- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына үлгі тақырыптар тізбесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •V. Алғашқы тексеру мерзімі 20__ жыл
- •Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Сөж тапсырмалары
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •Дәріс кешені Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •11 Өлшеуіш - бақылау материалдары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
- •Келісім парағы
Глоссарий
Етістікті сөз тіркестері дегеніміз – басыңқы сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркестері
Берік меңгеру – меңгеретін сөз бен меңгерілетін сөздің аралығындағы ішкі мағыналық байланысқа құрылатын, бағыныңқы сыңарының белгілі бір тұлғада (септік жалғауында) тұруы басыңқы сыңардың тікелей лексика-грамматикалық мағынасына байланысты болатын меңгеру түрі.
Әлсіз меңгеру – бағыныңқы компоненттің белгілі бір септік жалғауында тұруы басыңқы компоненттің тікелей лексика-грамматикалық мағынасына тәуелді болмай, жалпы айтылмақшы ойға, сөйлемнің мазмұнына, басқаша айтқанда, меңгеруші сыңардың қосалқы грамматикалық мағынасына қатысты болатын меңгеру түрі.
Меңгеру – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сыңардың атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып басыңқымен байланысуы.
Ортақ меңгеру – бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулы зат есім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болатын толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын басыңқы сыңары үнемі күрделі болатын меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.
Тапсырма. Т.Сайрамбаевтің «Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» (Алматы: «Рауан», 1991) оқулығынан «Қазіргі қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктердің меңгеруі туралы» тақырыбын (158-174-бб аралығын) конспектілеп, мазмұндаңыз.
Блиц-тест
Толымды матаса байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз: А) үйдің іші В) столдың үсті С) сайдың маңы Д) кітаптың мұқабасы Е) ағаш жапырағы
Басыңқы сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркесі – А) етістікті сөз тіркесі В) есімді сөз тіркесі С) үстеулі сөз тіркесі Д) ортақ басыңқы сыңарлы сөз тіркесі Е) зат есімді сөз тіркесі
Бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулы зат есім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болатын толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын басыңқы сыңары үнемі күрделі болатын меңгеріле байланысқан сөз тіркестері – А) меңгеріле байланысқан сөз тіркесі В) ортақ меңгеріле байланысқан сөз тіркесі С) әлсіз меңгеріле байланысқан сөз тіркесі Д) берік меңгеріле байланысқан сөз тіркесі Е) зат есімді сөз тіркесі
Сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сыңардың атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып басыңқымен байланысуы – А) меңгеру В) қабысу С) жанасу Д) матасу Е) қиысу
Толымсыз матаса байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз: А) меңгерудің ережесі В) қабысудың анықтамасы С) сөздердің жанасуы Д) кісі сөзі Е) адамның ойыны
Әдебиеттер
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992
Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.
№ 4- практикалық сабақ. Сөйлемді сөз тіркесі, сөйлем мүшесі тұрғысынан танудың қажеті, ерекшелігі. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, түрлері. Матаса байланысқан сөз тіркестері. Матаса, жанаса байланысқан сөз тіркестері.
Сабақ жоспары.
1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
1.1. Жақты сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолын айтыңыз.
1.2. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолы.
1.3.Жақты сөйлемнің түрлерін атаңыз.
2. Жаттығулар орындау.
2.1. Көркем әдебиеттен мысалдар теріп, кестені толтырыңыз. Жасалуына тоқталыңыз, синтаксистік талдау жасаңыз.
Жақты |
Жақсыз |
Жалаң |
Жайылма |
Дара баяндауышты |
|
|
|
|
|
2.2. Түсірілген сөздерді қойып жазыңыз. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Керек сөздер: мүлкі , қарағайдан, ақ отауы, өмір, көшіп-қонып, ықшам, қайыңнан, бесікті, талдан, гигиеналық..
БЕСІК
Көшпелі ... кешкен қазақ халқының аса қастерлеп ұстаған ... бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ..., оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті ... , ... , көбіне ... жасайды. ... «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деген ұғымына толығымен сай келеді.
Ал бесіктің құрылымы балаға ... тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ... және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, ... жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.
Глоссарий
Жайылма сөйлем – ойға қатысты барлық сөйлем мүшелері қатысқан сөйлем.
Блиц‑тест
1.Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Бүгін менің арманымның орындалған күні.В/ Бота боздап, қозы маңырап сала берді.Г/ Ашулы бәйбіше үйді басына көтерді. Д/ Қара ит иесінің исін сезіп қыңсылай бастады.
2.Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Олар келді. В/ Әбдірахман оқуын келер жылы жалғастырады. Г/ Оның бойында инабаттылық пен мейірім тұнып тұр. Д/ Көзінің алдына бұрынға Ханзада келе берді, келе берді.
3.Баяндауыштың жасалу формасын көрсетіңіз. Бұл алқаптың шөбін жұлуға болмайды.
А/ барыс септік тұйық райлы етістік +болады. В/ барыс септік тұйық райлы етістік +болады/ екен Г/ шығыс септік тұйық райлы етістік +болады Д/ табыс сетпік тұйық райлы етістік +болады
4.Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз..
А/Жайлау кеші В/ Сарыарқа көлі. Г/ Дәмеш баж ете қалды. Д/ Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
№ 5-практикалық сабақ тақырыбы. Сөйлем мүшелерінің грамматикалық сипаты. Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Дара, күрделі сөйлем мүшелері.
Сөйлемді құрайтын элементтер.
Сабақ жоспары:
1. Айтылуы мақсатына қарай жай сөйлемдердің бөлінуі.
2. Сөйлем мүшелері.
3. Үйірлі анықтауыштар мен үйірлі толықтауыштар.
4. Құрылымдық типтері жағынан жай сөйлемдердің бөлінуі, олардың жасалу жолдары, бір-бірінен айырмашылықтары және ара қатынастары.
5. Жай сөйлемдердің күрделену жолдары: бірыңғай мүшелер, үйірлі мүшелер, айқындауыштар, оқшау сөздер.
6. Үйірлі мүшелердің күрделі сөздер мен жай сөйлемге ұқсастық жақтары.
7. Айқындауыштардың түрлері: қосалқы, қосарлы, оңашаланған айқындауыштар.
8. Оқшау сөздердің түрлері: 1/қаратпа сөздер; 2/қыстырма сөздер; 3/одағайлар. Олардың тыныс белгілері
Бақылау сұрақтары:
1. Айтылуы мақсатына қарай жай сөйлем қалай бөлінеді?
2. Сөйлем мүшелері дегеніміз не және сөйлем мүшесі болу үшін қандай негіздемелер болуы қажет?
3. Үйірлі анықтауыштар пен үйірлі толықтауыштардың жасалу жолдары қандай?
4. Құрылымдық типтері жағынпан жай сөйлемдердің бөлінуі, олардың жасалу жолдары, бір-бірінен айырмашылықтары және ара қатынастары неде?
5. Жай сөйлемдердің күрделену жолдарына не жатады?
6. Үйірлі мүшелердің күрделі сөздер мен жай сөйлемге ұқсастық жақтары қандай?
7. Айқындауыштардың түрлері қандай және олардың өзіндік ерекшеліктері неде?
8. Оқшау сөздердің түрлері және олардың тыныс белгілерінің қойылу жолдары қандай?
ГЛОССАРИЙ
Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінуі.
Сөйлемді предикативтік бас мүшелердің қатысына қарай: бір негізді, екі негізді және сөз-сөйлем деп бөлуде сөйлем құрамындағы тұрлаулы мүшелердің қатысы негізінде алынады.
Субъекті –жақтың қатысына қарай жай сөйлем: жақты және жақсыз болып бөлінеді.
Номинативті сөйлемдер ойдың құрылысымен, мазмұнымен тығыз байланысты.
Сөйлем мүшелері – құрылымдық-семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.
Тапсырма:
Мәтіннен бір бас мүшелі жай сөйлемдерді (жақсыз сөйлем, белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлем, атаулы сөйлем) табыңыздар. (Үлестірмелі карточка)
Бір құрамды сөйлемдердің бас мүшесін (баяндауыш) дара, күрделі құрылысына қарай айырып, қандай тұлғалы етістіктерден жасалғанын айтыңдар. (Үлестірмелі карточка)
Блиц тест
1. Баяндауышы күрделі етістіктен болған сөйлемді белгілеңіз: А) Қ. Жұбанов –ғылым қайраткері В) Студенттер емтиханға дайындалып жүр С) Өзің білме, білгеннің тілін алма Д) Таспен атқанды аспен ат Е) Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
2. Жақты сөйлемді белгілеңіз: А) Мен келдім В) Студентке сабақтан кешігуге болмайды С) Онымен танысуға болады Д) Айтқанын істемеуге болмайды Е) Мұны айтпауына болмай қалды.
3. Жақсыз сөйлемді белгілеңіз: А) Абайдың да ішек – сілесі қатып еді В) Машинадан түсіп амандастық С) Қар әлі борап тұр Д) Ауызба-ауыз сөйлес Е) Әзілдесіп отырдық
4. Жайылма сөйлемді табыңыз: А) Боран В) Күн шықты С) Күн бозарып тұр Д) Таң сібірлеп атты Е) Орман шалғайда
5. Толымсыз сөйлемді табыңыз: А) Сенің кәрі анаң бар В) Қыстыгүні ұрын бардым С) Көпей есікке қарай тез барды Д) Күңке тез жүгіре жөнелді Е) Мен оған қағазды көрсеттім
6. Әңгіме болып отырған оқиғаны, кісінің, затты тыңдаушының есіне түсіру мақсатындағы қыстырма сөйлемі бар синтаксистік тұлғаны анықтаңыз: А) Сонау бір адырақ көз өкіл келіп еді ғой, соның сөзі дұрыс еді. В) Ұмытпасам, бұл оқиға алдыңғы жылы болып еді С) Қайдам, қолдан келе қойса Д) Айтып қояйын, бұл жолы пайда менікі Е) Айтпақшы, ертең ерте кел.
7. «Өзі» сөзі демеулік қызметте тұрған сөйлемді көрсетіңіз: А) Өзінің мінезі В) Жиынға өзі қатысты С) Өзі келді Д) Біз өзі екі ағайындымыз Е) Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар
8. Бастауышы етістіктің субстантивтенуі арқылы жасалған сөйлем: А) бір сөйлемде бірнеше пікірді береді В) субьект қимыл мен предикативтің қимылын қатынасқа түсуін білдіреді С) предикативтік емес қатынас түрлерінің бірін көрсетеді Д) субьект зат пен оның сынмен предикативтік қатынасқа түсуін білдіреді Е) атрибуттық қатынасты білдіреді
9. Негізгі тірек мүшесі етістіктің субстантивтенуінен болған атаулы сөйлемді көрсетіңіз: А) Түн В) белес-белес биік қар С) айдала Д) жұмсақ леп Е) сондағы қиналғаным-ай
10. Бастауыш дегеніміз А) зат есім, есімдік, не зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі В) сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауышы арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесі С) предикативтікі-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі Д) қимылдың обьектісін білдіретін сөйлем мүшесі Е) өзге сөзбен тіркесіп, сөйлем мүшесі болатын сөздер
11. Сөйлемде анықтауыш мүше ретінде енген төл сөзді белгілеңіз: А) «Жақсы сөз-жарым ырыс», - деді Әсем В) «Былай тұр», - деген Ызғұттының қатты бұйрығы естілді. С) «Сен қашан келдің?» - деп сұрады әжем Д) Міне, енді дұрыс – деп риза болды Е) «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын», - деді Асылзат
12.Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз А) Жүрегі орнына түсті В) Туу, басым қатып кетті ғой С) Қандай тамаша сөз Д) Өзі барды Е) Егіннің болары болды ғой, онан да шөпті айтсаңшы
13. Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлем А) бұйрықты сөйлем В) лепті сөйлем С) атаулы сөйлем Д) хабарлы сөйлем Е) жай сөйлем
14.Реплика ретіндегі лепті сөйлемді ажыратыңыз: А) Жетіскен екенсің – Жетіскенде қандай В) Сен хатшыны шақырасың ба, айтатыным бар еді. С) Олардың көзіме оттай басылғанын айтсаңшы Д) Сен осы ұсынысты енгізші Е) Тезірек жүріңіз.
15.Болымсыз сөйлемді табыңыз: А) Асан жақсы оқиын десе, қолынан келмейді емес В) Омбылайтын қалың қар жоқ. С) Жазғанында кемшілік жоқ емес Д) Асан кірді Е) Жауабын дұрыс айтты.
№ 6-практикалық сабақ тақырыбы. Тұрлаусыз сөйлем мүшелері, олардың жасалуы. Дара, күрделі, үйірлі анықтауыштар. Дара, күрделі, үйірлі толықтауыштар. Дара, күрделі, үйірлі пысықтауыштар.
Сабақ жоспары:
1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау :
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
Толықтауыш, олар туралы көзқарастар.
Анықтауыш, түрлері, жасалуы, зерттелуі.
Пысықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі, жасалу жолдары.
2. Жаттығулар орындау.
2.1 Сөйлем мүшесіне талдап оларды модельге түсіріңіз: күрделі және үйірлі мүшелердің түрлерін, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Үйде Ералин басқарған комиссия курске оқушылар іріктеп отыр. Сол екі арада-ақ Нұрғалидің көзіне дейін терлеп үлгеріпті. Балқияның үлкен көздерінен ірі-ірі ыстық жастар домалап кетті. Ауылдан кеткен аз уақыттың ішінде Аман көп өзгеріпті. (Ғ.Мұстафин).
