- •Рубежный контроль Жасаған 102аб тобы, заңсыз көшірген немесе рұқсатсыз таратқан адам заңмен қудаланады!!!
- •1. Экономика ғылымдарының дамуының негізгі кезеңдері мен пайда болуы
- •2. Мектеп өкілдерінің анықтамасы: лекция даптер
- •4. Экономикалық теория- әдістері лекция даптер
- •6. Адам және экономика . Экономикадағы адамның рационалды әрекетінің түрлі модельдері
- •7. 10. Экономикалық теорияның қызметтері және пәні
- •8. Экономикалық процестерді тану әдістері
- •9. Экономикалық заңдар мен категориялар
- •17. Өндірістің негізгі факторлары
- •18. Өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар
- •24. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
- •31.Тауарлы шару/қ,пайда болу себептері
- •32.Жай және капиталистік тауарлар өндірісі
- •33.Тауар,оның қасиеті:құн және тұтыну құны
- •34.Қр мемлекеттік меншіетен жеке меншікке өтудің негізгі бағыттары
- •35.Меншіктің түрлері мен қызметі
- •42. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуының негізгі бағыттары
- •43. Менеджмент, оның қызметі мен қағидалары
- •45. Маркетинг мәні мен қызметі
- •57.Нарық қатынас жүйесі ретінде, нарықтық қатынастардың субьектілері.
- •58.Нарықтағы табыс пен шығын айналымындағы субьектілердің қарым-қатынасы?
- •60. Өтпелі экономиканың мәнімен оның негізгі формалары , проблемалары?
- •61.Нарықтық қайта құрудың қазақстандық моделі
- •62.Ресурстар нарығы мен түрлері
- •64.Сұраныс.Сұраныс заңы
- •65.Ұсыныс,ұсыныс заңы
- •66. Сұраныс пен ұсыныс , Нарықтық тепе – теңдік
- •67. Икемділік түсінігі. Тұтынушы мінез-құлқының теориялары
35.Меншіктің түрлері мен қызметі
Меншіктің түрлері жеке,ұжымдық, мемлекеттік
Жеке-өз қолымен жасаған енбегі
Ұжымдық- еңбектік емес,мұрагерге қалдырған мүлік есебінен
Мемлекеттік 3 түрі бар 1)жеке топтық-кәсіпорын,акционерлік т.б 2)республикалық меншігі- жер қоймауы,сулар,өсімдік әлемі т,б,3)облыстық аудандық муниципалдық меншігі-тұрғын-үй коммуналдық шару.халыққа білім беру т.б.Меншік қызметі:а)иелену-затты иеленуді жүзеге асыру,қожалық ету,ә)пайдалану-заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу,б)бөлу-заттың кұқықтық тағдырын анықтау-сату.айырбастау,сыйға тарту т.б.
36. Экономикалық мүдде – шаруашылықты жүргізуші субъектілер арасындағы олардың әрқайсысына тән экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін іске асырудың тәжірибелік нысаны.
Адамдардың шаруашылық қызметіне түрткі болатын себептер олардың меншік қатынастары мен қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орнына және экономикалық қажетсінулерге байланысты болады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің басты уәжі – өзіне пайда алуға ұмтылыс. Осы ұмтылыс – әрбір нарықтық субъектінің ажырағысыз құқығы, әрі сонымен бірге қоғамдық ұдайы өндіріске қатысушылардың өзінен-өзі келісілген қызметінің басты серпіні.
Жеке экономикалық пайдаға қол жеткізу – қарама-қайшы құбылыс. Оның нәтижесі нарықтық қатынас субъектілерінің экономикалық мүдденің қақтығысы болып табылады.Тауар өндіруші (сатушы) мен тұтынушы (сатып алушы) нарықта өзара байланысты, бірақ олардың экономикалық мүддесі қарама-қайшы: сатушы өз тауарын қымбатқа сатқысы келеді, сатып алушы оны арзанға алғысы келеді. Екеуі де өз бағасын ұсынып, ымыраға келгенде ғана мәміле жасалады. Оларды келісілген шешімге келуге нарықтық экономиканың аса қуатты және ажырағысыз тетігі – бәсеке көндіреді. Нарықтық бәсеке тауар өндірушілерді тауарға жұмсалатын шығын мен оның бағасын төмендетуге мәжбүр етеді. Мұның бәрі жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүдделеріне сай келеді. Демек, жеке экономикалық мүдденің бірлігі мен қарама-қайшылығы, олардың жүйелік өзара іс-қимылы сайып келгенде жасампаздық сипатта болады.
Қоғамның экономикалық мүдделері жүйесінде мүдделерді келістіру мемлекеттің және оның арнаулы ұйымдарының атқарымына жатады. Олардың қолында осы келістіруді іске асыратын құралдар мен әдістер бар.
37. Меншік Құқығы — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.[1]
Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;
Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.
Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:
Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;
Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;
Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.
Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.
39. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз – тауар өндіру мен қызмет көрсету түрлері бойынша табыс табу мақсатымен тәуекелге баратын адамның өзіндік іс әрекеті мен қызметі. Ауылымызда жеке дүкендердің халыққа қызмет көрсетуі, олардың бір жағынан өздері пайда табу мақсатымен еңбектенуі кәсіпкерлік қызметтің жақсы дамып келе жатқандығының айғағы. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер - кәсіпорын - тұтынушы арқылы жүзеге асады. Кез келген кәсіпорыннан, дүкеннен біз тауардың қажетімізге керегін тұтынамыз, яғни сатып аламыз. Дүкен сөрелерінде тұтыну заттары жеткілікті мөлшерде, кез - келген уақытта, не керектің бәрі бар. Кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар: 1. Өндірістік 2. Коммерциялық 3. Қаржылық 4. Делдалдық 5. Сақтандыру
40. Мынадай ұйымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Ашық және жабық акционерлік қоғам.
Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
Шаруашылықсерiктестiк;
Акционерлiкқоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруақожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Шаруашылықсеріктестік: Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнгенкоммерциялықұйымшаруашылықсерiктестiкдептанылады. Шаруашылықсерiктестiккеқатысушылар:
1. құрылтайқұжаттарыныңталаптарынсақтауға;
2. салымдардықұрылтайқұжаттарындакөзделгентәртiп, мөлшер, әдiстержәнемерзiмдербойыншасалыпотыруға;
3. шаруашылықсерiктестiккоммерциялыққұпиядепжариялағанмәлiметтердiжарияетпеугемiндеттi.
Шаруашылықсерiктестiктерзаңқұжаттарындабелгiленгенреттер мен тәртiпбойыншақатысушылардыңжалпыжиналысыныңшешiмiменшаруашылықсерiктестiктiңбiртүрiненекiншiтүрi не акционерлікқоғамдарнемесеөндiрiстiккооперативтерболыпқайтақұрылуымүмкiн.
Акционерлiкқоғам
Өзiнiңқызметiнжүзегеасыруүшiнқаражаттартумақсатындаакцияларшығаратынзаңдытұлғаакционерлiкқоғамболыптанылады. Акционерлiкқоғамныңакционерлерi осы заңактiлерiндекөзделгенненбасқажағдайлардаоныңмiндеттемелерiбойыншажауапбермейдiжәнеөзiнетиесiлiакцияларқұныныңшегiндеқоғамныңқызметiнебайланыстышығындартәуекелiнкөтередi. Акционерлiкқоғамныңөзқатысушыларыныңмүлкiненоқшауланғанмүлкiболады, өзмiндеттемелерiбойыншаөзмүлкiшегiндежауаптыболадыжәнеөзқатысушыларыныңмiндеттемелерiбойыншажауапбермейдi. ҚазақстанРеспубликасыныңзаңактiлерiменбелгiленгенжағдайларда, бiракционерi бар акционерлiкқоғамдақоғамныңжарғысымендиректорларкеңесiнқұрмай-ақакционерлiкқоғамдыбасқарумүмкiндiгiкөзделуiмүмкiн. Акционерлiкқоғамныңатқарушы органы алқалық (басқарма) немесежеке дара (директор, бас директор, президент) болуымүмкiн. Олакционерлiкқоғамқызметiнекүнделiктiбасшылықтыжүзегеасырадыжәнедиректорларкеңесi мен акционерлердiңжалпыжиналысынаесепбередi.
Өндiрiстiк кооператив
Азаматтардыңбiрлескенкәсiпкерлiкқызметүшiнмүшелiкнегiздеолардыңөзеңбегiменқатысуынажәнеөндiрiстiк кооператив мүшелерiнiңмүлiктiкжарналарынбiрiктiруiненегiзделгенерiктiбiрлестiгiөндiрiстiк кооператив дептанылады. Кооператив мүшелерiекеуден кем болмауғатиiс. Өндiрiстiккооперативтiңмүшелерi кооператив мiндеттемелерiбойыншаӨндiрiстiк кооператив туралызаңдакөзделгенмөлшер мен тәртiпбойыншақосымша (жәрдем беру) жауаптыболады. Өндiрiстiккооперативтiбасқаруоргандарыныңқұзыретi, сондай-ақолардыңшешiмқабылдаужәне кооператив атынанәрекетжасаутәртiбiзаңқұжаттары мен құрылтайқұжаттарындабелгiленедi.
Жеке басты кәсіпкерлік
Жеке басты кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың өз меншігіне негізделген және азаматтардың атынан заңды тұлға құрусыз, солардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігімен іске асырылатын, тауар, қызмет көрсету мен жұмыстарды сату арқылы табыс алуға бағытталған азаматтардың ынталы іс-әрекеті. Жеке басты кәсіпкерліктің екі түрі бар: отбасылық кәсіпкерлік шаруа қожалығының немесе жекешелендірілген үйдің бірлескен ортақ меншігінің негізінде: жай серіктестік – ортақ үлестің меншік негізінде.
Шаруа қожалығы
Шаруа қожалығы– заңды тұлға құқығына ие дербес шаруашылық жүргізуші субъект түріндегі ерікті кәсіпкерлік нысаны. Мұндай шаруашылықты жеке азамат, оның отбасы немесе ауылшаруашылық өнімін өндіретін, ұқсататын, сататын адамдар тобы құрады.
Өз иелігінде (соның ішінде, жалға алған) бар меншік немесе жер учаскесін өмір бойы мұраға алған мүлікті пайдалану негізінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу және сатуды жүзеге асыратын жеке азамат, отбасы немесе адамдар тобы түрінде ұсынылған дербес шаруашылық субъектісі.
