- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына ұсынылатын үлгі тақырыптар тізбесі
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына үлгі тақырыптар тізбесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •V. Алғашқы тексеру мерзімі 20__ жыл
- •Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Сөж тапсырмалары
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •Дәріс кешені Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Сөжо орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •11 Өлшеуіш - бақылау материалдары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
- •Келісім парағы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Оқу түрі күндізгі
3 курс студенттері үшін
«5В020500-филология» мамандығына арналған
мамандықтың шифры мен атауы
KKTZhS 3302 – Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
пәні бойынша
пәннің коды мен атауы
оқу-әдістемелік кешен
Ақтөбе қ.
2015 ж.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Орындаушылар:
филология ғылымдарының докторы, профессор__________К.Қ.Садирова
филология ғылымдарының кандидаты,доцент А.Қ.Айтбенбетова
« ___» 2015 жыл
Жауапты орындаушы – кафедра меңгерушісі
«Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор __________ К.Қ.Садирова
« ___» 2015 жыл
ІІ КАФЕДРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
ІІІ РЕЦЕНЗЕНТ
Филология ғылымдарының докторы, профессор ______________ С.С.Исакова
« ___» 2015 жыл
ІҮ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОӘК БЕКІТІЛУІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
Ү Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ОӘК ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛДІ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
ҮІ АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20 жыл
ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 2 жыл
ПОӘК мазмұны:
1 Пәннің типтік оқу бағдарламасы;
2 Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
3 Білім алушыларға арналған силлабус (syllabus);
4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі (Қосымша 3);
5 Пәннің оқу- әдістемелік қамтамасыз етілу картасы (Қосымша 4);
6 Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі);
7 Практикалық сабақтардың жоспары (Қосымша 5);
8 Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар (Қосымша 6);
9 Білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмаларының мәтіндік жиынтығы, әрбір тақырып бойынша өзін–өзі бақылау материалдары, жұмыстың ағымдағы түрлерін орындау бойынша тапсырмалар, мәнжазбалар және басқа да үй тапсырмаларының еңбек сыйымдылығының өлшемін көрсету және әдебиеттер;
10 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары,өзіндік дайындық сұрақтары, емтихан билеттері);
11 Өлшеуіш - бақылау материалдары:
- дифференциалдық сынақ сұрақтары және емтихан сұрақтарының тізімі;
- тест тапсырмалары;
12 Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу ( пәннің мазмұнына қарай енгізу);
13 Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер, лабораториялардың тізімі (Қосымша 11);
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Мамандық атауы «5В020500-филология»
(шифры, атауы)
Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі (пән атауы)
курсының
типтік ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Типтік оқу бағдарламасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде әзірленген. Алматы, 2014. Құрастырған: филология ғылымдарының докторы, профессор Әмір Р.С.
Ақтөбе
2015 ж.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» курсы тіл, әдебиет мамандарын дайындау үшін оқытылатын лингвистикалық пәндердің негізгісі болып есептеледі. Курс бүгінгі күні жалпы халық қолданып жүрген қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылыми-теориялық негізде танытуды міндет етеді. Бұл ғылыми-теориялық негіз маманға тілдегі барлық фактілерді, құбылыс, процестерді дұрыс танып, еркін түсіндіруге мүмкіндік береді, сондықтан «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» курсы фундаменталды, теориялық сипатта оқытылады.
«Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» курсының ұсынылып отырған бағдарламасы қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық өзгерістерді, қазақ тілінің мемлекеттік статус алуын, осыларға байланысты туған тілдің функционалдық өрісін, процестерді ескеруге міндетті болды. Тіл, әдебиет мамандарының нарықтық экономика жағдайында еңбектенетіні де ойда болады.
Ерекше ескерілген жай – қазақ тіл біліміндегі жаңа зерттеулердің қорытындылары, жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдамалар болды.
Курс теориялық біліммен қатар практикалық дағдылар беруді де міндет етеді. Сондықтан лекциялармен қатар, семинарлар, лабораториялық жұмыстар түрінде өтілетінсабақтар да жүргізіледі. Семинар, лабораториялық жұмыстар студенттерге тіл фактілерін нақты танытып, олардың сөйлеу мәдениетін, жазу сауатын жетілдіруді міндет етеді.
«Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» курсы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеуді де ескереді.
