- •«Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінен тест сұрақтары
- •16. А. Байтұрсынұлының “Қазақ” газетінде оқу мәселесіне арналған жарияланымдар:
- •17. Қазақ зиялыларын алған бір ортақ ұлттық мүдде төңірегіне топтастырып, қоғамдық пікір туғызған басылым:
- •18. Ә. Бөкейханның "Қазақ" газетіндегі жарияланымдары:
- •«Журналистика негіздері» пәні бойынша тест сұрақтары
- •«Көсемсөз жанрлары» пәні бойынша тест сұрақтары
- •10. А. Байтұрсынов "Қазаққа ашық хатта" қандай мәселе көтереді?
- •11. Профессор м. Барманқұловтың әліптеуінше, жанр дегеніміз:
- •12. Хабарлама корреспонденцияның хабарлама жанрлардан айырмашылығы:
- •31. Ғ. Қайырбековтің ғ. Мүсіреповке арналған эссе-кітабы:
- •32. Ақпаратқа (заметкаға) қойылатын талаптар:
- •52. 1917 Жылы «Сарыарқаның» 13 қарашадағы 20 нөмірінде жарияланған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың репортажы:
- •53. «Публицистикадағы аргумент – ғылыми теориялардағы аксиома іспеттес»,- дейді:
- •54. Брифинг және баспасөз мәслихаты:
- •80. Профессор т. Қожакеевтің айтуынша, жанр дегеніміз:
- •81. Жазушы Фазиль Искандердің «Звезда козлотура» повесінде ауызға алынбаған газет жанры:
- •82. Корреспонденцияға тән қасиеттер:
- •100. «Менің өлімім туралы қауесет тым асыра айтылған», - деп газетке жеделхат-ақпарат жіберген америкалық жазушы:
- •«Тележурналистика» пәні бойынша тест сұрақтары
- •Тележурналистиканың өзіне тән артықшылықтарын ата:
- •2. Тележурналистиканың ақпараттық жанрларын ата:
- •3. Тележурналистиканың пішіндерін ата:
- •44.Тележурналистиканың ақпараттық функциясы дегеніміз не?
- •«Радиожурналистика» пәні бойынша тест сұрақтары
52. 1917 Жылы «Сарыарқаның» 13 қарашадағы 20 нөмірінде жарияланған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың репортажы:
A) Алаш ұраны;
Ә) Сарыарқаның жаңбыры;
Б) Әлиханның Семейге келуі;
В) Жас жүрек;
Г) Е, дүние!
53. «Публицистикадағы аргумент – ғылыми теориялардағы аксиома іспеттес»,- дейді:
A) Т. Қожакеев;
Ә) Т. Амандосов;
Б) С. Қозыбаев;
В) Б. Стрельцов;
Г) С. Гуревич.
54. Брифинг және баспасөз мәслихаты:
A) Брифингте журналистер сұрақ қояды, тиісті адамдар жауап береді. Баспасөз мәслихаты - ресми адамдар мен журналистер пікірталасы;
Ә) Брифинг - белгілі бір мәселелер бойынша ресми адамдардың журналистер корпусы алдында жасаған мәлімдемесі, пікірі. Ал баспасөз мәслихатында саяси-әлеуметтік, экономикалық мәселелер бойынша лауазым иелері журналистер сауалдарына жауап береді. Брифингте әдетте сұрақ қойылмайды;
Б) Брифинг - сұхбаттың өте қысқа түрі, баспасөз мәслихаты сұхбаттың кеңейтілген түрі;
В) Брифинг - қоғамдық пікірді тыңдау үшін өткізілетін ресми жиын, ал баспасөз мәслихаты - журналистер пікірін тыңдау үшін өткізілетін мәжіліс;
Г) Брифингке жазушылар, өнер қайраткерлері шақырылады, ал баспасөз мәслихатына мемлекеттік басылымдар қызметкерлері шақырылады.
55. Талдамалы публицистка жанрлары:
A) Суреттеме, сұхбат, репортаж, проблемалық очерк;
Ә) Корреспонденция, мақала, түсіндірме, шолу, рецензия;
Б) Эссе, пікірталас, көркем очерк, саяси талдау;
В) Деректі ә¬гіме, есеп, баспасөз мәслихаты, брифинг;
Г) Ақпарат, портреттік очерк, аналитикалық очерк, мәселе қоюшы очерк.
