- •10 Әкімшілік аймақ
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III Жаңа сабақ.
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III.Жаңа сабақ.
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III.Жаңа сабақ.
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III.Жаңа сабақ.
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III.Жаңа сабақ.
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III.Жаңа сабақ.
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III.Жаңа сабақ.
- •IV.Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:__________
Пән: Ортағасырлардағы дүниежүзі тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Қытай.
Сабақтың мақсаты:
Қытай жеріндегі құлдық қоғам ыдырағаннан кейінгі феодалдық қатынастың қалыптасу мен дамуы туралы айта отырып оқушыарға Қытайдағы феодалдық қатынастардың ерекшелігін түсіндіру. Феодалдық мемлекет ұғымын оқушы санасына берік орнықтыруды қамтамасыз ету;
Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге , көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;
Өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Самурай» деген сөз нені білдіреді ?
Жапониядағы саяси құрылым қандай болды ?
Сегун деген кім ?
Жапониядағы шаруалардың жағдайы қандай болды ?
Жапониядағы қалалар мәдениетінің дамуы қандай деігейде болды ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Қытайда феодалдық мемлекетінің құрылуы.
Қытайдағы шаруашылықтың өркендеуі.
Діннің таралуы.
III.Жаңа сабақ.
Қытайда құлдық қоғам жойылғаннан кейін феодалдық қатынастар дами бастады. Соңғы құлдық мемлекет – Хань империясы құлаған кезде шаруашылығы дамыған аймақтар Хуанхэ, Янзцы өзендеріне және Сычуань, Шаньдан аймақтарына дейігі жерлерді алып жатты. Қытайда жер иелену 2 түрі болды. Император иелігіндегі жер мемлекет меншігі болды. Әр түрлі қызметтер үшін император жер иеліктерін сыйға берген. Олар шаруашылыққа жарамды жерлерді басып алып, өз иеліктерін кеңейтті. Шаруалардың да өз жер телімдері болды. Әр шаруаға 120 му жер берілген(1му – 0,06 га). Шаруа жердің 70 му өнімін өзі пайдаланып, 50 мудің қнімін мемлекетке өткізді. Феодалдық қатынастардың күшейген сайын елдегі ішкі бақталастық да шиелінісе түсті. Ішкі алауыздық себебінен IV ғ. Цзинь әулеті әлсіреп, Қытай солтүстігіндегі Ғұн тайпалары шабуылдайды, сөйтіпҚытайдың солтүстігін бағындырады. 581 жылы Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет пайда болады. Осыдан бастап 616 жылға дейін елді Суй әулеті басқарады. 618 жылы оныңорнына Тан әулеті келеді. Тан әулеті Х ғ-да құлап оның орнына Сун әулеті(960-1279) келіп, Қытай жері қайта бірікті.
Қытайдағы әкімшілік басқару
Қытайдағы саяси басқару құрылысы
Қытай империясы
Қытай императоры
Кеңес
10 Әкімшілік аймақ
Император өз жанынан 3 кеңесші палата құрды
округ
уезд
Басқарушы шенеуніктер: салық жинаушы, дін басы
Император сарайының қызметшілері:
Әскери басшылар, сот ісін басқарушы-лар
ХІІ ғасырда моңғол шапқыншылығы нәтижесінде билікке Юань әулеті (1271-1368) келеді. 1367 жылы моңғолдарға қарсы көтеріліс басталды. Юань әулеті құлдырап, оныңорнына Мин әулеті (1368-1644) келді.
IV-V ғасырларда Қытайда будда діні тарала бастады. Қытайдың әр түрлі аймақтарынан будда ғибадатханалары салына бастайды. Ежелгі Қытайда конфуций ілімі де кең таралған. Жаңа заманның І ғасырды даосизм тарай бастады.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
Ежелгі қытайлықтарда қандай шаруашылық түрлері дамыды ?
Жер иеленудің неше түрі болды ?
Әкімшілік басқару жүйесі қандай болды ?
Қытайға будда діні қайдан келді ?
Даосизмнің негізінде қандай қағида тұр ?
Будда діні Қытаға қайдан келді ?
V. Бағалау:
Әбішев С. - __________;
Жақұпов Ә. - __________;
Нұржанова А. - __________;
Смағұлова Г. - __________;
Сұлтанова М. - __________;
Алашбаев Н. - __________.
VI. Үйге тапсырма: 26 параграф, оқу феодалдық қатынастарды теренірек қарастыру.
Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:__________
Пән: Ортағасырлардағы дүниежүзі тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Үндістандағы феодалдық қатынастар. Дін. Мәдениет.
Сабақтың мақсаты:
VI- VIІ ғасырларда Үндістан жерінде феодалдық қоғамның қалыптасуын өткен тақырыптармен салыстыра отырып, Үндістандағы діндер олардың таралуын, қзіндік ерекшеліктері туралы, үнді ғылым мен мәдениеті жайлы жан-жақты әңгімелеу;
Оқушыларды үнді халқын жан-жақты таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;
Оқушылардың мәдениеті, тарихы, басқару құрылымы жайлы айта келе оларда өзге халықтардың ерекшеліктерін құрметтеуге үйрету.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ортағасырлардағы қытайлықтардың шаруашылық деңгейі ?
Қытайлықтардың діні қандай болды ?
Ортағасырлық Қытайдағы ғылым мен мәдениеттің қандай салалары жақсы дамыды ?
Ортағасырлық Қытайдағы қолөнердің дамуына әкеп соқтырған фактор ?
Қытай әдебиетінің «алтын ғасыры» деп аталатын кезең ?
Ортағасырлық Қытай мен Орта Азия елдері арасындағы сауда-саттық қатынастарының жандануына әкеп соқтырған саудажүйесі ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Феодалдық қатынастардың орнауы. Гупта мемлекеті.
Діни наным-сенімдер.
Ғылым мен мәдениет дамуы.
