Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. Д.т. 4 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.83 Кб
Скачать

Сынып: 7 «а». Сабақ №: 27 Күні:__________

Пән: Ортағасырлардағы дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: XV-XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Германия.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Германия жерлерінің дамуындағы ерекшеліктері, елдегі бытыраңқылықтың себептері мен салдарын ашып көрсету. Католик шіркеуінің озбыолығына қарсы күрес, реформация қозғалысының мәнін ашу арқылы оқушылардың біліктілігін қалыптастыру;

  • Оқушыларды жалпы сабақтың мазмұнын ашатынөткен сабақтардан сұрақтар қою арқылы оқушының ойын дамыту, білімін толықтыру;

  • XVІ ғасырдың 2-ші жартысындағы Германияның экономикалық дамуы ерекшеліктері арқылы мемлекет болатынын түсіндіру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Француз тілі енгізілгенге дейін қандай тіл мемлекеттік тіл болды ?

  2. Францияда капиталисттік қоғамның қандай белгілері болды ?

  3. Варфоломей түні болған оқиға мәні неде ?

  4. Абсолюттік монархияның негізгі белгілері ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Германиядағы бытыраңқылық. Оның себебі.

  2. Католик шіркеуіне қарсы реформациялық қозғалыс.

  3. Томас Мюнцердің ілімі.

III.Жаңа сабақ.

Германияның ең бай мемлекет болу мүмкiндiгi жеткiлiктi едi. Оның жерi құнарлы, пайдалы кен қазбалары мол, ­өзен к­өлдер мен орман тоғайларға бай болды. Германия экономикалық дамуы жағынан артта қала бердi. Ол артта қалудың бiрнеше себептерi бар едi. Оның ең бастысы елдiң саяси бытыраңқылығы болды. Германия iс жүзiнде ­зара қарым қатынасы жоқ ұсақ кiнәздiктерден тұрды.

Католик дiнi адамды күнәдан шiркеу ғана құтқара алады деп уағыздады. Шiркеу күнәнi кешiру грамоталарын сатты, халықтан салық жинады. Католиктiк шiркеудiң озбырлығы халық наразылығын тудырды.

Католик шiркеуiнiң озбырлығына қарсы қозғалыс Германия тарихына реформация деген атпен ендi. Ол қозғалыс шiркеудiң әлеуметтiк саяси құрылымына ­өзгерiстер енгiзудi талап еттi. қозғалысты дiн саласының бiлiмдары, университет профессоры Мартин Лютер (1483–1546) бастады.

Лютер әдiлетсiздiкке қарсы күш қолдануды жақтамады. Әдiлеттiлiкке тек үгiт-нәсихат, түсiндiру, к­өзiн жеткiзу сияқты заңды жолдармен жету керек екенiн айтты. Шыдамдылық танытуға үгiттедi. Мартин Лютердiң бұл пiкiрiне дiн уағызшысы Томас Мюнцер (1490–1525) қарсы к­өзқарас ұстанды.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

  1. Жылдармен жұмыс:

1524 жылы –

1525 жылы –

1530 жылы –

1534 жылы –

  1. Терминдермен жұмыс:

«реформация» -

«анабаптастер» -

  1. Не себепті шіркеуге қарсы реформациялық қозғалыс пайда болды ?

  2. Т. Мюнцер ілімінің негізгі қағидасы ?

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 40, оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 7 «а». Сабақ №: 31 Күні:__________

Пән: Ортағасырлардағы дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: XVІІ ғ. Ресей.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ресейдің жалпы дамуындағы ерекшеліктері, елдегі бытыраңқылықтың себептері мен салдарын ашып көрсету. Католик шіркеуінің озбыолығына қарсы күрес, реформация қозғалысының мәнін ашу арқылы оқушылардың біліктілігін қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушыларды жалпы сабақтың мазмұнын ашатынөткен сабақтардан сұрақтар қою арқылы оқушының ойын дамыту, білімін толықтыру;

Тәрбиелік: XVІІ ғасырда Ресейдің экономикалық дамуы ерекшеліктері арқылы мемлекет болатынын түсіндіру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Моңғол езгісінің Ресейге тигізген әсері.

