- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына үлгі тақырыптар тізбесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •V. Алғашқы тексеру мерзімі 20__ жыл
- •Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Сөж тапсырмалары
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •Дәріс кешені Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •11 Өлшеуіш - бақылау материалдары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
- •Келісім парағы
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
№ |
Автор |
Атауы |
Шығарылған баспасы |
Шығарылған жылы |
Дана саны |
1 |
Жұбанов Қ. |
Қазақ тілі жөніндегі зерт-теулер |
Алматы: «Ғылым» |
2002 |
100 |
2 |
Байтұрсынов А.
|
Тіл – құрал. |
Алматы: «Ғылым» |
1993 |
100 |
3 |
Шалабай Б. |
Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Оқу құралы. |
Алматы: «Қазақ университеті» |
2012 |
50 |
4 |
Балакаев М., Сайрамбаев Т.
|
Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі - 4-басылуы-224 бет. |
Алматы: Білім |
2004 |
2 |
5 |
Балакаев М.
|
Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Оқулық, 3-басылуы, 239 бет |
Алматы: Санат |
1997 |
3 |
7 |
Сайрамбаев Т. |
Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Оқу құралы. 176 бет |
Алматы: Рауан |
1991 |
2 |
8 |
Сергалиев М. |
Етістікті соз тіркестерінін синонимиясы : Оку куралы |
Алматы: Казак университеті 80 бет |
1991 |
39 |
9 |
Устагалиева А.
|
Қазақ тілінің жай сөйлемі. Оқу құралы. 128 бет |
Алматы: Эверо |
2013 |
75 |
8 |
Әмір Р. |
Жай сойлем синтаксисі: Оқулық. 192 бет |
Алматы: Санат |
1998 |
1 |
9 |
Қазақ грамма-тикасы. |
Авторлар бірлестігі |
Астана: «Ғылым» |
2002 |
1 |
10 |
Садирова К. |
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі |
Ақтөбе: М-Стиль баспасы |
2013 |
100 |
Дәріс кешені Дәрістердің қысқаша конспектісі
№ 1 дәріс тақырыбы. Синтаксис пәні, ол туралы түсінік
Дәріс мақсаты: синтаксис туралы жалпы мәлімет беру, метатілін игерту
Тірек сөздері: синтаксис, синтаксистік тұлға, синтаксистік форма, коммуникативтік дербестігі бар тұлғалар, сөз тіркесі, сөйлем, күрделенген сөйлем, синтаксистік тұтастық.
Дәріс жоспары:
Синтаксис термині, оның мәні.
Синтаксис туралы жалпы түсінік
Синтаксистің қазіргі зерттелу бағыттары мен оның объектілері: сөз тіркесі, сөйлем, күрделенген сөйлемдер, синтаксистік тұтастық.
Дәріс тезистері:
Синтаксис гректің Sintaxis деген сөзінің негізінде пайда болған. Бұл сөздің бастапқы мағынасы «құрау». Синтаксис термині екі мағынада жұмсалады: 1) сөйлеудің (высказывание) құрылысы жүйесі деген мағынада, 2) тіл ғылымының (грамматиканың) бір саласының атауы мағынасында.
Синтаксис сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы. Синтаксис сөйлеудің қалыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді. Сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Сөйлемнің синтаксисі өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.
Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі зерттейді. Сөйлемдерді салыстыру: 1) Аман алған кітап менде. Бұл кітапты Аман алған. (үйірлі анықтауыш, сөйлемнің предикаттық орталығы ). 2) Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауды ма? Жаңбыр жауды дейсің! (сөздер бірыңғай, бірақ көмекші сөздердің қатысуы мен интонацияның өзгеруі сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына сай құбылып тұр). 3) Қалың жаңбыр. Төңірек телегей- теңіз су. Қалың жаңбыр жауды. (атаулы сөйлем, сөйлем құрамындағы сөз тіркесі).
Сөйлем құрамына енетін сөздер өзара қалыптасқан ереже бойынша тіркесіп, грамматикалық байланысқа түседі. Сөздердің өзара байланысу ережесін сөз тіркесінің синтаксисі зерттейді.
Синтаксис түгел мәтін ішіндегі дара-дара сөйлемдердің де өзара байланысу, селбесу амалдарын зерттейді. Мәтінге енген сөйлемдер өзара мағына жағынан, грамматикалық жағынан тығыз байланысты. Оларды байланыстыратын тәсілдер әр қилы. Сондықтан да синтаксис сөйлеудің құрылысын, стильдік нормаларын зерттейтін тіл ғылымының саласы деп есептеледі. Жай сөйлем, құрмалас сөйлем, синтаксистік шалым // күрделі синтаксистік тұтастық, мәтін коммуникативтік процеске дербес қатысатындықтан коммуникативтік сапасы бар синтаксистік тұлғалар деп танылады. Коммуникативтік сипаты бар тұлғалардың құрамына құрылымдық компоненттер қатысады, олар дара жұмсала алмайды, коммуникативтік дербестігі бар тұлғалардың құрылымдық компоненті ретінде ғана танылады. Сөз тіркесі, сөйлем мүшесі осы қатарға жатады. Бұлардың коммуникативтік дербестігі жоқ, құрылымдық дербестігі бар. Синтаксистік тұлға дегеніміз – сөйлеудің немесе оның компоненттерінің грамматикалық дербестігі бар тілдік көрінісі (Р.Әмір). Синтаксистік тұлға деп танылатындар – коммуникативтік жағынан немесе құрылымдық жағынан дербес көрінетін конструкциялар (Қазақ грамматикасы). Синтаксистік тұлғаның грамматикалық тұрпаты оның синтаксистік формасы деп аталады (Қазақ грамматикасы). Синтаксистік форма – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты. Синтаксис өзіне қатысты грамматикалық формаларды мағынасымен қоса алып зерттейді. Синтаксис тілдік тұлғаларды тануды міндет етеді. Мысалы, бір мағына бірнеше тілдік амалдар арқылы білдірілуі мүмкін: Келмегені – ұялғаны. Келмеді, онысы – ұялғаны. Осы екі сөйлем мағынасы жағынан тең болғанымен, құрылысы, грамматикалық белгілері тұрғысынан өзгеше. Сондықтан да тіл білімі оларды дара синтаксистік тұлғалар ретінде таниды. Синтаксистік форма морфологиялық тұлғалар мен формаларға сүйенеді. Мысалы, жақтық, шақтық морфемалар сөйлем құрамында өзіне тән морфологиялық аядан шығып, есім баяндауыштарға лайық синтаксистік шақтық форма туады: Мезгіл жаз еді. Барыс септігінің тұлғасы, мысалы, жазға – зат есім сөзге тән морфологиялық тұлға, синтаксистік жүйеде жазға – пысықтауыш, толықтауыш мүшелер қалыптастыратын форма болып саналады. Кейбір морфологиялық тұлғалар тек синтаксистік конструкциялар құрау үшін ғана жұмсалатын болып қалған. Жүргісі келді; Жүргім келді; Алмасы бар ма. –ғы, -гі, -ма, -ме бір кезде етістіктен зат есім тудыратын өнімді жұрнақ ретінде жұмсалған: сүргі, бұрғы, қойма. Қазір бұл формалар синтаксистік формалар тудыру үшін жұмсалып жүр.
Синтаксистің зерттеу объектілері: сөз тіркесі, сөйлем, күрделенген сөйлемдер, синтаксистік тұтастық.
Негізгі әдебиеттер
Ғ.Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005. 288-б.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 409-410-бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-53-бб.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Синтаксис терминінің мағыналары қандай?
Синтаксис нені зерттейді?
Синтаксистің қандай салалары бар?
Сөз тіркесі синтаксисі нені зерттейді?
Жай сөйлем синтаксисі нені зерттейді?
Синтаксистік форма дегеніміз не?
Синтаксистік тұлға дегеніміз не?
Глоссарий
Синтаксис – сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы
Синтаксистік тұлға дегеніміз – сөйлеудің немесе оның компоненттерінің грамматикалық дербестігі бар тілдік көрінісі
Синтаксистік форма – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты.
Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі зерттейді
№ 2 дәріс тақырыбы. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы.
Дәріс мақсаты: сөз тіркесіне қатысты жалпы мәліметтерді игерту.
Тірек сөздер: сөз тіркесі, лексикалық тіркесімділік, синтаксистік тіркесімділік, салаласа байланысу, сабақтаса байланысу, түйдекті тіркес, синтаксистік қатынас.
Дәріс жоспары:
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің синтаксистің арнайы объектісі болуы туралы көзқарастар.
Сөз тіркесі терминінің қалыптасуы. Сөз тіркесінің зерттелуі, зерттеуші ғалымдар, олардың еңбектері.
Сөз тіркесінің өзіне ұқсас категориядан айырмашылығы
Дәріс тезистері:
1. Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі дейміз (М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. ҚҚТ, Алматы, 1997. 32-б. ). Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі не одан да көп сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз (Р.Әмір).
