IV. Жаңа сабақты бекіту.
1) Мына даталарды байланыстырып болған оқиғаны тап.
А)1730ж, 1730ж қыркұйек, 1731ж., 1731ж 30 сәуір,1731ж 10 қазан
Б)1731ж соңы, 1740.ж
В) 1733ж
2) мына тарихи тұлғаларды қандай оқиға байланыстырады:
А) Әбілқайыр хан, Анна Иоанновна
Б)Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы, А.И. Тевкелев
В) Сәмеке,Әбілмәмбет,Абылай
3) Кіші жүздің Ресейге қосылуының себептері
4) Ресейге қосылар алдындағы Қазақстанның жағдайы қандай еді? Оған кімдер қауіп төндірді?
5) Кіші жүз Ресей құрамына қай жылы, кімнің бастауымен кірді?
6) І Петр неліктен Қазақ хандығы Ресейдің қоластына қарауы керек деп санады?
V. Бағалау: Әр оқушыға тиісті баға қою.
VI. Үйге тапсырма: үйде мәтінді оқу, негізгі жылдарды көшіру, Абылқайыр хан туралы оқып, оны тұлға ретінде сипаттау.
Сынып: 5 «а». Сабақ №:______25_____ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ зиялылары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : оқушыларды Алаш қозғалысының өкілдері, қазақ зиялыларының қызметімен таныстыру. Алаш қозғалысының өкілдеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи қайраткерлерді сипаттау біліктерін дамыту;
Дамытушылық : Қазақстанның Ресейге қосылуы бүгінгі Егемен еліміздің тарихындағы алатын орны;
Тәрбиелік : Отаншылдыққа елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тапсырма орындау.
Негізгі ұғымдар: алаш, Ақпан революциясы.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Әбілқайырдың Ресей қол астына өтуге мәжбүрлеткен қандай жағдайлар?
Әбілқайыр хан Ресейге кімдерді елші ретінде жіберді ?
Қазақтарға қандай халықтар шабуыл жасап тұрды ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Алашорда үкіметінің құрылуы.
Алаш қайраткерлері. Әлихан Бөкейханұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы.
Міржақып Дулатұлы.
III. Жаңа сабақ.
«Алаш» – ертедегі түрік сөзі, «бауырлас, қандас, туыс» деген мағынаны білдіреді.
1917 жылы патша тақтан түсірілген соң, Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбаев және басқалар «Алаш» партиясын құрды. 1917 жылы 5–13 желтоқсан аралығында Орынборда Жалпықазақ съезі өтті. Съезде 25 мүшеден тұратын Алашорда үкіметінің құрылғаны жарияланды. «Алашорда» (Алаш автономиясы) деген атпен үкімет құрылды. Алаш Орда Кеңесінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханұлы сайланды.
Әлихан Бөкейханұлы (1866–1937) - 1905 жылы патша атына жазылған қазақ өлкесінің саяси талаптарын ұйымдастырушылардың бірі болды. Осы үшін «үкіметке қарсы үгіт жүргізді» деген айыппен абақтыға қамалады. Осы кезде Әлихан Бөкейхан ұлының Ресейдегі I Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланғаны белгілі болады. Осыған байланыс ты ол түрмеден амалсыз босатылып, Думаның жұмысына кешігіп келеді.
Ахмет Байтұрсынұлы (1873–1938) – Алаш қозғалысы жетек шілерінің бірі, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, дарынды ақын, қоғам және мемлекет қайраткері, бірқатар оқу құралдарын жазған ғалым.
Ахмет Байтұрсынұлы Орынборда «Қазақ» газетін шығаруға басшылық жасады.
Міржақып Дулатұлы (1885–1935) – Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті ақын. Міржақыптың «Оян, қазақ!» атты тұңғыш жыр жинағы 1909 жарық көрді.
Алаш қозғалысының қайраткерлері өз халқының теңдігі мен бостандығы үшін аянбай еңбек етті. Олар азаттық жолындағы күрестің көшбасшылары болды.
Алаш қайраткерлерінің арманы тек 1991 жылы 16 желтоқсанда орындалып, еліміз шынайы тәуелсіздікке қол жеткізді.
