IV.Жаңа сабақты бекіту.
Кесте толтыру.
Ұлы суретшілер
Өмір сүрген жылдары
Атақты туындылары
Сурет өнеріндегі жаңалықтар
Қайта өрлеу ұғымын сипаттандар ?
Леонардо да Винчидiң сурет өнерiндегi жаңалығы неден көрiнедi? Оның «Мона Лиза» картинасы туралы айтып берiңдер.
Микеланджело өз шығармаларында адам бойындағы қандай қасиеттi уағыздады ?
V. Бағалау:
Әбішев С. - __________;
Жақұпов Ә. - __________;
Нұржанова А. - __________;
Смағұлова Г. - __________;
Сұлтанова М. - __________;
Алашбаев Н. - __________.
VI. Үйге тапсырма: параграф 47, оқу, мазмұндау.
Сынып: 7 «а». Сабақ №: 33 Күні:__________
Пән: Ортағасырлардағы дүниежүзі тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Еуропа халықтарының ағарту ісі мен әдебиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға XV ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың жартысында Еуропа елдерінің ағарту ісінің дамуы туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Алдын ала ізденіс үшін берілген тапсырмалар бойынша оқущшыларға сұрақ қойып, ойландыру арқылы білімін дамыту;
Тәрбиелік: Ағарту ісі, әдебиеттің дамуы, гуманисттік жазуларлың еңбектері, өмірге көзқарастары, туралы айта отырып, оқушыны білімге, ғылымға қызықтыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Германияда, Голландияда, Испанияда өнердiң өрлеуiне не себеп болды ?
ХVII ғасырдың ұлы суретшiлерi сурет өнерiне қандай жаңалықтар енгiзгенi туралы ойланып көрiңдер.
Леонардо да Винчи қандай ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды алдын ала болжады ?
Жаңа сабақтың жоспары:
ХV ғасырдың аяғы мен ХVII ғасырдың бiрiншi жартысындағы Еуропадағы мәдени ахуал.
Сервантес.
Шекспир Уильям және тағы басқалар.
III.Жаңа сабақ.
Осы уақытқа қарай Еуропа елдерiнде аѕарту iсi дами бастады. Бiршама дiни мектептер ашылып, көптеген адамдар сол мектептерде оқып, хат таныды. Шамасы бар ауқатты адамдар өздерiнiң балаларын арнаулы бiлiм беретiн оқу орындарында оқытып, белгiлi бiр мамандықты меңгертiп отырды.
Осы кезде Батыс Еуропада көптеген гуманист-жазушылар шықты. Олар феодалдық құрылыс пен католик шiркеуiн қатал сынады.
Солардың бiрi ағылшын гуманист жазушысы Томас Мор (1478– 1535) едi. Мордың 1516 жылы «Мемлекеттi жақсы ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы туралы алтын кiтабы» шықты. Бұл кiтапта сол кездегi қоғамдық құрылысты, Англиядағы қайыршылық жағдайды қатты сынады.
Испанияның ұлы гуманист жазушысы Мигель де Сааведра Сервантес (1547–1616) Алькала де Энарес қаласында, кедейленген дворян дәрiгердiң отбасында дүниеге келдi. Ол жас кезiнен бастап те ауыр тұрмысты басынан өткiздi. Жақсы бiлiм ала алмады, дегенмен амалдап университет бiтiрдi.
Рабле Франсуа (1494–1553) – француз жазушысы, Қайта өркендеу дәуiрi әдебиетi iрi өкiлдерiнiң бiрi. Рабленiң әдеби шығармашылығы 1532 жылы Лионда жарияланған «Гипократтың афоризмдерiнен» басталды. Ол «Гаргантюа мен Пантагрюэль» атты бiрнеше кiтаптан тұратын фантастикалық романында ескi феодалдық тұрмысты сықақ етiп, гуманистiк көзқарасты қолдады.
Рабле шығармашылығы Ресейде 1917 жылдан бастап кең тарала бастады. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романы орыс тiлiне үш рет аударылды. Қазақ тiлiнде бұл роман 1938 жылы жарияланды. Рабле шығармашылығы француз және дүние жүзi әдебиетiнiң дамуына үлкен ықпал жасады.