Салаласа байланысқан сөз тіркестері өзара тең қатынаста болады: боран мен аяз, сүйкімді, мақтаулы; ағын да, қарасын да, грамматикалық қатынастары: ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты т.с.с. байланысу тәсілдері интонация, шылау сөздер арқылы. Сабақтаса байланысқан сөз тіркестері басыңқылық-бағыныңқылық қатынаста болады: керегінің өзі, анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық, бастауыш - баяндауыштық не предикаттық қатынаста болады. Екеуінің ортақтығы синтаксистік қатынасты білдіру мақсатында құрылуы мен толық мағыналы кем дегенде екі сөзден құрастырылуы. Сөз тіркесінің синтаксистің арнайы зерттеу нысаны болуы, яғни сөз тіркесінің жеке сала сапасында пайда болуы 1950 жылдарға жатқызылады да, профессор М.Балақаев лингвистикалық түркологияда түркі тілдеріндегі сөз тіркесі теориясының негізін қалаған монографияның иесі болып саналады. «Основные типы словосочетаний в казахском языке. Алматы, 1957». Сөз тіркесі терминінің алғаш қолданылуы М.Балақаев пен Т.Сайрамбаев оқулығында көрсетілген мәлімет бойынша, 1953 жылы жарық көрген С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев құрастырған «Орта мектептерге арналған синтаксис» оқулығында қолданылған. Онда сөз тіркесіне мынадай анықтама берілген: «кейбір сөз (сөйлем мүшесі басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, толықтап, пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі керек ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз 12-б.)» . Сөз тіркесі жайында еңбек жазып пікір білдірген зерттеушілер мыналар: түркологияда: А.П.Поцелуевский (Основы синтаксиса туркменского литературного языка. Ашхабад, 1943), Н.К.Дмитриев (Грамматика башкирского языка, М-Л, 1945.), Н.А.Баскаков (Словосочетания в каракалпакском языке. Жин. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, 3 (синтаксис), М, 1961), Е.И.Убрятова «Исследования по синтаксису якутского языка». Қазақ тіл білімінде сөз тіркесіне қатысты еңбектер М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, С.Аманжолов, А.Аблақов т.б. ғалымдар еншісіне тиесілі.
Сөз тіркесі кез келген сөздердің тіркесі емес, ол дербес мағыналы сөз таптарының өзара тіркесі. Сондықтан сөз тіркесін оған ұқсас категориялардан ажырата білу керек. 1) сөз тіркесінің түйдекті тіркестен ерекшелігі: Түйдекті тіркес дегеніміз – лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес дейміз. Оған күрделі етістіктер тобы (оқып келе жатыр), есім мен көмекші етістіктер тобы (жұмыс істеу, жол жүру), қосарлы есімдер тобы (бірін-бірі, табыстан-табысқа), күрделі есімдер тобы (сен тәрізді, қала үстіне), тұрақты тіркестер тобы (үрейін ұшыру, есінен тандыру) жатады. бұлар сөз тіркесінің бір сыңарының қызметін ғана атқарады. Лексикалық түйдек (ақ қайың, боз торғай). Лексикалық және түйдекті тіркестер сөз тіркесіне жатпайды, оның бір компоненті сапасында қатысады. В.В.Виноградовтың айтуынша, сөз тіркесі номинативті қызмет, ал сөйлем предикативті қызмет атқарады. Желсіз түн.- әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы, негізінен, өзгертіліп отырады, сондықтан оны еркін сөз тіркесі деп те атайды. Жақсы жайлау, жақсы ырым. Мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана өзара синтаксистік байланыста болып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, үркек ат, үркек бие, үркек тайлақ деген сөз тіркесі болғанымен, үркек тауық деген тіркес қолданылмайды.
Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады: 1) сөз тіркестері сатылана байланысады: үлкен ағаштың көлеңкесі 2) бір басыңқыға ортақтасып жарыса тіркеседі: кеше бардық, театрға бардық, апаммен бардық. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары қара сөзде бағыныңқыдан кейін келеді, ал поэзияда керісінше тұруы да мүмкін. Сөз тіркесі жай және күрделі болып бөлінеді. Көлге қонады, көл жағалай қонады. Есімді, етістікті, ортақ басыңқы сыңарлы (Т.Сайрамбаев, М.Балақаев маған дос болатын сияқты, білімді жігіт еді), үстеулі (К.Аханов, М. Серғалиев) (келгені кеше) болып бөлінеді.
Негізгі әдебиеттер
Ғ.Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005. 288-б.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 589-591-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 9-15-бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-53-бб.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сабақтаса байланысқан сөз тіркесінің өзіне тән белгілері қандай?
Салаласа байланысқан сөз тіркесінің өзіндік ерекшеліктері қандай?
Түйдекті тіркес дегеніміз не және оған қандай түйдектер жатады?
Түйдекті тіркестер мен сөз тіркестерінің айырмашылығы неде?
Сөйлем ішіндегі сатылана байланысқан сөз тіркестерінің сипаты қандай болады?
Сөйлем ішінде жарыса байланысқан сөз тіркестерінің сипаты қандай болады?
Глоссарий
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі дейміз
Түйдекті тіркес дегеніміз – лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес дейміз.
Есімді сөз тіркесі дегеніміз – басыңқы сыңары есім сөздердің бірінен болатын сөз тіркесі.
Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістіктен болатын сөз тіркесі.
Үстеулі сөз тіркесі – басыңқы сыңары үстеуден болатын сөз тіркесі.
Ортақ басыңқы сыңарлы сөз тіркесі – басыңқысы есім мен етістік сөздің тіркесінен болатын сөз тіркесі.
№ 3 дәріс тақырыбы. Сөз тіркесінің грамматикалық ұйымдасуы туралы. Сөз тіркесінің сыңарлары, байланысу формалары. Әрбір байланысу формаларының қалыптасуы. Сөз тіркесінің сыңарлары. Зат есімді сөз тіркестері, олардың құрылуындағы ерек-шеліктер.
Дәріс мақсаты: сөз тіркесінің грамматикалық ұйымдасуын, басыңқы, бағыныңқы сыңарларының сипатын меңгерту
Тірек сөздер: грамматикалық ұйымдасу, байланысу формалары, басыңқы, бағыныңқы сыңар, зат есімді сөз тіркестері
Дәріс жоспары:
1 Сөз тіркесінің құрылысы
2 Сөз тіркесінің топтары
3 Сөздердің тіркесу қабілеті
4 Сөздердің байланысу формалары
Дәріс тезистері
Сабақтаса байланысқан сөз тіркестері екі сыңардан тұрады. Бірі оның ұйытқы бөлігі ─ басыңқы сыңары, екіншісі оның тәуелді бөлігі─ бағыныңқы сыңары. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары дегеніміз ─ белгілі бір сөз тіркесінің тірек сөзіне тәуелді болып, сол сөздің мағынасын кеңейтіп тұратын сөз. Мысалы, орылған егін. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары дегеніміз ─ сөз тіркесі құрамында өзінің синтаксистік дербестігін сақтайтын, басқа сөз не сөздерді өзіне бағындырып, синтаксистік негізгі қызметті атқаратын тірек сөз. Мысалы, жаздың көркі. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары көбінесе, зат есімдер мен етістіктерден болады. Сөз тіркестері басыңқы сыңарының қандай сөз табынан жасалуына қарай есімді сөз тіркестері және етістікті сөз тіркестері, ортақ басыңқы сыңарлы, үстеулі болып бөлінеді де, олардың әр тобы өз ішінен жіктеледі. Есімді сөз тіркестері зат есімді сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері, сан есімді сөз тіркестері деп жіктелсе, етістікті сөз тіркестері қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері, меңгеру амалы арқылы құрылған етістікті сөз тіркесі, септеуліктер арқылы құрылған етістікті сөз тіркестері деп бөлінеді. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң (бағыныңқысы да, басыңқысы да бір сөзден тұратын) не күрделі сөз тіркестері (бағыныңқысы не басыңқысы, не екеуі де кем дегенде екі сөзден тұратын) деп бөлінеді. Сөздердің тіркесу қабілеттілігі тіркесім деп аталады. Сөздердің тіркесімділігі синтаксистік және лексикалық деп бөлінеді. Синтаксистік тіркесім сөздің қолданысы үстінде туып қалыптасады. Сөз тіркесін топтастыруда сөздің синтаксистік тіркесімі негіз болады.
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 42-83 -бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Сөз тіркесі қандай сыңарлардан тұрады?
Сөз тіркесінің басыңқы сыңары дегеніміз не?
Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары дегеніміз не?
Сөздердің тіркесімділігі дегеніміз не?
Жалаң және күрделі сөз тіркесі деген түрлерге бөлудегі өлшем қандай?
Глоссарий:
Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары дегеніміз ─ белгілі бір сөз тіркесінің тірек сөзіне тәуелді болып, сол сөздің мағынасын кеңейтіп тұратын сөз
Сөз тіркесінің басыңқы сыңары дегеніміз ─ сөз тіркесі құрамында өзінің синтаксистік дербестігін сақтайтын, басқа сөз не сөздерді өзіне бағындырып, синтаксистік негізгі қызметті атқаратын тірек сөз.