Қарапайым жұрттың ішінде беделді Бұланбайды Байжан да қатты қадірлейтін еді (Ғ.Мүсірепов).
2.2. Тиісті тыныс белгілерін қойып, бірыңғай мүшелерді анықтаңыздар, олардың күрделі мүшелерден айырмашылығын түсіндіріңіздер. Жалпылауыш сөздердің қызметі мен мағынасын, жасалу жолын талдаңыз.
Мастер мен директор өз ара әңгімелесіп кетті (Ғ.Сыланов). Болысекең кейде паң кейде мүләйім кейде жұмсақ кейде береген кейде сараң (Ғ.Мұстафин).
Шаш-кірпік сақал-мұрт әртүрлі мұрындар бәрі де тастан жасалған сияқты (Ғ.Мүсірепов).
Одан кейінгі жеті-сегізге келген қызы Күлбадан және бес-алты жасар сүйкімді ұлы Әбдірахман үш-төрт жасар кенжесі Мағаш бәрі де Ділданың өз бауырында өскен (М.Әуезов).
Айқындауыштарды тауып, олардың түрлерін, ерекшеліктерін сипаттаңыздар.
Ұлтуғанды Мұстафаның үйі, әсіресе, Сілеусін жақсы көреді (С.Мұқанов).
Шайдан кейін Сикорскийдің аттарымен Тұрсынбай сұмды тауып әкелерсің (Ғ.Мүсірепов). Жыл құсының адаспайтыны да сол өз жолы құс жолы болғандықтан (С.Шәймерденов). Жақып пен Жомарт комбайн – самоходқа келді (Ғ.Мұстафин).
Бақылау сұрақтары:
Сөйлем мүшесі болу шарттары қандай?
Сөйлем мүшесі қызметіне және құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің өздеріне тән басты белгілері?
Глоссарий
Толықтауыш – етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі
Анықтауыш – Зат есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сапасын сынын білдіреді.
Пысықтауыш – етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіретінсөйлем мүшесі
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас, әрі салалас байланысып, бір сөзге қатысты болып тұратын сөйлем мүшесі.
Тапсырма
Сөйлем мүшелерін қызметіне, құрамына және жасалу жолдарына қарай талдау жасаңыздар:
Тапсырманың үлгісі:
Қатты жел сары ала жапырақтарды шашудай шашып жатыр (Е.Әзімбаев). Сөйлем мүшелері шартты белгілерімен анықталса, оның құрамы, жасалуы және байланысу түрі компоненттік модель арқылы көрсетіледі.
Сы
З¹ Сы (күр)
З Сы (дай) Ет
(күр)
Блиц-тесттер
Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді белгілеңіз: А) атасына В) аға С) соң Д) ілгеріректе Е) баламен
Тура толықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Сол түні жылқыға қарт жылқышы Көлбай ақсақалмен бірге бардым. В) Келінді әкелсін алдымен. С) Желек жабу ешқайда қашпас. Д) Арғы бетке жолаушы осы шыңның желкесімен шығатын. Е) Ақшасы таусылуға айналыпты.
Сапалық анықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) қыздың қасында оңаша қалсақ-ау, аузымнан сөзім түсіп, берекем қашады. В) Екеуі екі ауылдың адамы болғанына қарамастан, бір анадан туғандай тату өсіпті. С) Өнер түрлі болады. Д) Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Е) Жаңа үкіметтің де біраз ұлықтарына сендер жағып жүрсіңдер.
Меншіктік анықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Ақлима мұншама тамаққа таңырқай, сұқтана қарап отыр. В) Ақлима шешесінің не айтқалы келе жатқанын сезіп, қыстығып жылағалы отыр. С) Қазан бүлкілдеп қайнап жатыр. Д) Абылай ханның заманында, қараша ауылдардың саны көп болған. Е) Рақиланың көкшалап жуындысына аузы жарымай ашыққан, елегізген тазы аң аулауға өз бетімен кетіп жүр.
Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз. А) Топ тым-тырыс болды. В) Көз жауын алып жайқала өсіп тұр.
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 41-б, 65-68-бб., 83-98-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.
№ 7- практикалық сабақ тақырыбы. Сөйлем, оның негізгі белгілері. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. Айқындауыш, оның түрлері. Сөйлем мүшелерін ажыратудағы проблемалар. Жалпылауыш мүше. Бірыңғай мүшелерді ұйымдастырудағы көріністер. Есімді және етістікті сөйлемдер
Сабақ жоспары:
1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау :
1. Сөйлем дегеніміз не және оның негізгі белгілері қандай?
2. өйлеммүшелерін ажыратудағы проблемалар қандай?
3.Сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары
4. Бұйрықты сөйлем және оның жасалуы
5. Лепті сөйлем және оның жасалуы
2. Жаттығулар орындау
2.1 Көркем әдебиеттен жалаң және жайылма, толымды және толымсыз сөйлемдерге бір-бірден мысал теріп, оған синтаксистік талдау жасаңыз.
2.2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар:
Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тартарлық бұдыр жоқ. Кешікпей отыншыларға кезіктік. Бұларды басқарып жүрген – Файзолла Сұлтанов деген мұғалім. Өздері отынды едәуір шауыпты. Олар біздің келгенімізге қуанып қалды.
Шай әкелдіңдер ме?
Дүкенде шай жоқ.
Бұл әңгімеге балалар түгілі өзім де аузымды ашып қалыппын. Ойпыр-ай, Бексұлтанның әңгімешілі-ай! Бәкең екеуіміздің алдымызда жатқан хатты почта арқылы жіберуге болмайды. Бәкір ағай кабинетінде жалғыз отыр. Әңгіме оқу туралы. Тәуке-ау, пештің мойынын тігінен қаламайды ғой. Бурабай көлінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен «Бурабай» дейді.
Бақылау сұрақтары:
Сөйлемнің модальділігі дегеніміз не, ол қалай көрініс табады?
Сөйлемнің предикативтілігі дегеніміз не?
Сөйлемнің интонациясы дегеніміз не?
Сөйлемнің предикативтілігі қай мүшеде көрінеді және қалай?
Предикаттық қатынас дегеніміз не?
Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Т.Сайрамбаев хабарлы сөйлемді есімді және етістікті сөйлем деп бөлгенде нені негіз етіп алады?
Р.Әмірдің номинативті және етістікті сөйлемдер деп ажыратуында не негізге алынады?
Глоссарий
Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем дегеніміз –сұраққа негіз болып іздеулі болып отырған мүше белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қатысатын сөйлем. Ал не істейміз?
Алььтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер – ізделетін іс-қимыл, предикативтік заттық сапа жалпы белгісіз күйде аталмай, белгілі альтернативтердің төңірегінен ізделеді. Тоқтайсың ба, жоқ па?
Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем – сұраулы сөйлем формасы хабар ретінде пікірді білдіру үшін жұмсалған сөйлем. Ол мұндайдан қалған ба?
Түрткі сұрақты білдіретін сөйлем – тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін пайдаланылатын сұраулы сөйлем. Қалаға барып келмейсің бе?
Бұйрықты сөйлемдер – сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалатын сөйлем. Олармен енді сөйлеспейсің!
Тапсырма .
Т.Сайрамбаевтың «Қазіргі қазақ тілі» ( Алматы, 1997. 226-227 -бб) оқулығына сүйене отырып, толымды және толымсыз сөйлемдер туралы мазмұндаңыз.
Блиц-тесттер
Бастауышы зат есімнен болған сөйлемдер - А) номинативті В) етістікті С) толымды Д) толымсыз Е) болымды
Бастауыш пен баяндауышты тірек етіп құрылған сөйлемдер - А) бір негізді В) екі негізді С) жайылма Д) толымсыз Е) болымды
Сөйлем бір ғана негізгі мүшені тірек етіп құрылса, ол - А) бір негізді В) екі негізді С) жайылма Д) толымсыз Е) болымды
Сөйлемнің логика-грамматикалық типтері нешеу - А) біреу В) екеу С) жетеу Д) сегіз Е) он
Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлем - - А) хабарлы В) сұраулы С) бұйрықты Д) лепті Е) атаулы
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997.219-228-бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 58-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.
№ 8- практикалық сабақ тақырыбы Жай сөйлемнің грамматикалық белгілері, семантикасының құрамы. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы. Жай сөйлемге тән минимум белгілер. Сөйлемнің қалыптасуында сөз таптарының орыны. Есімді сөйлемдер, олардың тіл-тілдегі орны. Етістікті сөйлемдер.
Сабақ жоспары:
Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:
1 .Жай сөйлемнің граматикалық белгілері
2 Есімді сөйлемдер, олардың тіл-тілдегі орны.
3 Етістікті сөйлемдер, оның гегемониялық ролі.
4 Жай сөйлемге тән минимум белгілер.
Жаттығулар орындау
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
1. Күнімпатша ысылдап кеспе көже ішуге кірісті. Өзің де іш, құлдығым. Әлгіде тамақтанғам, апа, - дейді қыз түбіт үнмен. Әлдене айтуға оқталып, сөзін тілінің ұшына үйіріп қана отыр. Осы мезет ойда жоқта оқиға болды. Әуелі мотмцикілдің ащы ышқынған даусы шықты, сосын жер дүңкілдеп есік сарташылды. Миқитып шәпке киген Ділдабай бригадир! Шекесін көрсетіп кемпірмен ерін ұшымен ғана сәлемдесті. Жанары шапыраштанып дәрігер қызды ішіп-жеп барады. Қыз үркіп төсек жаққа ойысқан.
2. ... Ол кезде он жаста еді. Ертеден қара кешке дейін қозы соңында жүреді. Бір күндері ел дүрліккен той болып, ел ішінде қым-қуыт көкпар шабылды. Дүбір естісе делебесі қозып, есі шығып кететін әкесі сонда атқа ер салды. Шешесі: «Атың бауырынан жарып суыған жоқ, барма, - деп жалынып, шаужайына жармасып жүр. Бұл болса, іштей әкесінің барғанын қалайды. Көкпар әкеліп берсе дейді. Жаз бойы тісіне бір түйір қызыл тимеген. Жылап жүрген шешесіне жақтырмай алакөздене қарайды. Біраз жерге әкесінің артынан томпаңдап жүгіріп ілесіп барды. Ар жағында өзі білмейтін ұлан-асыр ұлы сүрең. Сыңсып қалған шешесіне де, томпаңдап ерген өзіне де қарамай, жауырыны күжірейіп, қанды көз әкесі ұзап кетіп барады. Алдында қоп-қою шаң. Күшке болмаса, ақылға ырық бермес шарт та шұрт ұстасқан білек, жер дүниені солқылдатқан дүбір, құйқаны шымырлатқан ащы айғай. Сол дүрмек әкесін де жұтып жіберді».
Бақылау сұрақтары:
Сөйлемнің эволюциясына қатысты қандай ғалымдар пікір білдірген, олардың негізгі зерттеулеріне тоқталыңыз.
Сөйлемнің қалыптасуында ерекше маңызға ие сөз таптары қандай?
Есімді сөйлемдердің қалыптасуына қатысты қандай пікірлермен таныссыз?
Етістікті сөйлемдер, оның гегемониялық ролі туралы не білесіз?
Глоссарий
Есімді немесе номинативті сөйлемдер дегеніміз ─ бастауышы зат есімнен не есім сөздерден болған сөйлемдер. Есімді сөйлемге бас мүшесі есім не есімді тіркестен жасалған бір құранды сөйлем жатады.
Бастауышы етістіктен болған сөйлемдер етістікті сөйлемдер деп аталады.
Тапсырма. Т.Сайрамбаевтың «Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі» (Алматы: Рауан, 1991, 106-114-бб) аралығынан «Сөз таптары, олардығң сөз тіркестеріне қатысы туралы» тақырыбын оқып, конспектілеп, мазмұндаңыз.
Блиц тест құрастырыңыз.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997.205-213-бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
№ 9- практикалық сабақ тақырыбы. Жай сөйлемнің құрамы жағынан түрлері. Жай сөйлемнің бірінші топ функционалдық түрлері. Екі негізді сөйлемдердің түрлері. Номинативті және етістікті сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер.
Сабақ жоспары:
Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:
Толымды және толымсыз сөйлем, олардың жасалу жолдары
Жай сөйлемнің бірінші топ функционалдық түрлері Белгісіз жақты, жалпылама
Екі негізді сөйлемдердің түрлер
Номинативті және етістікті сөйлемдер
Жаттығулар орындау
2.1 Көркем әдебиеттен болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, жалаң, жайылма сөйлемдерге бір-бірден мысал теріп, оған синтаксистік талдау жасаңыз.
2.2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар:
Мезгіл – кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Ауа сыз, бұлыңғыр. Вокзал үйіне кірдім. Жұрт автобусқа жайғасып отырып алған екен. Кәдімгі кішкене автобус. Арт жақтағы ұзынша орын бос. Екеуіміз жол-жөнекей жөн сұрастық.
Осында тұрасыз ба?
Осында тұрамын. Өзіңіз қайдан келесіз?
Командировкаға келе жатқан газет қызметкерімін.
Е-е.
Мұнда қонақ үй бар ма?
Бар.
Түс қайта әрқайсымыз өз шаруамызға кірістік. Түс көресің. Шатасасың. Бәрібір ұйықтайсың –ау әйтеуір. Автомобильдерде тоқталыс жоқ. Оларды паромда кезексіз өткізеді. Отан қоймасына құйылып жатқан ақ күрішті кідіртуге болмайды. Өмірімде тұңғыш рет редакцияға хат жазуыма тура келді.
Бақылау сұрақтары:
Болымды-болымсыз сөйлемдерді ажырату шарты қандай?
