IV. Жаңа сабақты бекіту.
Кесте толтыру.
Алаш зиялыларының мақсаты қандай болды ?
Алаш зиялылары қандай қоғамдық өмірге белсене араласты?
«Алаш» партиясының өкілдері мақсаттарына жете алды ма?
Алаш қайраткерлерінің қызметіне сипаттама беру.
А. Байтұрсынұлы қандай оқу құралдарын жазды?
М. Дулатұлының қандай еңбектерін білесіңдер ?
V. Бағалау: Әр оқушыға тиісті баға қою.
VI. Үйге тапсырма: үйде мәтінді оқу, Алаш қайраткерлері туралы қосымша ақпаратты қарастыру.
Сынып: 5 «а». Сабақ №:______26_____ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан 1941-1945 ж.ж.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : оқушыларға Ұлы Отан соғысы бүкіл кеңес халқының қаһармандық ерлігі болғандығын, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысында ерлікпен күрескенін, тылда еңбектегі ерлік көрсеткенін түсіндіру. Қазақстанның қиын қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау - фашизмнен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру;
Дамытушылық : Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кең-ейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығар-машылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру;
Тәрбиелік : Оқушыларда отаншылдық, халықтар арасында достық сезімді тәрбиелеуге көмектесу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тапсырма орындау.
Негізгі ұғымдар: Ұлы Отан соғысы, Брест, Гитлер.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақ халқының ұлт зиялыларын атап шығу.ч
Жаңа сабақтың жоспары:
Ұлы отан соғысының басталуы.
Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.
Брест қамалын қорғау.
Қазақстандықтардың тылдағы ерен ерлігі.
III. Жаңа сабақ.
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар да фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыстарға қатысты.
497 қазақстандық ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғары атаққа ие болды. Солардың қатарында қазақ халқының ержүрек қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовалар да бар. Төрт қазақстандық ұшқыш Т. Бигелдинов, С. Луганский, И. Павлов, Л. Беда Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болды.
Соғыс таңғы 4-ке таман фашистердің Белоруссиядағы Брест қамалына шабуыл жасауымен басталды.
Фашистер жүздеген километр алға жылжып, баса-көктеп кірді. Қамал қоршауда елден бөлініп қалды. Онда қорғаушылар сусыз, азық-түліксіз қырылып жатты.
Брест қамалын қорғаушылардың арасын да В. Фурсов, И. Айтбаев, Д. Жақыпов, К. Иманқұлов, М. Ниязов, К. Байжігітов, Г. Д. Деревянко, Қ. Тұрдиев, т.б. қазақстандықтар да болды. Брест қамалын қорғаушылардың ерлігі хал қымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. 1965 жы лы Брест қамалына «Батыр қамал» атағы берілді.
Тылдағылар армияны қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлікпен кідіріссіз жабдықтап тұрды.
Республикада әскери өндірісті нығайту, соғыс техникасын көптеп шығару, түсті металды, көмір, мұнай кен орын дарындағы жұмыстарды жақ сарту қажет болды. Қазақстан марганец өндіру ісін жеделдетті. Уралдың металлургия зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етуде ерен еңбек етті. Қарағанды кеншілері мыңдаған тонна көмір өндірді, Өскемен мырыш комбинаты соғысқа қажетті өнім өндіру мөлшерін ұлғайтты.
Ғалымдар мен инженерлер де тынбай жұмыс істеді. Кен өндіруді ұлғайту ісіне КСРО Ғылым академиясының президенті В. Л. Комаров және академик Қ. И. Сәтбаев бастаған ғалымдар үлкен үлес қосты.