Жалаң сөз тіркесі дегеніміз – бағыныңқысы да, басыңқысы да бір сөзден тұратын сөз тіркесі.
Күрделі сөз тіркестері дегеніміз – бағыныңқысы не басыңқысы, не екеуі де кем дегенде екі сөзден тұратын сөз тіркесі.
№ 4 дәріс тақырыбы. Етістікті сөз тіркестерінің құрылу ерекшеліктері. Қазақ тіліне тән сөз тіркесінің қалыптасуы.
Дәріс мақсаты: етістікті сөз тіркесінің өзіндік ерекшеліктерін игерту
Тірек сөздер: сөз тіркесінің құрылысы, тпотау өлшемдері, сөздердің тіркесу қабілеттілігі, басыңқы сыңар, бағыныңқы сыңар.
Дәріс жоспары:
1. Етістікті сөз тіркестері
2. Етістікті меңгеру
3. Ортақ меңгеру
Дәріс тезистері
Етістікті сөз тіркестері дегеніміз – басыңқы сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркестері. Етістік сөз таптары өзге сөз таптарын игеруге, меңгеруге икемді болып тұрады. Етістіктер мағынасы жағынан орайлас жатқан сөздермен әртүрлі тәсілдер арқылы байланысқа түседі де, соның негізінде сөз тіркесінің белгілі бір байланысу формасы (типі) жасалады. Олар: меңгеру, қабысу, жанасу. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары мен басыңқы сыңарларының байланысу дәрежесінің біркелкі емес екендігіне сай меңгеруді іштей берік және әлсіз меңгеру деп бөледі. «Қазақ грамматикасында» берік және әлсіз меңгерудің ара жігін былайша анықтап көрсетеді: 1) меңгеретін сөз бен меңгерілетін сөздің аралығында ішкі мағыналық байланыс болатын болса, берік меңгерудің қатарына жатады да, мұндай мағыналық байланыс болмаса, ондай сөз тіркестері әлсіз меңгерудің қатарына енеді. 2) берік меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарының белгілі бір тұлғада (септік жалғауында) тұруы басыңқы сыңардың тікелей лексика-грамматикалық мағынасына байланысты болса, әлсіз меңгеруде бағыныңқы компоненттің белгілі бір септік жалғауында тұруы басыңқы компоненттің тікелей лексика-грамматикалық мағынасына тәуелді болмай, жалпы айтылмақшы ойға, сөйлемнің мазмұнына, басқаша айтқанда, меңгеруші сыңардың қосалқы грамматикалық мағынасына қатысты болады. Мысалы, «А» әрпін тақтаға бормен жазды деген сөйлемді алатын болсақ, жазды етістігіне меңгерілген сөздер: «А» әрпін жазды, тақтаға жазды, бормен жазды. «А» әрпін жазды сөз тіркесі берік меңгерудің қатарына жатады, «А» әрпі сөзінің табыс септік жалғауында тұруына жазды етістігінің әрі лексика-грамматикалық мағынасы (қимыл-әрекетті білдіру), әрі жалпы грамматикалық мағынасы (сөз табы ретінде) әсер етеді. Алайда бұлардың арасалмағын тең деуге болмайды, өйткені берік меңгеруде басыңқы сыңардың лексика-грамматикалық мағынасы басты, шешуші қызмет атқаратын болса, оның грамматикалық мағынасы көмекші қызмет атқарады. Ал арқауы бос әлсіз меңгеруге басыңқы компоненттің тікелей лексика-грамматикалық мағынасы емес, жалпы грамматикалық мағынасы ықпал етеді. 3) етістік қатарынан бірнеше септік жалғаулы сөзді меңгергенде, септіктердің ішінен ол лексика-грамматикалық мағынасына орай біреуін, әрі кеткенде екеуін айырықша тілеп тұрады. Етістіктің қатарынан екі септік жалғаулы сөзді меңгеруімен салыстырғанда тілімізде әлдеқайда сирек кездеседі. Мысалы, Кітапты маған өз қолымен берді деген мысалдағы берді етістігі лексика-грамматикалық мағынасына орай табыс және барыс жалғаулы сөзді меңгеріп тұр. Мұның көмектес септік жалғаулы сөзді меңгеруі жалпы грамматикалық мағынаға байланысты. Сондықтан да берді етістігінің табыс және барыс жалғаулы сөздермен тіркесіп келген түрі (өз қолымен берді) әлсіз меңгерудің қатарына енеді. 4) сабақты етістіктер мен салт етістіктердің меңгеру дәрежесін өзара салыстырып қарайтын болсақ, мынадай ерекшеліктерді аңғаруға болады. Сабақты етістіктер мағынасына орай тек табыс жалғаулы сөздермен емес, өзге жанама септіктермен де тіркеседі. Бірақ бұлар сабақты етістіктер болғандықтан, ең алдымен табыс септігіндегі сөзді қажет етеді, сондықтан да сабақты етістіктердің табыс жалғаулы сөздермен тіркесіп келген түрі берік меңгерудің қатарына жатады, ал өзге жанама септіктермен келген түрі әлсіз меңгерудің аясына енеді. Сол тәрізді салт етістіктердің ішінен қозғалыс әрекетін білдіретін бару, келу, кету, өту тәрізді етістіктердің барыс не шығыс жалғаулы сөздермен тіркесіп келген түрі берік меңгеру тобын құрайды да, ал бұлардың жатыс, көмектес жалғаулы сөздермен тіркесіп келген түрі әлсіз меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің тобын құрайды. Жалаң берік меңгеру етістіктердің мынадай мағыналық топтарының меңгеруі арқылы жасалады: 1) бір нәрсені жетілдіру, жақсарту мағынасын білдіретін етістіктердің меңгеруі арқылы (мектепті безендіру, жерді суландыру); 2) адамның ішкі көңіл-күйін білдіретін армандау, сағыну тәрізді етістіктердің меңгеруі арқылы (ғалым болуды армандау, баласын сағыну), 3) ұнату, құрметтеу мағынасын білдіретін етістіктердің меңгеруі арқылы (үлкенді сыйлау, ананы құрметтеу), 4) қирату, күйрету мағынасын білдіретін өртеу, мылжалау, езу тәрізді етістіктердің меңгеруі арқылы (ескі заттарды өртеу, жауды күйрету, оқу озаттарын мадақтау), 5) күту, мәпелеу, тәрбиелеу мағынасын білдіретін етістіктердің меңгеруі арқылы (сәбиді тәрбиелеу, жеміс ағашын өсіру), 6) қозғалыс-әрекетін білдіретін міну, бату, ұмтылу, сүңгу тәрізді салт етістіктердің меңгеруі арқылы (поезға міну, батпаққа бату, жауға ұмтылу). Жалаң берік меңгеру мен әлсіз меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бір сөйлемнің аясында жарыса қолданыла береді, яғни бір етістік бірнеше септік жалғаулы сөздерді меңгеретін болса, олардың біреуі берік меңгерудің қатарына жатады да, қалғандары арқауы бос әлсіз меңгерудің құрамына енеді. Меңгерудің мұндай түрі мынадай жолдармен жасалады: 1) бір нәрсені жасау мәнін білдіретін сабақты етістіктер табыс жалғаулы сөздермен тіркесіп, меңгерудің берік түрін құрағанда жатыс, көмектес жалғаулы сөздермен (киімді қолы босағанда машинамен тігу) және барыс, жатыс, шығыс жалғаулы сөздермен (бала бақшасын кірпіштен жаз айында орталыққа салу) әлсіз байланысқа түседі; 2) қирату, күйрету мәнін білдіретін сабақты етістіктер табыс жалғаулы сөздермен меңгерудің берік түрін құрайды да, ал жатыс, көмектес жалғаулы сөздермен (зәулім теректі балалар жоқта трактормен құлату) және шығыс, көмектес жалғаулы сөздермен (шыныны ортасынан кескішпен кесу) әлсіз меңгерудің түрін құрайды. 3) бөлу, қосу мәнін білдіретін сабақты етістіктер табыс жалғаулы сөздермен меңгерудің берік түрін құрағанда барыс, көмектес жалғаулы сөздермен (тақтайды арамен екіге бөлді) және шығыс жалғаулы сөздермен (теріні еттен ажырату) меңгерудің әлсіз түрін құрайды. 4) тамақтану, қоректену мәнін білдіретін сабақты етістіктер табыс жалғаулы сөздермен меңгерудің берік түрін құрайды да, ал шығыс, көмектес жалғауларымен меңгерудің әлсіз түрін құрайды (палауды шетінен қолмен жеу); 5) естіп қабылдау мәнін білдіретін сабақты етістіктер табыс жалғаулы сөздермен берік меңгерудің түрін құрайды да, ал шығыс жалғаулы сөздермен әлсіз меңгерудің түрін құрайды. (жаңалықты радиомен тыңдау) , 6) қозғалыс-әрекетін білдіретін салт етістіктердің бірқатары барыс жалғаулы сөздермен тіркесіп келіп, берік меңгерудің түрін құрағанда, шығыс, көмектес, жатыс жалғаулы сөздермен арқауы бос әлсіз бай»ланысқа түседі. (Ақтөбеге Алматыдан бесінші желтоқсанда поезбен келді), 7) қозғалыс-әрекетін білдіретін салт етістіктердің бірқатары шығыс жалғаулы сөздермен берік меңгерудің түрін құрайды да, барыс, көмектес, жатыс жалғаулы сөздермен әлсіз байланысқа түседі (ауылдан тауға таң сәріде атпен аттану).