  2. Мәскеудің өрлеу кезі қашан басталды ?

  3. Осы кезде Ресей аумағында болып өткен саяси өзгерістер ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ішкі және сыртқы саяси жағдайы.

  2. Б. Годуновтың билікке келуі.

  3. Мәдениет.

III.Жаңа сабақ.

XVII ғасыр адамзат тарихында феодалдық қоғамның соңғы кезеңі ретінде және капиталистік қатынастың қалыптаса бастауымен белгілі. XVII ғасыр Еуропа елдеріне айтарлықтай жаңа өзгерістер әкелді. XVII ғасырдың 40-жылдарындағы ағылшын буржуазиялық революциясы нәтижесінде тарихта жаңа заман кезеңі дүниеге келді. Еуропа елдерінде капиталистік қатынас жедел қарқынмен дами бастады. Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңі жаңа жерлерді игеріп, рыноктың кеңеюіне жол салды. Еуропа елдері - Ұлыбритания, Голландия өндірісті елдерге айналды. Испания мен Португалия жаңа отарлық иеліктерді бағындырды. Сөйтіп, сауда буржуазиясы біртіндеп өндірістік буржуазияға айнала бастады. Әлеуметтік салада Еуропа елдерінде жұмысшы табы қалыптасты. Саяси тұрғыдан монархиялық үстемдік әлсіреп, абсолюттік монархия мен конституциялық монархия күшейді. Жаңа тап - буржуазия өздерінің саяси биліғін нығайтуға көшті. XVII ғасырда Ресей Еуропа елдерінен оқшаулау болса да, Ресей патшасы Алексей Михайлович революциялық өзгерістерден қорқып, Ресей монархиясын сақтап калу үшін Еуропа елдеріндегі монархтармен одак жасауға, күш біріктіруге тырысты. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басы Ресей тарихында ең бір күрделі кезең болды. Ресей патшасы IV Иван өлгеннен кейін дүрбелең кезең басталды. Дегенмен, осыншама қиындыққа қарамастан Ресей патшасы жаңа жер арқылы империяның жер көлемін кеңейтті. Сібірдің жаңа жерлерін ашып, Тынық мұхит жағалауына шықты. XVII ғасырдың аяғында Камчаткаға жетіп, жаңа жерлерді игеруге көшті. XVI ғасырдық соңында Ресейдің жер көлемі 430 мың шаршы шақырым болса, XVII ғасырдың соңында 5,4 млн шаршы шақырым, яғни 12,5 есе өсті. XVII ғасырда Ресей жері тағы да кеңейіп, 1654 жылы Украина жері Ресейге қосылды. Украинаның оңтүстік жерін Речь Посполитадан (Польша) қорғау үшін шекарасын бекітті. Жаңа жерлерді қорғау максатымен Ресей империясы казактарды қоныстандырып, орыс тәртібін орнатты. XVII ғасырдың басында Дон өзенінің, Қазакстанның батысындағы Жайық өзенінің бойына казактарды өкеліп орналастырды. Олар өздерін Жайық казактары немесеОрал казактары деп атады. XVII ғасырда Ресей әлеуметтік-экономикалық дамуында сословиелік топтарға бөлініп, сословиелік монархияға айналды. Ресей қоғамын 3 әлеуметтік топты құрады. Бірінші - билік басындағылар, екіншісі - сауда-өнеркәсіп қызметкерлері, үшіншісі - шаруалар. Жоғарғы топқа - Мәскеу ұлы кінәзі, сарай қызметкерлері, яғни патша сарайындағы адамдар, бояр аристократтары; екінші топқа саудагерлер мен қолөнершілер, өскерилер, қазына ағаш шеберлері мен ұсталар жатты. Әлеуметтік топтар арасындағы бақталастық, билік үшін күрес XVII ғасырда Ресейде дүрбелең кезеңдер тудырды. Бұл кезең 1584-1613 жылдарға дейін созылды.