- •II Үй тапсырмасын тексеру.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
V. Бағалау:
Аңдасова Қ. - ________;
Рамазанов А. - ________.
VI. Үйге тапсырма: 20 параграф, оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.
Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Дүниежүзі тарих.
Сабақтың тақырыбы: АҚШ.
Сабақтың мақсаты:
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы онжылдығындаѕы АҚШ-тың әлеуметтiк-экономикалық дамуына сипаттама бере отырып, Батыс Еуропадан, әсiресе Англиядан әлдеқайда артта қалса да, XIX ғасырдың бiрiншi ширегiнен бастап ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiптерде болған өзгерiстерге тоқталу. Жер кеңейту мәселесi мен екi партиялы жүйенiң қалыптасу мәнiн ашып көрсету. АҚШ-тағы құлдықты жою жөнiндегi жалпыұлттық қозғалыстар туралы әңгiмелеу. Ел iшiндегi саяси жағдайлардың шиеленiсуi Оңтүстiк пен Солтүстiк арасындағы наразы- лықтардың азамат соғысына әкелiп соқтырғандығын деректермен нақтылау. Күресушi жақтардың ерекшелiктерiн, ХХ ғасырдың басында қол жеткiзген маңызды табыстарын ашып көрсету.
Оқушылардың АҚШ туралы әңгімелей келе, олардың өз тәуелсіздігі үшін соғысының нәтижелерін еске ала отыра, үлгі болып қабылдау;
Оқушыларға өзге елдердің, тарихын, мәдениетін, тілін және т.б. құрметпен қарауды үйрету.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.
Негізгі ұғымдар: Батыстық бағыт, “Отбасылық еңбек”, америкалық плантатор, экстенсивтi сипат, ерекше мүдделер, аумақтық өсу, қоспартиялық жүйе, “Америкалық отарлар қоғамы”, аболиционизм, гомстедтер туралы заң, террорлық ұйым, жаңғырту, “Монро доктринасы”, “ықпалдылық ауқым”.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Ресейде марксизмнің таратушы, ғалым ?
Марксизмнің негізі болып отырған, ағымдардың негізін қалаушылар ?
В. И. Лениннің күресу объектісі ?
Орыс-жапон соғысынан Ресей қалай шықты ?
Алғашқы орыс төңкерісінің нәтижесі ?
Жаңа сабақ жоспары.
Әлеуметтік-экономикалық даму.
АҚШ аумағының ұлғаюы.
Саясаттағы партиялық жүйенің қалыптасуы.
Құлдық мәселесі. Оны жою.
Оңтүстік мен Солтүстік арасындағы азаматтық соғыс.
ХХ ғасырдың басындағы АҚШ.
III. Жаңа сабақ.
ХVIII ғасырдың соңы мен ХIХ ғасырдың алѕашқы онжылдығында АҚШ-тың экономикалық даму деңгейi Батыс Еуропадан, әсiресе Англиядан әлi де артта қалып отырған болатын.
Тәуелсiздiк үшiн соғыс аяқтала салысымен-ақ Құрама Штаттар жер кеңейту мәселесiмен айналыса бастады. Алғашқы он үш штатқа соңғы кезде үндiстерден тартып алынған Кентукки (1792), Теннеси (1796) және Огайо (1803) қосылды.
1787 жылы қабылданған және бүгiнгi күнге дейiн күшiн жоймаған АҚШ конституциясы саяси партиялар құруды ескерiп, төрт жылға сайланатын президент арқылы қуатты орталықтандырылған билiктi бекiттi. АҚШ-тың құрылуының басында Джордж Вашингтон, Бенжамин Франклин, Джеймс Мэдисон, Джон Адамс, Александр Гамильтон тұрды.
1860 жылғы президенттiк сайлау барысында бiр-бiрiне қарсы тұрған демократтар мен республикашыл партиялар арасындағы қиян-кескi күрес үдей түстi.
ХIХ ғасырдың ортасында АҚШ-тағы саяси күрестегi ең шиеленiстi мәселе — құлдық мәселесi болды. АҚШ-тың негiзiн қалағандардың көпшiлiгi: Дж.Вашингтон, Б.Франклин, Дж.Мэдисон, Дж.Адамс, Т.Джефферсон құлдыққа қарсы болды. Дегенмен барлық осы атақты адамдар, АҚШ президентi болған күнде де, құлдықты жоя алмады.