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 68-83-бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996. -бб.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?
Етістікті сөз тіркесінің байланысу формасы қандай?
Етістікті берік меңгеру дегеніміз не?
Етістікті әлсіз меңгеру дегеніміз не?
Ортақ меңгеру дегеніміз не?
Глоссарий:
Етістікті сөз тіркестері дегеніміз – басыңқы сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркестері
Берік меңгеру – меңгеретін сөз бен меңгерілетін сөздің аралығындағы ішкі мағыналық байланысқа құрылатын, бағыныңқы сыңарының белгілі бір тұлғада (септік жалғауында) тұруы басыңқы сыңардың тікелей лексика-грамматикалық мағынасына байланысты болатын меңгеру түрі.
Әлсіз меңгеру – бағыныңқы компоненттің белгілі бір септік жалғауында тұруы басыңқы компоненттің тікелей лексика-грамматикалық мағынасына тәуелді болмай, жалпы айтылмақшы ойға, сөйлемнің мазмұнына, басқаша айтқанда, меңгеруші сыңардың қосалқы грамматикалық мағынасына қатысты болатын меңгеру түрі.
Меңгеру – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сыңардың атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып басыңқымен байланысуы.
Ортақ меңгеру – бағыныңқы сықарлары барыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулы затесім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болатын толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын басыңқы сыңары үнемі күрделі болатын меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.
№ 5 дәріс тақырыбы. Тұрлаулы сөйлем мүше-лері. Бастауыш пен баян-дауыштың арасындағы қа-тынас – предикативтілік туралы, олардың сөйлем құрамындағы белсенділігі.
Дәріс мақсаты: тұрлаулы сөйлем мүшелерін игерту
Тірек сөздер: сөйлем мүшелері, тұрлаулы сөйлем мүшесі, тұрлаусыз сөйлем мүшесі, дара, күрделі, үйірлі, бірыңғай сөйлем мүшелері, бастауыш, баяндауыш, құрама, етістікті, есімді.
Дәріс жоспары:
1 Сөйлем мүшелері, олар туралы көзқарастар
2 Баяндауыш, оның зерттелуі, жасалуы.
3 Бастауыш, оның зерттелуі, жасалуы, түрлері
Предикативтілік туралы
Дәріс тезистері
Сөйлем мүшелері дегеніміз ─ құрылымдық-семантикалық, синтаксистік жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын, толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері. Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара мүшесі, күрделі мүшесі, үйірлі мүшесі, бірыңғай сөйлем мүшелері болып бөлінеді. Сондай-ақ тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері болып бөлінеді. Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз ─ толық мағыналы бір сөзден болған сөйлем мүшесі. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз ─ бір-бірімен сабақтаса тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, екі не одан да көп сөзден болған сөйлем мүшесі. А.Байтұрсынұлы бірнеше сөзден жасалған сөйлем мүшесін қосарлы мүше деп атаған: қосарлы бастауыш, қосарлы баяндауыш. Сөйлемнің үйірлі мүшесі дегеніміз ─ бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрып, сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын, интонациямен бөлінбейтін сөздер тобы. Ол өз ішінде бастауыш, баяндауышқа бөлінеді, бұл оны күрделі мүшеден ажыратады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз ─ өзара предикативтік қатынаста жұмсалып, сөйлемді құрауға негіз болатын сөйлем мүшелері (бастауыш пен баяндауыш).
Баяндауыш ─ сөйлемде грамматикалық жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше. Оның қызметі ең алдымен предикативтік қатынасынан көрінеді. Ол жіктік жалғаулары арқылы бастауышпен жақтаса байланысады. Баяндауыш құрамына қарай дара, күрделі, құрама болып бөлінеді. Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Баяндауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздердің сипатына қарай есім баяндауыш, етістік баяндауыш болып бөлінеді. Баяндауышқа балама предикатив конструкция ─ предикативтік іс-әрекетті «бастауыш+баяндауыш» құрамды тіркес арқылы білдіру амалы (алғым бар, айтатыны бар).
Бастауыш ─ сөйлемде айтылатын ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимыл-әрекеттің иесі (субъект), баяндауышпен предикаттық қатынаста жұмсалып, оны өзіне бағындыра отырып, сөйлемнің негізін құрайды. Бастауыштың грамматикалық тұлғалары: сөздің атау тұлғасы, көптік және тәуелдеулі формалар. Бастауыш құрылысына қарай жалаң, күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Бастауыш болатын сөз табының негізгілері ─ зат есім, есімдік, сан есім, заттанған сын есім мен есімшелер. Бастауышты А.Байтұрсынұлы бас мүше деп атаған.
Сөйлемдегі предикативтілік айтылатын пікір мазмұнының сөйлемнің негізі ретінде шындыққа қатысын білдіруі. Предикатив ұғымы предикатив категория, предикативтік қатынас ұғымдары арқылы кеңінен ашылады. Предикатив сөйлемнің грамматикалық мағынасын білдіретін басты белгісі ретінде әр сөйлемге қатысты болып келеді. Ол синтаксистің негізгі бірлігі сөйлемнің қасиетін, мәнін білдіреді. Предикғативтілік қай сөз табынан жасалса да, шақтық мағынаны білдіруге тиіс. Предикативтілік категориясын білдіретін модальдылық категориясы мен қимыл, іс-әрекеттің сөйлеу мезгіліне қатынасын білдіретін шақ категориясының қосындысы деуге болады. Мысалы, Ол ─ дәрігер. Ол дәрігер еді. Ол дәрігер болады.
Сөздің баяндауыш қызметінде жұмсалуы сөйлемдегі субъектілік, предикаттық қатынастан көрінеді. Предикаттық қатынас әртүрлі жағдайда іске асырылады. Баяндауыштың морфологиялық-синтаксистік тұлғасы ─ жіктік жалғаулары. Жіктік жалғаулары баяндауыштық тұлға болумен бірге, әрі бастауыш пен баяндауышты байланыстырып тұратын синтаксистік тұлға, олардың сөзге жалғану мүмкіндігі мол. Сонымен бірге есім сөздер түбір қалпында , баяндауыштық жалғаулар жалғанбай-ақ, баяндауыш бола алады. Ол әдепті. Қайрат ─ дәрігер. Кейде сөз атау түбір қалпында жалғыз тұрып та баяндауыш болуы мүмкін. Мысалы, Шық! Мақұл!
Қиысу бастауыш пен баяндауыш арасындағы жақтық үйлесу, үндесу (Р.Әмір), синтаксистік байланыстың жиі ұшырайтын бір түрі, сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқысының басыңқы сөздерге олардың грамматикалық мағыналары мен тұлғаларына үйлесіп тұратын сөздер арасында болады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жалғаулы қиысу, 2) жалғаусыз, мағыналық қиысу, 3) сандық қиысу (Т.Сайрамбаев), 4) ауыспалы үшінші жақтық қиысу (Р.Әмір).
Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы бірнеше сипатта орындалады. Қиысудың сипаты бастауыштың жақтық мағынасына, бастауыш мүшелердің санына, олар бірнешеу болғанда, басым жақты баяндауыштың қатысуына байланысты.
Предикативтілік қатынас ─ бастауыш пен баяндауыштың қатынасы. Ол сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Предикаттық қатынасқа үзбей еріп жүретін грамматикалық формалар бар. Олар: шақтық форма, рай формалары, жақтық форма
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Сөйлем мүшесі болу шарттары қандай?
Сөйлем мүшелерін топтастырудың өлшемдері қандай?
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз не?
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дегеніміз не?
Дара сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Күрделі сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Бірыңғай сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Үйірлі сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Глоссарий:
Сөйлем мүшелері дегеніміз ─ құрылымдық-семантикалық, синтаксистік жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын, толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.
Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз ─ толық мағыналы бір сөзден болған сөйлем мүшесі.
Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз ─ бір-бірімен сабақтаса тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, екі не одан да көп сөзден болған сөйлем мүшесі.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз ─ өзара предикативтік қатынаста жұмсалып, сөйлемді құрауға негіз болатын сөйлем мүшелері (бастауыш пен баяндауыш).
Баяндауыш ─ сөйлемде грамматикалық жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше.
Бастауыш ─ сөйлемде айтылатын ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимыл-әрекеттің иесі (субъект), баяндауышпен предикаттық қатынаста жұмсалып, оны өзіне бағындыра отырып, сөйлемнің негізін құрайтын тұрлаулы мүше.
Сөйлемнің үйірлі мүшесі дегеніміз ─ бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрып, сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын, интонациямен бөлінбейтін сөздер тобы.
№ 6 дәріс тақырыбы. Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістері-нің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысы. Тұрлаусыз мүшелер.
