- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Әкімшілік құқық және процесс»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері.
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •5Сұрақ. Жергілікті атқарушы билік органдары, олардың түсінігі және қызмет жүйесі,ұйымдастыру негіздері.
- •Бельский к.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3
- •Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •Вельский к.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мерзімдері жəне оны белгілеу.
- •2Сұрақ. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушылардың зияны мен шығындарын өтеу.
- •3Сұрақ. Əкімшілік құқык бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету түсінігі жəне олардың түрлері.
- •Бекетов о.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.
- •Вельский к.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.
- •Бельский к.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3
- •1 Сұрақ. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғаудың мəні,себептері мен негізі.
- •2 Сұрақ. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау себептері.
- •3 Сұрақ. Əкімшілік істі қозғаудың негізі мен іс жүргізу тəртібі.
- •4 Сұрақ. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жəне оны толтыру мерзімдері.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары.
Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздері ретінде мына алты нысан танылады:
1)құқықтық әдет;
2) нормативтік акт;
3) сот прецеденті;
4) келісімшарт;
5) сот тәжірибесін жалпылау;
6) ғылыми құқықтық доктрина.
Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздеріне: ҚР Конституциясы;ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; ҚР Парламенті қабылдайтын заңдар; Конституциямен анықталған ҚР Президентінің актілері:жарлықтар;өкімдер;заң күші бар жарлықтар;
Конституцияның 69-бабына сәйкес бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті ҚР Үкіметінің қаулылары;Мемлекеттік басқарудың орталық органдарының актілері (министрліктер мен ведомстволардың);ҚР Жоғары Сотының қаулылары. Оларды әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне толық көлемде жатқызуға болады егер олар:а) әкімшілік істерді қарау тәжірибесін жалпылауға қатысты болса;ә) әкімшілік заңдылықтың құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты болса. Әкімшілік-құқықтық қатынастар әдеттегідей әкімшілік-құқық нормаларымен реттелген мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар ретінде қарастырылады.
Бұл қатынастарды мынадай топтарға бөлуге болады: Атқарушы-биліктік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының құзыретін анықтайтын.
Қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын және мемлекеттік басқару аясында құрылатын қоғамдық қатынастар.
Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтық құқықтық мәртебесі.
Субъектілермен өздерінің құқықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайтын қатынастар.
Процедуралық (процессуалдық) қатынастар.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға басқа құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа заңдық нысан беретін реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-әрекеттерін (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру және т.б.
Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар өздерін басқа құқықтық қатынастардан айыратын ерекшеліктерге ие:
Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың ынтасы бойынша пайда болады.
Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар әкімшілік тәртіп қағидасы бойынша, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және өкім ету жолымен шешіледі.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан өкілдік ететін органның немесе лауазымды адамның алдында пайда болады.