56. Э. Хемингуэй Испаниядағы азамат соғысына қандай қызметкер ретінде қатысты?
A) Санитар;
Ә) Жауынгер;
Б) Ұшқыш;
В) Барлаушы;
Г) Репортер.
57. Габриель Гарсиа Маркестің "Осень патриарха" романында биліктен айрылған диктаторлар естелік ретінде қандай баспа өнімдерін сақтайды?
A) Журналдарды;
Ә) Кітаптарды;
Б) Альманахтарды;
В) Газет қиындыларын;
Г) Өлең жинақтарын.
58. Ақпараттың талдамалық қасиеті қай кезде көрінеді?
A) Ақпарат фактісі ұсақ болғанда;
Ә) Ақпарат авторы көпшілікке танымал болса;
Б) Ақпаратта цифрлар мол көрінсе;
В) Бір тақырыпқа топтама ақпарат жарияланса;
Г) Ақпараттың тілі көркем болса.
59. Профессор М. Барманқұловтың пікірінше, репортаждың жанрлық ерекшелігі:
A) Дәлме-дәлдік, оқиғаны көзбен көру, шыншылдық;
Ә) Болған оқиғаны сенімді адамнан есту, телевизордан көру;
Б) Оқиға хронологиясын сақтамау, ойдан қосу;
В) Тек табыстарды тілге тиек ету, ресми стильден ауытқымау;
Г) Тек кемшіліктерді жұртшылыққа ұсыну, сезіммен баяндау.
60. Ф.ғ.д. К. Қамзин «Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі» монографиясында жанрларды неше топқа бөледі:
A) Үш;
Ә) Төрт;
Б) Алты;
В) Бес;
Г) Сегіз.
61. Профессор Т. Қожакеевтің пікірінше, корреспонденция-толғаныстың белгілері:
A) Оны көбінесе оқырмандардың өзі жазады, өз бастарынан өткен ерекше жайларды жұртшылық назарына ұсынып, көпшілік талқысына салады;
Ә) Оны арнаулы тілшілер жоғары орындарды" тапсырмасымен жазады;
Б) Тәуелсіз газет тілшілерінің ерекше, еркін пікірі;
В) Әдебиет пен өнер қайраткерлерінің елдің болашағы туралы толғанысы;
Г) Бас редактордың көкейтесті мәселелерге арналған түсіндірмесі.
62. Шыңғыс Айтматовтың шығармасы қазақ тілінде алғаш рет қай басылымда жарияланды?
A) Социалистік Қазақстан;
Ә) Лениншіл жас;
Б) Жұлдыз;
В) Қазақ әдебиеті;
Г) Мәдениет және тұрмыс.
63. Деректі-көркем жанрлар:
A) Бас мақала, насихаттық мақала,экономикалық-әлеуметтік талдау;
Ә) Көркем әңгіме, шешендік сөз, әдеби-көркем сын, танымдық мақала;
Б) Памфлет, суреттеме, эссе, фельетон, очерк;
В) Репортаж, сұхбат, корреспонденция, түсіндірме;
Г) Хат, хатқа шолу, газет шолуы, портрет.
64. Ақпарат (заметка) көздері:
A) Көркем шығармалар, кинофильмдер, музыкалық туындылар;
Ә) Күнделікті тіршілік, тарихи құжаттар, статистикалық деректер, директивалық орындардың шешім-жарлықтары, заңдары;
Б) Телевизия хабарлары, радио материалдары, ақпараттық агнеттіктер информациялары;
В) Журналистер, саясатшылар, жазушылар, өнер адамдары ортасы;
Г) Интернет, пейджер, телефон, телетайп.
65. Репортажды барлаушы жанр деген ғалым:
A) С.М.Гуревич;
Ә) Д.Рендалл;
Б) М.Барманқұлов;
В) С.Қозыбаев;
Г) А.Аграновский.
66. В.Ворошилов: қатқыл лид қаншаға бөлінеді?
A) Үш;
Ә) Төрт;
Б) Бес;
В) Алты;
Г) Тоғыз.
67. Хабарлама жанрлар:
A) Эпиграмма, пародия, шартты фельетон;
Ә) Жарнамалық мақала, халықаралық шолу, болжамдық түсіндірме;
Б) Ақпарат, есеп, репортаж, сұхбат;
В) Портрет, пікірталас, газет шолуы;
Г) Суреттеме, жалпы саясаттық мақала, проблемалық корреспонденция.