Болымсыз баяндауыштардың жасалу жолдары қандай?
Жақсыз сөйлем жасауға қатысатын баяндауыштардың жасалуы қандай?
Толымды сөйлем дегеніміз не?
Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
Белгілі жақты сөйлемнің жасалуын атаңыздар.
Жалпылама жақты сөйлемдердің жасалуын түсіндіріңіз.
Глоссарий
Жақты сөйлем – грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем.
Жақсыз сөйлем – бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлем.
Белгісіз жақты сөйлем – грамматикалық бастауышы ерекше айтылмай, істелген іс-әрекет, әйтеуір бір белгісіз субъектілерге тән болып ұғынылатын сөйлем.
Жалпылауыш жақты сөйлем – баяндауышы 2-жақтың жіктік жалғауында тұратын, бастауышы арнайы айтылмай, үш жаққа бірдей ортақ мағынада жұмсалатын сөйлем.
Толымды сөйлем – ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем.
Толымсыз сөйлем – ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған сөйлем.
Бастауыш – сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесі.
Баяндауыш – предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі.
Тапсырма. Р.Әмір мен Ж.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Баяндауыш және оның түрлері» мәселелеріне қатысты пікірлерді оқып, мазмұндауға дайындалыңыздар.
Блиц-тест құрастырыңыздар
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997.205-213-бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
№ 10- практикалық сабақ тақырыбы. Жай сөйлемдердің екінші топ фукционалдық түрлері. Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдердің жасалуы, жұмсалуы.
Сабақ жоспары:
Жақты, жақсыз сөйлемдер
Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:
1.Атаулы сөйлемдердің жасалуы
Жаттығулар орындау
1Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз
Бір сәтте үйге Нұрекеңнің үйіндегі жеңгеміз кірді де, Баукеңнің бетіне күлімдей қарап:
Ей, жігіт, тамақ даяр болып қалды, қолыңды шай, – дегені мұң екен, Баукең, о сұмдық, жеңгесінің жылы сөзі құлағына тиер уақытын күтіп жатқандай, майпаң қағып, жүзі жадырап шыға келді:
Жақсы жеңге қайнысының қарнын бағады, төсегін қағады, жаман жеңге қабағын шытады! Есть, товарищ! – деді де, шөккен түйедей ырғала қимылдап орнынан тұрды
2 Баяндауышы есім сөзден, етістіктен жасалған 10 сөйлем, бастауышы есім сөзден және етістіктен жасалған 10 сөйлем теріп жазып, тұрлаулы мүшелеріне сипаттама беріңіз.
Бақылау сұрақтары:
Бастауыш дегеніміз не?
Бастауыштың қандай түрлері болады, олар қалай жасалады?
Глоссарий
Баяндауыш ─ сөйлемде грамматикалық жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше.
Бастауыш ─ сөйлемде айтылатын ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимыл-әрекеттің иесі (субъект), баяндауышпен предикаттық қатынаста жұмсалып, оны өзіне бағындыра отырып, сөйлемнің негізін құрайтын тұрлаулы мүше.
Тапсырма. Көркем әдебиеттен 10 сөйлем теріп синтаксистік талдау жасаңыз.
Блиц тест құрастырыңыздар.
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
№ 11- практикалық сабақ тақырыбы. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының мағыналары, тұлғалары. Сұраулы сөйлемдердің қызметіне және мағынасына қатысты топтастырылуы.
Сабақ жоспары:
Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:
Хабарлы сөйлем баяндауыштарының мағыналары, тұлғалары
Сұраулы сөйлемдердің қызметі
Сұраулы сөйлемдердің мағынасына қарай топтастырылуы
Жаттығулар орындау
2.1 Сөйлемді сөйлем мүшелеріне ажыратып талдаңыз, сөйлем мүшесінің әрқайсысына сипаттама беріңіз, жасалу жолын түсіндіріңіз.
Бұл жағдай өзгелерден гөрі Есейді қуантты. Ерте келгеніме өкініп тұрған мен жоқ. Шаймерденнің кездескеніне Азамат балаша қуанды. Елеусіздің ән салуға даусы жоқ. Осы ел біледі ғой, Қайырбек партизан болып ертеде қандай жорық шеккенін. Сізде қағаз ақша жоқ па қалам, сауыт сатып алатын? Қысылғаныңа көрінсін Кәкітай «Шоңның» деген сөз жоқ. – Мен білсем осы төрттікті өлең қып тұрған – жалғыз менің ұйқасым.
Жасыратыны жоқ қызыл кеп теңестірмесе, Шопан тұқымы бізді күні бүгінде қорғалатып ұстап отыр. Сонымен қысқасын айтқанда, Балжан мен Шүкей бір-біріне ғашық болды. Маған қызығы, әрине, ас емес. Жә, тапқаның мен танығаныңды сен мәлім етші, балам. Менің тапқаным бәрі осы қағазда, Ызқұтты аға осыны жаныңа сақтағайсың.
Бақылау сұрақтары:
Хабарлы сөйлем баяндауыштарының мағыналарын ажыратыңыз?
Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалары қандай?
Сұраулы сөйлемдердің қызметі неде?
Сұраулы сөйлемдердің мағынасына қарай топтастырылуын ажырата ласың ба?
Глоссарий
Амал пысықтауыш – қимылдың қандай тәсілдермен атқарылуын білдіретін пысықтауыш.
Тура толықтауыш – табыс септігінде жұмсалатын толықтауыш түрі.
Толықтауыш – қимыл процесінің объектісі болатын тұрлаусыз мүше.
Тапсырма. Көркем әдебиеттен 10 сөйлем теріп синтаксистік талдау жасаңыз.
Блиц-тест
1) Бастауыш – А) сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүше В) предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі С) етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіретін мүше Д) сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшелері Е) етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі.
2) Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі – А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш Д) толықтауыш Е) пысықтауыш
3) Етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын білдіретін пысықтауыш – А) мақсат В) мезгіл С) сын-қимыл Д) себеп Е) мекен
4) Мекен үстеулерінен жасалған мекен пысықтауышты сөйлемді табыңыз: А) Шаң шудаланып ілгері жылжыды. В) Кеңшілікте отырып әңгімелесті. С) Қараңғыда жолды әзер тапты. Д) Келеріңде соны ерте кел. Е) Барғанда хабарлай сал.
5) Үйірлі анықтауышы бар сөйлемді табыңыз: А) Көктемдегі қызғалдақтай қызық заман. В) Ән салған – анау қара шашты жігіт. С) Жасқанар кісіні көрмедім. Д) Көкорай шалғын адамның тізесінен келеді. Е) Төрде көзі жасаураған кісі отыр екен.
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
№ 12- практикалық сабақ тақырыбы. Эмоционалды және экспрессивті сөйлемдер. Баяндауыштарының тұлғалары. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Сабақ жоспары.
1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
1.1. Эмоционалды және экспрессивті сөйлемдер.
1.2. Баяндауыштарының тұлғалары.
1.3. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің өзгеруі.
1.4. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісі.
1.5. Жалаң сөйлемдер.
1.6. Жайылма сөйлемдер.
2. Жаттығулар орындау.
2.1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін түсіндіріңіз.
Отан – алтын бесік
Отбасына, дос‑жаранға, қоршаған әлем, жан‑жануарларға Отанына, туған жеріне деген ыстық ықыластан басталған махаббат сезімі сыйластықпен ұласса, ол – адамның рухани деңгейінің биіктігі. Бауыржан Момышұлы «Опасызда Отан жоқ» десе, қарт Жамбыл:
Отаным десем, ойыма,
Шалқыған байтақ жер келер.
Отаным десем, ойыма,
Көгілдір тартқан көл келер.
Баурайы байлық, қойны құт,
Отаныма ешқашан
Мекен де болмас тең келер»‑
деп, ел, туған жер құдыретін шалқи жырлаған. Тылсым дүние төсінде еркін тыныстап жатқан ерікті елге деген сый, махаббат сезімі әрдайым осылай тасқындаса керек. «Алтын ұяң Отан қымбат... Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» /Қазыбек би/.
Туған жердің қадірін білмеген, оны құрметтемеген адамды ел азаматы деп айтуға болмайды. Батыр бабаларымыз туған жердің бір уыс топырағын жау қолына бермес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Адамның тәні мен жанының тілегі, мақсаты бір болып, бір игілікке жұмылғанда ғана оның әрекеті өнегелі болады, олай болмағанда, рухани әлем мен әрекет арасында қайшылық туып, адам баласы қаскүнемдік іс істеп, сый‑құрметтен айырылады.
А.Мұсабекова.
2.2. Көркем әдебиеттен бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер теріп жазып, бірыңғай сөйлем мүшелері және олардың сөз табына қатысын талдаңыз.
2.3. Бастауышы, баяндауышы актуалды позицияға ауысқан сөйлемдерге көркем әдебиеттен мысалдар жазыңыз.
Глоссарий
Бірыңғай сөйлем мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды бірнеше сөйлемдерді сыйыстырып білдіру амалы.
Блиц‑тест
1.Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулықтарды көрсетіңіз.
А/ мен, және, әрі, да, де.
В/ мен, бірақ.
Г/ не, немесе, әрі, да, де
Д/ және, болмаса
2.Қалтарыс позицияда тұрған сөйлем мүшесін белгілеңіз.
Айдын, жөніңді айтшы бері бұрылып.
А/бері бұрылып – толықтауыш. В/ бері бұрылып –пысықтауыш.
Г/ бері бұрылып – баяндауыш.Д/ жөніңді айтшы – баяндауыш.
3. Бастауышы инверсияға ұшыраған сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Қуғыншылар келгенде қызды жеңгесі түпкі бөлмеге тығып қойды.В/ Дәмеш шелегін тарсылдатып ренішін білдірді. Г/ Кеше әкелген қара төбет енесіп іздеп қыңсылап жүр.Д/ Апырай, мұндай қатыгез қатты болар ма мінезі?
4.Бірыңғай сөйлем мүшелерінің синтаксистік қызметін анықтаңыз.
А/Мал келетін қарбалас сәтте аласапыран басталып кетті. В/ Кешқұрым шақта мал жайғадық, шай қайнаттық, ет асылды. Г/ Биыл егін бітік шықты. Д/Ойдағы болмай қалды.
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
№ 13- практикалық сабақ. Жай сөйлем құрамының күрделенуі, күрделену түрлері, сипаты. Үндеу амалдары, олардың сөйлем құрамына қатысуы. Қыстырма сөз, қыстырма сөйлемдер, олардың тыныс белгілері. Демеуліктер және олардың сөйлем құрамына қатысуы.
Сабақ жоспары:
Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:
1. Жай сөйлем құрамының күрделенуі, күрделену түрлері, сипаты.
2. Үндеу амалдары, олардың сөйлем құрамына қатысуы
3. Қыстырма сөздер
4. Одағай сөздер
2. Жаттығулар орындау.
2.1 Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар
Азығымен жер мүсінді, Еңбегімен ер мүсінді. Бәріне пәтер керек. Қуаныштымын, екеуіңе де барынша ырзамын. Ішінде қазақтан төртеуміз. - ... Ағылшындар тұсында алғанымыздан қалдырғанымыз көп болатын. Кең жазық маңдайында ажым аз. ... Андрей Жабай қартпен шүйіркелесе кетті. Түстен бері осы қонақтар Абайдың үстіне келіп, сәлем берісіп, түстік астан, күндізгі шайдан ішісті. – Мен осы колхозға мүшемін бе, шеттен келген кірмемін бе?.. – Мен саған кіммін? Іс жүзіндегі жайларынан бәрі де әдемі. Өнер, білім бар жұрттар тастан сарай салғызды... Аңшылар он күннен бері бүркітпен, тазымен көп түлкі алды. Оныншы төртіншіден озып кетті. Ғылымның пайда болуы, дамуы мен өркендеуі қоғамның даму процесімен тікелей байланысты. ...Жабай Апақтың бетінен сүйді де, үйге қарай беттеді. Қазіргі оқылғаннан сіз ойлаған адамды таппадым. Бірақ осындай көрнекті өріске қадам басқан бір-екі кісі оқығандарында болған екен. Түпсіз терең жүректе жарқыраған шындық бар. Мен бұл хатты біреуден беріп жіберем. Ояу отырмысың, қалғып кеттің бе, оған оның бәрібір. Үй іші сол 1992 жылғысынан өзгермеген.
. Текстен қаратпа сөздерді тауып, тиісті үтірлерді қойып, себебін түсіндіріңдер.
Нұрбала жеңгей мынадай қызыл қуырдақ болып тұрса, алыссынбай-ақ келіп тұрар едім... – деп Молдақым көзін қысыңқырай күліп, шыны аяғын төңкеріп кейін шегінді.
- Шұбар жолдас оқу қалай? – деп Әбдіжан өзіне еркелене келіп сәлем берген баланың басынан ұстап жылылық етті.
-Жақсы аға мен Шұбар емес, Нұрманмын.
-Әке мына қозыларың не, қойныңа не салдың? Аяқ танып енесіне ере алмайтын әлде шала ма? – деп Нұрман қабағын түйе әкесінің қойнындағы қозыларды қолына алып көре бастады.
-Шырағым-ау немене сенің билерің де қозы тапқан ба? – деген Сейдахметтің қалжың сұрағына Жоламан күліп.
-Шопан ағай Құм текейдің жылқысы қоздамағанымен, қараған тобылғысы қоздайтын болған білем.
Бақылау сұрақтары
Қаратпалы сөйлемдердің ерекшелігі неде?
Қаратпа сөздердің анықтамасы қандай?
