Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etn.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

62.Ресурстар нарығы мен түрлері

Ресурстар (французша ressourse — құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар — табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

ақпараттық ресурстар — әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың (ақпараттық құжаттардың, ақпараттың), сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпараттың жиынтығы; банк ресурстары — банктердің меншікті және сырттан тартылған қаражатының жиынтығы, оны банктер несиелендіру және актив операцияларын жүргізу үшін пайдаланады; бюджет ресурстары —барлық деңгейдегі бюджеттерге кіріс ретінде түсетін ақшалай қаражат; еңбек ресурстары — халықтың еңбекке жарамды бөлігі; қаржы ресурстары — мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның қарамағындағы ақшалай қаражат қорларының жиынтығы; материалдық ресурстар — еңбек заттары мен құралдары: машиналар мен жабдық, шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар, отын, аяқталмаған өндіріс және өндіріс қалдықтары, машиналар мен жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, ыдыс; табиғат ресурстары — жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи, экономикалық, өндірістік ресурстар; экономикалық ресурстар — фирманың, кәсіпорынның меншігіндегі және пайда алу үшін пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердің, басқа да құндылықтардың, ақшалай қаражаттың жиынтығы, өндірісті қамтамасыз ету көздері деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы; экспорттық ресурстар — сыртқы рыноктарда өткізуге арналған өнім, көрсетілетін қызметтер, жекелеген жұмыс түрлері, қаржы-қаражат; энергетикалық ресурстар — отынның барлық түрлерінің қорлары

64.Сұраныс.Сұраныс заңы

Сұраныс дегеніміз – белгілі бір тауарға деген төлем қабілеті бар қажеттілік, яғни сатып алушылардың өздеріне қажетті заттар мен қызмет түрлеріне ақша төлеу қабілеттілігі. Сұранысқакөптеген факторлар әсер етеді. Олардың ең негізгісі - баға. Ол – тұтынушылар әр түрлі бағамен сатып алатын өнімдер санын көрсетеді.Тауар бағасы мен сұраныс шамасының арасында кері байланыс бар. Баға жоғарылаған сайын сұраныс төмендейді, және керісінше баға төмен болса тауарға сұраныс артады.Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады. Бұл тәуелділікті график түрінде көрсетуге болады. Ол сұраныс қисығы (D) деп аталады. Сұраныс қисығы (D) – сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен қанша тауар сатып алғысы келетінін көрсетеді.

Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді. Олар:- тұтынушылар табысының өсуі немесе азаюы; - өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар бағасы; - тұтынушылар талғамы; - бағаны және тапшылықты күту; - жарнамаға жұмсалған шығындардың ауытқуы; - сатып алушылар санының өсуі немесе азаю. Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. Ал, сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Сұраныс заңы дегеніміз – тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын, тауарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді. Бұл кері тәуелділікті сұраныс қисығы арқылы сипаттауға болады. Сұраныс қисығы дегеніміз – сұраныс заңының графикалық көрінісі мен бейнеленуі, сатып алушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатып алуға болатындығын көрсететін қисық сызық. Сұраныстың бағаға кері тәуелділігі мына себептерге байланысты болады: а) баға төмендегенде сатып алуылар саны көбейеді; ә) тұтынушының сатып алу қабілеті өседі; б) арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алу тиімді болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]