Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.1 Кб
Скачать

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 33, оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:__________

Пән: Ортағасырлардағы дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Моңғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылық.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Русьтің моңғол шапқыншылығы қарсанында жағдайы туралы білім қалыптастыру;

  • Русьтің жағдайын Қазақстан аумағындағы хандықтармен салыстыра келе оқушыларда салыстыру дағдыларын қалытастыру;

  • Моңғол шапқыншылығына қарсы күресі туралы баяндай келе оқушыларда патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Орта Азиядан шыққан ғұламаларды атандар ?

  2. Түркі халықтарының эпостарын ата ?

  3. Қазақ даласынан шыққан ғалымдар ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Феодалдық бытыраңқылық.

  2. Орыс кінәздәктері. Владимир-Суздаль.

  3. Галич-Волын жері. Новгород кінәздігі.

III.Жаңа сабақ.

XII ғасырдың 30-жылдарынан XV ғасырдың аяғына дейінгі аралықта Орыс мемлекеті жаңа тарихи кезенді бастан өткізді. Бұл кезең тарихта феодалдық бытыраңқылық деп аталады. Бұл процесті Еуропа мен Азиядағы мемлекеттердің бәрі де бастарынан өткізді. Сондықтан феодалдық бытыраңқылыңты тарихшылар феодалдық қоғамдағы заңды құбылыс деп бағалады. Феодалдық қоғамның дамуы барысында кез келген мемлекеттер саяси бақталастық пен қырқысудың нәтижесінде әлсіреп, бірнеше саяси бөліктерге бөлініп, жеке кінәздіктерге айналып отырды. Бірақта саяси ыдырау сол жеке кінәздіктерде феодалдық қоғамның экономикалық өрлеуіне кедергі жасамады. Жеке кінәздіктерде өндіріс күші дамып, феодалдық қоғамда күшті орталыққа айналды. Әрбір жеке субъектінің, табиғи шаруашылыктың дамуына жол ашылды. Бірақта әр шаруашылықтың табиғи дамуы оларды бір-бірінен оқшауланып, өз алдына жеке өмір сүруге бейімдеді. Ортак рыноктың болмауы, карапайым айырбас жеке кінәздіктер арасындағы байланыстың үзілуіне әкеліп соқтырды. Ал саяси басшылық жағынан жекелеген кінәздіктер мен боярлықтар күшейіп, бір-біріне бағынбайтын болды. Жеке кінәздіктерде жер иелерінің одағы күшейді. Әрбір иеліктер өз шекарасын қорғау мақсатында күшті әскер құрып, кейін осы күшпен көршілерін бағындыруға әрекет жасады. Осындай процестер Еуропадағы ірі Ұлы Карл империясының құлауына, оның орнына қазірге дейін өмір сүріп отырған жеке мемлекеттердің құрылуына әкелді. Табиғи шаруашылықтың үстемдік жасауы, феодалдық Киев Русі мемлекетінде ішкі байланыстың әлсіреуі орыс жерінің бірнеше кінәздіктерге бөлінуіне жеткізгені белгілі. Сөйтіп XII ғасырдың 30-жылдарынан бастап ежелгі Киев Русі мемлекеті Киев, Владимир-Суздаль, Чернигов-Смоленск т. б. кінәздіктерге бөлініп кетті. Енді осы кінәздіктердің ішіндегі ең ірілері - Владимир-Суздаль, Галич-Волынь және Новгород болды.

ХІІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Владимир-Суздаль жері шаруашылык-саяси жағынан күшейіп, Киев Русіне бағынбай, өз алдына бөлініп, кіноздік құрды. Жерінің құнарлы, өзен-көлді, орманды болуы, сондай-ақ орыс жерінің ортасында орналасуы сауданы дамытып, бұл кінәздіктің күшеюіне жол ашты. Осы табиғи жағдай егінтшіліктің, мал шаруашылығының, колөнердің дамуына да мүмкіншілік жасады.  ХІІ-ХІІІ ғасырларда сауданың өсуі қалалардың көптеп салынуына жол ашты.Олар: Владимир-Суздаль, Переславль-Залесский, Стародуб, Ростов, Галич, Кострома, Тверь, НижнийНовгород, Мә-скеу т.б. қалалар. Оның ішінде бүгінгі Ресейдін; астанасы Мәскеу қаласын 1147 жылы кінәз '''Юрий Долгорукий''' салдырды. Ол Владимир Мономахтың (1109-1125) ұрпағы еді. Юрий Долгорукий(1125-1157) - Владимир-Суздаль кінәзі. Ол көршілеріне шабуыл жасап, кінәздік жерін кеңейтіп отырды. Еділ-Кама өзенінің аралығын, Рязань мен Муром жерін өзіне бағындырды.

Юрий Долгорукий өлгеннен кейін оның баласы Андрей Боголюбский 1169 жылы Киевті бағындырып, орыс жеріне тұтас үстемдік жүргізуді ойлады. Андрей Боголюбский(1157-1174) ішкі саясатта боярлар билігін тежеп, кінәздік билікті күшейтті. Бағынбаған боярлардың жерін тартып алып, елден куып жіберді. Владимир-Суздаль кінәздігі Всеволод Юрьевич Большое Гнездо (1176-1212) түсында дамудың ең жоғарғы деңгейіне жетіп, орыс жерінің саяси дамуына әсерін тигізді. «Игорь жорығы туралы сөз» дастанында Всеволод бүкіл орыс жеріне аты шыққан кінәз ретінде мадақталады. 

Орыс мемлекетінің оңтүстік-батысында орналасқан бұл кінәздіктің жер көлемі өте үлкен болды. Карпат тауынан Днестр-Дунай өзені бойына дейін, оңтүстік-батысында Литва кінәздігімен, солтүстігінде Полоцк жеріне дейін, батысында Венгр және Польшамен, шығысында Киев кінәздігімен, Половшылар (қыпшақ) даласымен шектесті. Галич-Волынь жерінің көбі - жазық дала. Галич-Волынь кінәздігінің күшейген кезі - Ярослав Осмомысл (1153-1187) билік еткен түс. Халықаралық байланыстардың дамуына сәйкес, бұл кінәздік Византиямен, Еуропа елдерімен қатынас жасап түрған. Галич-Волынь кінәздігінде боярлардың ықпалы күшті болды. Боярлар мұрагерлік жерлерін кеңейтіп, тіпті кінәздердің билігіндегі жерді тартып алып отырған. Ярослав Осмомысл өлгеннен кейін кінәздік Галич жоне Волынь болып екіге бөлініп, тек қана 1199 жылы Волынь кінәзі Роман Мстиславович кезінде кайта бірікті.

XII ғасырда ежелгі Орыс мемлекетінің солтүстік-батысында - Ильмень және Чуд көлдерінің аралығындағы Новгород жерінде тағы бір кінәздік құрылды. Оның жері Онега, Солтүстік Двина мен Солтүстік Орал бойына дейін созылып жатты. Новгород жерінде Волхов, Ловать, Великое, Молога жәнe Мста өзендері бар. Кінәздік жерінде Ұлы Новгородтан басқа да көптеген қалалар болды. Мысалы, Псков, Ладога, СтараяРусса, ВеликиеЛуки, Бетичи, Юрьев, Торжок т.б. Бұл қалалар тек сауда орталығы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар солтүстік-батыстағы ірі әскери бекіністер қызметін атқарды. Новгород жерінің астанасы Ұлы Новгород қаласының тез өсуіне біріншіден, географиялық жағдайы - орналасқан жерінің өте қолайлы болуы әсер етті. Әсіресе Шығыс Еуропа елдеріне жолдар салынды, екіншіден, Балтық теңізінен Қара теңізге баратын сауда жолы осы Новгород арқылы өтті. Қаланы Волховөзені екіге бөліп жатты. Өзеннің оң жағалауында кедей қолөнершілер тұрды, мүнда сауда базары орналасты. Өзеннің сол жағасында бай-шонжарлар мекені, әкімшілік үйлері, діни орталықтар ірге көтерді.