Жайылма қаратпалардың ерекшелігі неде?
Одағай сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Қыстырмалы сөйлемдердің ерекшелігі неде?
Глоссарий
Қаратпа сөз дегеніміз – басқа біреудің назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған сөз немесе сөз тіркесі.
Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының қалай қарайтынын білдіретін оқшау сөз қыстырма деп аталады.
Тапсырма
Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Қыстырма сөз, сөйлемдер » (Алматы, 1998. 99-102-бб) тақырыбынан конспектілеңіз.
Әдебиеттер
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992
Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
№ 14- практикалық сабақ. Қайталау амалы, оның жұмсалуы. Сөйлемдер жүйесіндегі тұлғалардың өзара қатынасы. Бұл қатынастың парадигмалық сипаты. Жай сөйлем жүйесіндегі тыныс белгілер.
Сабақ жоспары.
1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
1.1. Қайталау амалы, оның жұмсалуы.
1.2. Сөйлемдер жүйесіндегі тұлғалардың өзара қатынасы..
1.3. Жай сөйлем жүйесіндегі тыныс белгілер.
2. Жаттығулар орындау.
2.1. Жақты сөйлемнің түрлеріне сәйкес көркем әдебиеттен мысалдар теріп, синтаксистік талдау жасаңыз. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолын түсіндіріңіз.
2.2. Түсірілген сөздерді орналастырыңыз. Тұрлаусыз мүшелерінің қатысу‑қатыспауына қарай сөйлемнің қандай түрі екендігін ажырытыңыз. Бірыңғай сөйлем мүшелерінің синтаксистік қызметін анықтаңыз.
Керекті сөздер: Киіз үй, алты қанат ақ боз, таңбасы, сан ғасырлық , қақыра , қаңқасы, жаздыгүні, сықырлауық әбзелдер .
КИІЗ ҮЙ
... қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де ..., белгісі. Оның дүниетанымының, ... мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты.
Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі.Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің ..., қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т.б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты да үш түрге: 1) ... тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тігілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, көбіне, ... немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілетін болған.
Киіз үйдің негізгі .. – кереге, уық, ..., шаңырақ – киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар бір-бірімен бау-басқұрлармен біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши тұтылады да, киіз ... (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады. Бұлардың әрқайсысының өз орны бар: туырлық керегеден уықтың ортасына дейін, үзік кереге басынан шаңыраққа дейін, түндік шаңырақты, ал киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Бау-басқұрлар киіз үйдің сүйегін ұстастырып қана қоймай, сыртқы киіздерін де бастырып тұру мақсатында қолданылады.
Глоссарий
Жақсыз сөйлемдердің құрамында жақтық мағынаға ие мүше ‑ бастауыш болмайды.Баяндауыштың формасы да нақты жаққа қатысты болып көрінбейді.
Блиц‑тест
1. Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін ...
А/ бастауыш В/ баяндауыш Г/ пысықтауыш Д/ интонация
2. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Аттылар түнделетіп оралды. В/ Шабарман ертеңгі аламанға үміт артып отыр. Г/ Бүгін менің арманымның орындалған күні. Д/ Достықтың куәсі болған ескі жүзік қолды боп кетті.
3.Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А/ Ақша бұлт.В/ Үзілмеген үміт Г/ Абзал азамат Д/ Оқығандар сөйледі.
4.Жақсыз сөйлем құрамында мүше – А( баяндауыш В) бастауыш Г) толықтауыш Д) анықтауыш
5. Баяндауыштың жақтық көрсеткіші – А) тәуелдік жалғауы В) жіктік жалғауы Г) септік жалғау Д) көптік жалғау
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
№ 15-практикалық сабақ. Сөйлемде сөздердің орын тәртібі. Түпкілікті/базистік/орын тәртібінің сипаты. Сөйлемде сөздердің актуализация мақсатына сай орын ауыстыруы. Сөз-сөйлем, жасалу жолдары
Сабақ жоспары.
1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
1.1. Сөйлемде сөздердің орын тәртібі.
1.2. Сөйлемде сөздердің актуализация мақсатына сай орын ауыстыруы.
1.3. Сөз-сөйлем, жасалу жолдары
2. Жаттығулар орындау.
2.1. Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығының 91‑бетінен конспект жасаңыз.
2.2. Көркем әдебиеттен атаулы сөйлемдердің жұмсалу түріне сай 20‑25 мысал теріңіз.
2.3. Көркем әдебиеттен 100 сөйлемнен тұратын мәтіннен үзінді жазып, синтаксистік талдау жасаңыз. Төменде берілген кестені толтырыңыз.
Толымды сөйлемдер |
Толымсыз сөйлемдер |
Атаулы сөйлемдер |
|
|
|
Глоссарий
Атаулы сөйлем – құрамында бастауыш, баяндауыш болып қатынасқа түскен мүшелер жоқ бір құрамды сөйлем. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады.
Блиц‑тест
1.Атаулы сөйлемдерге тиянақты синтаксистік форма беретін ...
А/ интонация, контекст. В/ жалғаулықтар Г/ сөйлем Д/ шылаулар
2.Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді неше топқа бөлуге болады?
А/3 В/4 Г/5 Д/ 2
3.Эмоциялы атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Мен Базарғалиға қатты өкпеледім. В/ Күлуін! Г/ Жазғы түн. Д/ Вокзал маңы.
4.Сөгіс, тілек мағынасындағы атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Қарғыс атқыр! Өркенің өссін! В/ Басыңа келсін! Мен сені қарғамаймын. Г/ Шешек шыққыр! Д) Қатты ренжігенде қарғап салды
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Факультет Филология
Кафедра Теориялық және
қолданбалы тіл білімі
«5В020500-қазақ филологиясы» мамандығына арналған
мамандықтың шифры мен атауы
KKTZhS 3217 – қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
Ақтөбе қ.
Орындаушы(лар)
филология ғылымдарының докторы, профессор ______________ К.Қ.Садирова
ТжҚТБ кафедрасының доценті филология ғылым. кандидаты ________ А.Қ.Айтбенбетова
Қызметі, кафедра қолы Ф.А.Ә а.
«____»______________2015 ж.
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № __ “__” _______________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі
филология ғылымдарының
докторы, профессор ______________ К.Қ.Садирова
« ___» 2015 жыл
Пәнді оқыту процесінде үнемі қажетті ұсынылған әдебиеттер тізіміне (негізгі және қосымша) назар аудару керек.
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
1 Аманжолов А.С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1992.
2 Т.Сайрамбаев, М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997.
2 Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.
3 Т.Сайрамбаев Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1995.
4 Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
1 С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
2 Қ.Шәукенов. Қолданбалы грамматика. Атырау, 2000.
Пәннің тақырыптарын оқыту ұсынымдары:
№ _1-4_ Тақырыптарды оқытуда «Синтаксис туралы түсінік, синтаксис термині, нысаны, зерттелу барысы, синтаксистің тілдің өзге салаларымен байланысы. Сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесін топтау» айрықша көңіл бөлу керек мәселелер: сөз тіркесі мен оның өзіне ұқсас категориялардан ерекшелігіне, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формаларына, олардың көріну жолдарына т.с.с.
№ 5-13 Тақырыпты оқытуда «Сөйлем және сөйлемді құрайтын элементтер, сөйлем мүшелерінің зерттелуі мен жасалуы, сөйлем мүшелері туралы көзқарастар. Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтері» айрықша көңіл бөлу керек мәселелер: сөйлем құрамына енетін элементтер сипатына, сөйлем мүшелері болу шарттарына, сөйлем мүшелері туралы көзқарастарға, сөйлем мүшелеріндегі синкретизм құбылысына.
Өзіндік жұмысты (үй тапсырмалары) орындауға арналған ұсынымдар:
Оқытылған тақырып бойынша үй тапсырмасын орындауда келесілерді білуі тиіс:
Көрсетілген әдебиеттен берілген бет аралығындағы ғылыми ақпаратты жазып, оның мазмұнын ұғуға және ондағы берілген пікірлерге өз көзқарасын білдіруі және оны дәлелдей білуі керек.
Тақырып бойынша теориялық материал арнайы ғылыми зерттеулердегі негізгі тұжырымдар мен анықтамалар, ғылыми ұғымдарға қатысты пікірлер жинақталып ұсынылған сипатта таңдалды. Сондықтан ол тапсырмаларды орындауда дәріс пен практикалық сабақтардағы теориялық материалдармен сабақтастырып, салыстырып дағдылану қажетті;
Орындаудағы әдістемелік нұсқаулық және әдебиеттер (негізгі және қосымша)
Негізгі әдебиеттер:
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992
Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002
Бөзбаева А. Қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі, А., 2005
Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 2007
Орфографиялық сөздік. А., 2007
Жақыпова Ж. Сөйлеу тілінің сипаты. Қарағанды, 2001
Әмір Р. Жалғаулықтар: құрамы, дамуы, қызметі. –Қазақ лингвистикасы мен лингво-практика мәселелері. А., 2008
Қосымша әдебиеттер
1 С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
2 Қ.Шәукенов. Қолданбалы грамматика. Атырау, 2000.
Пәннің тесттік жүйесінің жұмысына арналған түсінік:
Әрбір тақырыпты ұғынуда сізге тесттік тапсырмаларды орындау ұсынылды.
Бұл тапсырмаларды орындаудың ерекше түйіні негізгі синтаксистік ұғымдардың анықтамасын білуіңіз бен негізгі теориялық тұжырымдарды меңгеруіңіз болып табылады.
Әрбір тест 100 баллдық шкала бойынша бағаланады.
Егер сіз 51 % дұрыс жауап берсеңіз, тақырып меңгерілген болып саналады.
Бақылау жұмысының тапсырмалары мен өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары жұмыстары бойынша түсіндіру:
Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары жұмыстарында әдебиеттерге айрықша көңіл бөлу керек Т.Сайрамбаев, М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. Т.Сайрамбаев Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1995. Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998
-негізгі аспектілер келесідей дәстүрлі грамматикаға сай синтаксистік тұлғалардың, бірліктердің грамматикалық сипаты, құрылымы, байланысу амалдары, мағыналық қатынасы, зерттелуі, зерттеушілердің пікір қайшылықтары мен оларды дұрыс шешу жолдары, синтаксистік талдау жасау үлгілері мен тәсілдері.
Бақылау жұмысының тапсырмаларын орындауда келесілерді білу және ұғыну қажет:
тақырып «Синтаксис туралы түсінік, синтаксис термині, нысаны, зерттелу барысы, синтаксистің тілдің өзге салаларымен байланысы. Сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесін топтау», «Сөйлем және сөйлемді құрайтын элементтер, сөйлем мүшелерінің зерттелуі мен жасалуы, сөйлем мүшелері туралы көзқарастар. Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтері»;
әдебиет Т.Сайрамбаев, М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. Т.Сайрамбаев Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1995. Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998
Пән бойынша мәнжазба, курстық жұмысты орындауға арналған ұсынымдар(курстық жұмыс жоспарланбады):
Мәнжазба жазу барысында келесідей әдебиеттерге айрықша көңіл бөлу керек:_ Т.Сайрамбаев, М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. Т.Сайрамбаев Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1995. Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998
келесі тақырып аспектілерін дәйекті ашу:
сөз тіркесіндегі қиысу мәселесі мен оның түрлері, қабысу мен жанасудың арақатынасы т.с.с.
Аралық бақылауда колоквиумға дайындалуды түсіндіру:
Коллоквиумға дайындалған кезде пәннің мағынасына, сұрақтарға, тақырыптарға ерекше мән беру керек:
1._Әр бірліктің нақты ұстанымдарына сай іштей жіктелуіне, грамматикалық тұлғасына.
2.морфологиялық формалардың сөз тіркесінің компоненттерін байланыстыру қызметіне.
3.Құрылымдық және мағыналық белгілеріне, қай зерттеушінің қандай ұстанымына сай жіктемесіне, айырым белгісіне.
Емтиханға дайындалуға кеңестер:
Емтиханға (сынақ) дайындалу кезінде келесідей жайттарға айрықша көңіл бөлу керек:
1.теориялық сұраққа қатысты материалдардың барлығымен толық танысуға.
2.танысқан материалдан ғылыми ұғымдар мен олардың анықтамасының берілуіне, бірнеше анықтамалардың ұқсастығы мен айырмасына.
3.зерттеушілерге, олардың еңбектерінің атауына, ондағы негізгі тұжырымдарға, сол тұжырымдардың өзге зерттеушілер тарапынан талдануына.
Емтиханға (сынақ) дайындалу кезінде келесі тараулар бойынша көп қиындықтар туындайды:
Сөз тіркесінің өзіне ұқсас өзге бірліктермен арақатынасында;
Қиысу мен оның сөз тіркесі мен сөйлемге қатынасында, салаласа байланысқан тіркестерді сөз тіркесі деп тану, танымауға қатысты
Жоғарыда көрсетілген бөлімдердегі қиындықтардан шығу үшін ортақ пікірлерді шешуге ұмтылған өзге ғылыми зерттеулерге негізделген оқулықтар мен академиялық «Қазақ грамматикасындағы» (Астана, 2002) арнайы тұжырымдармен танысып пайдалану ұсынылады
Әдебиеттермен жұмыс жасау ұсынымы:
Пәнді оқып үйренуде келесі әдебиет көздеріне ерекше мән берілу керек Т.Сайрамбаев, М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. Т.Сайрамбаев Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1995. Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998
Глоссарий
Синтаксис – сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы
Синтаксистік тұлға дегеніміз – сөйлеудің немесе оның компоненттерінің грамматикалық дербестігі бар тілдік көрінісі
Синтаксистік форма – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты.
Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі зерттейді
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі дейміз
Түйдекті тіркес дегеніміз – лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес дейміз.
Есімді сөз тіркесі дегеніміз – басыңқы сыңары есім сөздердің бірінен болатын сөз тіркесі.
Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістіктен болатын сөз тіркесі.
Үстеулі сөз тіркесі – басыңқы сыңары үстеуден болатын сөз тіркесі.
Ортақ басыңқы сыңарлы сөз тіркесі – басыңқысы есім мен етістік сөздің тіркесінен болатын сөз тіркесі.
Етістікті сөз тіркестері дегеніміз – басыңқы сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркестері
Берік меңгеру – меңгеретін сөз бен меңгерілетін сөздің аралығындағы ішкі мағыналық байланысқа құрылатын, бағыныңқы сыңарының белгілі бір тұлғада (септік жалғауында) тұруы басыңқы сыңардың тікелей лексика-грамматикалық мағынасына байланысты болатын меңгеру түрі.
Әлсіз меңгеру – бағыныңқы компоненттің белгілі бір септік жалғауында тұруы басыңқы компоненттің тікелей лексика-грамматикалық мағынасына тәуелді болмай, жалпы айтылмақшы ойға, сөйлемнің мазмұнына, басқаша айтқанда, меңгеруші сыңардың қосалқы грамматикалық мағынасына қатысты болатын меңгеру түрі.
Меңгеру – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сыңардың атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып басыңқымен байланысуы.
Ортақ меңгеру – бағыныңқы сықарлары барыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулы затесім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болатын толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын басыңқы сыңары үнемі күрделі болатын меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.
Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары дегеніміз ─ белгілі бір сөз тіркесінің тірек сөзіне тәуелді болып, сол сөздің мағынасын кеңейтіп тұратын сөз
Сөз тіркесінің басыңқы сыңары дегеніміз ─ сөз тіркесі құрамында өзінің синтаксистік дербестігін сақтайтын, басқа сөз не сөздерді өзіне бағындырып, синтаксистік негізгі қызметті атқаратын тірек сөз.
Жалаң сөз тіркесі дегеніміз – бағыныңқысы да, басыңқысы да бір сөзден тұратын сөз тіркесі.
Күрделі сөз тіркестері дегеніміз – бағыныңқысы не басыңқысы, не екеуі де кем дегенде екі сөзден тұратын сөз тіркесі.
Сөйлем мүшелері дегеніміз ─ құрылымдық-семантикалық, синтаксистік жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын, толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.
Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз ─ толық мағыналы бір сөзден болған сөйлем мүшесі.
Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз ─ бір-бірімен сабақтаса тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, екі не одан да көп сөзден болған сөйлем мүшесі.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз ─ өзара предикативтік қатынаста жұмсалып, сөйлемді құрауға негіз болатын сөйлем мүшелері (бастауыш пен баяндауыш).
Баяндауыш ─ сөйлемде грамматикалық жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше.
Бастауыш ─ сөйлемде айтылатын ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимыл-әрекеттің иесі (субъект), баяндауышпен предикаттық қатынаста жұмсалып, оны өзіне бағындыра отырып, сөйлемнің негізін құрайтын тұрлаулы мүше.
Сөйлемнің үйірлі мүшесі дегеніміз ─ бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрып, сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын, интонациямен бөлінбейтін сөздер тобы.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері ─ сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасында орналасып, оларды айқындап тұратын, сөйлем құруда қосымша қызмет атқарып, оны күрделендіре түсетін сөйлем мүшелері.
Толықтауыш─ сөйлемде баяндауышқа тән іс-қимыл процесінің нысанын білдіретін, не іс-қимылдың ықпалына ұшырайтын тұрлаусыз мүше. Ол баяндауыш тобында болып, онымен табыс, барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс жалғаулары арқылы байланысқа түседі.
Анықтауыш─ зат есімдерден не олардың орнына жұмсалатын басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әртүрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше. Сапалық анықтауыш ─ анықтайтын сөзімен қатар тұрып қабыса байланысады: сұр бұлт.
Меншікті анықтауыш ─ ілік жалғауында айтылып, тәуелді жалғаулы сөзбен матаса байланысады: біздің міндетіміз. Анықтауыш құрылымына қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді.
Дара анықтауыш бір сөзден жасалса, күрделі анықтауыш құрамындағы сөздер өзара атрибутивтік қатынаста келіп, түйдекті сөз тіркесін жасап, басқа зат есімдерді анықтайтын анықтауыш: семіз көк ат.
Үйірлі анықтауыш ─ құрамындағы сөздер бастауыш-баяндауыш ыңғайында предикаттық қатынаста тұрып, басқа зат есімдерді анықтайтын анықтауыш: бойы ұзын жігіттер.
Пысықтауыш─ сөйлемде етістік баяндауыштың жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын айқындайтын тұрлаусыз мүше. Құрамына қарай дара, күрделі, үйірлі болып келеді. Мағынасына қарай мезгіл, мекен, мақсат, амал, себеп, мөлшер болып бөлінеді. Пысықтауыш қызметін атқаратын негізгі сөздер: үстеулер, үстеу мәнді есімдер, сапалық есімдер, қимылдың әртүрлі белгілерін білдіретін жатыс, барыс, шығыс, көмектес септеулі зат есімдер, көсемше, есімше етістіктер.
Сөйлемдегі оқшау сөздер ─ сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер сөйлем құрамындағы өзге сөздермен қабыса, матаса, меңгеріле не қиыса байланысқа түспейді. Сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, оған қазақ тілінде қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады. Одағай сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, сөйлеушінің көзқарасы аңғарылады, адамның көңіл-күйі, сезімі білдіріледі.
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі ─ сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі орналасу тәртібі. Өзара тілінде сөйлем мүшелерінің орын тәртібі тұрақты және жылжымалы болып табылады. Орын тәртібі тұрақты болатындарға жалғаусыз қабыса байланысатын сөйлем мүшелері, орын тәртібі жылжымалы болатындарға жалғаулар арқылы қиыса, меңгеріле байланысқан сөйлем мүшелері жатады.
Инверсия ─ сөйлем мүшелерінің әдеттегі орын тәртібінің бұзылуы.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері ─ сөйлемдегі синтаксистік қызметі бірдей, бір сұраққа жауап беретін, көбінесе, өзара формалас болып келетін сөйлем мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықты да байланысады. Жалғаулықсыз бірыңғай мүшелер интонация арқылы байланысады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін байланыстыратын жалғаулықтар: ыңғайластық жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар, талғаулы жалғаулықтар болып бөлінеді. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.
Жалпылауыш сөздер ─ бір тектес заттар мен құбылыстарды толық қамтып, жинақтай айту үшін жұмсалатын жалпылау мағыналы сөздер. Жалпылауыш сөздер қызметін жалпылау есімдіктері, жинақтау сан есімдері. Жалпылау мәні бар зат есімдер атқарады.
Сөйлем дегеніміз ─ предикаттық қатынас негізінде құрылып, біршама аяқталған ойды білдіретін синтаксистік тұтастық. Оның негізгі белгілері: предикативтілігі, модалдылығы, интонациясы.
Бастауыш пен баяндауыштың қатынасы предикативтік қатынас деп аталады. Предикативтік қатынас – сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі
Сөйлемдегі предикативтілік айтылатын пікір мазмұнының сөйлемнің негізі ретінде шындыққа қатысын білдіруі.
Қиысу бастауыш пен баяндауыш арасындағы жақтық үйлесу, үндесу (Р.Әмір), синтаксистік байланыстың жиі ұшырайтын бір түрі, сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқысының басыңқы сөздерге олардың грамматикалық мағыналары мен тұлғаларына үйлесіп тұратын сөздер арасында болады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жалғаулы қиысу, 2) жалғаусыз, мағыналық қиысу, 3) сандық қиысу (Т.Сайрамбаев), 4) ауыспалы үшінші жақтық қиысу (Р.Әмір).
Хабарлы сөйлем дегеніміз ─ бір нәрсенің не бір істің жайын хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлем.
Сұраулы сөйлем ─ бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдер. Оның жасалу амалдары: сұраулық есімдіктер, сұраулық шылаулар, интонация. Қызметіне қарай үшке бөлінеді: негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер; жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер, анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер. Мағынасына қарай төрт топқа бөлінеді: ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер.
Лепті сөйлем ─ сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдер. Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың құрамындағы одағай, модаль сөздермен, лептілік әуенмен байланысты. Лепті сөйлемдер: 1) қорқу, сескену, өкіну, таңырқау сияқты сезімдерді білдіреді, 2) тілек, көксеу, арман ету сезімдерін білдіреді. Олар бұйрық рай тұлғасындағы етістік баяндауыш арқылы және шартты рай тұлғасындағы етістік баяндауыш арқылы жасалады. 3) асыра мақтан ету, масаттану сезімін білдіреді. Р.Әм іров бұдан басқа реплика ретіндегі лепті сөйлемдер болатынын атайды.
Бұйрықты сөйлем ─ қимыл-әрекетке итермелеу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрық мағынасы түрлі реңкті білдіреді: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады.Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық, қалау райлары арқылы, ашық райдың келер шақ тұлғасында жасалады.
Жай сөйлем ─ қарым-қатынас қызметін атқаратын, өзіне тән семантикалық құрылымы бар, бір предикативтік бірліктен тұратын сөйлем.
Жалаң сөйлемдер ─ тұрлаулы мүшелерден құралған жай сөйлемдер. Ол бір тұрлаулы мүшеден жасалуы да мүмкін. Жай сөйлемнің қос тұрлаулы мүшесі де, бір тұрлаулы мүшесі де дара не күрделі сөздерден жасала береді.
Жайылма сөйлем ─ құрамында бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер қатысқан жай сөйлем.
Жақты сөйлем ─ грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмайтын, бірақ оның қай сөз екенін баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем. Жақты сөйлемнің баяндауышы бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақсыз мағынада айтылады. Жақты сөйлемдер белгісіз жақты сөйлем, жалпылама жақты сөйлем болып бөлінеді.
Жақсыз сөйлем ─ бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөздер. Жақсыз сөйлем баяндауыштарының жасалуы: 1) –у, –мақ жұрнақты қимыл есімімен керек сөзінің тіркесуі арқылы; 2) барыс септікті қимыл есіміне, есімше, көсемше тұлғалы етістікке бол көмекші етістігі тіркесуі арқылы, 3) барыс септікті қимыл есіміне тура келу, мүмкін мүмкін емес сөздерінің тіркесуі арқылы, 4) келер шақтық есімшеге сұрау шылауы –ма, -ме және е көмекші етістігінің тіркесуі арқылы.
Толымды сөйлем ─ айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылатын сөйлем. Толымды сөйлемде оған қажет тірек мүшелердің болуы, ойдың аяқталуы сияқты синтаксистік белгілер сақталады.
Толымсыз сөйлем — айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылмайтын олқы сөйлем. Толымсыз сөйлемдерде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірі не бірнешеуі түсіріліп айтылады. Бірақ сол түсіріліп айтылған мүшенің қай сөз екені алдыңғы сөйлемнен, толымсыз сөйлемдегі басқа мүшелерден, сөздердің өзара қатынасынан белгілі болып тұрады.
Атаулы сөйлем — бастауыш-баяндауыштық қатынастан тұрмайтын, бірақ зат есімді не есімді тіркестерді атау арқылы білдіретін, айрықша интонациямен айтылатын бір құрамды сөйлем. Атаулы сөйлем өзінен кейін айтылатын сөйлеммен байланысты болады, істі, уақиғаны баяндамайды, тек осы шақта зат, құбылысты, заттың бейнелі қалпын, мезгілді, мекенді атап білдіреді.
Сөз-сөйлем — құрамы тек бір сөзден немесе біртұтас сөз тіркесінен тұратын сөйлем. Оған жататындар: бір сөзден тұратын сұраулы сөйлем. Бардың ба? Қашан? Модаль-жауап-түріндегі бір сөзді сөйлем: Әрине. Мақұл. Бастауыш ыңғайындағы сөзден тұратын атаулы сөйлем. Түн. Айдала. Бір сөзден тұратын толымсыз сөйлемдер. Қоясың ба, жоқ па? – Қойдым.
Қорытынды
Пәнді оқып үйренгеннен кейін келесідей тұжырым және қорытынды шығаруға болады.
Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі – тіл білімінің негізгі саласы, оның негізгі зерттеу нысаны – сөз тіркестерініі грамматикалық сипаты, байланысу амалдары, мағыналық қатынасы, зерттелуі, өзара іштей жіктелуі.
9 Білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмаларының мәтіндік жиынтығы, әрбір тақырып бойынша өзін–өзі бақылау материалдары, жұмыстың ағымдағы түрлерін орындау бойынша тапсырмалар, мәнжазбалар және басқа да үй тапсырмаларының еңбек сыйымдылығының өлшемін көрсету және әдебиеттер;
№ 1-4 СӨЖ
СӨЖ тақырыбы Жай сөйлемдердің күрделену жолдары
Мақсаты. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделену жолдарын практикалық тұрғыда нақтылау.
Тапсырма мазмұны:
Берілген тақырыптарды конспектілеу, мазмұндау.
Тақырып бойынша блиц тест құрастыру.
Тақырып негізінде глоссарий жазу, жаттау.
Тақырыптар:
Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі.
Қаратпа сөздер, жасалуы, құрамы, тыныс белгісі.
Қыстырма сөздер, жасалуы, құрамы, мағыналық түрлері, орын тәртібі, тыныс белгісі.
