- •Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?
- •Тапсырма. Оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін сипаттама беру.
- •Тапсырма. Картаны пайдалана отырып сұраққа жауап беру ұсынылады.
- •Оғыздың Сырдария өзенінің орта ағысында қоныстануына не себептер болды?
- •1219 Жылы Монғол әскерлері қайда аттанды?
- •Қоғамдық және екiмшiлiк құрылысы
- •«Топтастыру»
- •«Кубизм»
- •Ұлттық мемлекеттің құрылу қарсаңындағы Қазақстандағы саяси жағдай.
- •Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай.
- •Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу қарсаңындағы экономикалық жағдай
- •Тәукенің хан билігіне отыруы.
- •Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •Ұлы билер
- •Материалдық мәдениет
- •Рухани халқының жыл мезгілдерін бақылауы
- •Қазақ жерінде ислам дінінің нығаюы.
- •Жерлеу дәстүрі.
- •Жыраулар поэзиясы
- •Қазақтың музыкалық аспаптары
1219 Жылы Монғол әскерлері қайда аттанды?
а) Қытайға
ә) сібірге
б) Дешті қыпшаққа
в) Мауараннахға
6.Жетісуды монғолдар қалай бағындырды?
а) бейбіт жолмен
ә) зорлық әдісімен
б) дұрыс жауап жоқ
в)барлық жауабы дұрыс
7.Монғолдар оңтүстік өлкемізді қалай бағындырды?
а) зорлық әдісімен
ә) өз еркімен қосылды
б) дұрыс жауап жоқ
в) барлық жауабы дұрыс
8.Отырар апаты қашан болды?
а) 1219-1220жж.
ә)1218ж.
б) 1216-1217жж.
в) 1219ж.
9. Монғолдардың орталық азияны жаулап алуы қай жылы аяқталды?
а) 1224 ж.
ә)1216ж.
б) 1219ж.
в) 1237ж.
10.Қай ұлысқа Қазақстанның аймақтары кірген жоқ?
а)Үгедей олысы
ә)Шағадай ұлысы
б)Төле ұлысы
в) Жошы ұлысы
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Алтын Орданыі құрылуы.
2.Батый хан.
3.Алтын Орданың қоғамдық құрылысы,
4.Алтын Орданың ішкі және сыртқы жағдайы
5.Алтын Орданың әлсіреуі. Бұл тақырыптағы орасан зор аймақты бағындырған монғолдар құрған мемлекеттің атауы, жер аумағы, билеушілерәі оқушыларды қызықтыратыны сөзсіз. Алдымен «Алтын Орда» атауының шығуын деректерге сүйеніп түсіндіремін. Жазба деректерде:
«Алтын Орда» атауы XVI ғасырдың аяғында пайда болған.Орыс деректерінде «Алтын Орда деп аталса, Жұңғоның тарихи деректерінде « қыпшақ ордасы деп аталды.
Еуропа саяхатшысы Плано Карпини:
«Алтын Орда» деп монғол Үгедейдің баласы Күйікті ұлы хан етіп хан тағына отырғызған кездегі алтынмен әшекейленген киіз үйді атаған.
«Шыңғыснама шежіресінде»:
Шыңғысхан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда босағасын алтынмен аптаған Алтын Ордаға кіргізгендігі айтылады т.б.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді?
Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректреден білеміз?
«Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды?
Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:22- параграфты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауа беру. Қосымша әдебиеттерді оқу. 7-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер Сабақтың тақырыбы: . Отырар қорғанысы. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.
Дамытушылық: Отырардағы қала мәдениетінің монғол шапқыншылығына дейінгі және монғол шапқыншылығынан кейінгі жағдайын салыстыра отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отырарлық азаматтардың, Қадырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас Әдісі: интерактивті Пәнаралық байланыс: география Көрнекілік: 1. «Отырар» альбомы.
2. Шыңғысханның суреті.
3. Отырардың күйреуін суреттейтін суреттер.
4. Ортағасырлық Қазақстан картасы.
5. «Шыңғысхан» - бейнефильмі. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Төмендегі сұрақ-тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап ойынын өткізу.
1. Қазақстанның ортағасырлық қалаларын картадан көрсетіңдер.
2. Ортағасырлық қалалардың бөліктері мен олардың қызметін атаңдар.
3. Қазақстанның ортағасырлық қалалары туралы не білесіңдер.
4. Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы әңгімелеп айтып беріңдер. Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылар, өткен сабақта біз сендермен ортағасырлық Қазақстан қалаларына жеке-жеке қысқаша тоқталып өтсек, бүгін ортағасырлық Қазакстан қалалары ішінде өзіндік ерекше тарихы бар, маңызы зор Отырар қаласына жеке тоқталамыз. Себебі, бұл қаһарман қала Отырардың тарихы қазақ жерін жаулап алушы Шыңғысхан басқарған монғолдармен тығыз байланысты деп, бүгінгі сабақтың жоспарына тоқталамын. Қазақ шежіресінде Отырар Дешті Қыпшақ жерінде бас қалалардың бірі делінген. Сабақтың жоспары:
1. Отырардың қалыптасу тарихы.
2. Отырар сауда орталығы.
3. Шыңғысхан баскарған монғол империясының құрылуы.
4. Монғолдардың Қазақ жеріне және Орта Азияға шапқыншылығы.
5. Отырар қорғанысы.
6. Қарашаның сатқындығы.
7. Қайырханның өлімі.
8. Хорезм шахы және Отырар.
9. Әмір Темір тұсындағы Отырар.
Оқу материалы көп болғанымен, өте қызықты тақырыптардың бірі. Оқушыларға төмендегі кестені пайдалана отырып, Отырар қаласының калыптасу тарихына сипаттама беремін. Отырар
Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала.
Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған.
VI-VIII ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған.
ІХ-Х ғ. Сырдың бойындағы басты қала.
Қазақ хандығының сауда жөне экономикалық орталығы болған.
Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі.
Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қала.
Жоғарыдағы кестенің көмегімен оқушылармен бірге Отырардың калыптасу, гүлдену тарихына тоқталамын. Одан кейін Отырар қаласын сипаттау оқушылардың өздеріне тапсырылады. 1-2 оқушыға оны мәтіннен тауып оқытқызамын. Қалған оқушылар оны мазмұндап, Отырар қаласын сипаттап әңгімелеп береді.
Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген деп, оның себеп-салдарын ашып көрсетемін. XII ғасырда қазіргі Монғолияда Шыңғысханның басқаруымен монғол тайпаларының мемлекеті құрылды. Оқушыларға қызықты болу үшін төмендегі әдебиеттерден қосымша деректер келтіремін. Пайдаланылатын әдебиет:
Әбілгазы. Турікшежіресі. - Алматпы: Анатілі, 1991.
Шыңғысханның портретіне оқушылардың назарын аудару. Монғол әскері сол заманда аса қуатты еді және мықты тәртібімен ерекшеленді. Қажет болған жағдайда әскер тез жиналып, олардың саны 200 мыңға жететін болған. Әскери тәртіптің күштілігі сондай, бір жауынгер үшін он жауынгер жазаланатын еді. Осыған дәлел ретінде бейнефильмнен үзінді келтіремін. Әрине, бейнефильмді толық көріп шығуға мүмкіндік бола бермейді, сондықтан монғолдардың әскери қару-жарағын, киімдерін, әскери өнерін сипаттайтын эпизодтарынан үзінді көрсетемін. Бұл оқушыларға монғолдардың дүниені дүр сілкіндіріп, өздеріне бағындырып алуының себебін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Одан әрі монғолдардың Қазақ жеріне басқыншылығын сипаттайтын төмендегі негізгі даталарды оқушыларға дәптерлеріне жазғызып қоямын.
1218 жыл Шыңғысхан басқарған монғолдардың Жетісу өңіріне аттануы.
1219 жылы 150 мыңға жуық монғол қалың қолының Отырарға шабуылы.
1220 жыл монғолдардың Отырарды алуы.
Монғолдардың Отырар қаласына шабуылы мен Отырардың қорғанысы туралы аңыз әңгімелерді оқушыларға өздеріне кезек-кезек оқытып, айтып беруін сұраймын. Оның мазмұнын жоғарыда келтірілген жаңа сабақтың жоспарына сүйене отырып сұраймын. Бұл оқушылардың өз ойларын жүйелілікпен баяндауға кемектеседі. Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, «Отырардың қорғанысын» сипаттайтын бейнефильмнен үзінді керсетемін. Бейнефильмді көрсетпес бұрын оқушыларға төмендегі үлгідегідей сұрақтар тізімін алдын ала ұсынамын. Сұрақ-жауапты сабақты бекітуге пайдаланамын
1. Отырар қаласы күрылысынан қандай өзіндік ерек-шелік көрдіңдер? Нені тағы қоса аласыңдар?
2. Отырарлықтар кандай қорғаныс кару тұрлерін пай-даланған?
3. Монғолдардың қару - жарактарын отырарлықтардың қару – жарақтарымен салыстырыңдар.
