Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Мол биол и ген.ОМ каз. 2016-2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.56 Mб
Скачать

6.7. Бақылау

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 2 нұсқа.

6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру

6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

6.7.2.1. Аллельді гендерді сипаттау және аллельді гендердің өзара әсерлесу түрлерінің сызбасын сызу, көрсету.

6.7.2.2. Қояндардың терісінің түсін мысалға келтіре отырып көптік аллелдерді сипаттап сызбасын сызу, олардың генотиптері мен фенотиптерін жазу.

6.7.2.3. АВО жүйесі бойынша қан топтарының көптік аллельдерінің сызбасын сызу, сипаттап көрсету.

6.7.2.4. Аллельді емес гендерді, олардың өзара әсерлесу түрлерін сипаттап сызбасын сызу, көрсету.

6.7.3. Бақылау сұрақтары:

6.7.3.1. Генотип және фенотип арасындағы байланыс.

6.7.3.2. Аллельді гендердің аллельді емес гендерден айырмашылығы?

6.7.3.3. Аллельді гендердің әсерлесу типтері.

6.7.3.4. Аллельді емес гендердің әсерлесу типтері.

6.7.3.5. Тұқым қуалайтын аурулардың фенотиптік (клиникалық) белгілерінің көрініс беруіндегі гендер әсерінің маңызы.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Аллель – бір геннің екі немесе одан да көп альтернативті түрі

Аллель – одна из двух или большего числа альтернативных форм одного гена

Allele – each of two or more alternative forms of the same gene

Генотип – ағзадағы хромосомалардың диплоидтық жиынтығында орналасқан барлық гендердің (генетикалық материалдың) жиынтығы

Генотип – совокупность генов (генетического материала), содержащаяся в диплоидном наборе хромосом организма

Genotype – aggregate number of genes in diploid set of chromosomes in organism

Фенотип – генетикалық факторлармен бақыланатын ағзаның сыртқы белгілерінің жиынтығы

Фенотип – внешние признаки организма, контролируемые генетическими факторами

Phenotype – single or aggregate number of external signs, controlling by genes

Доминанттылық – гетерозиготалық жағдайда аллельдің (геннің) және онымен бақыланатын белгіні ң көрініс беруі

Доминирование – проявление аллеля (гена) и контролируемого им признака в гетерозиготном состоянии

Dominance – expression of allele and trait controlled by allele in heterozygous state

Толық доминанттылық – доминантты геннің рецессивті генге толық басымдылық көрсетуі

(АА=Аа)

Полное доминирование – если доминантный ген подавляет полностью рецессивный ген (АА=Аа)

Complete dominance – dominant gene completely inhibits recessive gene (АА=Аа)

Толымсыз доминанттылық –доминантты геннің фенотиптік көрінісіне рецессивті геннің әсер етуі (АА›Аа›аа)

Неполное доминирование – если рецессивный ген оказывает влияние на фенотипическое проявление доминантного гена (АА›Аа›аа)

Incomplete dominance – recessive gene has an impact on the phenotypic expression of a dominant gene (АА›Аа›аа)

Кодоминанттылық – гетерозиготалық жағдайда екі доминантты аллельді

гендердің фенотипте бірдей көрініс беруі

Кодоминирование – совместное фенотипическое проявление двух доминантных аллельных генов в гетерозиготном состоянии

Co-dominance – cooperative phenotypic expression of two dominant alleles in heterozygotes

Құрастырушы: доцент С.К.Альмухамбетова

22 - тәжірибелік сабақ

6.1.Тақырыбы: Моногенді белгілердің (аурулардың) тұқым қуалауына және гендердің өзара әсерлесуіне негізделген есептер шығару

6.2. Мақсаты: Студенттерде адамның ақырғы (дефинитивтік) фенотипінің қалыптасуы үдерісіндегі моногенді белгілер (аурулар) тұқым қуалауының және генотиптегі гендердің өзара әсерлесуінің рөлін түсінуге арналған есептерді шығару дағдысын қалыптастыру.

6.3. Оқыту міндеттері:

- Г.Мендель және Т. Морган ашқан белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын білу;

- тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізгі қағидаларын білу;

- аллель және аллель емес гендердің өзара әсерлесуінің түрлерін, белгілер көрінуінің сапалық және сандық деңгейлерінің генотипке, орта факторларына байланыстығын білу.

6.4.Оқу және оқыту әдістері:

- моногендік белгілердің тұқым қуалауына, аллель және аллель емес гендердің өзара әсерлесуіне, сыртқы орта факторларының әсерінен генотиптегі гендердің сапалық және сандық көрінуіне арналған типтік және ситуациялық есептерді шығару.

6.5.Әдебиет:

Негізгі:

6.6.1.Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. М., 2001. Кн. 1 с. 222-233,.

6.6.2. Генетика. Под ред. Иванова В.И, М., 2006, с. 116-125.

6.6.3. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск., 2010, с.9 – 34.

6.6.4.Заяц Р.Г. Общая и медицинская генетика. Р-на-Д., 2002, с. 76-80, 84-87.

6.6.5. Медицинская генетика. Под ред. Бочкова Н.П.. М., 2010, с.129 – 163.

6.6.6. Медицинская генетика. Под ред. Бочкова Н.П.. М., 2004, с. 30-33.

6.6.7. Медицинская биология и генетика. Под ред. Куандыкова Е.У., А., 2004, с. 87-90, 98-103, 112-115.

6.6. Бақылау:

6.6.1. Практикалық дағдыны (құзырлылықты) бағалау:

6.6.1.1. Тұқым қуалау типін анықтауға арналған есептер шығару.

6.6.1.2. Есептердің дұрыс шығарылғанын тексеру және қателерін түзету.

Құрастырған: Нұртаева Қ.

23 - тәжірибелік сабақ

6.1.Тақырыбы: Онтогенездік дамудың жасушалық және генетикалық механизмдері

6.2. Мақсаты: студенттерде адамның онтогенездік дамуын қамтамасыз ететін негізгі механизмдері мен үрдістері жайлы түсінікті қалыптастыру және теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді үйрету.

6.3. Оқытудың міндеттері:

- онтогенез және онтогенездің кезеңдерінің мәнін ашу;

- онтогенездің қалыпты даму үшін гаметогенез және ұрықтанудың маңызы мен рөлін ашу;

- онтогенездің қалыпты даму үшін жұмыртқа жасушасының полярлылығы, ооплазмалық сегрегация, позициялық ақпарат, детерминация, дифференциация, эмбрионалдық индукцияның маңызын және мәнін ашу;

- онтогенездің қалыпты даму үшін жасуша үрдістерінің: көбею (пролиферация), миграция, таңдамалы сұрыпталу және апоптоздың маңызы мен мәнін ашу;

- клиникалық көзқарас бойынша адам ағзасының жатырішілік даму сатылары мен ретін, дамудың туа біткен ақауларының дамуында онтогенездің бұзылуының маңызын түсіндіру;

- онтогенездік дамудың генетикалық бақылануының маңызы мен мәнін ашу;

-онтогенездік дамудың алғашқы кезеңдерін қамтамасыз ететін гендердің маңызы мен мәнін ашу;

- аналық эффектісі бар гендердің маңызы мен мәнін ашу;

- сегментация гендерінің маңызы мен мәнін ашу;

- гомеобокстардың және гомеозис гендердің маңызы мен мәнін ашу;

-тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуындағы гомеозис (гомеобокста) гендердегі мутацияның маңызы мен рөлін ашу.

- студенттерге дәрігерлік тәжірибе барысында теориялық білімді қолдана білуді үйрету.