Одағай, құрамы, мағыналық түрлері, орын тәртібі, тыныс белгісі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992
Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002
Бөзбаева А. Қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі, А., 2005
Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 2007
Орфографиялық сөздік. А., 2007
Жақыпова Ж. Сөйлеу тілінің сипаты. Қарағанды, 2001
Әмір Р. Жалғаулықтар: құрамы, дамуы, қызметі. –Қазақ лингвистикасы мен лингво-практика мәселелері. А., 2008
Қосымша әдебиеттер
1 С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
2 Қ.Шәукенов. Қолданбалы грамматика. Атырау, 2000.
№ 5--10 СӨЖ
СӨЖ тақырыбы Сөйлемдердің сөйлеу мақсатына қарай топтасуы.
Мақсаты Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай топтастырылуы туралы теориялық мәлімет беру.
Тапсырма мазмұны:
Берілген тақырыптарды конспектілеу.
Тақырып бойынша блиц‑тест құрастыру.
Көркем әдебиеттен тақырыпқа сәйкес мысалдар теріңіз. Синтаксистік талдау жасаңыз.
Тақырыптар.
- Хабарлы сөйлемдер.
- Сұраулы сөйлемдер.
- Сұраулы сөйлемнің мағыналық түрлері.
- Бұйрықты сөйлемдер.
- Лепті сөйлемдер.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992
Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002
Бөзбаева А. Қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі, А., 2005
Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 2007
Орфографиялық сөздік. А., 2007
Жақыпова Ж. Сөйлеу тілінің сипаты. Қарағанды, 2001
Әмір Р. Жалғаулықтар: құрамы, дамуы, қызметі. –Қазақ лингвистикасы мен лингво-практика мәселелері. А., 2008
Қосымша әдебиеттер
1 С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
2 Қ.Шәукенов. Қолданбалы грамматика. Атырау, 2000.
№ 11-15 СӨЖ
СӨЖ тақырыбы. Сөйлем мүшелері.
Мақсаты: Сөйлем мүшелерінің анықтамасы мен сұрақтарын меңгерту. Синтаксистік талдау жасауға машықтандыру.
Тапсырма мазмұны.
Берілген тақырыптарды конспектілеу.
Тақырып бойынша блиц‑тест құрастыру.
Көркем әдебиеттен тақырыпқа сәйкес мысалдар теріңіз. Синтаксистік талдау жасаңыз.
Тақырыпқа сәйкес глоссарий құрастырыңыз.
Тақырыптар
-Бастауыш.
-Баяндауыш.
-Толықтауыш.
-Анықтауыш.
-Пысықтауыш
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992
Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002
Бөзбаева А. Қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі, А., 2005
Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 2007
Орфографиялық сөздік. А., 2007
Жақыпова Ж. Сөйлеу тілінің сипаты. Қарағанды, 2001
Әмір Р. Жалғаулықтар: құрамы, дамуы, қызметі. –Қазақ лингвистикасы мен лингво-практика мәселелері. А., 2008
Қосымша әдебиеттер
1 С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
2 Қ.Шәукенов. Қолданбалы грамматика. Атырау, 2000.
Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
Тақырып. Баяндауыш және оның түрлері
Мақсаты: Баяндауышты игерту.
Өткізілу түрі: конспектілеу, мазмұндау
Сұрақтары:
1) Баяндауыш анықтамасы, баяндауыштық формалар
2) Шақ мағыналы баяндауыштар
3) Іс-әрекеттің қарқынын білдіретін баяндауыштар
4) Іс-әрекеттің, қимылдың қалпын білдіретін, атайтын баяндауыштар
5) Іс-әрекетті, қимылды мақсат, қалау, тілек ету тұрғысынан атайтын баяндауыштар
6) Ұсыну, міндеттеу мағынасындағы баяндауыштар
7) Модальдық баяндауыштар
8) Іс-әрекетті жасанды ретінде көрсетуге арналған баяндауыштар. Іс-әрекетті болжау сипатында атайтын баяндауыштар
Өзіндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық: Р.Әмір, Ж.Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Баяндауыш және оның түрлері» тақырыбындағы мәліметтерді (116-140-бб.) оқып мазмұндаңыз. Бұл автордың баяндауышты жіктеуіндегі ерекшеліктерді Т.Сайрамбаев пен М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы жіктелістен айырмашылығына көңіл аударыңыздар.
Үлестірмелі материалдар: Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, баяндауыштарына сипаттама беріңіздер, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
Үлгі: Шана жолмен келе жатыр.
Айтылу мақсатына қарай: хабарлы сөйлем.
Құрылысына қарай: жай сөйлем.
Модальдылық мағынасы: болымды сөйлем.
Базистік құрылымы: екі негізді
Бастауыштың қатысуына қарай: жақты сөйлем
Бастауыштың қандай сөз табынан жасалуына қарай: номинативті сөйлем
Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалуына қарай: етістікті сөйлем
Тұрлаусыз мүшелердің қатысуына қарай: жайылма сөйлем
Ойға қатысты мүшелердің түгел болуына қарай: толымды сөйлем.
Баяндауышы: (шана) не істеді? келе жатыр – күрделі, етістікті, шақ мағыналы баяндауыш (күрделі нақ осы шақ, ашық рай).
Бастауышы: не? (келе жатыр) шана – дара, зат есімнен жасалған бастауыш
Баяндауышқа бағынып тұрған мүше: немен? (келе жатыр) шанамен – дара, жанама толықтауыш.
№ 1 карточка. Боран қарды жол үстінен сыпырып тастады.
№ 2 карточка. Жолаушы ауылға сәскеде жетеді.
№3 карточка. Масақтар торы аттың үстіндегі Бекеңе жетіп келді.
№ 4 карточка. Таңертеңгі самал желмен изеле түседі.
№ 5 карточка. Егін сабағы болат шыбықтай иіліп, түзеліп, сыңсыған масақтар бір-біріне созылысады.
№ 6 карточка. Құлаққа естілмес үн шығарып, сыбырласқандай болады.
№7 карточка. Алқымы сары шымшық, торғайлар тербетілген масақтардың бірінен-біріне қонып дәйек таппайды.
№ 8 карточка. Бекең ұзақ тұрып, зират болған тұсқа мөлшерлеп көз жіберді.
№ 9 карточка. Құм ішінде жолаушылар адасқақ келеді.
№ 10 карточка. Абай Құлыншақтың сабырлы сықағына қызығып күліп жіберді.
№ 11 карточка. Ноянның кейбіреулерге істегендері туралы олар бұрын да талай естіген.
№ 11 карточка. Күн суық. Далада жел соғып тұрды.
№ 12 карточка. Аспан қап-қара бұлт еді.
№ 13 карточка. Мен терезенің алдына шығып, апамның жұмыстан оралуын зарыға күтіп отырдым.
№ 14 карточка. Біз үйелмелі-сүйелмелі бес ағайында болатынбыз, апам үйге сыртымыздан бекітіп кеткен.
№ 15 карточка. Ертеңгісін қалдырған азын-аулақ нанды таласа-тармаса жеп ап, қарнымыз ашып отырғанбыз.
№ 16 карточка. Арбалар шиқ-шиқ етіп келеді.
№ 17 карточка. Күзгі қара жол шаңы аспанға шығып бұрқ-бұрқ етіп жатыр.
№18 карточка. Күн еңкейген. Таңертеңгісіндей аспан да қыздырмайды.
№ 19 карточка. Аспан да мұнартып тұр. Төңірек бір түрлі көңілсіз, жабырқау тартып, ұйқыны келтірді.
№ 20 карточка. Оспан осыны көргеннен-ақ Смағұл қасынан кете алмады.
№ 21 карточка. Боздақ жатып кеп жалынды.
№ 22 карточка. Бір уақытта қарды борандатып ақыр заманды орнатты кеп.
№ 23 карточка. Егер тоқтамасақ, аттар шынымен арандағандай екен.
№ 24 карточка. Сәден қазір де соны істейін деп тұр.
№ 25 карточка. Жұмыскерлер жұмыстарын бітіріп қайтайын деп жатыр еді.
№ 26 карточка. Ойламаған жерден жүрегіне оқ тигендей аяғын баса алсайшы енді.
№ 27 карточка. Мен ірге тигізбей күздігүні пішенін шауып алайын деп ем! Осыны Құлыншақ маған қиса екен!
№ 28 карточка. Ол байғұс сені талай ізге салар еді-ау!
№ 29 карточка. Концерт қайткенде де жақсы болуға тиіс.
№ 30 карточка. Есімбектің жоғалған атын мен ұрлады қылып, бір бұзаулы сиырымды төлеуге әперді.
Тақырып. Баяндауыш мүшеге балама ретінде жұмсалатын предикативтік конструкциялар
Мақсаты: Баяндауышты игерту.
Өткізілу түрі: конспектілеу, мазмұндау
Сұрақтары:
бар, жоқ сөздерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы.
Етістік баяндауышқа параллель жұмсалатын предикативтік конструкциялар
«-ған, -ген формалы есімше - бар» конструкциясы
«Бастауыш –тын, -тін тұлғалы есімше – баяндауыш бар, жоқ» болып құралған тіркестердің (алатыным бар) баяндауышқа параллель болып жұмсалуы
Предикативтік іс-қимылды білдіріп, етістік баяндауышқа параллель амал ретінде жұмсалатын объектілік тіркестер
Өзіндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық: Р.Әмір, Ж.Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Баяндауыш мүшеге балама ретінде жұмсалатын предикативтік конструкциялар» тақырыбындағы мәліметтерді (140-146-бб.) оқып мазмұндаңыз. Бұл автордың баяндауышты жіктеуіндегі ерекшеліктерді Т.Сайрамбаев пен М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы жіктелістен айырмашылығына көңіл аударыңыздар.
Үлестірмелі материалдар: сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, баяндауыштарына сипаттама беріңіздер, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
№ 1. Бағана өзіңе айтып ем ғой, басқа жасырғаным жоқ. Бұған мысал – келген жоқ.
№ 2. «Атаққа шыққан жігіт қой, хат жазып көрсін, онша теріске кетпес» деп, - Зәйкүлдің айтқаны бар-ды.
№3. Мен көрген жоқпын.
№4. Менің айтқаным бар. Көңілі түскен кісісіне жалғыз атын түсіп беретіні бар.
№ 5. – Сен қой десең, қоймайтыным жоқ. Қойдым ендеше! – деді де, Тәуке жұмсап сала берді.
№ 6. Ептеп сөз салдыратыны да болады.
№ 7. Есімбектің жесірі кетсе «қыпшақпын» деп қанға тарту жоқ.
№ 8. Ол жайлауды сол жолғы сапарда бір көруім бар.
№ 9. Тек әйтеуір осы көппен бірге болғым келеді.
№ 10. Өз алаңдауына есеп те бермейді. Тез оралғысы бар.
№ 11. – Зейнешім! Өмірі осы күйіңнен өзгере көрмеші деп тілейінші! Өзімнің де өзгергім жоқ.
№ 12. Білерім сол – алдыңызда құран ұстап ант беруге бармын.
№ 13. Тек құрдай жорғалап кетуді біледі.
№ 14. Құсайын да үйде отыруды қойды.
№ 15. Киіз үйдің іргесі түсірулі.
Тақырып. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы
Мақсаты: қиысуды игерту.
Өткізілу түрі: конспектілеу, мазмұндау
Сұрақтары:
қиысудың мәні
қиысудың түрлері: жалғаулы жақтық қиысу
жалғаусыз мағыналық қиысу
сандық қиысу
Өзіндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық: Р.Әмір, Ж.Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы» тақырыбындағы мәліметтерді (146-152бб.) оқып мазмұндаңыз. Т.Сайрамбаев пен М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы мәліметтен (133-140-бб) айырмашылығына көңіл аударыңыздар.
Үлестірмелі материалдар: сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, бастауыш пен баяндауыштың қиылысуына сипаттама беріңіздер, жасалу жолын түсіндіріңіздер:
№ 1 мәтін. Жиренше бір күні жол жүріп бара жатса, тезек теріп жүрген бір топ қызға кездеседі. Ол – қыздарға жақындап келгенде, жаңбыр құйып кетеді. Өзге қыздар терген тезектерін төгіп тастайды да, қаптарын бастарына бүркеніп алып, үйлеріне қарай жүгіреді. Жалғыз-ақ бір қыз үстіндегі киімін шешіп алып, қаптағы тезегіне жаба салады да, өзі қаптың ығына паналап отырады.
№ 2 мәтін. Киіктер бастарын төмен тұқырып өзен жағасына жиылды. Олар қалың тарыға тірелгенде, жүргіншілер аттарынан түсе қалып, жаяу жүгірді.
№ 3 мәтін. Сен де, мен де осы жұмысқа қатысамыз. Мен де, сен де, ол да сырт қалмаймыз.
№ 4 мәтін. Мен, әпкем, інім – үшеуіміз ертең ауылға жүреміз. Күзетші мен сен – екеуің бүгін осында түнеңдер.
Тақырып. Пысықтауыш және оның түрлері.
Мақсаты: пысықтауышты игерту.
Өткізілу түрі: конспектілеу, мазмұндау
Сұрақтары:
1) Мезгіл пысықтауыштың жасалуы
2) Мекен пысықтауыштың жасалуы
3) Сын-қимыл пысықтауыштың жасалуы
4) Мақсат пысықтауыштың жасалуы
5) Себеп пысықтауыштың жасалуы
6) Пысықтауыш мүшелердің стильдік түрлері және олардың жұмсалуы.