Осылайша Отырар қаласының Қазақстан тарихындағы алатын орнын көрсете отырып, сабақты корытындылаймын. Бағалау: Үйге тапсырмаОқушыларға бейнефильмді толық көріп, келесі сабақта қосымша дерек ретінде әңгімелеп беруді тапсырамын.
ч. 1 ч. 2 ч. 3 ч. 4
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §23. Ақ Орда
Сабақтың мақсаты:
Ақ Орда мемлекетінің құрылуын, этикалық құрамын талдай отырып,саяи жағдайы мен шаруашылығы туралы жан жақты түсінік қалыптастыру;
Оқушылардың танымдылық қабілетін дамыта отырып, тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Отанның арихына құрметпен қарап адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді?
Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректреден білеміз?
«Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды?
Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Ақ Орданың құрылуы,жер аумағы.
Этникалық құрамы.
Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы.
Шаруашылығы.
Ақ Орданың ішкі және саяси жағдайын баяндағанда, алдымен Орданың билеушілерімен таныстырамын. Ақ Орда хандарының мемлекеттің дамуына қосқан үлестері мен Орданы сақтап қалу үшін жүргізілген соғыстары туралы төмендегі кестені пайдаланып, түсіндіремін
Ақ Орда ханддары |
Хандардың мемлекеттің тарихындағы қызметтері. |
|
|
Ақ Орданың халқы диқаншылықпен және жартылай көшплеі мал шаруашылығымен айналысқан. Оқушыларға төмендегі сұрақтары негізге алып, аталған шаруашылық түрлеріне сипаттама беру тапсырылады.
1.Диқан деген кім?
2.Диқаншылық қай жерлерде жақсы дамыды?
3.Олардың негізгі өсіретін дінді дақылдары мен бау-бақша өнімдерін атаңдар
4.Диқаншылар қандай еңбек құрал-саймандарын пайдаланды?
5.Көшплеі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы деген не?
6.Малдың қандай түрлері көп өсірілді?
7.Жайлауға, қыстауға қандай жерлер таңдап алынды?
8. Көшпенділер отырықшы халықпен қандай байланыстар жасады?
ІҮ. Сабақтың бекіту:
1.Ақ Орда қай кезде құрыла бастады?
2.Ақ Ордаға қарсы Темір әулетінің соғыстары қашан аяқталды.
3.Ақ Орда тарихында ерекше рөл атқарған хандарды атаңдар?
4.Ақ Орда тарихы қандай кезеңдерге бөлінді?
5.Ақ Орданың орнына қандай мемлекет құрылды
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:23-параграфты оқу.Сұрақтарға жауап беру. 7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §24. Моғолстан
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Моғолстан мемлекетінің құрылуымен,этникалық құрамымен таныстыра отырып, саяси тарихындағы негізгі оқиғалар туралы жан-жақты түсінік беру;
Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды дасау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды тарихи оқиғалардан сабақ алуға, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
.Ақ Орда мен Қазақ хандығын не байланыстырады?
Не себепті Ақ Орда хандары өздерінің астанасы оңтүстік өңірде орнатуға ұмтылады?
Алтын Ордамемлекеті мен Ақ Орда мемлекеті арасында қандай айырмашылықтар болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Моғолстанның құрылуы,жер аумағы
2.Халқының этникалық құрамы.
3. Моғолстанның ішкі сыртқы жағдайы
4.Моғолстанның ыдырауы.
Моғолстанның этникалық құрамының қалыптасуы
Жетісу аймағындағы б.д.д III-II ғ. Бастап ,үйсін,қаңлы тайпалары мекендеген. |
V-VI ғасырларда түрік тілді тайпалар қоныстана бастаған. |
XIII ғасырда моғолдың арлат,чорас,калучи тайпалары келіп, жергілікті халықпен араласып түркіленіп кетті. |
|
|
|
Қорытынды: Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар болды-дулат,қаңлы,үйсін,арғын,баарн,барлас,бүлғашы т.б. Моғолстанның ішкі-сыртқы саяси жағдайын былай баяндаймын.
Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады.Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп,бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаоасы болды. Ол мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Тоғлық Темір 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда Ілияс Қожа хан Әмір Темір арасында шешіші «Батпақ шайқасы» болады., екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылады.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
1.Моғолстан атауы қайдан шықты?
2.Әмір Поладшы деген кім?
3.М.Х.Дулатидің деректері бойынша «Маңлай-Сүбе» жері қай жерде орналасқан?
4.Моғолстанның орталығы қай қала болды?
