- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына үлгі тақырыптар тізбесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •V. Алғашқы тексеру мерзімі 20__ жыл
- •Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Сөж тапсырмалары
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •Дәріс кешені Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •11 Өлшеуіш - бақылау материалдары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
- •Келісім парағы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Факультет__Филология
Кафедра_ Теориялық және қолданбалы тіл білімі
«5В020500-қазақ филологиясы»
___3__ курс студенттеріне арналған
күндізгі оқыту бағыты бойынша
«Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» пәні бойынша практикалық
сабақтарға
Әдістемелік нұсқаулық
Орындаушы(лар)
филология ғылымдарының
докторы, профессор ______________ К.Қ.Садирова
ТжҚТБ кафедрасының доценті
филология ғылым. кандидаты ________ А.Қ.Айтбенбетова
Қызметі, кафедра қолы Ф.А.Ә а.
«____»______________2015 ж.
« ___» 2015 жыл
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № __ “__” _______________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі
филология ғылымдарының
докторы, профессор ______________ К.Қ.Садирова
« ___» 2015 жыл
Алғы сөз
Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі пәнінің мазмұнын игертуде практикалық сабақтардың маңызы ерекше. Практикалық сабақтарда студенттер аталған пән бойынша теориялық материалдарды ғылыми зерттеулерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан оқып, тұжырымдарды салыстырып, қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі мен жай сөйлем жүйесін ғылыми негізде меңгереді. Практикалық сабақта негізгі жұмыс түрі сапасында сөз тіркестері мен жай сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау енеді. Синтаксистік талдау жасау студенттердің теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастырады әрі теориялық білімдерін бекітеді.
№ 1-практикалық сабақ тақырыбы. Сөз тіркесінің тұлға ретінде белгілері. Сөз тіркесінің түрлері, олардың құрылуы
Сабақ жоспары:
Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
Сөз тіркесінің байланысу формалары дегеніміз не?
Сөз тіркесінің синтетикалық байланысуы дегеніміз не?
Сөз тіркесінің аналитикалық байланысы дегеніміз не?
Жаттығулар орындау.
Төмендегі үзіндіден сөз тіркестерін бөліп, олардың сипаттамасын беріңіз, байланысу формасын анықтаңыз:
Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда.
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда (Махамбет).
Өз таңдауыңызбен 120 сөзден тұратын мәтін үзіндісін таңдап, ондағы сөз тіркестерін талдаңыз.
«Есімше-зат есім» типті сөз тіркесіне 5 мысал теріп, оған талдау жасаңыз.
Глоссарий.
Сөз тіркесі дегеніміз — кем дегенде толық мағыналы екі сөздің синтаксистік қатынасты білдіру үшін құрылған тобы.
Тапсырма.
Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан (Алматы, Санат, 1998. 10-23 бб. ). «Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары. Зат есімді сөз тіркестері» тақырыптарын оқып, мазмұндауға дайындалыңыз.
Блиц тест
1. Жай сөз тіркесін белгілеңіз: А) көлге қонып жатыр Б) көлге қонды В) көл үстінде Г) көлге дейін Д) көл үшін
2. Еркін сөз тіркесін белгілеңіз А) аспанды торлаған Б) басына бұлт үйірілді В) мұртын балта шаппады Г) көзді ашып-жұмғанша Д) жағына пышақ жанғандай
3. Күрделі сөз тіркестерін белгілеңіз: А) ауыз толтырып аларлық В) ит өлген жерде тұрады Г) ауыз ашар Д) көңілге демеу
4. Қабыса байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз А) алтын сағат В) көрші қызы Г) жақсы оқиды Д) үйге бару
5. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз А) дүкенге кіру В) жолға дейін Г) атасымен бірге Д) атасы мен анасы
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 40-42 -бб.
Р.Әмір, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 59-82 бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
№ 2-практикалық сабақ тақырыбы. Зат есімді сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері. Сөз тіркесін топтау. Сөз тіркесінің құрылысы туралы. Сөздердің тіркесу қабілеті.
Сабақ жоспары:
Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:
1 Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері, түрлері.
2. Қиыса байланысқан сөз тіркестерінің сипаты мен оған қатысты көзқарастар.
3. Меңгеру және оның түрлері.
4. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері, түрлері
5 Ортақ меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
6. . Қиысу және оның түрлері.
2. Жаттығулар орындау.
2.1 Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздерден тиісті бағыныңқы сыңарларын тауып, функциясын түсіндіріңіз.
Керекті сөздер: жарық, құдыретіне, күш, дүние болғалы, сұлулыққа, асқаралы, асқар, анадан, әйелден.
