Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Мол биол и ген.ОМ каз. 2016-2017.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.56 Mб
Скачать

5.5. Әдебиеттер:

Негізгі:

5.5.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006.

5.5.2. Гинтер Е. К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003.

5.5.3. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы).

Алматы: Эверо, 2008. 224 б.

5.5.4. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. 204 с.

5.5.5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. 544 с.

5.5.6. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006.

5.5.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 356 б.

5.5.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

5.5.9. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. 479 б.

5.5.10.Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с.

5.6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

5.6.1. Метафазалық хромосомалар типтерін атаңыздар.

5.6.2. Про- және эукриоттардың генетикалық материалы.

5.6.3. Адам хромосомаларының Денверлік және Париждік жіктелінуі.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Хромосомалар

Хромосомы

Chromosomes

Хроматин

Хроматин

Chromatin

Эухроматин

Эухроматин

Euchromatin

Гетерохроматин

Гетерохроматин

Heterokhromatin

Нуклеосомалар

Нуклеосома

Nucleosoma

11 – 12 дәрістер

5.1. Тақырыбы: Митоздық циклдың реттелуінің молекулалық-генетикалық механизмдері

5.2. Мақсаты: Митоздық циклдың реттелуі және бақылануының молекулалық-генетикалық механизмдері жайлы қазіргі көзқарастарды білу.

5.3. Дәріс тезистері:

5.3.1. Жасушалық цикл, анықтамасы, кезеңдері.

5.3.2. Жасушалық циклдың кезеңдері және олардың сипатамасы.

5.3.3. Жасушалық циклды қамтамасыз ететін процесстердің генетикалық реттелуі.

5.3.4. Жасушалық циклды бақылайтын процесстердің реттелуі (бақылау пункттері – check-points).

Жасушалық цикл, деп аналық жасушаның бөлінуінің нәтижесінде пайда болған жас жасушаның қайта бөлінуге дейінгі немесе тіршілігін жойғанға дейінгі кезеңді айтады.

Жасушалық цикл 3 кезеңнен тұрады:

  1. Митоздық цикл.

  2. Жасушаның арнайы қызмет атқаруы.

  3. Тыныштық кезеңі.

Митоздық цикл 4 фазадан тұрады:

    1. Митоз.

    2. Митоздан кейінгі кезең (G1).

    3. Синтездік кезең (S).

    4. Синтезден кейінгі кезең (G2).

G1, G2, және S кезеңдері гендер белсенділігімен сипатталынатын интерфазаны құрайды. Митозда гендер активсіз күйде болады.

Жасушалық (митоздық ) цикл көптеген гендермен реттеледі. Мұнда цциклиндерді және циклинге тәуелді киназаларды синтездейтін гендер басты рөл атқарады.

Бұл гендердің белсенді өнімдері циклин+циклинге тәуелді киназалық (Ц+ЦЗК) комплек түзеді, мұнда циклин активаторлық суббірлік, ал циклинге тәуелді киназалар – катализдік суббірліктер болып табылады. Каждый из периодов Митоздық циклдың әр бір кезеңі арнайы Ц+ЦТК кешенімен реттеледі.

Митоздық циклдың дұрыс өтуін 4 салыстыру нүктесі интерфаза кезеңіндегі G1, G2, S және митоздың метафазасы бақылайды (cheek - point). Жасушаның митозға түсуі немесе тоқтауы жасушаның бөлінуін стимулдайтын немесе басып тастайтын гендермен реттеледі.

5.4. Көрнекілік материал: 11-12-ші мультимедиялық дәріс, тақырып бойынша бейнефильмдер.