Оқу пәнінің пререквизиттері: «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»
Оқу пәнінің постреквизиттері: «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі», «Мәтін синтаксисі», «синтаксистің коммуникативтік аспектісі»
Пәннің тақырыптық жоспары
№ |
Бөлім атауы |
1 |
Синтаксис пәні, ол туралы түсінік |
2 |
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы. |
3 |
Сөз тіркестерінің грамматикалық ұйымдасу түрлері. Сөз тіркесінің сыңарлары, байланысу формалары. Әрбір байланысу формаларының қалыптасуы. Сөз тіркесінің сыңарлары. Зат есімді сөз тіркестері, олардың құрылуындағы ерекшеліктер. |
4 |
Етістікті сөз тіркесінің құрылу ерекшеліктері. Қазақ тіліне тән сөз тіркесінің қалыптасуы. |
5 |
Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы қатынас – предикативтілік туралы, олардың сөйлем құрылымындағы белсенділігі. |
6 |
Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістерінің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысы. Тұрлаусыз мүшелер. |
7 |
Айқындауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түрлері. Сөйлем мүшелерінің коммуникативті мақсаттары. Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар. |
8 |
Жай сөйлем, жай сөйлемнің грамматикалық сипаты, анықтамасы,жай сөйлемге тән семантика. Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері. |
9 |
Сөйлемнің мағыналық түрлері. Екі негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесінде олардың алатын орны, түрлері. |
10 |
Бір негізді сөйлемдер. Сөйлем жүйесінде олардың алатын орны, түрлері. |
11 |
Хабарлы сөйлем, есімді, етістікті түрлері. Сөйлемдердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы сөйлем, оның грамматикалық сипаты. Сұраулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сұраулы сөйлем жасаудағы интонацияның ролі. |
12 |
Бұйрықты сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері. Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері. Бұйрықты сөйлемдерден айырмашылығы, жасалу жолдары. |
13 |
Қазақ тілінің синтаксисіндегі үндеу амалы, орны, жұмсалуы. |
14 |
Қазақ тілі синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі грамматикалық жүйеге қатысы. |
15 |
Қазақ тілі синтаксисінің лингвомәдени аспектілері, сөйлемдердің құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным |
Пәннің мазмұны
Кіріспе
Пәннің мақсаты. Пән қазақ тілінің синтаксистік деңгейіне кіретін құрылымдарды жеке-жеке қарап, нақты танытуға тиіс. Синтаксистік тұлғалардың құрылысын біліп, ол тұлғалардың бір жүйенің компоненттері ретіндегі байланысты білдіреді. Студенттер әр құрылымның функциясын да таниды.
Синтаксистік жүйенің тілдің басқа деңгейдегі амалдарымен ұштасып жатқанын біліп алады.
Пәннің міндеті. Студенттер бұл пәнді оқу үстінде келешек тікелей мамандығы бойынша, жалғас кәсіп үстінде практикалық жұмыстарына негіз, сүйеніш болатын компетенцияны игеруге тиіс. Сондықтан пәннің міндеті осы компетенцияға қажет теориялық, фактологиялық мағлұматтың мол болуын қамтамасыз етеді, практикалық дағды береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі қазақ синтаксисі пәні, ол туралы түсінік.
Синтаксис терминінің мағынасы. Синтаксис пәнінің объектісі, мазмұны. Синтаксистік тұлғалар, олардың түрлері: коммуникативтік, грамматикалық дербес синтаксистік тұлғалар, құрылымдық элемент ретінде, грамматикалық дербестігі жоқ синтаксистік тұлғалар. Синтаксистік формалар, олардың лексикалық, морфологиялық формалармен байланысы, ерекшелігі. Синтаксистің қазіргі зерттелу бағыттары мен нысандары, сөз тіркесі, сөйлем, құрмалас сөйлемдер, синтаксистік тұтастық.
Синтаксистік жүйе және синтаксистік норма туралы түсінік.
Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа туыс, туыс емес тілдердің синтаксистік жүйесімен ұқсастық, айырмашылық жайлары.
Синтаксистік жүйені танудағы методологиялық принцип. Қазақ тілінің синтаксисін зерттеген елеулі еңбектер, олардың авторлары (М.П.Мелиоранский, А.Байтұрсынов, Н.Сауранбаев, С.аманжолов, М.Балақаев, т.б.)
Синтаксистік жүйені танудың, зерттеудің әдістері.
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы.
Сөз тіркесі туралы түсінік, анықтамасы. Сөздердің тек грамматикалық мағына тудыратын сөз тіркестері. Еркін тіркестер, тұрақты тіркестер, түйдекті тіркестер, шектеулі тіркестер, олардың бір-бірінен айырмашылығы, жасалу жолдары, сөз тіркесі синтаксисіне қатысы. Салаласа, сабақтаса байланысқан сөз тіркестері. Сөз тіркесін құруға қатысатын амалдар. Сөз тіркестерінің байланысу сипаты (формасы). Сөз тіркестерін зерттеудегі, танудағы жалпы тіл біліміндегі, түркологиядағы, қазақ тіл біліміндегі қалыптасқан дәстүрлер.