Дәріс мақсаты: сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің ерекшеліктерін, түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Тірек сөздер: тұрлаусыз мүше, толықтауыш, тура және жанама толықтауыш, анықтауыш, сапалық және меншіктік анықтауыш, пысықтауыш, мезгіл, мекен, мақсат, себап, амал, тәсілдік амал және сапалық амал, мөлшер пысықтауыштар
Дәріс жоспары:
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, ол туралы көзқарастар
Толықтауыш, олар туралы көзқарастар
Анықтауыш, түрлері, жасалуы, зерттелуі
4. Пысықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі, жасалу жолдары.
Дәріс тезистері:
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері ─ сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасында орналасып, оларды айқындап тұратын, сөйлем құруда қосымша қызмет атқарып, оны күрделендіре түсетін сөйлем мүшелері. Оған анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жатады.
Толықтауыш─ сөйлемде баяндауышқа тән іс-қимыл процесінің нысанын білдіретін, не іс-қимылдың ықпалына ұшырайтын тұрлаусыз мүше. Ол баяндауыш тобында болып, онымен табыс, барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс жалғаулары арқылы байланысқа түседі. Толықтауыш мағынасына, синтаксистік қызметіне, формасына қарай тура толықтауыш, жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді. Толықтауыш зат есімдерден, есімдіктерден, заттық мағынадағы сын есімдерден, сан есім, есімше және тұйық етістіктерден, үстеу сөздерден жасалады. Негізгі сөзбен туралы, жөнінде, жайында сияқты септік шылауларының тіркесуі арқылы да жасалады.
Анықтауыш─ зат есімдерден не олардың орнына жұмсалатын басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әртүрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше. Анықтауыш болатын сөз таптары: сын есім, сан есім, есімдік, зат есім, есімше, ілік септікті сөздер. Анықтауыш мағынасына қарай сапалық және меншікті болып бөлінеді. Сапалық анықтауыш ─ анықтайтын сөзімен қатар тұрып қабыса байланысады: сұр бұлт. Меншікті анықтауыш ─ ілік жалғауында айтылып, тәуелді жалғаулы сөзбен матаса байланысады: біздің міндетіміз. Анықтауыш құрылымына қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Дара анықтауыш бір сөзден жасалса, күрделі анықтауыш құрамындағы сөздер өзара атрибутивтік қатынаста келіп, түйдекті сөз тіркесін жасап, басқа зат есімдерді анықтайтын анықтауыш: семіз көк ат. Үйірлі анықтауыш ─ құрамындағы сөздер бастауыш-баяндауыш ыңғайында предикаттық қатынаста тұрып, басқа зат есімдерді анықтайтын анықтауыш: бойы ұзын жігіттер.
Пысықтауыш─ сөйлемде етістік баяндауыштың жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын айқындайтын тұрлаусыз мүше. Құрамына қарай дара, күрделі, үйірлі болып келеді. Мағынасына қарай мезгіл, мекен, мақсат, амал, себеп, мөлшер болып бөлінеді. Пысықтауыш қызметін атқаратын негізгі сөздер: үстеулер, үстеу мәнді есімдер, сапалық есімдер, қимылдың әртүрлі белгілерін білдіретін жатыс, барыс, шығыс, көмектес септеулі зат есімдер, көсемше, есімше етістіктер.
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 172 -бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996. -бб.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дегеніміз не?
Тұрлаусыз мүшелер қандай түрлерге жіктеледі?
Толықтауыштың анықтамасы, түрлері, жасалуы туралы не айтасыз?
Анықтауыштың түрлері мен жасалуына тоқталыңыз.
Пысықтауыш қалай жасалады, қандай топтарға жіктеледі?
Глоссарий:
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері ─ сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасында орналасып, оларды айқындап тұратын, сөйлем құруда қосымша қызмет атқарып, оны күрделендіре түсетін сөйлем мүшелері.
Толықтауыш─ сөйлемде баяндауышқа тән іс-қимыл процесінің нысанын білдіретін, не іс-қимылдың ықпалына ұшырайтын тұрлаусыз мүше.
Анықтауыш─ зат есімдерден не олардың орнына жұмсалатын басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әртүрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше.
Пысықтауыш─ сөйлемде етістік баяндауыштың жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын айқындайтын тұрлаусыз мүше.
№ 7 дәріс тақырыбы. Айқындауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түрлері. Сөйлем мүшелерінің коммуникативті мақсаттары. Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар.
Дәріс мақсаты: сөйлемнің айқындауыш мүшелерінің ерекшеліктерін, түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Тірек сөздер: айқындауыш мүше, қосарлы, қосалқы, оңашаланған
Дәріс жоспары:
Айқындауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түрлері.
Сөйлем мүшелерінің коммуникативті мақсаттары.
Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар.
Дәріс тезистері:
Айқындауыштың түрлері: 1) қосалқы айқындауыш зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіреді: Майқы би, сен бала, Асқар қорқақ т.с.с. Айқындауыш мүше басым мүшемен тығыз грамматикалық байланыста тұрады. Соның көрінісі – басым мүшеге қатысты жалғауды осы айқындауыш қабылдайды: Оспан қартты кісіллер үйден шығып қарсы алды. Сын есімдердің ішінде осы қызметк арналып жұмсалатын сөздер бар: -ғыр, -гір жұрнақты сын есімдер сол құрғыр, сен түбің түскір ...Айқындауыш ретінде ғана жұмсалатын сөздер бар: неме, түскір. Қосалқы айқындауыш мүше негізінен сөйлеу тіліне тән, эмоцияны білдіру тәсілі ретінде жұмсалады. 2) қосарлы айқындауыш деп негізгі сөзге қосарланып, онысы дефис арқылы жазылуынан көрінетін айқындауышты айтамыз. Мысалы: телефон-автомат, инженер-механизатор т.т. Қосарлы айқындауыш газет тілінде, поэзия тілінде жиі ұшырайды. Оңашаланған айқындауыш деп сөйлемдегі бір мүшені саралап, айқындап қайта атайтын сөзді, сөздер тіркесін айтамыз. Мұнда, Алматыда, барлық мәселелерді шешуге ... жәрдемін алуым керек.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері ─ сөйлемдегі синтаксистік қызметі бірдей, бір сұраққа жауап беретін, көбінесе, өзара формалас болып келетін сөйлем мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықты да байланысады. Жалғаулықсыз бірыңғай мүшелер интонация арқылы байланысады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін байланыстыратын жалғаулықтар: ыңғайластық жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар, талғаулы жалғаулықтар болып бөлінеді. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады. Жалпылауыш сөздер ─ бір тектес заттар мен құбылыстарды толық қамтып, жинақтай айту үшін жұмсалатын жалпылау мағыналы сөздер. Жалпылауыш сөздер қызметін жалпылау есімдіктері, жинақтау сан есімдері. Жалпылау мәні бар зат есімдер атқарады.
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 189 -бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Айқындауыш пен анықтауыштың ұқсастығы мен айырмасын атаңыз.
Айқындауыш қандай түрлерге топтастырылады?
Қосарлы айқындауыштың ерекшелігі неде?
Қосалқы айқындауыштың ерекшелігі неде?
Оңашаланған айқындауыштың ерекшелігі неде?
Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің ерекшелігі неде?
Бірыңғай мүшелер қандай тәсілдермен байланысады?
Глоссарий:
Қосалқы айқындауыш зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіреді: Майқы би, сен бала, Асқар қорқақ т.с.с.
Қосарлы айқындауыш деп негізгі сөзге қосарланып, онысы дефис арқылы жазылуынан көрінетін айқындауышты айтамыз.
Оңашаланған айқындауыш деп сөйлемдегі бір мүшені саралап, айқындап қайта атайтын сөзді, сөздер тіркесін айтамыз.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері ─ сөйлемдегі синтаксистік қызметі бірдей, бір сұраққа жауап беретін, көбінесе, өзара формалас болып келетін сөйлем мүшелері
№ 8 дәріс тақырыбы. Жай сөйлем, жай сөйлемнің грамматикалық сипаты, анықтамасы, жай сөйлемге тән семантика. Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері.
Дәріс мақсаты: жай сөйлемнің грамматикалық сипатын игерту
Тірек сөздер: сөйлем, ерекшеліктері, предикаттық қатынас
Дәріс жоспары:
1. Сөйлем – синтаксистің ең негізгі единицасы.
2. Сөйлемнің коммуникативті қызметінің сөз, сөз тіркесінен айырмашылығы
3. Жай сөйлемнің анықтамасы.