68. «Көркем очерк – алдағы күнде туар үлкен еңбектердің барлаушысы»,- дейді:
A) С. Мұқанов;
Ә) Ғ. Мұстафин;
Б) Ғ. Мүсірепов;
В) С. Сейфуллин;
Г) В. Овечкин.
69. Қазіргі баспасөздің негізгі тенденциялары:
A) Очерктер мен адресті фельетондар көбеюде;
Ә) Лирикалық толғаныстар, жағымды очерктер саны көбеюде;
Б) Баспасөз еркіндігі артуда, қазақ тіліндегі ресми газеттер көбеюде;
В) Жанрлар араласы анық байқалады, талдамалы жанрлар белең алуда;
Г) Мемлекеттік басылымдар көбеюде, деректі-көркем жанрлар етек алуда.
70. Фельетон жанр ретінде қай елдің қандай басылымында дүниеге келді?
A) «Қазақ» газетінде;
Ә) Ағылшынның «Көрермен» журналында;
Б) «Московские ведомости» газетінде;
В) «Санкт-Петербургские ведомости» газетінде;
Г) «Journal des Debats» газетінде.
71. О' Генридің "Торай әдебі" ("Поросячья этика") новелласындағы газет:
A) Лексингтонский листок;
Ә) Любитель животноводства;
Б) Листок Уолл-стрита;
В) Дорога в рай;
Г) Нью-Йорк Таймс.
72. Берілу жолына қарай есептің түрлері:
A) Қорытынды есеп, жинақтаушы есеп, элементарлық есеп, жабық есеп;
Ә) Хроникалық есеп, төте есеп, тақырыптық есеп, проблемалық есеп, талдамалы есеп;
Б) Жария есеп, бүркеншік есеп, астарлы есеп, ашық есеп;
В) Ғылыми-болжалдық есеп, баланстық есеп, салалық есеп;
Г) Жыл қорытындысы, тоқсан қорытындысы, ай қорытындысы.
73. Фельетон жазуда инверсия, психологиялық ассоциация, тұспал тәсілдері қолданылады дейді:
A) Ү. Уайдин;
Ә) С. Нариньяни;
Б) Ғ. Қабышев;
В) Б. Стрельцов;
Г) Б. Кірісбаев.
74. Руна әліпбиін енгізу туралы БАҚ-та табанды түрде мәселе қойып, проблемалық мақала жазып жүрген ғалым:
A) А. Мектептегі;
Ә) Қ. Әбжанов;
Б) А. Мархабаев;
В) Ү. Уайдин;
Г) Д. Баялиева.
75. Суреттемені қай автор хабарлама (информация) жанрлары тобына жатқызады?
A) М. Барманқұлов;
Ә) Т. Қожакеев;
Б) Е. Прохоров;
В) Е. Журбина;
Г) Б. Стрельцов.
76. Бірінші абзацы тырнақша ашудан басталатын лид:
A) Баяндаушы;
Ә) Цитата;
Б) Контраст;
В) Сұрақ;
Г) Қаламбур;
77. Дэвид Рендалл лидті қаншаға бөледі?
A) Бес;
Ә) Он;
Б) Сегіз;
В) Он төрт;
Г) Он бес;
78. М. Булгаковтың "Мастер и Маргарита" романында Мастердің шығармасына мін тағатын әдебиет сыншысы:
A) С. Әшімбаев;
Ә) О. Латунский;
Б) Ю. Кузнецов;
В) М. Қаратаев;
Г) К. Чуковский.
79. Газет репортажы мен телевизия репортажының басты айырмашылығы:
A) Газет репортажы оқиғаны синхронды береді, телерепортажда оқиға мен берілу арасында интервал болады;
Ә) Газет репортажына ауызекі тіл тән, телерепортаж әдеби тілге ден қояды;
Б) Газет репортажын өңдеуге уақыт бар, ал телерепортажда суырыпсалмалық қасиет, сөйлеу тілі басым;
В) Газет репортажында журналист эмоциясы көзге ұрып тұрады, ал телерепортажда ол мүлде жоқ;
Г) Газет репортажы тек жағымды оқиғаларға құрылса, телерепортаждың дені келеңсіз жайттарға арналады.