Өзіндік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық: Р.Әмір, Ж.Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Пысықтауыш» тақырыбындағы мәліметтерді (152-158-бб.) оқып мазмұндаңыз. Т.Сайрамбаев пен М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы мәліметтен (172-188-бб) айырмашылығына көңіл аударыңыздар.
Үлестірмелі материалдар: сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, пысықтауышқа сипаттама беріңіздер, жасалу жолын түсіндіріңіздер
№ 1. Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла. Жазға жақсы киінер қыз-келіншек. Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер балбырап. Жолаушылар түнімен жүрді. Көктемде құлпырады ой менен қыр.
№ 2. Бүгін кешке Қарағайда ойын болады. Тапа-тал түсте үгіт таратып басынуын көрдің бе, мұның. Таң қараңғысында еркек атаулы жұмысқа кетеді. Сол уақытта ақ отаудың алдында күнге жылынған мысықтай керіліп Шолпан отыр. Сол кезде жартыланған ай туған еді. Осы кезде жер үйдің есігінен екі жігіт кіріп келді. Бір күні мұны Құсырдың көзі шалды.
№ 3. Әуелгі күндері қыз жалғыз қалуға қорықты. Қартайған кезде өмірді жылытатын от – бала. Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Манадан бергі ащы сөздердің бәрінен де мына сөз Ұлжанға ауыр тиді. Түн бойы аяз қаһарына мінді. Олжабек көпке дейін жауап қайтара алмады. Сен де романыңды әуелі бітіріп ап, гонорарды сонан соң сұра. Зылиқа мұны ... келіншек болып түскен соң ойлана бастады.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992
Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002
Бөзбаева А. Қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі, А., 2005
Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 2007
Орфографиялық сөздік. А., 2007
Жақыпова Ж. Сөйлеу тілінің сипаты. Қарағанды, 2001
Әмір Р. Жалғаулықтар: құрамы, дамуы, қызметі. –Қазақ лингвистикасы мен лингво-практика мәселелері. А., 2008
Қосымша әдебиеттер
1 С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
2 Қ.Шәукенов. Қолданбалы грамматика. Атырау, 2000.
10 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өзбетімен дайындалуға арналған сұрақтар тізімі, емтихан сұрақтары және т.б.).
№ 1- бақылау жұмысы.
1-нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз
1. Сөз тіркесінің анықтамасы
2. Сөз тіркесінің түрлері
3. Сөз тіркесінің өзіндік белгілері
Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.
Әуелі мотоциклдің ащы ышқынған даусы шықты, сосын жер дүңкілдеп есік сарт ашылды.
2-нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
Сөз тіркестерін топтастыру принциптері
Сөз тіркесінің өзіне ұқсас категориялардан ерекшелігі
Есімді сөз тіркестері
Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.
Әуелі жаратқан ием дүниеге кедейді жаратыпты, уақыт оза, заман өте ақылды, еті тірісі дәулетті боп кетіпті де, жалқауы мен наданы сіңірі шыққан күйінде қалыпты.
3-нұсқа
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөз тіркесінің түрлері
Етістікті сөз тіркестері
Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз
Бір күндері ел дүрліккен той болып, ел ішінде қым-қуыт көкпар шабылды.
4-нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
Сөз тіркесінің құрылымы, компоненттерінің сипаты
Сөздердің байланысу формалары
Қиысу және оның түрлері
Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.
Күшке болмаса, ақылға ырық бермес шарт та шұрт ұстасқан білек, жер дүниені солқылдатқан дүбір, құйқаны шымырлатқан ащы айғай.
5-нұсқа.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
Қабысу мен жанасу, оларға қатысты көзқарастар
Ортақ басыңқы сыңарлы сөз тіркестері
Салаласа байланысқан сөздердің тіркесі мен оған қатысты көзқарастар
Сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.
Жігіттер ұзақ уқалап қарысып қалған аяқты жаза алмады, уақыт өтіп жатыр.
№ 2-бақылау жұмысы. Лингвистикалық сынақхат мәтіні
№ 1 мәтін
Пікірге сөйлеушінің қатысын, көзқарасын білдіруі ... ... деп аталады. Сөйлеушінің пікірге қатынасы ... немесе ... (шүбәлану, жорамал) көріп айтудан көрінеді: келеді-келетін шығар, келетін сияқты. Сөйлеушінің пікірге осындай қатынасы сөйлемде түрлі амалдар, формалар арқылы көрінеді. Сөйлем мазмұнындағы бұл мағына ... ... деп аталады да, бұл мағынаны білдіретін амалдар, формалар ... ... деп аталады. Сөйлем коммунативтік конструкция, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын тілдік тұлға. Сондықтан сөйлеу үстінде оның құрылысы, құрамы ... ... , ... бағынышты болады. ... ситуациясы, контекст деген 2 бөлек ұғым. Сөйлеу ситуациясы дегеніміз – пікір алысудың ..., ... түрі. ... – сөйлемнің ой айту үстінде басқа сөйлемдермен қатынасты болуы. Қайда бардың? – Заводқа. Формалардың атаулары олардың пікірді болмысқа қатынастыру ерекшеліктерін танытады: айтты-айт, айтайын-айтса, айтты ашық рай, бұл форма іс-қимылдың анық болғанын, болатынын білдіреді. Айт – бұйрық рай, іске қосу, жұмсау талабын білдіреді.
Керекті сөздер: сөйлем модальдылығы, реалды, ирреалды, модальдық мағына, модальдық формалар, сөйлеу ситуациясына, контекске, сөйлесу, диалог, монолог, контекст.
11 Өлшеуіш - бақылау материалдары:
- емтихан сұрақтарының тізімі:
Синтаксис терминінің мәні, зерттеу нысаны, синтаксистің негізгі бағыттары.
Сөз тіркесі синтаксисі, зерттеу нысаны
Сөз тіркесінің анықтамасы, өзіндік ерекшеліктері.
Сөз тіркесінің түрлері мен құрамы.
Есімді сөз тіркестері
Етістікті сөз тіркестері
Сөздердің байланысу формалары
Сөздердің байланысу тәсілдері
Синтаксистік қатынастар, олардың түрлері
Сөйлем және оның түрлері
Сөйлемге тән белгілер
Сөйлем мүшелері, олардың жасалуы, түрлері
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, жасалуы, түрлері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, жасалуы, түрлері.
Сөйлемнің үйірлі мүшелері
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Жалаң және жайылма сөйлем
Жақты сөйлем, оның түрлері, жасалуы
Жақсыз сөйлем, оның түрлері, жасалуы
Толымды және толымсыз сөйлем
Етістікті және номинативті сөйлем
Қаратпа сөз, сөз тіркесі, сөйлем, олардың әрқайсысының жасалу жолдары.
Қыстырма сөз, сөз тіркесі.
Оқшау сөздерге байланысты тыныс белгілері.
Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшеліктері.
Пысықтауыш, оның түрлері, жасалуы.
Анықтауыш, түрлері, жасалуы, тыныс белгілері, ол туралы көзқарастар.
Үйірлі анықтауыштар
Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі, жасалуы
Баяндауыштың жасалу жолдары, семантикасы.
Бар, жоқ сөздерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Модаль сөзді баяндауыштар.
Етістікті баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері.
Есімді баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері. Құрама баяндауыштар.
Бастауыш, оның зерттелуі. Бастауыштың сұраулары. Бастауыштың түрлері, жасалу жолдары, семантикасы.
Сөйлем мүшелерінің жасалуы.
Қабысу, оның көріністері.
Сөз тіркесінің байланысу формаларының біріне-бірінің ауысу процесі, түрлері.
Жанасу, оның құрамы.
Матасу, оның түрлері, жасалу көрінісі.
Меңгеру, оның түрлері. Етістікті, есімді, ортақ меңгеру.
Қиысу және оның түрлері.
Сөз тіркесінің өзіне ұқсас категориядан айырмашылығы
Хабарлы сөйлем, оның жасалуы.
- тест тапсырмалары:
1 Сөз тіркесі болу шарттарының бірі – А) екі сөздің болуы В) синтаксистік қатынаста болмауы С) тек пысықтауыштық қатынаста тұруы Д) толық мағыналы екі сөздің тіркесуі Е) қарама-қарсы мағыналы сөздердің тіркесуі
2 Сөз тіркесі бола алмайтын тіркесті белгілеңіз: А) ауыл арасы В) жақсы оқушы С) білімді жігіт Д) көргенге қуану Е) үмітпен тірлік ету
3 Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) келген адам В) көрмені аралау С) ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер Д) үкілі үміт Е) көзді ашып-жұмғанша
4 Күрделі сөз тіркесін белгілеңіз: А) көз қуанышы В) ғылыми зерттеу С) асығып-аптығып жету Д) ақыл-кеңес Е) досымен кездесу
5 «Етістік – зат есім» үлгісіндегі сөз тіркесін белгілеңіз: А) қалған көңіл В) ауыр жүк С) биік шың Д) терең құз Е) көңілсіз құлақ, ойға олақ.
6 Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) көзбен көру В) айтқаны рас С) бергені жақсы Д) дауысы қатты Е) келгені кеше
7 Есімді сөз тіркестерін белгілеңіз: А) көзді ашып-жұмғанша В) арманы асқақ С) ойша елестету Д) ішпен біл Е) жедел жеткізу
8 Жатыс септікті сөзді меңгерген етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) қорада жүр В) қапқа салды С) қаулы жазды Д) күлгенге ренжіді Е) хабарға қанықты
9 Табыс септік тұлғалы сөзді меңгерген етістікті сөз тіркестері А) не айтуды білмеді В) қолынан ұстады С) келгелі естіп жүр Д) барға қанағат Е) үлкенге ізетті
10 Матаса байланысқан сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз: А) алпыстың үшінде В) ақылдының ақылдысы С) ажарға тәуір Д) балаларға қызық Е) жүз де елу бес
11 Сөйлемді құрайтын элементтерді белгілеңіз: А) сөз, сөз тіркесі, сөйлем В) сөз тіркесі, сөйлем мүшелері С) жекелеген сөздер Д) морфемалар Е) лексика-грамматикалық топтар
12 Мақсат пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Абай үншіл домбыраны әдейі Әйгерім үшін тартатын. В) Бір кесе ыстық сүтті ішіп ап, шешінбестен диванға қисая кетті. С) Қатқыл үнмен жауап қайтарды. Д) Тоқтаусыз жүріп отырды. Е) Қанаттың жанына бір топ бала жиналды.
13 Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі – А) толықтауыш В) бастауыш С) баяндауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш
14 Сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі – А) анықтауыш В) бастауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) баяндауыш
15 Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз: А) Өлеңді айтып берді. В) Кәрі-құртаң шалдар, кемпірлер екеу-екеу көлеңкеде отыр. С) Кісілер бес-бестен бөлініп қос тікті. Д) Ертең олар Жаңасайға қоныс аудармақ. Е) барғанда хабарлай сал.
16 Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін белгілеңіз: А) бастауыш, баяндауыш В) анықтауыш, бастауыш С) анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш Д) баяндауыш, толықтауыш Е) үйірлі мүшелер мен айқындауыш.
17 «Есімдік - болмаса» құрамда жұмсалатын қыстырма сөйлемді белгілеңіз: А) Қайдам, өзің болмасаң, айта-айта шаршадым. В) Әй, атаңа нәлет байлар, салып едің ылаңды. С) Әй, өркенің өскір, айтар сөзіңді ашып айт. Д) Ау, сен неге жайластың. Е) Ит-ау, солай құшақта деппін бе.
18 Әңгіме болып отырған оқиғаны, кісіні, затты тыңдаушының есіне түсіру мақсатында енгізілетін қыстырма сөйлемдерді белгілеңіз: А) Сонау бір адырақ көз өкіл келіп еді ғой, соның сөзі дұрыс еді (Б.М.). В) Қой, мен кетейін. С) Ал қайтармадым, не қыласың? Д) Байқайсың ба, Марфуға бастықты байқап отыр. Е) Қулық жоқ қой, білдіңіз бе, қулық болса, бітпейтін дүние жоқ.
19 Үндеу амалы ретінде сөйлем ішінде қолданылатын сөздерді белгілеңіздер: А) немене, қалай, қане, ал деген В) мен, сен, ол С) ешкім, ешқашан Д) етістіктер, есімшелер Е) адырақ көз өкіл
20 Қаратпа ретінде жиі жұмсалатын сөздерді белгілеңіз: А) жалқы есімдер В) жіктік жалғаулы сөздер С) атаулы сөйлем құрамындағы сөздер Д) негізгі мүшесі –ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен келетін сөздер Е) атау септіктегі кез келген сөз
21 Сөз тіркесі дегеніміз – А) сабақтаса байланысқан толық мағыналы кем дегенде екі сөздің синтаксистік қатынасты білдіру үшін құрылған синтаксистік тобы В) салаласа байланысқан сөздер тобы С) тұрақты сөз тіркестері Д) басыңқы сыңары етістіктен болатын сөз тіркесі Е) матаса байланысқан сөздер тобы.
22 Меңгеру амалымен құрылған сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз: А) жиырманың екісінде В) бояудың көгі С) мінезімен сүйкімді Д) балалардың төртеуі Е) арбаға оқтық.