4. Сөйлемнің логика-грамматикалық типтері
Дәріс тезистері:
Сөйлем ─ синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол коммуникативтік тұлға, яғни, пікір білдіру үшін, ақпарат беру үшін қолданылады. Сөйлемнің сөзден, сөз тіркестерінен айрықша белгілері мыналар: 1) өзара байланысқа енген сөздерден, сөз тіркестерінен құралады; бірақ сөз де сөз тіркесі де өз алдында, өз сапаларында пікір алысу тұлғалары болып жұмсала алмайды. Олар тек ұғымды атау үшін ғана жұмсалады, ұғымның атауы болады. Пікір белгілі ұғымдардың негізінде солардың өзара қатынасы негізінде құралады. Солай болғандықтан сөйлем де сөздерден, сөз тіркестерінен құралады. Сөйлемнің жеке сөзге немесе сөз тіркесіне пара-пар келетін конструкциялардан ғана құралатыны бар: Жаз. Сүттей жарық күн. Бұл аталғандар – сөйлем. Өйткені олар сөйлемге тән грамматикалық сипаттарға ие болып тұр. 2) бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған предикаттық қатынасты білдіреді; 3) біршама аяқталған ойды, модальдылықты білдіреді; 4) айтылу интонациясы болады. Сөйлем құрылымы екі түрлі болады: жай сөйлем, құрмалас сөйлем.
Сөйлем дегеніміз ─ предикаттық қатынас негізінде құрылып, біршама аяқталған ойды білдіретін синтаксистік тұтастық. Оның негізгі белгілері: предикативтілігі, модалдылығы, интонациясы.
Жай сөйлем ─ қарым-қатынас қызметін атқаратын, өзіне тән семантикалық құрылымы бар, бір предикативтік бірліктен тұратын сөйлем. Синтаксистік құрылым тұрғысынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан көп сөзден де тұрады. Жай сөйлемдер қос компонентті болып та, бір компонентті болып та келеді. Жай сөйлемдердің жасалуында сөздердің орын тәртібі мен интонациясының елеулі мәні бар.
Бастауыш пен баяндауыштың қатынасы предикңативтік қатынас деп аталады. Предикативтік қатынас – сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Сөздер бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болады. Көл үлкен. – сөйлем. Көл – бастауыш, үлкен баяндауыш ретінде қатынасып тұр. Үлкен бастауышқа қатысты сынды предикативтік сипатта атап тұр. Үлкен көл деген құрамда предикативтік қатынас жоқ, үлкен анықтауыш ретінде қатысқан. Сондықтан бұл сөздер тобы сөйлем бола алмайды. Тілде осы предикативтілік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар бірнешеу және көбіне баяндауыш мүшенің құрамынан орын алады. Бірі –шақтық форма. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа шақ, мезгіл жағынан қандай қатынаста тұрғанын білдіру үшін қызмет етеді.
Жолаушылар келеді (келе жатыр - келді).
Екіншісі – рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа, шындыққа жанасымдылығын білдіретін форма. Рай формалары - ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай болып бөлінетіні белгілі.
Үшіншісі жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үшінші жақтың қатысуын ескеріп құрылады. Сөйлемнің бастауыш мүшесін үш жаққа бөлу – коммуникацияны ұйымдастыруды ыңғайлы ету талабынан туған грамматикалық құбылыс. Жақтық категория субъектілерінің коммуникативтік жағдайға қандай қатынаста тұрғанын көрсетеді. Сөйлемге қатысатын жақ, шақ, модальдылық көріністері сөйлеуші тұрғысынан белгіленеді. Шақ, жақ, рай формалары – сөйлем арқылы айтылған пікірдің болмысқа байланысын, қатынасын білдіретін формалар. Баяндауыш мүше осы формаларды бойына жиып предикативтікті білдіретін мүше сапасына көтеріледі. Предикативтік дегеніміз – пікірдің болмысқа қатысын білдіру. Сөйлемде бұл мағына баяндауыш мүше арқылы көрінетін болғандықтан баяндауышты предикат мүше деп атаймыз. Ал бастауыш пен баяндауыш өзара қатынасып сөйлем құрайтын болғандықтан, бұл екеуінің қатынасы предикативтік қатынас деп аталады.
Пікірге сөйлеушінің қатысын, көзқарасын білдіруі сөйлем модальдылығы деп аталады. Сөйлеушінің пікірге қатынасы реалды немесе ирреалды (шүбәлану, жорамал) көріп айтудан көрінеді: келеді-келетін шығар, келетін сияқты. Сөйлеушінің пікірге осындай қатынасы сөйлемде түрлі амалдар, формалар арқылы көрінеді. Сөйлем мазмұнындағы бұл мағына модальдық мағына деп аталады да, бұл мағынаны білдіретін амалдар, формалар модальдық формалар деп аталады. Сөйлем коммунативтік конструкция, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын тілдік тұлға. Сондықтан сөйлеу үстінде оның құрылысы, құрамы сөйлеу ситуациясын, контекске бағынышты болады. Сөйлесу ситуациясы, контекст деген 2 бөлек ұғым. Сөйлеу ситуациясы дегеніміз – пікір алысудың диалог, монолог түрі. Контекст – сөйлемнің ой айту үстінде басқа сөйлемдермен қатынасты болуы. Қайда бардың? – Заводқа. Формалардың атаулары олардың пікірді болмысқа қатынастыру ерекшеліктерін танытады: айтты-айт, айтайын-айтса, айтты ашық рай, бұл форма іс-қимылдың анық болғанын, болатынын білдіреді. Айт – бұйрық рай, іске қосу, жұмсау талабын білдіреді.
Сөйлемдерді топтастыру мына принциптерге сүйеніледі:
Сөйлемнің логика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай топтау 8 түрге бөлінеді: 1) іс иесі зат пен қимыл-әрекет қатынасын білдіретін сөйлемдер. Екі әйел көрінеді; 2) Зат пен оның қимыл күйін хабарлайтын сөйлем: Мойнына жіп тағылды. 3) Субъект зат пен оның заттық сапасының қатынасын білдіретін сөйлемдер. Оспан –бригадир; 4) Субъект зат пен оның сандық, сандық сапасының күйін, қатынасын білдіретін сөйлемдер. Маңайда ел жоқ. 5) Қимыл іс пен логикалық субъект- заттың қатынасын білдіретін сөйлемдер. Орнынан секіріп шыққан – көк шолақ; 6) Қимыл –іс пен оның сынының, объектісінің қатынасын білдіретін сөйлемдер. Айтатыны Абдрахман болған. 7) Қимыл-іс пен оның себебінің қатынасын білдіретін сөйлемдер: Жүдегені – мазасыздығынан. 8) Номинативті және етістікті сөйлемдер: Мен кітап оқыдым. Кітап оқыған – мен. Менің оқығаным – кітап.
Сөйлемдерді сөйлеу мақсатына қарай топтау: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті.
Сөйлемдерді негізгі құрамының көрінісіне қарап топтау бір негізді, екі негізді
Сөйлемдерді жақтық мағыналарының болу-болмауына қарай топтау, жақты, жақсыз.
Сөйлемдерді информациялық көлеміне, осыған сай құрамдық мөлшеріне қарай топтау: толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, болымды, болымсыз.
Толымды сөйлем ─ айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылатын сөйлем. Толымды сөйлемде оған қажет тірек мүшелердің болуы, ойдың аяқталуы сияқты синтаксистік белгілер сақталады.
Толымсыз сөйлем — айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылмайтын олқы сөйлем. Толымсыз сөйлемдерде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірі не бірнешеуі түсіріліп айтылады. Бірақ сол түсіріліп айтылған мүшенің қай сөз екені алдыңғы сөйлемнен, толымсыз сөйлемдегі басқа мүшелерден, сөздердің өзара қатынасынан белгілі болып тұрады. Толымсыз сөйлемдер, әсіресе, сөйлеу тіліне тән.
Сөйлемді зерттеудің конструктивті аспектісі сөйлемді құрылымдық элементтері сипатына сай зерттесе, коммуникативтік аспектіде сөйлем коммуникативтік тұлға сапасында қарастырылып, оның айтылған сөйлеу жағдаятымен қоса алып саралайды. Семантикалық аспектіде сөйлем мүшелерінің с емантикалық жүктеріне байланысты предикаттық және актанттық құрылым анықталады.
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 219-228 -бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996. -бб.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Жай сөйлемге қандай анықтама беріледі?
2. Жай сөйлемнің негізгі белгілері қандай?
3. Предикативтік қатынас дегеніміз не?
4. Сөйлемнің предикативтілігі дегеніміз не?
5. Сөйлемнің модалділігі дегеніміз не?
Сөйлемнің логика-грамматикалық типтері қандай?
Глоссарий:
Сөйлем дегеніміз ─ предикаттық қатынас негізінде құрылып, біршама аяқталған ойды білдіретін синтаксистік тұтастық. Оның негізгі белгілері: предикативтілігі, модалдылығы, интонациясы.
Предикативтік дегеніміз – пікірдің болмысқа қатысын білдіру. Сөйлемде бұл мағына баяндауыш мүше арқылы көрінетін болғандықтан баяндауышты предикат мүше деп атаймыз.
Бастауыш пен баяндауыш өзара қатынасып сөйлем құрайтын болғандықтан, бұл екеуінің қатынасы предикативтік қатынас деп аталады.
Пікірге сөйлеушінің қатысын, көзқарасын білдіруі сөйлем модальдылығы деп аталады.
№ 9 дәріс тақырыбы. Сөйлемнің мағыналық түрлері. Екі негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесінде олардың алатын орны, түрлері.
