- •«Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінен тест сұрақтары
- •16. А. Байтұрсынұлының “Қазақ” газетінде оқу мәселесіне арналған жарияланымдар:
- •17. Қазақ зиялыларын алған бір ортақ ұлттық мүдде төңірегіне топтастырып, қоғамдық пікір туғызған басылым:
- •18. Ә. Бөкейханның "Қазақ" газетіндегі жарияланымдары:
- •«Журналистика негіздері» пәні бойынша тест сұрақтары
- •«Көсемсөз жанрлары» пәні бойынша тест сұрақтары
- •10. А. Байтұрсынов "Қазаққа ашық хатта" қандай мәселе көтереді?
- •11. Профессор м. Барманқұловтың әліптеуінше, жанр дегеніміз:
- •12. Хабарлама корреспонденцияның хабарлама жанрлардан айырмашылығы:
- •31. Ғ. Қайырбековтің ғ. Мүсіреповке арналған эссе-кітабы:
- •32. Ақпаратқа (заметкаға) қойылатын талаптар:
- •52. 1917 Жылы «Сарыарқаның» 13 қарашадағы 20 нөмірінде жарияланған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың репортажы:
- •53. «Публицистикадағы аргумент – ғылыми теориялардағы аксиома іспеттес»,- дейді:
- •54. Брифинг және баспасөз мәслихаты:
- •80. Профессор т. Қожакеевтің айтуынша, жанр дегеніміз:
- •81. Жазушы Фазиль Искандердің «Звезда козлотура» повесінде ауызға алынбаған газет жанры:
- •82. Корреспонденцияға тән қасиеттер:
- •100. «Менің өлімім туралы қауесет тым асыра айтылған», - деп газетке жеделхат-ақпарат жіберген америкалық жазушы:
- •«Тележурналистика» пәні бойынша тест сұрақтары
- •Тележурналистиканың өзіне тән артықшылықтарын ата:
- •2. Тележурналистиканың ақпараттық жанрларын ата:
- •3. Тележурналистиканың пішіндерін ата:
- •44.Тележурналистиканың ақпараттық функциясы дегеніміз не?
- •«Радиожурналистика» пәні бойынша тест сұрақтары
«Көсемсөз жанрлары» пәні бойынша тест сұрақтары
1. Ұлттық идеология дегеніміз:
A. Халықтың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ақпараттық кеңістікте өмір сүруінің жарасымды идеялық жүйесі;
Ә. Қазақ халқының менталитетіне сай әдет-ғұрыптар жиынтығы;
Б. Әлемдік құндылықтарды насихаттайтын ақпараттық система;
В. Әрбір ұлттың өзіндік игіліктері туралы ілім;
Г. Ұлттық үстемдікті негіздейтін ғылыми жүйе.
2. Баспасөз жанрларын жіктеудің негізгі белгілері:
А. Тақырыпты игеру шеберлігі, аудиторияға әсерлілігі, ғылыми-техникалық әлеуеттілігі;
Ә. Обьектінің сыр-сипаты, өзіне лайық нақты қызметі,нысанды қамту аумағы, тілі мен стилі.
Б. Сыни-проблемалылығы, оңтайлылығы, тиімділігі мен пәрменділігі;
В. Көкейтестілігі, нысаналылығы, байыптылылығы, қоғамдағы өзіндік орны;
Г. Әлеуметтік тапсырысты орындауы, саяси науқанға жедел араласушылығы, топтар мен таптардың мүддесін қорғауы.
3. Дэвид Рэндалл айтқандай, репортер қанша принцип ұстануы керек?
A. Он бір;
Ә. жеті;
Б. төрт;
В. тоғыз;
Г. үш.
4. Сұхбат формасында жазылған "Ақиқат пен аңыз" романының авторы:
A. Жекен Жұмаханов;
Ә. Сәуірбек Бақбергенов;
Б. Әбіш Кекілбаев;
В. Әбдіжәміл Нүрпейісов;
Г. Әзілхан Нұршайықов.
5. Осы заманғы ақпараттық кеңістік:
A. Орталық Азия;
Ә. ТМД аумағы;
Б. Түркі тілдес мемлекеттер;
В. Бүкіл әлем;
Г. Қазақстан территориясы.
6. Көсемсөз жанрлары қалай топтастырылады?
A. әдеби-публицистикалық, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси;
Ә. ағартушы-философиялық, нарықтық-реттемелік, қоғамдық-танымдық;
Б. хабарламалы, талдамалы, деректі-көркем-публицистикалық;
В. формальды-логикалық, анықтама-статистикалық, сыни-публицистикалық;
Г. жинақтаушы, баяндаушы, қорытындылаушы.
7. Репортаж қай шақта өткен оқиғаны тілге тиек етеді?
A. келер шақта;
Ә. өткен шақта;
Б. жедел өткен шақта;
В. осы шақта;
Г. бұрынғы өткен шақта.
8. Журналистің шеберлік сипаты неден байқалады:
A. білімдарлық деңгейінен;
Ә. бас редактордың тапсырмасын дер кезінде орындаудан;
Б. ойды әдеби тілмен жатық бере білуден;
В. саяси-әлеуметтік ауанды жылдам аңғарудан;
Г. тапсырыспен жазылған туындыларынан.
9. Ақпарат (заметка) жанрының түрлері:
A. сарапшы ақпарат, футурологиялық ақпарат, телеграфтық ақпарат, тереңдетілген ақпарат;
Ә. келісілген ақпарат, ақылы ақпарат, тапсырысты ақпарат, полемикалық ақпарат, кәсіби ақпарат;
Б. логикалық ақпарат, редакторлық ақпарат, соны ақпарат, ретроспектикалық ақпарат;
В. хроникалық хабар, дербес ақпарат, топтама ақпарат, кеңейтілген ақпарат, текстовкалар, түсіндірілмеленген факт;
Г. ауқымды ақпарат, географиялық ақпарат, анықтамалық ақпарат, маусымдық ақпарат.
10. А. Байтұрсынов "Қазаққа ашық хатта" қандай мәселе көтереді?
A. мал санағы;
Ә. жан санағы;
Б. мәдениет һәм денсаулық;
В. ғылым һәм ағарту;
Г. әдебиет және өнер.
11. Профессор м. Барманқұловтың әліптеуінше, жанр дегеніміз:
A. ұзақ тарихи мерзімде түбегейлі өзгеріске ұшырамайтын құрылымдық-композициялық сипаттар жүйесі;
Ә. қоғамдық өзгеріске орай өзгеріп отыратын әдістер жиынтығы;
Б. әлеуметтік қатынастарды бейнелейтін журналистика формаларының жүйесі;
В. жылдар бойы қалыптасқан, шартты заңдылықтарға бағынған публицистік әдістер системасы;
Г. ғұмыры қысқа ақпараттық әдістер мен тәсілдер тобы.
