Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Мол биол и ген.ОМ каз. 2016-2017.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

8.9. Бақылау:

8.9.1. Гендер белсенділігінің реттелуінің бұзылуының медициналық зардаптары қандай?

Тақырып бойынша үш тілде түсіндірме сөз:

қазақ тілінде

орыс тілінде

ағылшын тілінде

- үй шаруашылығы- ағзадағы жасушалардың тіршілігін (жұмысын) қамтамысыз ететін ұдайы белсенді гендер;

-домашнего хозяйства - постоянно активные гены, обеспечивающие жизнедеятельность (функционирование) клетки организма

-household - always active genes providing vital functions (operation), the cells of the body

- реттеуші- басқа (аллельді емес) гендердің белсенділігіне (экспрессиясына) әсер ететін реттеуші гендер

- регуляторы - регуляторные гены, влияющие на активность (экспрессию) других неаллельных генов

- Regulators - regulatory genes affecting the activity (expression) of other non-allelic genes

7-тақырып (СӨЖ)

8.1. Мутагенді факторлар туралы заманауи мәліметтер

8.2. Мақсаты: Студенттерде мутагендік факторлар, олардың механизмдері туралы және олардың клиникалық тәжірбиедегі маңызы туралы көзқарастарды қалыптастыру.

8.3.Тапсырмалар:

8.3.1. Мутагендік факторлар туралы заманауи көзқарастар, олардың жіктелуі.

8.3.2. Химиялық мутагендер, оның әсер ету механизмдері.

8.3.3. Физикалық мутагендер, оның әсер ету механизмдері.

8.3.4. Биологиялық мутагендер, оның әсер ету механизмдері.

8.3.5. Тұқым қуалайтын аурулардың дамуындағы мутагендік факторлардың рөлі.

8.4. Орындалу түрі: реферат немесе презентация

8.5. Орындалу критерийлері:

а) тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді оқу және жинау;

б) ақпаратты жүйелеу және өңдеу;

в) реферат жоспарын құру;

г) библиография құрастыру;

д) рефератты жазу және бездендіру.

Рефераттың құрылымы:

1) беттік парақ ( талапқа сай безендіру);

2) мазмұны (рефераттың бөлімдерін,бетін ретімен орналастырып номерлеу);

3) кіріспе (талданатын мәселеннің мәнін, маңыздылығы мен өзектілігін көрсету және рефераттың мақсаты мен тапсырмаларын анықтау);

4) негізгі бөлім (рефераттың әр бір бөлімі жеке мәселені немесе оның бір жағын қамту керек және алдыңғы бөлімдермен логикалық байланысты болуы қажет, бұл бөлігіне кестелер, сызбалар, графиктер, суреттер және т.б. енгізуге болады);

5) қортынды (тұжырым жасалынып, реферат тақырыбының жалпы қорытындылары беріледі, ұсыныстар жасалынады);

6) әдебиеттер тізімі.

Рефератты безендірудегі қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 бет болу керек (қосымша беттер реферат көлеміне кірмейді);

б) реферат сауатты түрде орындалу қажет, баяндау мәдениеті сақталу керек;

в) баяндалу барысында қолданған әдебиетке сілтеу болуы керек;

г) библиография дұрыс құрастырылуы қажет.

Презентация жасауда қойылатын талаптар:

а) презентация “Microsoft Power Point” бағдарламасы бойынша құрастырылады;

б) слайд саны 10-15 аспауы қажет;

в) презентация жасауда слайдқа үлкен текстер жазуға болмайды, жеңіл қабылданатын және сауатты жасалынуы қажет;

г) библиография бойынша сілтеме реті дұрыс құрастырылуы қажет.

8.6. Тапсыру мерзімі: «Молекулалық биология негиздери» тарауы бойынша аралық бақылауға дейін

8.7. Бағалау критерийлері: 100 баллдық жүйесімен бағаланады, бұл 100%-ке сәйкес келеді.