Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_LEKTsII_APiP_kaz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
884 Кб
Скачать

3Сұрақ. Əкімшілік құқык бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету түсінігі жəне олардың түрлері.

Əкімшілік істердің алдын алу — бұл қоғамға жат сипаттағы құқыққа қарсы əрекеттерді тоқтату мен ескертуге бағыттталған сот төрешісі, органның (лауазымды тұлғаның) мəжбүрлі іс-əрекеті. Заң əдебиеттерінде кейбір авторлар əкімшілік алдын алуды жалпы, арнайы жəне іс жүргізу деп бөледі. Атқару өкіметінің органдары (лауазымды тұлғалары) жүзеге асыратын əкімшілік істердің алдын алу шараларына мыналар жатады:

1) əкімшілік ұстау;

2) жарлық;

3) көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу;

4) бас бостандықтарынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды əкімшілік қадағалау

5) заңсыз сақталған жəне тасымалдауға тыйым салынған заттарды алып қою;

6) салып жатқан құрылысты тоқтату жəне т.б.

Əкімшілік істердің алдын алу шараларының арнайы түрі қоғамдық тəртіпті қорғау мен азаматтардың құқыққа қарсы тəртіп бұзуларын тоқтату мақсатында оларға физикалық ықпал ету арқылы мүмкін бөлатын, қажет емес, зиянды салдарларды ескерту ретінде қолданылады. Оларға мыналар жатады:

1) көлік, байланыс, ұцымдар мен мекемелердің жұмысына кедергі келтіретін жалпылама тəртіп бұзушылықтарды жəне топтардың əрекеттерінің алдын алу үшін арнайы құралдарды пайдалану (резеңке таяқтар, көзден жас ағызатын газдар, кісендер, су шашқыштар);

2) аса ерекше жағдайларда қару қолдану;

3) жұқпалы аурумен ауырғандарды уақытша жұмыстан аластату;

4) техникалық жағдайлары бекітілген тəртіптерге сай келмейтін көлік құралдарын жүргізуге тыйым салу.

Əкімшілік істердің алдын алу шаралары мен əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді қамтамасыз ету шараларының алға қойған мақсаттары бір — құқыққа қарсы əрекеттерді тоқтату, кінəлі тұлғаны дер кезінде əкімшілік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ əкімшілік іс жүргізу уақытын үнемдеу.

Іс жүргізу заңында алдын алу шаралары ұғымына анықтама берілмеген, оның орнына ƏҚК 36-тарауында олардың тізімі көрсетілген.

Əкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары деп əкімшілік іс жүргізу заңында қарастырылған сот төрешісінің, органның (лауазымды тұлғаның) істі жан — жақты, толық жəне əділ қарау жəне ол бойынша əділ шешім шығару мақсатында əкімшілік жауапкершілікке тартылатын жəне өзге тұлғалардың құқықтарын шектейтін іс-əрекеттері мен шешімдері.

Əкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары əкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, оны жасауға күдікті тұлғаның жеке басын анықтау, əкімшілік құқық бұзылған жерде мүмкін бөлмаған кезде əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру, істі өз уақытында жəне дұрыс қарауды жəне ол бойынша қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақстаныда қолданылады.

Іс жүргізуге мəжбүрлеу шараларын қолдану шарттары əкімшілік істің бекітілген тəртібінің мақсаттарына, оны қамтамасыз етуге жəне сот төрешісінің, органның (лауазымды тұлғаның) қаулыларын тиісті түрде орындауға қол жеткізу бөлып табылады.

Іс жүргізуге мəжбүрлеу шаралары тек əкімшілік істі жүргізуге шын əрі нақты кедергілер туындаған кезде ғана қолданылады. Іс жүргізуге мəжбүрлеуді қолдануға негіздер:

1) қозғалған əкімшілік істің бары;

2) тиісті қолдану субъектісі (істі жүргізуге қабылдаған прокурор, сот төрешісі, орган (лауазымды тұлға) эəне бас тартуға жатпайтын іс);

3) тиісті объект (əкімшілік іс жүргізу заңындағы əрекеттерді орындайтын тұлғалар. Қоғамға қауіпті іс-əрекет жасалды деп ойлағандықтан əкімшілік істі қозғау іс жүргізуге мəжбүрлеудің

заңды негізі бөлып табылады. Мəжбүрлеу шаралары əкімшілік іс тоқтатылғаннан кейін қолданылмайды.

Əкімшілік істің алдын алу жəне іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының түрлері.

ƏҚК 618-бабына сəйкес сот төрешісі, орган (лауазымды тұлға) өз өкілеттіктері шегімен жеке тұлғаға қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің мына-

дай шараларын қолдануға құқылы:

əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру орнына жеткізу;

жеке тұлғаны əкімшілік ұстау;

жетектеп алып келу;

жеке басты қарау жəне көлік құралдарын, шағын кемені, заттарды қарау;

құжаттар мен заттарды алып қою;

көлік құралдарын немесе шағын кемені жүргізуден аластату жəне оның ішімдік ішкен, есірткіге, токсиндік заттарға мас екендігіне куəлік ету;

көлік құралдарын немесе шағын кемені ұстау, жеткізу жəне жүргізуге тыйым салу;

қарау;

жеке тұлғаның ішімдікке, есірткіге, токсиндік заттарға мас екендігін медициналық растау.

Заңды тұлғаларға əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің төмендегі шаралары қолданылуы мүмкін:

тауарлар, көлік құралдары мен өзге де мүліктер, сондай-ақ оларға тиісті құжаттары бар заңды тұлғаға тиісті үй-жайларды, аймақты қарау;

заңды тұлғаға тиісті құжаттарды алып қою;

заңды тұлғаға тиісті тауарларды, көлік құралдарын жəне өзге де мүліктерді қамауға алу.

Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданумен зиын келтірген жағдайларда лауазымды тұлға əкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

  1. Заңдылық дегеніміз не?

  2. Заңдылыққа қандай тәсілдер мен әдістер көмегімен қол жеткізіледі?

  3. Қадағалау дегеніміз не?

  4. Бақылау дегеніміз не?

  5. Қадағалау мен бақылаудың қандай түрлері бар?

  6. Прокурорлық қадағалау дегеніміз не?

Глоссарий:

  1. Мемлекеттік басқару

  2. Заңдылық

  3. Мемлекеттік бақылау

  4. Әкімшілік қадағалау

  5. ҚР Президентінің бақылауы

  6. Прокурорлық қадағалау

  7. Орталық басқару органдары

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.

ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.

ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы » 1995ж.17 сәуірдегі Заңы//Егеменді Қазакстан. 1995ж. 24 маусым.

ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.

«ҚР дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » 2001ж. 23- қаңтарда қабылданған Заңы.

«Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.

Оқу әдебиеттері:

Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет

Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.

Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.

Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.