Осынау ... дүниеде анадан абзал, анадан ардақты кім бар екен. Дүние... ешкімнен тайсалмаған, ештеңеден жеңілмеген екі алып .. бар. Оның бірі – ақылдылық, екіншісі – батырлық. Алайда осы екі алыптың өзі ... бір күштен жеңілген. Оның аты – ана құдыреті. Әйел нәзіктігі. Бір ғана құдыретіне - ...бас иген күлкісі көп, ұйқысы жоқ сергек сезімге табынған. Ол қасиет ..., ... табынған. Дүниедегі жарық пен жақсылық атаулы әйелдің ақ сүтінен жаралғаны хақ. Бүкіл жер дүниені тітіркенткен, айбынынан ай жасырынған айтушы әміршілер де ана ... қарсы келе алмады емес пе? Ендеше ана алдында ... тау да аласа.
2.2. Төмендегі сөз тіркестерін түр-түріне ажыратып, әрқайсысын бөлек-бөлек топтап жазыңдар.
Бабымен пісіру, өнегелі бала, сыр жасырмау, ақыл айту, әсем әуен, киелі сөз, нардан жығылу, сұлуды сүймек үшін, ойнақтаған бота, өтіріктің өрісі, намысына тию.
2.3. Сөйлемдердегі анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сөздердің байланысу тәсілдері мен формасын ажыратыңыздар.
Кешкі салқынға еті шімірігіп қалтырап кеткен құдықшы орнынан тұрып, қосқа беттеді. Табадағы қызыл шоққа бөксесін тығып, ызыңдай әндеткен шұнақ шүмек жез шәйнектің күрең шайы күні бойы дамыл көрмеген құдықшының денін жайып барады.
Бақылау сұрақтары
Сөз тіркестерінің байланысу формалары дегеніміз не?
Қиысу дегеніміз не, жақтық қиысу мен көптік, мағыналық қиысулардың айырмасы неде?
Ортақ меңгерудің ерекшелігі неде?
Сөз тіркесінің қандай түрлері болады?
Салаласа байланысқан сөз тіркестері мен сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің ерекшелігі неде?
Глоссарий
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесі сөздердің байланысу формалары деп аталады.
Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы – синтетикалық байланыс деп, ал қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.
Тапсырма
С.Аманжоловтың «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» (Алматы, 1994. 143-148-бб) еңбегінен § 13-16 конспектілеңіз.
Блиц-тест
Сөз тіркесі болу шарттарының бірі – А) екі сөздің болуы В) синтаксистік қатынаста болмауы С) тек пысықтауыштық қатынаста тұруы Д) толық мағыналы екі сөздің тіркесуі Е) қарама-қарсы мағыналы сөздердің тіркесуі
Сөз тіркесі бола алмайтын тіркесті белгілеңіз: А) ауыл арасы В) жақсы оқушы С) білімді жігіт Д) көргенге қуану Е) үмітпен тірлік ету
Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) келген адам В) көрмені аралау С) ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер Д) үкілі үміт Е) көзді ашып-жұмғанша
Күрделі сөз тіркесін белгілеңіз: А) көз қуанышы В) ғылыми зерттеу С) асығып-аптығып жету Д) ақыл-кеңес Е) досымен кездесу
«Етістік – зат есім» үлгісіндегі сөз тіркесін белгілеңіз: А) қалған көңіл В) ауыр жүк С) биік шың Д) терең құз Е) көңілсіз құлақ, ойға олақ.
Әдебиеттер
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992
Р.Әміров, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.
№ 3-практикалық сабақ тақырыбы. Етістікті сөз тіркестері, олардың құрылуы.
Етістікті меңгеру, етістікті сөз тіркесі. Ортақ меңгеру. Матасу. Қабысу. Жанасу.
Сабақ жоспары:
Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:
Етістікті сөз тіркестері.
Етістікті меңгеру
Ортақ меңгеру
Матасу
Қабысу
Жанасу
Жаттығулар орындау.
Берілген сөйлемдерден етістікті сөз тіркестерін теріп жазып, олардың қай септікті меңгеріп тұрғанын, синтаксистік қатынасын анықтаңыз:
Әбдірахманды пристав дуанға алып кетті. Ер жеткен ұлыңды үйге қамап, қашанғы жан-торсық етпекшісің. Парторг Шынтасты осы жылғы көктемге дейін жеңіл газикпен алып бармаған құдығы жоқ. Дүкеншінің дәл ойы неменеге апарып соғарын онша аңғара алмасам да, айтқанын орындап, қолымды оң қалтама салдым.
Берілген сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.
Ана бөлмеде тағамдарын үлкендерден бөлек ішеді, солай әдеттенген, - деді келіншек, алдына түскен бұрымын сілкіп тастап, баршаға естірте. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінен тізесінен ақырын қағып:
Е-е, .... бұлдыр-бұлдыр күн өткен дейтін.
Бақылау сұрақтары
Матасу дегеніміз не қандай түрлері болады?
Жанасу мен қабысуды анықтап, олардың ұқсастығы мен айырмасын ажыратыңыз?
Ортақ меңгерудің ерекшелігіне тоқталыңыз
Етістікті сөз тіркесі мен олардың қандай тұлғадағы сөздерді меңгеретінін баяндаңыз