Дәріс мақсаты: сөйлемнің мағыналық түрлерін, екі негізді сөйлемдер сипатын игерту
Тірек сөздер: сөйлем, мағыналық түрлері, екі негізді
Дәріс жоспары:
1Сөйлемнің мағыналық түрлері.
2 Екі негізді сөйлемдер.
3 Сөйлемдер жүйесінде олардың алатын орны, түрлері.
Дәріс тезистері:
Сөйлемдер мағынасына, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып бөлінеді.Болымды сөйлемде пікір затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екенін білдіреді. Болымсыз сөйлем – болымсыз пікірді білдіретін форма. Болымсыз сөйлемдердің баяндауыштарының жасалуы: 1) етістіктің болымсыз формасы арқылы жасалады. Сен ақталма. 2) –ған, -ген тұлғалы есімше – жоқ/емес: келген жоқ/ көрген емес. 3) –тын, -тін тұлғалы есімше + ма,ма жұрнағы: сөйлемейтін, іздемейтін, 4) есім сөз + емес: артық емес, биік емес.
Сөйлемді предикативтік бас мүшелерінің қатысына қарай екі негізді, бір негізді деп топтастырады. Құрамында екі бас мүше де (бастауыш пен баяндауыш) бар сөйлем түрі екі негізді сөйлем деп аталады.
Екі негізді сөйлемдер коммуникативтік аспекті тұрғысынан ең көп қолданылатын сөйлем түрі болып саналады.
Есімді немесе номинативті сөйлемдер дегеніміз ─ бастауышы зат есімнен не есім сөздерден болған сөйлемдер. Есімді сөйлемге бас мүшесі есім не есімді тіркестен жасалған бір сөйлем жатады. Бастауышы етістіктен болған сөйлемдер етістікті сөйлемдер деп аталады.
Жай сөйлемдер тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жалаң, жайылма сөйлемдер деп, бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жақты, жақсыз сөйлемдер деп бөлінеді. Жалаң сөйлемдер ─ тұрлаулы мүшелерден құралған жай сөйлемдер. Ол бір тұрлаулы мүшеден жасалуы да мүмкін. Жай сөйлемнің қос тұрлаулы мүшесі де, бір тұрлаулы мүшесі де дара не күрделі сөздерден жасала береді. Жайылма сөйлем ─ құрамында бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер қатысқан жай сөйлем. Жақты сөйлем ─ грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмайтын, бірақ оның қай сөз екенін баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. -бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Сөйлемдер мағынасына қарай қандай түрлерге жіктеледі?
Екі негізді сөйлемдер деп қандай сөйлемдерді айтамыз?
Болымды сөйлемдер дегеніміз не?
Болымсыз сөйлемдер дегенімізге не жатады?
Болымсыз сөйлем баяндауышы қалай жасалады?
Глоссарий:
Болымсыз сөйлем – болымсыз пікірді білдіретін форма.
Болымды сөйлемде пікір затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екенін білдіреді.
Құрамында екі бас мүше де (бастауыш пен баяндауыш) бар сөйлем түрі екі негізді сөйлем деп аталады
№ 10 дәріс тақырыбы. Бір негізді сөйлемдер. Сөйлем жүйесінде олардың алатын орны, түрлері.
Дәріс мақсаты: бір негізді сөйлемдерді игерту
Тірек сөздер: бас мүше, баяндауыш, негіз
Дәріс жоспары:
Бір негізді сөйлем анықтамасы
Бір негізді сөйлем түрлері, жасалуы
Дәріс тезистері:
Бір негізді сөйлем дегеніміз – грамматикалық жағынан бір ғана предикативтік бас мүшеге, баяндауышқа, негізделіп құрылатын сөйлем түрі. Оның түрлері: жалпылама жақты сөйлем, белгісіз жақты сөйлем, жанама жақты немесе жақсыз сөйлем, атаулы сөйлем.
Бірқатар сөйлемнің грамматикалық бастауыштары ерекше айтылмайды да, істелген іс-әрекет белгісіз субъектілерге тән болып ұғынылады. Мысалы, Қалпақты қыста кимейді, жазда киеді деген сөйлем жақты, баяндауышы 3-жақта, бірақ бастауышы белгісіз. Жасалуы: 1) 1,3-жақ, ауыспалы шақ тұлғалы етістіктерден болған баяндауыштар осы шақтық мағынада айтылу арқылы кейде бастауышы белгісіз сөйлем жасалады. 2) өткен, келер шақтық 3-жақтық тұлғадағы етістіктер не есімшелер баяндауыш болғанда, сөйлемнің бастауышы белгісіз болуы мүмкін.
Баяндауышы екінші жақ жіктік жалғауда айтылған сөйлемдердің бастауыштары болмай, үш жаққа бірдей ортақ мағынада жұмсалып, жалпылама жақты сөйлем жасайды.
Жақсыз сөйлем дегеніміз – бастауышы болмайтын және ізделмейтін сөйлем түрі. Ол баяндауышқа сүйеніп құрылады, бір негізді сөйлемге жатады. Жасалу жолдары: 1) б. с. тұйық рай етістік + болады (болмайды): келуге болады / болмайды; Бұл алқаптың шөбін шабуға болады. 2) б. с. тұйық рай етістік +тура келеді: Маған бұл сөзді амалсыз айтуға тура келеді. 3) болымсыз шартты рай етістік + болмайды: Арнайы барып көрмесе болмайды. 4) тұйық рай етістік + керек: Оған бірнеше сүңгу керек. 5) –пақ тұлғалы есімше + керек: не болса да барып көрмек керек. 6) –ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі) + болар: Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар. 7) шартты рай етістік + болар еді: Жоңышқаны уақыт өткізбей шапса болар еді. 8) ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі) +ма (ме) + еді: Сол әсем өлкені көрер ме еді! 9) болымсыз есімше + барыс жалғау: айтпасқа. Сонымен қатар сөйлемде неге деген сұрай есімдігі қатысады: ... неге маған шалқымасқа, шаттанбасқа! 10) шартты рай етістік баяндауышы бар сөйлем: Көгеріп қалған бөктерден, көпсітіп жылқы айдаса! 11) өткен шақ көсемше + болмайды: ....бір ауылдан бір ауылды айырып болмайды. 12) ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баяндауыштар мақал-мәтел ретінде сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады: көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың. 13) 2-жақ бұйрық рай етістіктен болған баяндауыш мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады. Аға тұрып, іні сөйлегеннен без. Жақсыз сөйлемдер сөйлеудің арнаулы коммуникативтік мақсатын орындау үшін қалыптасқан. Бұл сөйлемдер мынадай қызмет атқарады: 1) тілеулі, қалаулы оқиғаны нақты субъектіге қатыссыз (жаққа қатыссыз) жалпылай айту үшін жұмсалады (неге айтпасқа, көрер ме еді) 2) болмыстағы бір жағдайды қорытынды тұжырым ретінде айту үшін жұмсалады (көтеруге болады/болмайды, сөйлеу керек).
Атаулы сөйлем құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түсетін мүшелер болмайды. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі тірек мүше болады. Үш топқа жұмсалуына қарай бөлінеді: 1) бейнелеу мағынасындағы, 2) эмоциялы, 3) сөгіс, тілек мағыналы.
Сөз-сөйлем — құрамы тек бір сөзден немесе біртұтас сөз тіркесінен тұратын сөйлем. Оған жататындар: бір сөзден тұратын сұраулы сөйлем. Бардың ба? Қашан? Модаль-жауап-түріндегі бір сөзді сөйлем: Әрине. Мақұл. Бастауыш ыңғайындағы сөзден тұратын атаулы сөйлем. Түн. Айдала. Бір сөзден тұратын толымсыз сөйлемдер. Қоясың ба, жоқ па? – Қойдым.
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. -бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Бір негізді сөйлем дегеніміз не?
Бір негізді сөйлемдерге қандай сөйлемдер жатады?
Атаулы сөйлем дегеніміз не, қандай түрлері болады?
Жақсыз сөйлем дегеніміз не, ол қалай жасалады?
Глоссарий:
Бір негізді сөйлем дегеніміз – грамматикалық жағынан бір ғана предикативтік бас мүшеге, баяндауышқа, негізделіп құрылатын сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлем дегеніміз – бастауышы болмайтын және ізделмейтін сөйлем түрі.
№ 11 -12 дәріс Хабарлы сөйлем, есімді, етістікті түрлері. Сөйлемдердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы сөйлем, оның грамма-тикалық сипаты. Сұраулы сөйлемдердің грамма-тикалық сипаты, сұраулы сөйлем жасаудағы интона-цияның ролі. Лепті сөйлем. Бұйрықты сөйлем, бір-бірінен айырмашылығы, олардың жасалу жолдары.
Дәріс мақсаты: сөйлемнің айтылу мақсатына сай түрлерін игерту
Тірек сөздер: сөйлемнің айтылу мақсаты, грамматикалық сипат, баяндауыштың жасалуы
Дәріс жоспары
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
Хабарлы сөйлем, оның есімді, етістікті түрлері, олардың тарихи қалыптасуы
Сұраулы сөйлем, олардың жасалуы, әсіресе, сұраулы сөйлемді жасаудағы интонацияның ролі, түрлері
Лепті сөйлем
Бұйрықты сөйлем, бір-бірінен айырмашылығы, олардың жасалу жолдары.