23 «Есімдік – зат есім» типті сөз тіркестері А) қай жыл В) айтар сөз С) екінші қатар Д) сері көңіл Е) бүгін кезекші
24 «Сан есім – зат есім» типті сөз тіркестерін табыңыз: А) үш метр мата В) ол қырда С) қазір инженер Д) келетін кісілер Е) Қорқыт кеуде
25 «Есімше – зат есім» типті сөз тіркесін белгілеңіз: А) жылма-жыл бастық В) келер кісілер С) нешінші қатар Д) інімнің кітабы Е) қалың қарағай
26 Автор баяндауына басқа біреудің айтқаны ретінде енген сөз – А) бөгде сөз В) шешендік сөз С) цитата Д) автор сөзі Е) косүнді сөз
27 Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын талғаулықты жалғаулықтар: А) бірақ, сонда да В) не, немесе, болмаса, я, біресе С) мен, және, әрі, да, де Д) әрі, бірақ Е) солай болса да, дегенмен
28 Құрамында мақсат пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Алматыға оқып білім алайық деп келдік В) Столды бір-екі рет жұдырықтап жіберді С) Күн арқан бойы көтерілді Д) жолаушылар бес шақырым жүрді. Е) Қонақтар қырық-елуден жиырма-отыздан лек-лек болып келе жатыр.
29 Іс-әрекеттің не үшін қандай талапқа лайық істелетінін, болатынын (не болмайтынын) білдіретін пысықтауыш – А) менен В) мақсат С) себеп Д) мезгіл Е) амал
30 Есімшеден болған анықтауыш бар сөйлемді белгілеңіз: А) Қазақтың кең даласы құлпырады В) Қаусаған елге әл берді С) осы жай қиналтты Д) Талабы жоқ бала білімнен құр қалады Е) Жарастың бригадасы жұмысқа қызу кірісті.
31 Бір предикативтік негізден құралып, белгілі бір модальдық-шақтық тұрпаттағы аяқталған ойды білдіретін негізгі синтаксистік тұлға – А) сөз тіркесі В) сөйлем С) сөз Д) тұрақты сөз тіркесі Е) сөйлем мүшесі
32 Анықтауыштық қатынастағы сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз: А) қайың ағаш В) төр бөлме С) көк шөп Д) жазушы Мұқанов Е) тамақ без.
33 Етістік арқылы айтылған істің, әрекеттің сынын, тәсілін білдіретін пысықтауыш – А) сын-қимыл пысықтауыш В) мақсат пысықтауыш С) мезгіл пысықтауыш Д) мекен пысықтауыш Е) себеп пысықтауыш
34 Іс-қимылға түрлі объект ретінде қатысатын затты білдіріп, сөйлемде ілік, табыс, атаудан басқа септік жалғау формасында жұмсалатын сөйлем мүшелері – А) жанама толықтауыш В) пысықтауыш С) тура толықтауыш Д) сапалы анықтауыш Е) бастауыш
35 Зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі – А) айқындауыш В) баяндауыш С) бастауыш Д) толықтауыш Е) пысықтауыш
36 Меншіктік, анықтауыштар анықтайтын сөзімен қалай байланысады? А) матаса В) қабыса С) жанаса Д) қиыса Е) меңгере
37 Сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар – А) меншіктік анықтауыш В) сапалық анықтауыш С) тәсілдік) Д) тура Е) жанама
38 Тура толықтауышты сөйлемді белгілеңіз: А) Баланы жақсы көремін В) Ырысқа қандым С) қамшымен айдама Д) балшықпен сыладым Е) бар тынысы күнде тұр.
39 Зат есімнен болған баяндауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Түнергенде – түнмін, күлгенде –күнмін В) Келгені кеше С) келген-менмін Д) қараса – кетіп қалыпты Е) Олар бақытты.
40 Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелері – А) анықтауыш В) бастауыш С) тұрлаулы мүшелер Д) тұрлаусыз мүшелер Е) үйірлі мүшелер
41 Үйірлі сөйлем мүшелерінің күрделі сөйлем мүшелерінен ерекшелігі – А) үйірлі мүшенің құрамында бастауыш-баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы болады В) үйірлі мүше құрамында түйдекті тіркес болады С) үйірлі мүше құрамында бірыңғай мүше болады Д) үйірлі мүше құрамындағы сөздер толықтауыштық қатынаста тұрады Е) үйірлі мүше құрамындағы сөздер анықтауыштық қатынаста тұрады.
42 Үйірлі бастауышты сөйлемді белгілеңіз: А) Самат екеуміз қырманға бардық В) Бұл өзеннің басы өмірі малдан арылған емес. С) Адам тілі тас жарар, тас жармаса, бас жарар Д) Жараның маған ұнады Е) Мен көрген бұл кісі емес.
43 Бастауышы заттанған есімшеден болған сөйлемді белгілеңіздер: А) Көрмес – түйені де көрмес В) БҰл Байжанның талай келген үйі С) Салиқа қырман басына келді Д) Киіз кімдікі болса, білек соныкі Е) Бір жүз қырық алты үшке тең бөлінбейді.
44 Бастауышы заттанған сын есімнен жасалған сөйлемді белгілеңіз: А) Қорқақ бұрын жұдырықтар В) Еккен орар С) Лиза Рахметке бұрылды Д) Батырлық майданда сыналады Е) Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.
45 Құрама баяндауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Оспан ерінбейтін жан В) Оспан ерінбеді С) Кәсібі – ағаш шабу. Д) Ол арқан іздеген жоқ. Е) Жылқыда өт жоқ
46 Бастауышы зат есімнен болған сөйлемдер – А) етістікті В) номинативті С) екі негізді Д) бұйрықты Е) жақты
47 Сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалатын сөйлем түрі –А) лепті В) бұйрықты С) түрткі сұрақты Д) сұраулы Е) хабарлы
48 Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлем – А) хабарлы В) лепті С) бұйрықты Д) жайылма Е) сұраулы
49 Хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар – А) сұраулы В) хабарлы С) лепті Д) бұйрықты Е) альтернативті
50 Предикативтік тұлғаларының санына қарай сөйлем түрлері А) жай, құрмалас В) жалаң, жайылма С) атаулы, жақсыз Д) етістікті, номинативті Е) тұрлаулы, тұрлаусыз
51 Құрамында жалғаусыз, мағыналық қиысуы бар сөйлемді белгілеңіз:
А) мен келгенде, сен үйде жоқ едің В) Өзім келдім С) мен келдім Д) Ол барды Е) Біз бардық
52 Үстелі сөз тіркестері, еліктеуішті сөз тіркестері, көсемшелі сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері, сан есімді сөз тіркестері зат есімді сөз тіркестері деген түрге бөлінетін сөз тіркесінің түрі А) қабыса байланысқан етістікті В) меңгеріле байланысқан есімді С) матаса байланысқан есімді Д) есімді тіркестер Е) меңгеріле байланысқан есімді
53 Еліктеуішті сөз тіркесін белгілеңіз:А) тырс-тырс тамды В) орынсыз сөйлеу С) ертең жүрмек Д) жаңа ғана келді Е) жоғары жылжыды
54 Көсемшелі сөз тіркесін белгілеңіз: А) ұйқысыз өткізді В) үш есе ұлғайды С) шөп сал Д) қадала қарады Е) тауға шық
55 Етістіктің шақтық мағынасына мезгілдік мағына үстеп, оның қашан, қай мезгілде болған процесс екенін білдіретін пысықтауыш – А) мезгіл В) мекен С) мақсат Д) амал Е) себеп
56 Мезгіл пысықтауыш зат есімнен жасалған сөйлемді белгілеңіз: А) Осынша соңыма түсетін, мен саған не, істедім? В) Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла С) Жоғары қарашы, көкте не көрінеді? Д) Жоғары-төмен үйрек, қаз, ұшып тұрса сымпылдап Е) Төменде көп толқындар көбік шашқан
57 Мекен пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз А) Шаң шудаланып, ілгері жылжыды. В) Қараңғыда жолды әзер тапты. С) Бұл бригада озып шықты. Д) Сол уақытта поезд да келіп еді. Е) Келгелі осы жұмыспен айналысып жатыр.
58 Етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіретін мүше – А) пысықтауыш В) оңашаланған мүше С) үйірлі мүше Д) айқындауыш Е) қосалқы айқындауыш
59 Грамматикалық қызметі жағынан, грамматикалық формасы жағынан, грамматикалық байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелер – А) бірыңғай мүше В) оңашаланған мүше С) үйірлі мүше Д) айқындауыш Е) қосалқы айқындауыш
60 Қосалқы айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз А) Оспан қартты кісілер үйден шығып қарсы алды. В) Телефон-автомат шырылдады. С) Комбайн егін оруда. Д) Комбайн-самоход іске қосылды. Е) Бұл Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті.
61 Болымсыз пікірді білдіретін сөйлем формасы – А) болымсыз сөйлем В) болымды сөйлем С) жақты сөйлем Д) жақсыз сөйлем Е) жалаң сөйлем
62 Бастауышы есімшеден болған сөйлемді белгілеңіз: А) Мұны кешегі аңызақ жел кептірді. В) Мұны кептірген – кешегі аңызақ жел. С) Аңызақ жел мұны кеше кептірген. Д) Кеше мұны аңызақ жел кептірді. Е) Кеше мұны жел кептірді.
63 Субъектіні, объектіні актуализациялайтын сөйлем типі – А) бастауышы есімшелі сөйлем В) бастауышы зат есімді сөйлем С) бастауышы сын есімді сөйлем Д) бастауышы сан есімді сөйлем Е) бастауышы үстеулі сөйлем.
64 Етістікті сөйлемді белгілеңіз: А) Мен кітап оқыдым В) Кітап оқыған – мен. С) Кітап оқылды Д) Кітапханашы кітап берді. Е) Кітап – білім бұлағы.
65 Бастауышы заттанған етістіктен болған сөйлем - А) етістікті В) номинативті С) екі негізді Д) бұйрықты Е) жақты
66 Зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіретін айқындауыш – А) қосалқы айқындауыш В) қосарлы айқындауыш С) оңашаланған мүше Д) үйірлі мүше Е) бірыңғай мүше
67 Үйірлі анықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз А) Біз төбесі аласа үйге кірдік. В) Бұл үйдің төбесі аласа. С) Біз биік үйде тұрамыз. Д) Бұл үй көп балалы. Е) Көп бала шуласып ойнауда.
68 Сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшелері – А) анықтауыш В) бастауыш С) толықтауыш Д) баяндауыш Е) үйірлі мүше
69 Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі – А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш
70 Іс-қимылға түрлі объект ретінде қатысатын затты білдіретін, сөйлемде ілік, табыс, атаудан басқа септік жалғау формасында жұмсалатын сөйлем мүшесі – А) тура толықтауыш В) жанама толықтауыш С) бастауыш Д) күрделі бастауыш Е) пысықтауыш.
71 Шақ мағыналы баяндауыштар ретінде жұмсалатын етістіктер – А) ашық рай етістіктер В) болымды етістіктер С) болымсыз етістіктер Д) салт етістіктер Е) сабақты етістіктер
72 Сөздің баяндауыштық қызметін анық танытатын аффикстер – А) жіктік жалғаулары В) тәуелдік жалғаулары С) көптік жалғаулары Д) септік жалғаулары Е) меншіктік мағына беретін қосымшалар
73 Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі – А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш
74 Сөйлемде айтылған ойға негіз болат ын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не, басқа сапаның иесі болатын мүше – А) бастауыш В) толықтауыш С) баяндауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш
75 Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүше,лері – А) тұрлаулы мүшелер В) тұрлаусыз мүшелер С) бастауыш Д) баяндауыш Е) толықтауыш
76 Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздер – А) сөйлем мүшелері В) сөздер С) бастауыш Д) толықтауыш Е) пысықтауыш
77 Болымды-болымсыз мәнде өзара сыңар ретінде жұмсалатын сөйлемдерді белгілеңіз: А) Айтпайтыны жоқ – Бәрін айтады. В) Жұмысы жоқ. Жұмысы бар. С) Барша жұрт келді. Баршасы келмек. Д) Ертең келеді. Ертең келмейді. Е) Жаңбыр жауады. Жаңбыр жаумайды.
78 Болымсыз сөйлемді белгілеңіз: А) Жар тік емес. В) Жар жатаған. С) Үй биік. Д) Шалқар көңіл Е) Түсі сары.
79 Затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екенін білдіретін пікір – А) болымды В) болымсыз С) әрі болымды, әрі болымсыз Д) жақты Е) жақсыз.
80 Етістіктің болымсыз формасы арқылы жасалған сөйлемді көрсетіңіз: А) Сен ақталма. В) Су кемерден аспаған С) Үй алқа-салқа. Д) Үйдің терезесі сыланған. Е) Үйдің есігі қапталған.
12 ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛУЫ (пәннің мазмұнына байланысты).
Пәннің оқу бағдарламасы
15 дәріс сабақтарына арналған слайд-презентациялар
«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінен электронды оқу құралы
13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
(кафедраның атауы)
Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі пәні бойынша сабақ өткізу
(пәннің атауы)
№ |
аудитория (кабинет, лаборатория) № |
Бекітілген аудитория (кабинет, лаборатория) |
Пәнді оқытуда қолданылған құрал мен жабдықтар |
1 |
402 |
Тілдік пәндерді оқыту технологиясы кабинеті |
Интерактивті тақта |
2 |
403
|
Оқу кабинеті |
Интерактивті тақта |
3 |
406
|
Қазақ тілі кабинеті |
Интерактивті тақта |
4 |
506 |
Оқу кабинеті |
Интерактивті тақта |
Келісім парағы
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық «5В020500-қазақ филологиясы»
Пән Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
Білім деңгейі жоғары білім беру (бакалавриат)
Оқу жоспарына сәйкес
Оқу формасы жалпы орта білім негізіндегі күндізгі
Оқу жылы 2015-2016
Оқу және оқу-әдістемелік жөніндегі проректор
п.ғ.д., профессор ______ К.Ж.Туребаева
«____»______________20___ж.
