Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест казГу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

80. Профессор т. Қожакеевтің айтуынша, жанр дегеніміз:

A) Композициялық құрылымы бірегей, сюжетті әдеби-публицистикалық шығарма;

Ә) Кейіпкерлердің қоғамдық кеңістікте өмір сүру формасы;

Б) Публицистикалық шығармаларды топтастыру әдісі;

В) Газет-журнал материалдарының, телевизия және радио хабарларының өмір сүру, көріну формасы;

Г) Баспасөз материалдарының ара жігін ажырату әдісі.

81. Жазушы Фазиль Искандердің «Звезда козлотура» повесінде ауызға алынбаған газет жанры:

A) Ақпарат;

Ә) Түсіндірме;

Б) Эссе;

В) Очерк;

Г) Фельетон.

82. Корреспонденцияға тән қасиеттер:

A) Көбінесе тарихи тақырыптарды қарастырады, ретроспективалық талдаулар жасайды, ойды жинақтап қана қояды, оны қорытындыламайды;

Ә) Бүгінгі күн тақырыбына араласады, негізгі объекті - адам және оның ісі;

Б) Негізінен келер шақтағы мәселелерді қарастырғаны ләзім, сондықтан болжаулар, пайымдаулар басым келеді;

В) Бүгінгі күн тақырыбына оқта-текте барады, объекті біреу ғана -эстетика мен этика мәселелері. Арналы ой, өзекті түйін сол тақырыптар айналасына ғана топтастырылады;

Г) Өткен-кеткен күндерден, тарихи құжаттардан дерек алмағаны, тек бүгінгі күннің мысаламен шектелгені жөн. Сүйекті композициясы болмайды, проблема бойынша келелі ой айтуды жоғары жаққа қалдырады.

83. Дайджест форма жағынан қай жанрға жақын:

A) Очеркке;

Ә) Корреспонденцияға;

Б) Сұхбатқа;

В) Баспасөзге шолуға;

Г) Түсіндірмеге.

84. Абай туралы мәлімет революциядан бұрынғы қай орыс газетінде кездеседі?

A) Омские ведомости;

Ә) Семипалатинские областные ведомости;

Б) Семиреченские областные ведомости;

В) Санкт-Петербургские ведомости;

Г) Московские ведомости.

85. Мазмұн ауқымы жағынан шолулар (обозрение) қалай жіктеледі?

A) Маңызды шолу, оперативті шолу;

Ә) Жалпы шолу, тақырыптық шолу;

Б) Экономикалық шолу, бағдарламалық шолу;

В) Мәдени шолу, ғылыми шолу;

Г) Толық шолу, сегментті шолу.

86. “Плейбой” журналының фирмалық белгісі:

A) Кенгуру;

Ә) Үй қояны;

Б) Әтеш;

В) Жираф;

Г) Піл.

87. Мақсат-мазмұны, қамтуы, суреттеу объекті және жазылу сипаты жағынан баспасөзге шолудың жіктелуі:

A) Ақпараттық шолулар, топтама шолулар;

Ә) Шолу-мақала, шолу-рецензия, шолу-репортаж;

Б) Көлемді шолу, шағын шолу;

В) Аналитикалық шолу, стандартты шолу;

Г) Іскерлік шолу, бизнестік шолу.

88. Репортаж жазу ұшін ең алдымен не қажет?

A) Оқиға, тілші, оқырман;

Ә) Автокөлік, диктофон, репортерлік магнитофон;

Б) Қалам, қойын дәптер, телефон;

В) Компьютер, пейджер, калькулятор;

Г) Интернет жүйесі, электронды почта.

89. Л.Толстойдың "Анна Каренина" романында (сегізінші бөлім) фельетон жарияланған басылым:

A) Северная Пальмира;

Ә) Северный жук;

Б) Телескоп;

В) Отечественные записки;

Г) Северный телеграф.

90. Рецензияның жарнамалық сипаты:

A) Ол шығарманы тек баспагерлік бұйым тұрғысынан қарастырады;

Ә) Онда жарнамалық сипат мүлде болмайды;

Б) Ол шығарманы эстетикалық талаптар биігінен қарастырады;

В) Ол белгілі бір туындыны сөз ете отырып, оны насихаттайды,товарлық қасиеттерін де ашып көрсетеді;

Г) Ол шығарманың оқырмандарға берер әсерін сөз етумен шектеледі.

91. С.И. Жуков баспасөзге шолу жазғанда, қанша сауалға жауап іздеу керек дейді?

A) Он бір;

Ә) Жеті;

Б) Бес;

В) Алты;

Г) Тоғыз.

92. М. Мақатаевтың баспасөз жанры формасында жазылған өлеңі:

A) Репортаж;

Ә) Өлең-очерк;

Б) Интервью;

В) Мақала;

Г) Заметка.

93. Папараццилар немен айналысады?

A) Репортаж жазумен;

Ә) Эссе жазумен;

Б) Очерк жазумен;

В) Тосыннан сенсациялық суреттер түсірумен;

Г) Сыни мақала жазумен.

94. Қазақ эссесінің негізін қалаушы:

A) А.Байтұрсынов;

Ә) Ә.Бөкейханов;

Б) Абай;

В) Шәкәрім;

Г) М.Дулатов.

95. Г.Х. Андерсеннің “Бұлбұл” памфлет-ертегісінде қай елдің билеушісі сөз болады?

A) Жапония;

Ә) Дания;

Б) Қытай;

В) Монғолия;

Г) Швеция.

96. Қ.Мырза-Әлінің “Жас Алаштағы” атышулы эссесі:

A) Икем;

Ә) Игілік;

Б) Иірім;

В) Иман;

Г) Ишара.

97. Профессор М. Барманқұловтың пікірінше, репортаж дегеніміз:

A) Оқиға өтіп кеткеннен кейін тілшінің көрермендер әңгімесін тілге тиек етуі;

Ә) Оқиға болмай тұрып, алдын-ала дайындалған дүние;

Б) Оқиғаны көзбен көрген тілшінің жедел, объективті әрі әсерлі әңгімесі;

В) Болған оқиғаны шет ел телеарналарынан алып жазу;

Г) Корреспонденцияның оперативті, жедел түрі.

98. “Сарғыш баспасөзге” жол ашқан суретші:

A) Херлуп Бидструп;

Ә) Борис Ефимов;

Б) Уолт Дисней;

В) Ричард Аутколт;

Г) Николай Рерих.

99. Заң орындарының айқындамасы (расследование) мен журналист айқындамасы:

A) Заң орындары істің ақ-қарасын айқындап барып, оған моральдық үкім айтады, ал журналист айқындамасынан кейін оған сот үкім шығарады;

Ә) Алғашқысында іс заңдылық тұрғысынан қарастырылады, ал соңғысында іс мораль және заңдылық тұрғысынан қарастырылады да, оның ақ-қарасына баспасөз арқылы баға беріледі;

Б) Біріншісінде журналист айқындама жүргізеді, екіншісінде құқық орындарының өкілдері жүргізеді;

В) Заң орындарының айқындамасы адамды ақтап алу үшін жүргізілсе, журналистік айқындмам оның кінәсін табу үшін жүргізіледі;

Г) Біріншісінде заң орындары объектіні қаралауға, соңғысында объектіні ақтап алу тенденциясы байқалады.