысы, өзіндік жұмысты тапсыру, тест, т.б.

*

*

100

4

Қорытынды бақылау (емтихан)

*

100

Барлығы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]