5.Ташкент маңында өткен «Батпақ шайқасын» сипаттаңдар.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 24-параграфты оқу Сұрақтарға жауап беру.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §25. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың мақсаты:
Әмір Темірдің шыққан тегі және оның Орта Азияны билеген тұсында жасаған шапқыншылық жорықтары мен оның зардаптары туралы толық түсініктіқалыптасыру;
Әмір Темірдің Алтын Орда,Ақ Орда, Моғолстан хандықтарымен болған ұрыстарының нәтижелері мен оның зардаптары туралы айта отырып, оқушыларды талдау жасауға,өз көзқарастарын білдіруге, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақпен өткен сабақтың өте тығыз байланысты екенін ескере келіп,үйге берілген тапсырманы талдаудан бастаймын.Талдау барысында мына төмендегі сұрақтарды негізге аламын
1.Моғол атауы қайдан шыққан?
2.Мемлекеттің негізін қандай тайпалар құрады?
3.Моғол мемлекетінің қоғамдық құрылысы және саяси жағдайы туралы не білесіңдер?
4.Әмір Темірдің шапқыншылығы Моғол мемлекетінің дамуына қандай ықпал етті?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Әмір Темірдің Мауараннахрдағы билікті иеленуі.
2.Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.
3.Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорығы.
4. Әмір Темір жорықтарының зардаптары.
Әмір Темірдің басқа мемлекеттерге жорықтарының бағыттарын анықтау үшін әрбір оқушы оқулықтағы 9-картамен жұмыс жасайды. Картадағы шартты белгілерді түсіндіреді. Мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, кісі аттары мен жер су аттарын, оқиға болған жылдарыды оқушылардың қабылдауына жеңілдету үшін төмендегідей тапсырмалар беріледі. Мұнда тікелей оқулықпен жұмыс жасалады.Жауаптары дәптерге жазылады.
Әмір Темір Тоқтамыс:
1.Екеуін қандай оқиғалар байланысьырады?
2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?
3.Қандай жер аттары естеріңде қалды?
Әмір Темір –Ұрұс хан және оның ұлы Темір - Мәлік
1.Бұларды қандай оқиғалар байланыстырды?
2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?
3. Қандай жер аттары естеріңде қалды?
Әмір Темір-Қамар ад-дин:
1.Екеуін қандай оқиғалар байланыстырды?
2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?
3. Қандай жер аттары естеріңде қалды?
ІҮ. Сабақтың бекіту:
1.Әмір Темір неге хан атағын иелене алмады?
2.Мауараннахр мемлекеті қай жерде орналасты?
3.Тоқтамыс неге ҰРұс ханға өшікті?
4.Темір жорықтарының барлығы сәтті болды ма?
5.Темір шапқыншылығының ең ауыр зардаптары неден көрінеді?.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:25-параграфты оқу. Картадан Әмір Темір жорықтарының бағыттарын көрсету. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §26. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды XIII -XV ғасырлардағы Қазақстан жер аумағында өмір сүрген Ноғай Ордасының және Сібірді мекендеген түрік тайпаларының тарихымен, мәдениетімен таныстыру;
XIII -XV ғасырлардағы Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі негізгі оқиғаларды көрсете отырып, оқушылардың өзіндік ойлау, пікір қорыту және тарихи танымдық қабілеттерін дамыту;
Аталған мемлекеттердің ішінде қазақ тайпаларының басым болып,өз мемлекеттерін қалыптастыруға алғанына мақтан ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Әмір Темір неге хан атағын иелене алмады?
2.Мауараннахр мемлекеті қай жерде орналасты?
3.Тоқтамыс неге ҰРұс ханға өшікті?
4.Темір жорықтарының барлығы сәтті болды ма?
5.Темір шапқыншылығының ең ауыр зардаптары неден көрінеді?.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1..Ноғай Ордасы.Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.
2. Сарайшық қаласы.
3.Қоғамдық құрылысы.
4.Ноғай Ордасының саяси тарихы
5.Ноғай Ордасының ыдырауы
6.XIII-XV ғасырлардағы Солтұстік Қазақстан және Батыс Сібір
7.Сібір хандығының ішкі және сыртқы саясаты.
Өздік жұмыс:Жаңа тақырыпты оңай меңгерту үшiн сыныпты eкi топқа бөлiп тапсырма беремiн:
1-шi топқа тапсырма - Ноғай Ордасыныңқоғамдық құрылысын, саяси тарихын Ақ Ордамен салыстыру.
2-шi топқа тапсырма – Батыс Сiбiрдi басқарған Шайбани әулетi билеушiлерiнiң iшкi және сыртқы саясатымен таныстыру.
