- •Рубежный контроль Жасаған 102аб тобы, заңсыз көшірген немесе рұқсатсыз таратқан адам заңмен қудаланады!!!
- •1. Экономика ғылымдарының дамуының негізгі кезеңдері мен пайда болуы
- •2. Мектеп өкілдерінің анықтамасы: лекция даптер
- •4. Экономикалық теория- әдістері лекция даптер
- •6. Адам және экономика . Экономикадағы адамның рационалды әрекетінің түрлі модельдері
- •7. 10. Экономикалық теорияның қызметтері және пәні
- •8. Экономикалық процестерді тану әдістері
- •9. Экономикалық заңдар мен категориялар
- •17. Өндірістің негізгі факторлары
- •18. Өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар
- •24. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
- •31.Тауарлы шару/қ,пайда болу себептері
- •32.Жай және капиталистік тауарлар өндірісі
- •33.Тауар,оның қасиеті:құн және тұтыну құны
- •34.Қр мемлекеттік меншіетен жеке меншікке өтудің негізгі бағыттары
- •35.Меншіктің түрлері мен қызметі
- •42. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуының негізгі бағыттары
- •43. Менеджмент, оның қызметі мен қағидалары
- •45. Маркетинг мәні мен қызметі
- •57.Нарық қатынас жүйесі ретінде, нарықтық қатынастардың субьектілері.
- •58.Нарықтағы табыс пен шығын айналымындағы субьектілердің қарым-қатынасы?
- •60. Өтпелі экономиканың мәнімен оның негізгі формалары , проблемалары?
- •61.Нарықтық қайта құрудың қазақстандық моделі
- •62.Ресурстар нарығы мен түрлері
- •64.Сұраныс.Сұраныс заңы
- •65.Ұсыныс,ұсыныс заңы
- •66. Сұраныс пен ұсыныс , Нарықтық тепе – теңдік
- •67. Икемділік түсінігі. Тұтынушы мінез-құлқының теориялары
4. Экономикалық теория- әдістері лекция даптер
Саяси экономия– қоғам дамуының түрлі сатыларында тұрмыстық игіліктерді өндіруде, бөлуде, айырбастауда және тұтынуда адамдар арасындағы өндірістік қатынастардың жұмыс істеу және даму заңдарын зерделейтін ғылым; мемлекеттің экономикалық шаралар жүйес
Экномикс - барлық экономика ғылымдарының жетістіктерін жинақтайтын, бизнес заңдарын және оларды іске асыру тетігін, шаруашылықты жүргізу әдістерін,экономикалық саясатты, экономиканың кез келген саласындағы практикалық қызметтің проблемалары мен қарама-қайшылықтарын ашатын ғылыми пән.
Дәлірек айтқанда, экономикс — шектеулі ресурстар дүниесінде адамдардың материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді өндіру, бөлу және тұтыну барысындағы мінез-құлқын зерттеу
5. Қажеттілік - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.
Қажеттіліктер - адам тұлғасының, қоғамның жалпы өмір сүруін және дамуын қолдау үшін объективті кажетті нәрселерді кажетсіну. Қажеттіліктер биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді, олар экономика мен мәдениет дәрежесіне байланысты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттердің бірі болып табылады
Қажеттіліктердің түрлері
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.
Экономикалық игілік– экономикалық қызметтің сайып келгенде адамның қажеттерін қанағаттандыруға арналған нәтижесі. Э. и. ұғымының мәні құндылықпен байланысты. Егер жай игілік ұғымы тек пайдалылықты ғана білдірсе, құндылық екі сипаттаманың – пайдалылық пен сирек кездесушіліктің ұштасуын білдіреді. Кез келген игіліктің пайдалылығы тек оны тұтыну немесе пайдалану үдерісінде ғана көрініс табады. Э. и. өзінің тікелей мақсатына қарай қажеттілікті қанағаттандыру үшін, жеке басының тұтынуы үшін емес, сату үшін өндірілетін тауар ретінде; табыс алу көзі ретінде (мыс., капиталдың иесі өндірістің қалған факторларын сатып алып, өнім шығарады, оны өткізу табыс әкеледі) өндірілуі және тұтынылуы мүмкін. Э. и. экон. қызметтің өнімі болғандықтан экон. циклдіктің болуымен сипатталады. Оның екі қыры бар: экон. циклдердің кезеңдеріне сәйкес Э. и-ті өндірудің көлемі, оны айырбастау, бөлу, тұтыну көлемі өсіп немесе төмендеп отырады; материалдық активтер болып табылатын Э. и-тің өміршеңдік циклі деп аталатын өзінің өміршеңдік кезеңі болады.
Ресурастардың шектеулілігі– барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстар шектеулі болғандықтан оларды тиімді пайдалану қажет. Әр өндірістік ресурстың шегінің болуы және экономикалық мақсаттардың көп болуы – экономикалық таңдау мәселесін туындатады. Экономикалық таңдау дегеніміз – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Кез келген қоғамның алдында әрдайым шектеулі ресурстардың аһуалы мен бағытын анықтау мәселесі тұрады. Пайда болған мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын таңдап соны жүзеге асыру барысында экономикалық субъект экономикалық рационалдылыққа және ұтымды шешім қабылдауға жүгінеді. Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау дегеніміз – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтанда, микроэкономикалық теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғарғы көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.
