IV.Жаңа сабақты бекіту.
Ресейдің ішкі мен сыртқы саясатын қарастыру, осы уақытта болып өткен өзгерістер.
Борис Годуновқа сипаттама жасау.
Романовтардың билікке келуін сипаттау.
Мәдениет саласындағы болған жаңалықтарды анықтау.
V. Бағалау:
Әбішев С. - __________;
Жақұпов Ә. - __________;
Нұржанова А. - __________;
Смағұлова Г. - __________;
Сұлтанова М. - __________;
Алашбаев Н. - __________.
VI. Үйге тапсырма: параграф 46, оқу, мазмұндау.
Сынып: 7 «а». Сабақ №: 32 Күні:__________
Пән: Ортағасырлардағы дүниежүзі тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің тууы. Италия – қайта өрлеу мәдениетінің орталығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға XIV ғ-дың 2 жартысынан ортағасырлық Батыс Еуропа мәдени өмірінде – ертебуржуазиялық мәдениеттің тууына байланысты болған маңызды бет-бұрысқа тоқталу. Капиталисттік қатынастар Италияда басқа елдерден бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өркендеу» атты ертебуржуазиялық мәдениеттің де алғаш осы елде қалыптаса бастағанын түсіндіру;
Дамытушылық: Мәдениетке байланысты сұрақтар қоя отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, балаға алдын ала тапсырма беру арқылы шығармашылыққа баулу;
Тәрбиелік: «Қайта өркендеу» мәдениеттің ірі өкілдеріне тоқтала оытырып, олардың өнеріне, шеберлігіне оқушыларды тәнті ету. Оқушыларды өнерге қызықтыру, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
ХVII ғасыр не себептен жаңа тарихи кезең деп аталды? Бұл кезең Ресей қоғамына қандай өзгерiстер әкелдi?
Ресейдiң әлеуметтiк дамуындағы өзгерiстердi неден көруге болады ?
ХVII ғасырдағы орыс мәдениетi қалай дамыды, қандай ерекшелiктерi болды ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Италия – Қайта Өркендеу орталығы.
Қайта өрлеу өкілдері.
III.Жаңа сабақ.
ХIV ғасырдың екiншi жартысынан ортағасырлық Батыс Еуропаның мәдени өмiрiнде жаңа ертебуржуазиялық мәдениеттiң тууына байланысты маңызды бет-бұрыс болды. Капиталистiк қатынастар Италияда басқа елдерге қарағанда бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өркендеу» деп аталған ертебуржуазиялық мәдениет те тұңғыш осы елде қалыптаса бастады. ХV ғасырдың аяғында және ХVI ғасырда қайта өркендеу мәдениетi толық гүлдену деңгейiне жеттi. Сол дәуiрде дүниеге келген тамаша мәдениет туындылары адамзат баласын әлi күнге дейiн таңғалдырып келедi. Италияда бұл кезеңде мәдениеттiң барлық түрi те тез дамыды. Италияның түрлi аудандарында жергiлiктi көркемсурет мектептерi ашылып, қайта өркендеу дәуiрiнiң перзенттерi – кейiнгiлерге үлгi болған ұлы суретшiлер дүниеге келдi.