1-топтың тапсырмасы бойынша төмендегi схеманы толтыру қажет:
Ноғай Ордасы ~ жер аумағы
~ этникалық құрамы
~ қоғамдық құрылысы
~ саяси жағдайы
АқОрда ~ жер аумағы
~ этникалық құрамы
~ қоғамдық құрылысы
~ саяси жағдайы
Бұл өзiндiк жұмыс оқушылардың өткен тақырыптарды қайталап, еске тyсipyiнe мүмкiндiк берiп, бiлiмiн жетiлдiре түседi. 2-топтың тапсырмаеы бйынша төмендегi кecтeнi толтыру қажет:
Сібір хандығының жер аумағы орталығы |
Хандары |
Хандық тарихындағы ірі оқтғалар
|
|
|
|
Топ болып жұмыс жасау тиiмдi, себебi оқушылар өздерiне берiлген тапсырманы талдай отырып, сабақты толық игеруiне мүмкiндiк жасайды. Eкi топ бiрiн-бiрi толықтырып отырады.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
«Ноғай» атауы кайдан шыққан және онын; «Maңғыт елi» депаталу себебi нелiктен?
Ноғай Ордасының негiзiн қалаған Едiгенің басты жауы кiмболды?
Ноғай Ордасының ыдырауының басты себебi неде?
Сiбiр хандырының құрамында қандай қазақ тайпаларыболды?
Тайбұғалықтар деген кiмдер?
Сiбiр хандырын қандай хандар биледi?
Сiбiр xaндығын қазақ халкының қалыптасуына ықпaл еттi ме?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§26
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §27Әбілқайыр хандығы
Сабақтың мақсаты:
Әбiлқайыр хандығы немесе «көшпелi өзбек хандығы» деп аталу себептерiне, оның мемлекет болып құрылуына негiз болған жағдайларға сипаттама берiп, оқушыларды оның жарты ғасырлық тарихымен таныстыру;
Орта ғасырлардағы Қазақстан жер аумағындағы мемлекеттердiң өзiне тән ерекшелiктерiн бiлуге, оқушыларды өзiндiк ойлауға, пiкiр қорытуға үйрету;
Хандыдтың нығаюына және әлсiреуiне тiкелей себеп болған қазақ тайпlaларының күштi ықпaлын көрсете отырып, оқушылардыұ лтжандылыққа, отансүйгiштiкке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Картамен жұмыс жасай отырып, мына төмендегi сұрақтарғажауап алынуы шарт.
1. Ноғай Ордасыныңқұрылуына қандай саяси жағда лар әсер eттi
2. Орданың жер аумағын картадан көрсетiңдер?
3. Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге туралы қандай тарихи деректерді білесің?
4.0рданыңөмiрiнде маңызды орын алған Сарайшық қаласын сипаттаңдар.
5. Мемлекеттiц ыдырауына не себеп болды?
6. Батыс Сiбiрде Tүрiк тайпаларының мекендeгeнiн қандай деректер делелдейдi?
7. Ибад хан қандай саясат жүргiздi? ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Әбiлқайыр хандығыныңқұрылуы, жер аумағы.
2. Халқының этникалыққұрамы.
3. Әбiлқайыр хандығыныңнығаюы.
4. Хандықтыңәлсiреуi. ІҮ. Сабақтың бекіту:
Әбiлқайыр хандығы қай ұлыстың. құpaмындa болды?
Toқсaн eкKi баулы өзбек» шежiресiнде қазақ тайпалары туралы не айтылды?
Жәнiбек пен Керей сұлтандардың. Әбiлқайырдан бөлiніп кетyiнe қандай жағдайлар себеп болды?
Хандыктың әлеiреуiне қандай оқиға әсер eттi?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§27.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §28. Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбiлқайыр хандығының, Ноғай Ордасының әлеуметтiк және мемлекеттiк-әкiмшiлiк құрылысы туралы түciнiктi қалыптастыру.
Оқушылардың оқулықпен өз бетiнше жұмыс iстey дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту;
Қазақстанның территориясындағы ортағасырлык. мемлекеттердiң тарихындағы ортақ ұқсастықтарды көрсете отырып, оқушылардың сабақ үстiнде тақырыпты толық. меңерiп, тәлiм-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Әбiлқайыр хандығын неге «Көшпелi өзбек ұлысы»деп атайды?
Әбiлқайыр хандығының жер аумағын сипатта.
Хандықтың этникалық құрамы туралы айтыңдар.
Қосымша әдебиеттерде Әбiлқайыр мен қазақ сұлтандары Жәнiбек пен Керейдiң арасындағы жағдай қалай баяндалады?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Әлеуметтiк құрылысы.
2. Жерге меншiктiк қатынастар.
3. Салық түрлерi және мiндеткерлiктер.