Сөз тіркестерінің грамматикалық, ұйымдасу түрлері.
Сөз тіркесінің сыңарлары, байланысу формалары. Әрбір байланысу формаларының қалыптасуы. Зат есімді сөз тіркестері, олардың құрылуындағы ерекшеліктер. Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері. Матаса байланысқан зат есімді сөз тіркестері. Меңгеріле байланысқан зат есімді сөз тіркестері. Сын есімді сөз тіркесінің құрылуы.
Етістікті сөз тіркесінің құрылу ерекшелігі.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесі. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесі. Сөз тіркестерінің коммуникативті мақсаттарға қызмет ету жағдайлары.
Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы қатынас – предикативтілік туралы, олардың сөйлем құрылымындағы белсенділігі.
Бастауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түрлері: дара, күрделі, үйірлі бастауыштар.
Баяндауыш, оның формасы, жасалуы, түрлері. Дара, күрделі, үйірлі баяндауыштар. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы. Зат есім, жоқ, бар сөздері баяндауыш болып қатысқан сөйлемдердің құрылымдық ерекшелігі. Баяндауыш мүшеге балама ретінде жұмсалатын предикативтік құрылымдар.
Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістерінің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысы.
Тұрлаусыз мүшелер. Пысықтауыш, оның формасы, жасалуы, түрлері. Толықтауыш, оның формасы, жасалуы, түрлері. Анықтауыш, оның формасы, жасалуы, түрлері.
Айқындауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түрлері. Сөйлем мүшелерінің коммуникативтік мақсаттары. Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар.
Сөйлем мүшелерінің коммуникативтік мақсаттары. Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің функционалдық ерекшеліктері. Жалпылауыш мүше. Бірыңғай мүшелерді ұйымдастырудағы көріністер.
Жай сөйлем, жай сөйлемнің грамматикалық сипаты, анықтамасы, жай сөйлемге тән семантика. Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері.
Жай сөйлемнің грамматикалық формаларын тану принциптері.
Сөйлемнің мағыналық түрлері. Екі негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесінде алатын орны.
Болымсыз сөйлемдер, олардың құрылуы.
Биноминативті сөйлемдер.
Бір негізді сөйлемдер. Атаулы сөйлемдер, олардың жасалуы, түрлері, жұмсалу ерекшеліктері.
Сөйлемдердің жақты, жақсыз түрлері. Жақсыз сөйлемдердің жасалуы, жұмсалуы.
Хабарлы сөйлем, есімді, етістікті түрлері. Сөйлемдердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы сөйлем, оның грамматикалық сипаты. Сұраулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сұраулы сөйлем жасаудағы интонацияның ролі.
Сұраулы сөйлемдердің қызметіне сай түрлері. Сұраулы сөйлемдердің мағынасына сай түрлері. Ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер. Альтернативті сұрақты білдіретін сөйлемдер. Риторикалық сұрақты білдіретін сөйлемдер. Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер.
Бұйрықты сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері. Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері. Бұйрықты сөйлемдерден айырмашылығы, жасалу жолдары.
Реплика ретінде айтылатын (түйдек қалыпты) лепті сөйлемдер.
Қазақ тілі синтаксисіндегі үндеу амалдары.
Қаратпа, қыстырма. Бөгде сөз. Оның сөйлем құрылысына қатысу тәсілдері. Бөгде сөздің түрлері. Бөгде сөзді ұқсас синтаксистік тұлғалардан ажырату.
Қазақ тілі синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі грамматикалық жүйеге қатысы.
Шегеру (диафрагмалау) амалы, оның жұмсалуы.
Қазақ тілі синтаксисінің лингвомәдени аспектілері, сөйлемдердің құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным.
Қазақ тілінің синтаксисінде ұлттық танымдардың көрінуі: сөз тіркесі жүйесінде кейбір мекендік грамматикалық мағыналардың синкретті түрде білдірілуі, үндеу қызметтерінің семантикалық жүйесі, екі негізді сөйлем семантикасы мен бір негізді сөйлемдердің функционалдық-семантикалық байланысы, эмоциялық-экспрессивтік мағыналарды білдіруде табиғат көріністеріне еліктеу, актуализация амалдары т.б.
