Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.1 Кб
Скачать

III.Жаңа сабақ.

ХІ ғасырдың аяғында Кіші Азияда Түрік Осман империясы құрыла бастады. Түркі оғыз тайпаларының билеушісі Тоғрыл бек Хорезмді, Иранды, Әзербайжанды, Күрдістанды мен Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1071 – 1081 жылдары түрік-османдар Кіші Азияны жаулайды. Тоғрыл бек осы жерде Салжұқ мемлекетінің негізін қалайды. Моңғолдар шапқыншылығынан кейін Слжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы Осман түріктерінің империясы құрылады. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынан келген түріктердің басшысы Осман сұлтан құрайды. Түріктер өзінің жаулап алған жер иеліктерін санжаққа (облыстар) бөлді. Санжақтарда бейлер биледі. Феодалдық жер иелігі – спахи, ал мешіт иелігіндегі – вакуф деп аталады. Балқан түбегіндегі халықтарға өте ауыр салықтар салынды, жер салығы – харадж. 5-7 жастағы балаларды Түркияда тәрбиеленіп, олардан янычарлардың әскерін құрастырған. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Үшір» салығы өнімнің түсімінен алынатын салық 1/10 бөлігі.

Осман империясы орта ғасырларда әскери-феодалдық мемлекет болды. Ел 21 уәлаятқа бөлінді. Уәлаяттар санжақтарға бөлінді. Уәлаяттар мен санжақтарда бейлер биледі. Осман империясы 4 әлеуметтік топтан бұрды.

  1. Рухани феодалдар,

  2. Әскери феодал,

  3. Көпестер мен қала тұрғындары,

  4. Шаруалар,

Қала тұрғындары мен шаруаларының құқықтары шектеулі болды. Түркияда жер мемлекет меншігі деп саналды, феодалдарға жер уақытша ғана берілді, осы жерлердің «лен» деп атады. Леннің иелері сипахилер болды. Еңбекке жарамды, христиандарға ақшалай салық – харадж, жизия төлеп тұруға міндетті болды.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

  1. Түркия тақырыбына хронология жасау.

  2. Тарихи диктант:

Салжұқтар ......... жылдар аралығында Кіші Азияны жаулап алды.

.......... жылы Осман империясы құрылып, оның бұрыңғы салжұқ аты ұмытылды.

......... түріктер Дарданел бұғазын, Галлиополь және бірқатар қалаларын жаулап алды.

......... жылы І Мұрад сұлтан Адрионопольды алады да , оны астансы ретінде қылады.

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: 30 параграфты оқу, Осман империясының жер иелену мен салық жүйесінің түрлеріне сипаттама беру, жазбаша.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:__________

Пән: Ортағасырлардағы дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Хорезмшах мемлекеті.

Сабақтың мақсаты:

  • Орта ғасырларда Орталық Азиядағы Хорезмшах мемлекетінің қалыптасуын туралы таныстыра отырып, оның пайда болуы туралы, шаруашылығы, саясаты туралы ғылым мен мәдениеті жайлы жан-жақты әңгімелеу;

  • Оқушыларды тақырыпты таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;

  • Оқушылардың мәдениеті, тарихы, басқару құрылымы жайлы айта келе оларда өзге халықтардың ерекшеліктерін құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Осман-түріктер қай жерден келді ?

  2. Не себепті олар өз мемлекетін Осман мемлекеті деп атады ?

  3. Өзінің мемлекетін қай жерде қалыптастырды ?

  4. Османдарда қоғамдық құрылым туралы айтып беріндер ?

  5. Басқару жүйесі қандай болды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Хорезмшах мемлекетінің қалыптасуы мен өрлеуі.

  2. Моңғол шапқыншылығы кезінде.

  3. Ішкі саяси жағдай.