Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.65 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Кеңес халқының соғыстан кейінгі қандай қиыншылықтарды бастан кешірді ?

  2. Сталиннің кеңес халқына тигізген зардабы ?

  3. Экономикалық жағдайдың тұрақталуына әсер еткен Хрущевтің реформасы ?

  4. Кеңес-ауған соғысы қандай аумақта болып өтті ?

  5. М. Горбачев қандай реформалар еңгізді ?

V. Бағалау:

1) Нұрғали Г. – ________; 2) Тюлеубай Ә. - _______.

VI. Үйге тапсырма: параграф 31-32, оқу, М. Горбачевтің басқару кезеңін қарастыру, қосымша ақпарат іздеу.

Сынып: 9 «а». Сабақ №:____________ Күні:__________

Пәні: Қазіргі дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: АҚШ.

Сабақтың мақсаты:

  • Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi АҚШ-тың тарихын қайталай отырып, Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi АҚШ-тың саяси-әлеуметтiк, экономикалық дамуына сипаттама беру. Капиталистiк елдер арасындағы АҚШ-тың таңдаған бағыттары мен реформаларын кезеңдерге бөлiп қарастыру;

  • Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-ты 80-90 жылдарындағы қалыптасқан жағдайларды салыстыруға үйрету, АҚШ-тың жарты ғасыр уақыт ішінде жеткен жетістіктерге баға беру. Әсiресе демократиялық және республикалық партиялардың басқару кезеңiндегi мәнiн ашып көрсету. қазiргi кезеңдегi ұстанып отырған саясаты мен Қазақстан — АҚШ арасындағы байланысқа тоқталу

  • Оқушылардың пiкiрiн ортаға салып, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында iзденiске баулу.

Сабақтың түрі:аралас.

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II Үй тапсырмасын тексеру.

III Жаңа сабақ.

IV Жаңа сабақты бекіту.

V Бағалау.

VI Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «жылымылық» реформасы қай хатшы тұсында болып өтті, не себепті жүргізілді, нәтижесі қандай болды ?

  2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытта КСРО-ны басқарған хатшы ?

  3. КСРО экономикасы қай уақыттан бастап көтеріле бастады ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Соғыстан кейнігі АҚШ, Трумэн басқаруы.

  2. Сыртқы саясат. 1950-1960 ж.ж. АҚШ.

  3. 70-80 жылдарындағы жағдай.

  4. 90 жылдарындағы АҚШ.

III. Жаңа сабақ.

Соғыстан кейінгі уақытта АҚШ-тың күші орасан зор болды. АҚШ әскері соғысты бастаған мемлекеттер территорияларында орналасқан. 1945 жылы 12 сәуірде Рузвельт қайтыс болды. Басқаруға Гарри Трумэн келді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанымен КСРО-мен қарым-қатынасы бұзылды. Бір-біріне қарсыласу күшейді. Екі елдің озбырлық қимылдары мен текетіреске баруы көпке созылған «қырғиқабақ соғысты» туғызды. 1960 жылы президент сайлауында Джон Кеннеди жеңіске жетті. Ол өзінің «Жаңа дәуір» атты бағытымен әйгілі. 60 жылдарда нәсілшілдік қысымшылыққа қарсы қозғалыстар кең қанат жайды. 1968 жылы Вашингтонға кедейлердің жорығы ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушысы – афроамерикандық Мартин Лютер Кинг болды. 70-80 жылдарға қарай АҚШ-та сыртқы саясатта елдермен жақындасу саясаты басым болды. Кеңес-АҚШ қарым-қатынастары арасында еш өзгерістер болған жоқ. 1979 жылы басталған кеңес-ауған соғысынан екі елдің қарым-қатынасы мүлде бұзылды.