Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.65 Кб
Скачать

III. Жаңа сабақ.

1)Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетті. Соған орай оның көп шығындары көп болды. Елдің мемлекеттік қарызы өсті. Отарларынлағы ұлт-азаттық қозғалыстардың саны өсті. У. Черчилль үкіметі ұлттар мен халықтардың бірлігін нығайтып, басын біріктіруге маңызды рөл атқарды. 1945 жылы парламент сайлауында консерваторлар мен лейбористтер арасында билік үшін тартыс белең алды. 1945 жылы 5 шілде күні сайлау қорытындысы Қауымдық палата шеңберінде ірі жеңіске жеткенің көрсетіп берді. Үкіметті К. Эттли басқаруды бастады. 1945 жылы тамызда АҚШ Англияға қаражат төлеуді тоқтатты. Сол себепті Англия АҚШ пен Каннададан қарыз сұрауға мәжбүр болды. Саяси-экономикалық қыспақтан шығу үшін үкімет тікелей әеуметтік қамқорлығын орнатуға мәжбүр болды. Сол себепті көмір, болат және газ өнеркәсіптері, электр қуаты және автокөлік салалары мемлекет қолына көшті. Эттли кабинеті осы жылдарда АҚШ-мен жақындасуды көздеді. Тіпті 1946 жылы атом бомбасын құрастыруға шешім қабылдады. 1949 жылы Еуропа Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. Англия өзінің Азиядағы отарларына тәуелсіздік беруге барды.

2)1951 жылы сайлауда консерваторлар партиясы жеңіске жетті. У. Черчилль қайтадан үкімет басына келді. Лейбористтер мемлекеттік ахуалды жақсарту идеясын қабылдады. Шойын өндіру мен автомобиль саласын мемлекет меншігіне алды. 1950 жылдардың ортасына қарай экономикалық жағдай жақсара түсті. Өнеркәсіптің көптеген салалары дами бастады. Консерваторлар кабинеті НАТО-ға қосылуды жақтады. Черчилль қызметтен кеткеннен соң елді А. Иден басқарды(1955-1957жж). 1956 жылы Франция мен Израильге қосылып Мысырға соғыс ұйымдастырды. 1957 жылы А. Иденді Г. Макмиллан ауыстырды.

4)Англияның 50-шы жылдарда отарлық жүйесінің ыдырауы туралы болжам шындыққа айналды. Г. Макмиллан Шығыс және Орталық Африкадағы отаршылдық үстемдігінен бас тартып, басқаруды жергілікті халықтарға қайтарды. 60-шы жылдарда Англияның барлық отарлары тәуелсіздік алды. 70-шы жылдарда Англия Ұлттар Достастығы деп жаңаланды.

5)1964 жылы парламенттік сайлауда лейбористтердің жолы болып, «Лейбористтер және ғылыми революция» деген бағдарламаларын қабылдады. Г. Вильсон үкіметі (1964-1970ж.ж.) бірінші бесжылдық экономикалық жоспарын қабылдады. Жоспар орындалуы үшін үкімет өкімет-бизнес-кәсіподақтың бірлескен әрекетін қамтамасыз етуге тырысты. Бұл саясат баға мен кірістің саясаты деп аталды, баға мен кіріс бойынша арнайы Ұлттықбасқарма құрылды. 1965 жылы сыртқы саясатта Г. Вильсон елдің Жалпы рынокқа араласуы туралы мәселе қойды. Осы жылы Англия Еуропалық экономикалыққоғамдастық (қазіргі ЕЭО) тобына мүше болуға ынталы екендігін білдірді.

1970 жылы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті. Үкіметті Э.Хит басқарды(1970-1974ж.ж.). Осы жылдары Англия ЕЭҚ-тың құрамына кірді.

Англияны 1974-1979 жылдары лейборист Г. Вильсон басқарды. Содан соң 1979-1997 жылдары М. Тэтчер мен Дж. Мейджор кезеңі деп аталып кетті. 1979-1981 жылдары экономикалық дағдарыс жылдары болды. Жаппай жұмыссыздық. Осы кезде билікке Маргарет Тэтчер келген болатын (1979-1990ж.ж.). Тэтчер үкіметінің кәсіподақпен қатынасы қатал болды. Жаңа мемлекеттік саясат нарықтық қатынас арқылы экономикалық үрдісті реттеу бағытын қолдады. Жекеменшік секторды, нарықтық механизмді және қаржы-салымы саясатын белсенді жүргізу арқасында 2,5 млн жұмыс орны пайда болды. М. Тэтчер билік еткен тұсында мәселелер туындап, 1990 жылы қарашада жаңа премьер-министр Джон Мейджор келді(1990-1997ж.ж.). 1992 жылы «Шағын бизнестің Хартиясы» заң жобасы бекітілді.

Жалпы айтқанда Англияның экономикалық даму үрдісіне консерваторлардың қосқан үлесі көп.