IV. Жаңа сабақты бекіту.
Қазақ ұлттық музыка аспаптарын айту.
Қазақ музыка аспаптарының түрлерін анықтап, жазу.
Қазақ халқының патша өкіметімен күресуіне шығарылған мукалық шығармалар.
Оқушыларға қазақ композиторларды бөліп беру. Оқу, конспектілеу, мазмұндап айту.
V. Бағалау: Әр оқушыға тиісті баға қою.
VI. Үйге тапсырма: үйде музыка өнер туралы оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.
Сынып: 5 «а». Сабақ №:______23_____ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Діннің пайда болуы, діни наным-сенім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларды қазақ халқының дәстүрлерімен, наным-сенімдерімен таныстыру. Халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген құрметтеушілік сезімдерін тәрбиелеу. Оқушылардың оқулықпен өздігінше жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту жұмысын жалғастыру;
Дамытушылық : Оқушылардың рухани дүниесін дамыту;
Тәрбиелік : Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тапсырма орындау.
Негізгі ұғымдар: дін, наным-сенім.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Кесте толтыру.
№ |
композитор |
Өмір сүрген жылдары |
шығармалары |
Еңбектерінде қандай мәселеле жырланды |
|
|
|
|
|
Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақтың діни наным-сенімдері.
III. Жаңа сабақ.
Ежелгі адамдар өздерін қоршаған табиғат құбылыстарының себептерін түсінбеді, сон дықтан дауылдан, найзағайдан, су тасқынынан қорыққан. Олар барлық жануарлардың, таби ғаттың өз иесі болады деп, соларға табынған. Көне заманда аң аулауға шығар алдында адам алдымен аңның суретін салып, салынған суретті найзамен атып, аң аулауға дайындалған. Аңға сапары сәтті болуы үшін «аңды сиқырлау» ырымын жасаған. Адамды жерлегенде қабірге түрлі тағам, еңбек құралдары, әшекей заттар, ал кейде оның атын да қоса жерлеген. Өлген соң «жан» адам денесіне қайта оралады, сол кезде оған барлығы керек болады деп түсінген. Ертеде түркілер Көкке, Жер мен Суға, Отқа табынған. Көк Тәңірінің әмірімен қағандар ел билейді, түркі тайпалары жеңіске жетеді және жеңіліске ұшырайды деп ұғынған. Олар отты «әулие», «От-Ана» деп қасиет тұтқан. От үйдің сақтаушысы, қамқоршысы саналған. Оттың қаһарынан қорқып, отпен ант берген. Қазақтарда от пен ошаққа табынушылық қазірге дейін сақталып қалған. Мәселен, әлі күнге дейін жастар үйленгенде, қалыңдық босағаны алғаш аттарда ошақ алдында тізе бүгеді, отқа май тамызады. Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Ірі қалаларда, қыстақ, кенттерде мешіттер салынды. Араб тілінде әдеби шығармалар жазыла бастады.