Дәріс тезистері:
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып, айтылу интонациясына қарай лепті болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем дегеніміз ─ бір нәрсенің не бір істің жайын хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлем. Хабарлы сөйлем бір қалыпты әуенмен айтылып, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем түрінде кездеседі. Т.Сайрамбаевша, баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай хабарлы сөйлемдер болымды, болымсыз, қалаулы, болжалды болады, ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті, есімді болып бөлінеді. Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері: 1) баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалады; 2) өзіне тән баяндау сарынды интонациясы болады; 3) екі негізді не бір негізді құрамда көрінеді.
Сұраулы сөйлем ─ бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдер. Оның жасалу амалдары: сұраулық есімдіктер, сұраулық шылаулар, интонация. Қызметіне қарай үшке бөлінеді: негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер; жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер, анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер. Мағынасына қарай төрт топқа бөлінеді: ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер.
Лепті сөйлем ─ сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдер. Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың құрамындағы одағай, модаль сөздермен, лептілік әуенмен байланысты. Лепті сөйлемдер: 1) қорқу, сескену, өкіну, таңырқау сияқты сезімдерді білдіреді, 2) тілек, көксеу, арман ету сезімдерін білдіреді. Олар бұйрық рай тұлғасындағы етістік баяндауыш арқылы және шартты рай тұлғасындағы етістік баяндауыш арқылы жасалады. 3) асыра мақтан ету, масаттану сезімін білдіреді. Р.Әм іров бұдан басқа реплика ретіндегі лепті сөйлемдер болатынын атайды.
Бұйрықты сөйлем ─ қимыл-әрекетке итермелеу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрық мағынасы түрлі реңкті білдіреді: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады.Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық, қалау райлары арқылы, ашық райдың келер шақ тұлғасында жасалады.
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 15-26 -бб.
Р.Әмір, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 59-82 бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай қалай топтастырамыз?
Хабарлы сөйлем дегеніміз не, қандай өзіндік белгілері бар?
Бұйрықты сөйлем дегеніміз не, баяндауыштары қалай жасалады?
Сұраулы сөйлем дегеніміз не, түрлері қандай, қалай жасалады?
Глоссарий:
Хабарлы сөйлем дегеніміз ─ бір нәрсенің не бір істің жайын хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлем.
Сұраулы сөйлем ─ бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдер.
Бұйрықты сөйлем ─ қимыл-әрекетке итермелеу мақсатында айтылған сөйлем.
№ 13 дәріс тақырыбы. Қазақ тілі синтаксисіндегі үндеу амалы, орны, жұмсалуы.
Дәріс мақсаты: үндеу амалын, оның қызметін, жасалуын игерту
Тірек сөздер: үндеу, пікірге қатысы, жасалуы
Дәріс жоспары:
1 Үндеу амалы туралы түсінік
2 Үндеу амалы – тілдің қосымша қызметі
3 Үндеу амалының берілу жолдары
Дәріс жоспары:
Үндеу тілдің қосымша атқаратын қызметі. Тілдің негізгі қызметі пікірді хабарлау. Үндеу осы пікірді хабарлау, тыңдаушыға жеткізу нәтижелі болу үшін жәрдемдеседі. Үндеу қызметін атқаратын сөздер сөйлем құрамында қыстырма компонент ретінде қатыстырылады. Қыстырма коипонент ретінде қаратпа сөздер жұмсалады.үндеу үшін жұмсалатын қыстырма коипоненттер сөйлемнің эмоциялық, коммунткативтік міндетіне сай сонымен тығыз бірлікте жұмсалады. Қаратпа дегеніміз – басқа біреудің назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған сөз не сөз тіркесі. Есімше оралымды сөйлемдер дегеніміз – негізгі сөйлемдегі оқиға желісінің мазмұнын әр түрлі жақтан айқындай толықтыра жұмсалатын сөйлем. Көсемше оралымды сөйлем дегеніміз – айтылатын ойды образды түрде кеңейтіп, дәл беру үшін, қосалқы әрекеттерден негізгі процесті бөліп, айқындай түсу үшін қолданылатын құрылым.
Сөйлемдегі оқшау сөздер ─ сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер сөйлем құрамындағы өзге сөздермен қабыса, матаса, меңгеріле не қиыса байланысқа түспейді. Сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, оған қазақ тілінде қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады. Одағай сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, сөйлеушінің көзқарасы аңғарылады, адамның көңіл-күйі, сезімі білдіріледі.
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі─ сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі орналасу тәртібі. Өзара тілінде сөйлем мүшелерінің орын тәртібі тұрақты және жылжымалы болып табылады. Орын тәртібі тұрақты болатындарға жалғаусыз қабыса байланысатын сөйлем мүшелері, орын тәртібі жылжымалы болатындарға жалғаулар арқылы қиыса, меңгеріле байланысқан сөйлем мүшелері жатады. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш өздері қатысты сөзден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы заңды құбылыс болып табылады.
Инверсия ─ сөйлем мүшелерінің әдеттегі орын тәртібінің бұзылуы.
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 15-26 -бб.
Р.Әмір, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 59-82 бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996. –б
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Үндеу амалы дегеніміз не?
Үндеу амалының тілдегі қызметі қандай?
Үндеу амалының жүзеге асуына қатысатын бірліктерге не жатады?
Глоссарий:
Қаратпа дегеніміз – басқа біреудің назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған сөз не сөз тіркесі.
Есімше оралымды сөйлемдер дегеніміз – негізгі сөйлемдегі оқиға желісінің мазмұнын әр түрлі жақтан айқындай толықтыра жұмсалатын сөйлем.
Көсемше оралымды сөйлем дегеніміз – айтылатын ойды образды түрде кеңейтіп, дәл беру үшін, қосалқы әрекеттерден негізгі процесті бөліп, айқындай түсу үшін қолданылатын құрылым.
№ 14 дәріс тақырыбы. Қазақ тілі синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі грамма-тикалық жүйеге қатысы.
Дәріс мақсаты: үстеме тәсілдерді меңгерту
Тірек сөздер: синтаксис, үстеме тәсілдер, грамматикалық жүйе
Дәріс жоспары :
Үстеме тәсілдер
Үстеме тәсілдерді жүзеге асыратын формалар
Дәріс тезистері:
Үстеме тұлғалар: тәуелдік жалғау; жақтық жалғау; септеулік шылау. Үстеме амалдар негізгі тұлғалардың жетегінде келіп, соларға үстеліп жұмсалады. Қызметі: бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын байланыстырушы тұлға ретінде жасайды. Баяндауыш ретінде негізгі тұлға көсемше формалы етістік, шартты рай формалы етістік, есімше формалы етістік, қимыл есім формалы етістіктер қатысады, септік жалғау, жақтық жалғау т.б. соларға үстеледі.
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 15-26 -бб.
Р.Әмір, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 59-82 бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996. -б
Өзін-өзі бақылау сұрақтары.
Үстеме тәсілдер дегеніміз не?
Үстеме тәсілдермен жасалу қандай грамматикалық, синтаксистік формаларда көрінеді.
Глоссарий:
Үстеме амалдар негізгі тұлғалардың жетегінде келіп, соларға үстеліп жұмсалады.
Қызметі: бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын байланыстырушы тұлға ретінде жасайды.
№ 15 дәріс тақырыбы. Қазақ тілі синтаксисінің лингво-мәдени аспектілері, сөйлемдердің құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным.
Дәріс мақсаты: қазақ тілі синтаксисінің лингво-мәдени аспектілерін игерту
Тірек сөздер: лингвомәдени аспекті, ұлттық таным, синтаксистік тұлғалар
Дәріс жоспары:
Синтаксистің лингвомәдени аспектісі
Грамматикалық құрылымдарда ұлттық танымның көрінісі
Дәріс тезистері:
Синтаксисті лингвомәдени аспектіде зерттеуде «грамматикалық категориядағы кез келген айырма семантикалық ақпаратты тасымалдайды (Якобсон)» және ол семантикалық ақпарат белгілі бір ұлттың шындықты категориялауының көрсеткіші болып саналады деп түсіндіреді. Грамматикалық формалар да, кез келген өзге тілдік формалар тәрізді ұлттың танымына сай жұмсалады. Тілдің ұлттық сипатының грамматикадағы көрі-нісі тілдің әр қызметінің тасымал-даушысы болатын грамматикалық форма-лардың қолданылу жиілігінен де байқалады.
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 15-26 -бб.
Р.Әмір, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 59-82 бб.
Сейлхан А.Қ. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған дисс. А, 2001.
Маслова В.А. Лингвокультурология. Москва, 1997.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996. –б
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Синтаксисті лингвомәдени аспектіде зерттеу дегенмен не түсініледі?
2 Семантикалық ақпарат деген не?
3.Ұлттық таным мен грамматикалық құрылым сәйкестігі қалай көрінеді?
Глоссарий:
Лингвомәдениеттану –ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады.
