Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сын. .т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.97 Кб
Скачать

13. «Саналы адам» қашан қалыптасты?

А) ерте тас ғасырында

Ә) ортаңғы тас ғасырында

Б) кейінгі тас ғасырында

В) мезолитте

Г) неолитте

14. Ғұндардың Еуропаға жорығын кім басқарды?

А) Бумын

Ә) Мөде

Б) У-Ди

В) Джи-Джи

Г) Еділ

15. Сарматтар шарыашулуғунуң негізгі саласы:

А) жартылай көшпелілік

Ә) көшпелі мал шаруашылығы

Б) көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік

В) үй маңылық бақташылық

16. Неолиттің қыш ыдыстарыц қандай орнаментпен өрнектелді?

А) өсімдік

Ә) геометриялық

Б) аң

В) ирек сызық

Г) дұрыс жауабы жоқ

17. Үйсін тайпалары қай тілде сөйлеген?

А) үнді-иран тілінде

Ә) көне түрік тілінде

Б) араб тілінде

В) грек тілінде

Г) белгісіз

18. Дротиктер қай кезеңде кеңінен пайдаланылды?

А) мезолитте

Ә) неолитте

Б) энеолитте

В) ерте тас ғасырында

Г) кейінгі тас ғасырында

19. Қаңлылар астығын қайда сақтаған?

А) қыш көзелер мен ыдыстарда

Ә) қазандарда

Б) құмыларда

В) ұра-шұңқырларда

20. Гарпунмен (шанышқы) балық аулау қай кезде шықты?

А) неолитте

Ә) мезолитте

Б) ерте тас ғасырында

В) ортаңғы тас ғасырында

Г) кейінгі тас ғасырында

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу себептері мен алғышарттарарын айту, даму ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың тақырыптың басты ойы мен идеясын өз беттерімен ашу, нақты сұрақ қою, анализ жасау және белгілі бір қорытындыға, түйінге дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, патриотизмге және ата-бабаларымызды сыйлауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Темірден еңбек құралдарын жасаудың адам өміріндегі қандай маңызы болды?

  2. Темір дәуірінің басты ерекшеліктерін ата.

  3. Темір дәуірі қай ғасырды қамтыды және қай кезеңге дейін жалғасып келеді?

  4. Ертедегі темір өндіру туралы айтып бер?

Кейін бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады

ІІІ

Мұғалім сабақ басында тақырыпты тақтаға жазып, оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстырып өтеді.

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

  2. Көшпелі мал шаруашылығының ерекшеліктері.

  3. Көшпелі мал шаруашылығының дамуы.

Сабақ басында оқушыларға тақырыпты өз бетте-рінше оқып шығу тапсырылады. Кейін оқулық мәтінінің көмегімен көшпелі мал шаруашылығы-ның пайда болу себептерін анықтайды.

1 тапсырма.

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептерін атап көрсетіңдер:

2 тапсырма.

Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі малшылық үшін таңдаған мал түрлерін атаңдар:

  1. _______ 2.________ 3._________ 4.________

Неліктен осы малдарды таңдады?

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

3 тапсырма. Салыстар.

Көшпелі мал шаруашылығы

Аң аулау

4 тапсырма. Көшпелі өмір салты отырықшы егіншілер өмірінен несімен ерекшеленді?

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген кестені дәптерлеріне сыза бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 12 оқу, мазмұнын айту, соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу себептері мен алғышарттарарын айту, даму ерекшеліктерімен таныстыру. Бақташылықтың ең басты шаруашылық болғандығын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың тақырыптың басты ойы мен идеясын өз беттерімен ашу, нақты сұрақ қою, анализ жасау және белгілі бір қорытындыға, түйінге дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, патриотизмге және ата-бабаларымызды сыйлауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.