- •Рубежный контроль Жасаған 102аб тобы, заңсыз көшірген немесе рұқсатсыз таратқан адам заңмен қудаланады!!!
- •1. Экономика ғылымдарының дамуының негізгі кезеңдері мен пайда болуы
- •2. Мектеп өкілдерінің анықтамасы: лекция даптер
- •4. Экономикалық теория- әдістері лекция даптер
- •6. Адам және экономика . Экономикадағы адамның рационалды әрекетінің түрлі модельдері
- •7. 10. Экономикалық теорияның қызметтері және пәні
- •8. Экономикалық процестерді тану әдістері
- •9. Экономикалық заңдар мен категориялар
- •17. Өндірістің негізгі факторлары
- •18. Өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар
- •24. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
- •31.Тауарлы шару/қ,пайда болу себептері
- •32.Жай және капиталистік тауарлар өндірісі
- •33.Тауар,оның қасиеті:құн және тұтыну құны
- •34.Қр мемлекеттік меншіетен жеке меншікке өтудің негізгі бағыттары
- •35.Меншіктің түрлері мен қызметі
- •42. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуының негізгі бағыттары
- •43. Менеджмент, оның қызметі мен қағидалары
- •45. Маркетинг мәні мен қызметі
- •57.Нарық қатынас жүйесі ретінде, нарықтық қатынастардың субьектілері.
- •58.Нарықтағы табыс пен шығын айналымындағы субьектілердің қарым-қатынасы?
- •60. Өтпелі экономиканың мәнімен оның негізгі формалары , проблемалары?
- •61.Нарықтық қайта құрудың қазақстандық моделі
- •62.Ресурстар нарығы мен түрлері
- •64.Сұраныс.Сұраныс заңы
- •65.Ұсыныс,ұсыныс заңы
- •66. Сұраныс пен ұсыныс , Нарықтық тепе – теңдік
- •67. Икемділік түсінігі. Тұтынушы мінез-құлқының теориялары
6. Адам және экономика . Экономикадағы адамның рационалды әрекетінің түрлі модельдері
Адам және экономика
Біздің әрқайсымыз өсе келе дөл қазіргі кезенде көңіліміз соқ-Қан көп нәрсеге қолымыздың жете бермейтінін білеміз. Өз өмірімізде біз үдайы тандаумен боламыз. Таңдау мөселесі табыс-кер бизнесмендердің де, үкіметтің де алдында түрады. Адам ба-ласының қажеттілігі шексіз.
Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам Қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік — Жоғары және төменгі деңгейлі, өлеуетті жөне толем қабілетті Жөне тағы басқа болып келеді.
Адам баласының қажеттілігіне байланысты әртүрлі теориялар бар. Біз оны А.Маслоу теориясы бойынша қараймыз. Ол адам баласының қажеттілігін 5 топқа жатқызады:
1. физиологиялық (аштық, шолдеу, секс және сол сияқты);
2. қауіпсіздіктегі қажеттілік (қорқыныштан, ашу-ызадан, жанға батудан қорғану және т.б.);
3. әлеуметтік байланыстағы қажеттілік (махаббат, достық, әлеуметтік теңестіру мен жалғастыру жөне сол сияқты);
4. озін озі сыйлау қажеттілігі (қол жеткізу, мойындау, қостау және т.б.);
5. озіне озі коңіл қою кажеттілігі (түсіну жөне ойлау, оз мүмкіндіктері мен қабілеттерін іске асыру).
Экономикалық адамның рационалды тәртібінің әр түрлі модельдері.Қазіргі кезде адамдар әр түрлі қажеттіліктерді қажет етеді. Осы қажеттіліктерді қамтамасыз етумен, адамдардың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерімен экономика айналысады.Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia- үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн - ең біріншіден, экономикабұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады; - екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады; - үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады. Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым – экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн. Осы үш негізгі мағыналарға байланысты экономиканың ортақ анықтамасын толықтыруға болады. Экономика – бұл адамдардың материалдық қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты, олардың кез- келген қызметі,іс-әрекетінің негізі.
\
7. 10. Экономикалық теорияның қызметтері және пәні
8. Экономикалық процестерді тану әдістері
9. Экономикалық заңдар мен категориялар
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік.
Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.
Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады. Осыған байланысты сұрақ туады — адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді.
Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.
Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.
Қажеттіктер — бұл қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүру және организмді дамытуды қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылатын объективтік керектік болып табылады.
